Материалдар / Менің туған жерім - егеменді Қазақстан

Менің туған жерім - егеменді Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның рәміздері туралы тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
802
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Менің туған жерім – егеменді Қазақстан

Мақсаты: «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру,тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Отанын сүюге, рәміздерді, Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту, ынтымақтастыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту.

Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,

Көрнекі құрал: слайд

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге мейіріммен қарап, амандасайық (оқушылар хормен).

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

-Орындарына отыра қойыңдар.

ІІ.Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін! - деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы: «Менің туған жерім – егеменді Қазақстан» деп аталады. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. (картамен жұмыс). Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар:Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен,Семей, Талдықорған. Бұлар - әдемі қалалар. Астана-Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. (Астана қаласының әсем, көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп, әңгімеленеді). Қазақстан тарихында төрт астана болды. Олар: Орынбор(1920-1925), Қызылорда (1925-1929), Алматы(1929-1997), Астана (10 маусым 1998ж.)

Саған мың алғысым.

Тәрбиеші: Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы,мемлекеттік рәміздері бар.1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Әр оқушы тұңғыш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Конституцияда жазылған өз құқығы жайлы білуі керек. Мектепте ол өзінің білім алу құқығын пайдаланады. Құқық бойынша мемлекет оны ақысыз оқытады. Оқушының бұдан кейінгі мақсаты, борышы-жақсы оқу, терең білім алу.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар:ту, елтаңба, гимн. Тудың түсі -көк. Көк түс бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Авторы- суретші Шәкен Ниязбеков. Тудың ортасында күн орналасқан.Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр.

Елтаңбаның авторлары: Шот Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков. Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі- шаңырақ.Шаңырақтың айналасында уықтар. Оны пырақтар қанаты қоршап тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз , астыңғы жағында «Қазақстан» жазуы орналасқан.

2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды.Әнұранныңсазын,яғни әуенін жазған «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов,ал сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеднеов және Нұрсұлтан Назарбаев.

-Енді балалар кезекті ойынға берейік.

Кел,балалар келіңіз,

Тамашаны көріңіз,

Томсырайып отырма

Мақал ,ребусты ойла

Шешімін таппай қойма.

(ребус шешіледі, мақал-мәтелдердің сыңары табылады)

ІІІ. Қорытындылау.

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен сұрақ шашылды. (оқушыларға жоғарыда айтылған материалдар бойынша сұрақтар қойылады).

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Елбасы кім?

3.Қазақстанның астанасы қай қала?

4.Астана қандай қала?

5.Мемлекеттік тіл қай тіл?

6.Мемлекеттік рәміздерді ата.

7.Тудың авторы кім?

8.Елтаңбада не бейнеленген?

9.Конституция күні қашан?

10.Қазақстанның бұрынғы астаналарын атаңдар.

11.Гимн әнін жазған кім?

12.Сөзін жазған авторлар кімдер?

Тәрбиеші: Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері. Отан - әр адам үшін оттан да ыстық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

(оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді).

Б- білімімді арнайтын

О- отанымды қорғайтын

Л- лаңкестікті даттайтын

А- адалдықты жақтайтын

Ш- шуағымды шашатын

А- асулардан асатын

Ғ- ғарыш сырын меңгергн

Ы- ынтымақты тең көрген

М- менмендікті жек көрген

Қ- қазаққа қызмет ететін

А- арманына жететін

З- заңды жақсы білетін

А- алға қарай жүретін

Қ- қайырымды елімнің

С- салтанатты жерімнің

Т- толықтырам сенімін

А- абыройын,жігерін

Н- намысын қолдан бермейтін


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