Материалдар / Менің таңдауым-Тұран
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің таңдауым-Тұран

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала менің университетім жайлы
Авторы:
26 Қаңтар 2024
142
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Менің таңдауым-Тұран.

Аңдатпа:Мақалада 11 сынып пен университет жайлы егжей-тегжейлері жайлы баяндадым,және қазіргі өзгерістеріне тоқталдым.Көбірек айтқаным университет,,студенттік өмірді,мұғалімдерді,жалпы оқу мен жатақхана болды.

Аннотация:В статье я написала про подробности,про 11 класс,и про университет.Я сказала про то как было в те времена,и то как оно изменилось сейчас.Больше я сказала про университет,и его подробности как студенческая жизнь,учителя,сама учеба,и про общежитие.

Annotation:In the article I wrote about the details, about the 11th grade, and about the university. I talked about how it was in those days, and how it has changed now. I said more about the university, and its details like student life, teachers, study itself, and about.

Тірек сөз:оқиға,түлек,тұлға,болашақ,арман,еңбек,қызығушылық.университет,студент,мүмкіндік,жол.

Ключевые слова:событие, выпускник, человек, будущее, мечта, работа, интерес, университет, студент, возможность.

Key words:event, graduate, person, future, dream, job, interest, university, student, opportunity.

11 жылға созылған бұл оқиға,барлығымыз үшін мектептен басталғаны анық.Тұлға етіп қалыптастырып,үлкен өмірге дайындағаны да рас.2022-ші жылдың түлегінің бірі,Асель мен боламын.Ол кезден бері де біраз уақыт өтіпті.Ендігі оған келер болсам,айтқым келген ең бірінші жәйт,ол 11-сынып болып,алдымызда ұлттық біріңғай тесттің болуы.Көбімізді уайымға салып қойғаны да бар.Неге?десеңіз Ата-анамыздың үмітін ақтау,болашаққа артқан өзіміздің де арман мақсатымыз бар болды.Бұл айтқаным,тек бір бөлігі ғана.

Түлектердің арманының бірі,жақсы ортаға түсіп,армандаған университетіне түсіп,мемлекеттік грантта оқу.Алайда оны алу жолында,жатпай тұрмай еңбектену шарт.Шынында еңбек-бәрін жеңбек,деген ойдамын.Еңбектеңген адам түбі жеңетін секілді.

Ол жолда өзімде таңда дейін отырып,түрлі курстарға қатыстым,ендігі сансыз шүкіршілік етемін,бұйырса университетімнің атын жақсы жағынан шығарып,мұғалімдерім мақтан тұтса деймін.

Қыркүйек айы сүйікті айларымның бірі,себебі мені мектебіммен,ендігі университетіммен,группаластарыммен асыға көрісетін кез.Шынында ол сезімдерді,теңер дүние жоқ іспеттес.

Жалпы Алматы қаласы,мүмкіндіктерге толы мекен,әсіресе оқуға келгенде,таласып оқитын студенттерді көргенде,одан әрі оқуға деген құлшынысын артады.

Енді мен университетімді таңдаған оқиғам жайлы баяндасам:ол былай Шымкентте жүргенімде,университетті ғаламтордан көріп қалып,мұндағы студенттік өмірге,іс шараларға,оқуға деген қызығушылығым пайда болды.Одан алдында Алматыға қыдыруға келетінмін,көрген бойда сұлулығына тәнті болдым.Мұндағы мұғалімдер де керемет жандар екеніне,күннен-күнге көзім жетуде.

Сол бір 2 жыл бұрын күні-түні жаратушымыздан,осы универде оқуды бұйыртуын сұрайтынмын,ендігі арманым,шындыққа айналды.

Болашаққа қойған мақсатымды айтар болсам,ол білікті маман болып,мұғалімдерімнің,ата-анамның мақтанышы болу.Оған жету жолда,маған универ мен мұғалімдерім көмектесуде,және де әрине өзімнің де тынбай әрекет етуім.

