Менің тұңғыш Президентім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің тұңғыш Президентім

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты
: Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім !» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Мұғалім : -Сіздер қалай ойлайсыңдар, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

-Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

Мұғалім: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе? 

Индира: - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Рауан: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Шахзода:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Ырысгүл:
-Елін сүйген еңселім де, еркінім,
Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.
Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!
Анель:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.

Азат:

 Қазақстан дейтін менің бар елім,
 Жатыр алып жарты дүние әлемін!
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Шыңғыс:

Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.

Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.

Молдаш:

Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті

Мақсат:

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

Тахмина:

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар

Мұғалім :

-Балалар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейік.

-Ұлтжанды

-Елін, жерін сүйетін патриот

-Жан-жақты

-Спортшы

-Мықты саясаткер

-Парасатты

-Сыпайы

-Қабілетті

-Мәдениетті

-Болашаққа жол бастаушы

Хор:

Отан деген ата- мекен,

Отан деген туған туған жер.

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан туған ел.

Мұғалім: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі