жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің сыныптасым
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №54 жалпы орта мектеп
Күні: 29.01.2019
30.01.2019
№: 19
Мұғалімі: Барлыбаева Г.К.
Сыныбы: 8 «А,Ә,Д,Е,Ж»
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Менің сыныптасым
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық.
Мақсаты: Оқушылардың қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2.ttps://angimeler.wordpress.com/page/2/ |
Сабақтың барысы:
5Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену». Сұрақтар: 1.Жаттығу барысында не сездіңдер? 2. Қандай күйде болдыңдар? 3. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма? Қорытынды:Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, күнннің нұрынан нәр алып,бір-бірімізге сүйіспеншілік ниетте болайық.
1. отбасы коллаж жасау. 2.Дәптермен жұмыс жасау. Сұрақтар:
|
|
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Бойыңызға болашақтың арман-мұраттарын дарытыңыз, оның өзі шын мәніндегі күн шұғыласы тәрізді» Михаил Салтыков-Щедрин Сұрақтар: 1.Қанатты сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2. Неліктен мұғалімнің құдіретін күнге теңеп тұр? 3.Сенің мінезінде күнге теңейтіндей қасиеттер бар ма? 3. Күншуақты адам дегенді қалай түсінесіңдер?Сендер осындай адамдарды білесіңдер ме? Қорытынды:Ендеше балалар, күннің нұрындай шуағымызды шашып,сүйіспеншілікке толы өмір сүрейік. |
|
4. Оқиға айту . «Бақыт іздеушілер» ертегі
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау. Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Бірақ кейде мақсаттар шын өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып кетеді. Мақсаттарымыз орындалу үшін не істеу керек? Мақсатты қалай дұрыс қою керек? Нақтылық Өзіңіз не қалайтындығыңызды анық білмесеңіз, нәтижеге жету өте қиын болмақ. Мақсаттарыңызды нақтылаңыз. "Көлігім болса ғой..." дегеннің орнына, қандай маркалы, қай түсті көлікті қалайтындығыңызды ойлап, оның бағасын біліп, мақсатыңыздың орындалуына қадамдар жасаңыз. Мақсат өлшемі Мақсатыңыз қай жағдайда орындалады? Мақсатыңызға өзіңізше өлшем бірлік беріп, шкала құрыңыз. Мысалы арықтаймын деп мақсат қойған арулар қанша килограмм салмақ тастағысы келетінін алдын ала белгілеген жөн. Қолжетімділігі Бұл қасиет мақсат пен арманның бірден-бір айырмашылығы. Армандарыңыз орындалмастай болуы мүмкін, алайда мақсатыңыз қол жеткізе алатындай болуы керек. Арманыңыз уақыт өте мақсаттарға айнала алады. Сол себепті армандарға да көңіл бөліп, барынша қолжетімді қылыңыз. Орындалу уақыты Әр мақсатқа өзінің уақытын тағайындап, мақсатты сол кезде орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала береді. Мақсаттың сапалық көрсеткіштерінің бәрін ұстана отырып, өзіңіздің мақсаттарыңызды қайта қарап шығыңыз. Мақсаттарыңыз жақын арада орындалуы әбден мүмкін. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Ізгілік» 2 – топ: «Қайырымдылық» 3 – топ: «Сүйіспеншілік» Тапсырма: «Менің түсінігімдегі ақиқат»тақырыбына төмендегі берілген тірек сөздерді қолдану арқылы әңгіме құрастыру: Ар – намыс. Шындық. Адалдық. Уәде. Азаматтық. Жақсылық. Қымбат өмір. Абырой. Кеңпейілділік. Ақкөңілділік. 3-тапсырма. Философтардың көзімен "Жастыққа отырма", "Қарлығашты үйінің шатырының астына қондырма" деген қандай мағына береді? Осы сұрақтарға қарапайым тілмен жауап берсеңіздер. жастыкка отырма деген яки басыңды төрден көрге сүйреу, ал 2-шісі қарлығашты әрқашан қазақ бабамыз киіз үйіне қондырған . Дәптермен жұмыс жасау. |