Ары қарай универ жайлы әңгімемді жалғастырсам,осы күнге дейін таңдауыма еш өкінген емеспін.Тұран бізге көптеген мүмкіндерді береді.Ректорымыз Рахман Алшановта,білікті мамандардын санын көбейтуде,сонымен қатар, ешбір мерекені бос өткізбейтініміз де бар.Тұранда тіпті ielts,sat секілді,тесттерді тапсыру мүмкіндігі бар,көптеген тренинигтер де өтіп жатады,белгілі бір билеттерді ұтып алуғада болады.Тұран университеті шынында мүмкіндіктерге толы мекен.Университетіміз 2020-шы жылы,”Алтын Сапа” премиясын ұтып алған,ол дегеніміз қызмет көрсететін үздік компания ретінде тағайындалған.Айта берсем

саны бітпес.

Тағы бір тоқтала кететін дүние ол,мұндағы студенттік өмір,жалпы студент деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда”ынтамен оқушы,ізденуші”дегенді білдіреді екен.Студенттік өмір несімен қызық? десеңіз,ол алғашқы күн яғни барлығымен танысу,мұғалім,аудитория,профессор,лекция,семинар,секілді ұғымдардың таныс болмауы.Үлкен өмірге басқан қадамымыз екенін түсінеміз.Мектеп күндердегі түрлі-түрлі қызықтарды,енді универ алмастырады.

Ерекшеленген сабақтар,алғашында қиын көрінгенмен,уақыт өте тез бейімделіп кетесін.Себебі адам баласы,таңсық дүниенің қайда жетелейтініне қызықпаса,одан қашқан емес.

Мұғалімдер мен үшін әрқашан киелі жандар.Ол кісілерде шаршайды,мыңдаған студенттермен жұмыс жасау оңай емес.Олардың үйреткен әрбір дүниесі,бізге бағыт-бағдар береді.Ол кісілерге мың алғыс айтсақ та,аз секілді.Мұғалімдердің біліміне,дағдысына,іскерлігіне,жеке тұлғасына,қабілеттеріне қарап бой түзеп,еліктейтініміз де бар.Ол бізді дұрыс жолға жетелейді.

Енді айтарым ол достар,жан-жақтан жиналғандықтан,оларды басында түсінбеуіміз мүмкін.Жаңа таныстық-жаңа өмірге жол ашады,оған себепші де Тұран.Мені қызықтырғаны олардың сөйлеу мәнері мен өздерін ұстауы.Тіпті мен білмейтін тілде сөйлеп тұрғандай,күй кешкенім де бар.Әрі өзгеше салттар, дәстүрлер... Бірақ уақыт өте келе оған да көндігіп кетесіз. Үйренісеміз. Себебі сөйлесу арқылы олардың диалектілері мен өмір сүру қағидалары бізді де өзгертеді. Бұл жамандыққа апаратын жол емес, жақсысын үйреніп, жаманын жирену біздің қолда.

Мақаламды жатақхана мен студенттік өмірді айтып,бітіргім келіп тұр.

Ал енді жатақхана,ең қызық әрі керемет кездер.Кең бөлмелі үйіңді тастап,шағын бөлмеде 4 адам болып тұру, жеке басымыздағы өзімшілдігімізді жоятын секілді.Бір нанды бөліп жеу,көмектесу,бірге жүріп,бірге тұру секілді қызықтар болады.Мұнда өтетін туылған күн кештері,ән айтып би билеу,әңгіме дүкен құруымен де ерекшеленеді.Тіпті екінші үйіңе айналады десем,артық болмас.

Мен өзімнің студенттік өміріме көшсем, ыстығы мен суығы,қызығы мен шыжығы бірдей болуда.Әрбір құлаудың,өзі бір затқа бейімдейді.Өзім секілді студенттерге айтарым,бұл сәттердің әрбір минутын бағалап,қызықты өткізу.Уақыт өте келе еске алатын әрі сағынатын сәтіңіз дәл осы шақ болмақ!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!