|
1.Құндылықтар терегін көрсете отырып,осы ағаш әдемі болып өсуі үшін, оған тамыры, су,діңі,бұтағы, жеміс қажет екенін ұғындыру. Тамыры-ақиқат.Кездескен қиыншылықтардың ақиқатын танысақ,қиыншылықты жеңеміз. Су-сүйіспеншілік.Барлық істерімізді сүйіспеншілікпен жасасақ, ол ісіміздің жемісін көреміз. Діңі-дұрыс әрекет.Әрбір ісімізге есеп беретін болсақ, біз тура жолдан таймаймыз. Бұтағы-ішкі тыныштық.Дұрыс әрекет жасай отырып, ішті тыныштыққа жетеміз. Жемісі-қиянат жасамау.Адамдарға оймен,сөзбен,іспен қиянат жасамасақ,бақытты өмір сүреміз. Сұрақтар: 1.Қандай құндылықтармен таныстық? 2.Күнге ұқсау үшін бізқандай әрекет жасауымыз керек? Қорытынды: Сүйіспеншілікпен өмір сүрсек, мінезіміз күннің нұрындай жайдары әрі шуақты болады. |
|
6. Топпен ән айту. «Асыл
арман» |
|
7. Үй тапсырмасы. 1.. «Есею жолында» 96 бет оқу. 2. Келесі сабақ. №20, «Таңбалы тастағы» материалдар жазып, мақала жазып келу. |
|
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №54 жалпы орта мектеп
Күні: 05.02.2019
06.02.2019
№: 19
Мұғалімі: Барлыбаева Г.К.
Сыныбы: 8 «А,Ә,Д,Е,Ж»
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Менің сыныптасым
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық.
Мақсаты: Оқушылардың қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2.ttps://angimeler.wordpress.com/page/2/ |
Сабақтың барысы:
5Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену». Сұрақтар: 1.Жаттығу барысында не сездіңдер? 2. Қандай күйде болдыңдар? 3. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма? Қорытынды:Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, күнннің нұрынан нәр алып,бір-бірімізге сүйіспеншілік ниетте болайық.
1.. «Есею жолында» 96 бет оқу. Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың біріСапарғали Ысқақұлы Бегалин Жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп, оларды отанды сүю рухында тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз», ІІІ томдық таңдамалы шығармаларының жинағы т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, «Замана белестері» атты романы жарық көрді. Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.Повестегі басты кейіпкер — Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады.Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді.Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады. 2. Келесі сабақ. №20, «Таңбалы тастағы» материалдар жазып, мақала жазып келу. Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған. Сұрақтар: |
|
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез -құлыққа байланысты» Әл-Фараби Сұрақтар: 1.Қанатты сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2. Неліктен мұғалімнің құдіретін күнге теңеп тұр? 3.Сенің мінезінде күнге теңейтіндей қасиеттер бар ма? 3. Күншуақты адам дегенді қалай түсінесіңдер?Сендер осындай адамдарды білесіңдер ме? Қорытынды:Ендеше балалар, күннің нұрындай шуағымызды шашып,сүйіспеншілікке толы өмір сүрейік. |
|
4. Оқиға айту . Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Бірақ кейде мақсаттар шын өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып кетеді. Мақсаттарымыз орындалу үшін не істеу керек? Мақсатты қалай дұрыс қою керек? Нақтылық Өзіңіз не қалайтындығыңызды анық білмесеңіз, нәтижеге жету өте қиын болмақ. Мақсаттарыңызды нақтылаңыз. "Көлігім болса ғой..." дегеннің орнына, қандай маркалы, қай түсті көлікті қалайтындығыңызды ойлап, оның бағасын біліп, мақсатыңыздың орындалуына қадамдар жасаңыз. Мақсат өлшемі Мақсатыңыз қай жағдайда орындалады? Мақсатыңызға өзіңізше өлшем бірлік беріп, шкала құрыңыз. Мысалы арықтаймын деп мақсат қойған арулар қанша килограмм салмақ тастағысы келетінін алдын ала белгілеген жөн. Қолжетімділігі Бұл қасиет мақсат пен арманның бірден-бір айырмашылығы. Армандарыңыз орындалмастай болуы мүмкін, алайда мақсатыңыз қол жеткізе алатындай болуы керек. Арманыңыз уақыт өте мақсаттарға айнала алады. Сол себепті армандарға да көңіл бөліп, барынша қолжетімді қылыңыз. Орындалу уақыты Әр мақсатқа өзінің уақытын тағайындап, мақсатты сол кезде орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала береді. Мақсаттың сапалық көрсеткіштерінің бәрін ұстана отырып, өзіңіздің мақсаттарыңызды қайта қарап шығыңыз. Мақсаттарыңыз жақын арада орындалуы әбден мүмкін. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Ізгілік» 2 – топ: «Қайырымдылық» 3 – топ: «Сүйіспеншілік» Тапсырма: «Менің түсінігімдегі ақиқат»тақырыбына төмендегі берілген тірек сөздерді қолдану арқылы әңгіме құрастыру: Ар – намыс. Шындық. Адалдық. Уәде. Азаматтық. Жақсылық. Қымбат өмір. Абырой. Кеңпейілділік. Ақкөңілділік. 3-тапсырма. Философтардың көзімен "Жастыққа отырма", "Қарлығашты үйінің шатырының астына қондырма" деген қандай мағына береді? Осы сұрақтарға қарапайым тілмен жауап берсеңіздер. жастыкка отырма деген яки басыңды төрден көрге сүйреу, ал 2-шісі қарлығашты әрқашан қазақ бабамыз киіз үйіне қондырған . Дәптермен жұмыс жасау. |
|
1.Құндылықтар терегін көрсете отырып,осы ағаш әдемі болып өсуі үшін, оған тамыры, су,діңі,бұтағы, жеміс қажет екенін ұғындыру. Тамыры-ақиқат.Кездескен қиыншылықтардың ақиқатын танысақ,қиыншылықты жеңеміз. Су-сүйіспеншілік.Барлық істерімізді сүйіспеншілікпен жасасақ, ол ісіміздің жемісін көреміз. Діңі-дұрыс әрекет.Әрбір ісімізге есеп беретін болсақ, біз тура жолдан таймаймыз. Бұтағы-ішкі тыныштық.Дұрыс әрекет жасай отырып, ішті тыныштыққа жетеміз. Жемісі-қиянат жасамау.Адамдарға оймен,сөзбен,іспен қиянат жасамасақ,бақытты өмір сүреміз. Сұрақтар: 1.Қандай құндылықтармен таныстық? 2.Күнге ұқсау үшін бізқандай әрекет жасауымыз керек? Қорытынды: Сүйіспеншілікпен өмір сүрсек, мінезіміз күннің нұрындай жайдары әрі шуақты болады. |
|
6. Топпен ән айту. «Асыл
арман» |
|
7. Үй тапсырмасы. 1.Дәптермен жұмыс 2. Келесі сабақ. №21, «Тиінді құтқару» оқып келу. |
|
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|
Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : №54 жом
Мерзімі : 08. 01.2018
Сабақ саны:18
Тақырыбы: «Адам-әлем бөлшегі»
Құндылық: дұрыс іс-әрекет, сүйіспеншілік
Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас, қамқорлық, бағалау.
Сынып: 8 "А,Ә,Д"
Оқушылар саны:
Мұғалім: Барлыбаева Г.К
Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу. Міндеттері: адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту. өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып – білуге баулу; сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) ӨӨТ.Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. Алматы«Бөбек»ҰҒПББСО.2016 лирикалық әуен |
Сабақ барысы: Сабақ ұстанымдары: 1.Ашық болу. 2.Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу. 3.Белсенді болу. 4.Сабақтан ой түйіп, қажетін алу.
Психологиялық
дайындық.
Барлығы: 2. Тыныштық сәті. Барлығымыз денемізді бос ұстап еркін сезінейік. Тынышталамыз. Көзімізді жұмайық. Мен кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан жерінде тұрамын. Менің жүрегім елім деп соғады. Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Мен патриотпын. Осындай Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыныз. Енді осы сезімді жүрегіңізге орналастырыныз. Ақырын көзімізді ашамыз. Рахмет. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Біз өткен сабаққа шолу жасасақ. «Елге деген махаббат» мәнерлеп оқу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы жүргізіледі. Жұбан Молдағалиевтың сөзіне жазылған Әсет Бейсеуовтың «Адам бол, адам!» әнін айтады. Ай, жулдыз аспан төсін алқалаған, Жер – ана әлдилеген, арқалаған. Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ – Бәрі де саған құштар, дарқан адам. Әңгімелесу: Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар? «Көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? Адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма? |
Сабақ барысын талқылау
Оқулық |
3. Дәйексөзбен жұмыс. Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде Ақжан әл-Машани Адам-ғалам, ғажайып, жеке-дара, жан құмары ізденген мәңгі сана. Өзіңді өзің танысан істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана.
Дәйексөздің мағынасын
қалай түсінесіңдер? Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. |
«Көршіңмен сырлас». Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз. |
4. Әңгімелеу. Сабақ тақырыбының мәнін «Қақтығыста»(«Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді) халық даналығы түсіндіру үшін өсиет әңгімені айтып беремін және оқушыларға сұрақ қойып, олардың жауаптарын тыңдаймын. Немесе оқушылардың өздеріне кезекпен мәнерлеп оқытуына да болады. - Түнгі әлем көрінісі Әбішке қалай әсер етті? - Ай сәулесінің жұмбақ кейпін аңғарған сәттерің болды ма? Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өмірдің мәнін ұғынады. Адам өз өмірінің сүретшісі екенін түсіну керек. Оқушылардың ойларын қорытындылаймын. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 2- топпен жұмыс. Әр топқа үш форматты қағаз беріледі, фломастер. ТАПСЫРМА (адам мен әлемнің байланысын суреттеу , қорғау-дәлелдеу). Жұмбақ Алты арқар, жеті қаз, төрт бөдене, Кейде толы, кейде орта-бір тегене. Тұнық пенен лайдың арасынан, Бір аққу шыға келді құсқа төре. (Аспан әлемі, жұлдыздар) Шешуі: алты арқар дегені-үркер, жеті қаз дегені-жетіқарақшы, төрт бөденесі- қос-қостан көкжиекте тұратын босаға жұлдыздар. Кейде орта, кеде толы болып көрінетін ай. Тұнық пен лай дегені- күндіз бен түн. Ал құсқа төре аққуы- аспандағы ай-жұлдыздың төресі күн. • Аспан әлемінің құпиясын танып-білу өздеріңді қызықтырмай ма? • Аспан жұлдыздары туралы аңызды естідіңдер ме? • Өлеңде табиғат пен адамзат өмірінің байланысы қалай көрсетілген? Сергіту сәті Мынау менің жүрегім, /жүрегіне қолын қояды/ Бәрі осыдан басталған. Мынау менің оң қолым, /оң қолын созады/ Мынау менің сол қолым. /сол қолын созады/ Мынау басым ақылды /басын ұстайды/ Барлық істі атқарған. Дәптермен жұмыс Өзін-өзі жетілдіру зебрасы Ақ тізім Менің жағымды қасиетім Қара тізім Менің кемшіліктерім Мысалы: ақ көңілмін, пысықпын т.б. Тез ашуланамын , жалқаумын т.б. -Тапсырма: «таңғы шық, жаңа түскен қар, кемпірқосақ, таң шапағы»құбылыстарының әсерлерін суреттеп жаз. |
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі Темірқазық - аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай аталған. Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа қарап бағытын анықтап отырған. Ал қалған жұлдыздардың барлығы таңға дейін өздерінің орындарынан жылжып, біреуі жоғары көтерілсе, енді біреулері төмен түсіп батып кетеді екен. |
6. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. 75 б. шығармашылық тапсырманы орындау. Шығармашылық тапсырма: «Аспандағы жұлдыздар қүпиясы». Қызықты мәлімет әкелу. |
|
7.Топпен ән айту. «Аман болсын, адамдар» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады. |
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Болғанда ақылың дария, кеудең кеме, Кемесіз дариядан өтем деме. Кеудеңде саңан болса, талап ізде, Талапсыз мақсатыңа жетем деме Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
|
Тексерген: 08.01.2018ж. _________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алпысқызы Сара. Өмір әдебі. Әдеби эссе, толғаныстар.-Алматы, 2003ж.
«Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 8-сынып. «Бөбек» Алматы,
«Өзін-өзі тану». Оқулық. 8-сынып. «Бөбек» Алматы, 2016
Мұсабекова А.А Тәрбие тағылымдары. Танымдық – тәрбиелік оқу құралы.
Құндылық: дұрыс іс-әрекет, сүйіспеншілік
Қасиеттер: жағымды қарым-қатынас, қамқорлық, бағалау.
Мұғалiм: Едіге С.Е.
Класс: 8
Оқушылар саны: 5
Сабақ мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу, адалдық; шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; адал шыншыл болуға тәрбиелеу. Міндеттері:
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз. Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер, гулдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа шығып, бірнеше минут тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап, сүюіміз керек екенін түсінеміз. Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз. Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне, мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз! 1. Оқушылар қандай әсерде болдыңыздар? Ендеше табиғатқа , туған жерді жақсы көріп оған жанашырлықпен қарайық.
* Адам ғаламқұпиясынашуғанеліктенқұштар? * «Көкшеңбер», «көкжиек» дегенсөздердіқалайтүсінесіңдер? * Адам өзінқоршағанәлемгеықпалетеалама?
|
Сабақ барысын талқылау: |
«Адам –ғалам,ғажайып,жеке дара, Жан құмарыіздегенмәңгі сана. Өзіңдіөзіңтанысаңістің басы, Түзегенөзғаламынболған дана»-дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
|
82 беттегі тапсырманы орындау |
|
«Атамекен» Сөзі мен әнін жазған:А.Меңжанова |
|
«Гүлдер» жаттау.89бет№20сабақ |
|
Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады. Сонымен балалар бізжаншырлық , адал қызмет , кішіпейілділік туралы жақсы ойлар айттық . Олай болса атамекенге , туған жерге ,елге деген сриясыз сүйіспеншілік пен жақсы қасиеттерімізді естен шығармайық . Сабақ аяқталды үзіліске бірге шығайық. |
|
обы: Қазақстан картасын құрастырып тілектерін жазып постер қорғайды.
Бірлік тобы: Егер әкім болсаңдар елдің гүлденуі үшін не істер едіңдер... Постер қорғау
Достық тобы: Елімізде болып жатқан әділетсіздікті жоямын, елімізді дамытамын.
Сиқырлы кәмпит ойыны
Кәмпиттер ішінде жағдаяттар берілген
1. Шыңғыс әркез азаматтық іс көрсетуге, көмек жасауға дайын тұрады. Оның бұл әрекеті жолдасы Нұрболға ұнамайды.
• Шыңғыс қан дай бала?
• Нұрболға қандай кеңес берер едіңдер?
2. Олжас сыныптағы барлық жағдайға жайбарақат, немқұрайды қарайды. Айналасындағы болып жатқан жағдайларға мән бермей, көрседе көрмегендей, үндемей тұра береді...
• Олжастың немқұрайдығының себебі неде?
• Олжастың бойында қандай құндылықтар мен жақсы қасиеттердің болғанын қарар едіңдер?
3. Сынып үшін маңызды іс жасау керек болды. Бірақ балалар бұл іске бірден кірісіп кетпеді. Олар бір - біріне, барлығына, біреуге, әркімге сеніп, солар жасайды деп күтті. Жұмысты ешкім жасамады. Барлығы әйтеуір біреудің жасайтындығына сенді. Бұл жұмысты жасау бәрәнің де қолынан келетін еді. Алайда ешкім жасамады. Балалар бір - біріне ренжиді. Өйткенді жұмыс жасалмады. Біреу жасайды деген үміт ақталмады. Өкініштісі ешкім де жұмыс ітелінбей қалды деп ойламапты. Соңында әр кімнің жасай алатын ісін ешкім жасамағаны үшін барлығы белгісіз біреуді кіналады..
• Осы жағдаяттан қандай қорытынды жасар едіңдер?
Дария жаттығуы
Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек екенін жазу.

