Сабақтың
тақырыбы: Менің
туыстарым
Мақсаты:
Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік
беру.
Туыстарға деген сыйластық қарым – қатынастанын
дамыту.
Өзара сыйластыққа
тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар : Үнтаспа,
суреттер,
Барысы:
-Балалар, кәне қараңдаршы менің қолымдағы
доптың түсі қандай және неге ұқсайды?
Дұрыс айтасыңдар аспанның түсіне ұқсайды, олай
болса мен сендерге көңілдерің тап-таза ашық болсын дегім келіп тұр
. Енді осы доптың көмегімен «Сен қандай баласың?» деген сұраққа
жауап беріңдерші.
Мен ... әдепті
баламын
Мен ... батыр
баламын
Мен ... мейірімді
қызбын
Мен ... тәртіпті
баламын
Мен ... шыншыл
қызбын
Мен ... ақкөңіл
баламын
Мен ... анама
қамқоршымын
Мен ... ақылды
баламын
Мен ... сұлу
қызбын
Мен ... ажарлы
қызбын
Мен ... әдемі
қызбын
Мен ... сымбатты
қызбын
Мен ... көрікті
қызбын
- Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге
қандай сурет әкелдім. (отбасы мүшелерінің
суреті)
- Бұл суретті
қалай атайсыңдар? Неліктен?
- Ал сендер
жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?
- Қазір мен
сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын
табыңдар.
Ол өте
мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді
тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды,
ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып
береді.
- Бұл кім?
(әже)
- Оны қалай
білдіңдер?
- Ал сендердің
әжелерің не істей алады? (балалардың
жауаптары)
Ол көзілдірік
киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды
біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады,
зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.
- Кім бұл?
(ата)
- Ал сендердің
аталарың қандай? (балалардың жауаптары)
Оны жер
бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат
адам.
- Бұл жұмбақ кім
туралы? (ана туралы)
- Сендер
өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым,
апатайым).
- Аналарың
сендерді қалай еркелетеді? (балалардың
жауаптары)
- Және соңғы
жұмбақ.
Ол салмақты да,
байсалды, барлық бос уақытын сендермен
өткізеді, сендерді
қайда барам десеңдер де апарады, демалыс кезінде барлық отбасын
табиғатқа алып шығады.
- Бұл кім?
(әке)
- Дұрыс. Ал әке не
істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды,
т.б.).
- Ал сендердің
әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты.)
- Балалар,
сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай
атайды?
- Оларды
туысқандар немесе туыстар деп атайды.
- Айтыңдаршы, аға
мен апа (әпке) бір біріне кім болады?
(туысқандар)
- Ал немере
апай? (туысқан)
- Ал
тәте - әкесінің
апасы, сендерге кім? (туысқан)
- Ал ағай
(немесе ағатай) - әкеңнің ағасы? (туысқан)
- Балалар «Отбасындағы сыйластық туыстарға
деген сүіспеншілікпен туындайды» деген нақыл сөз бар. Ол сөздің
мағанасы егер туыстарымызды сыйлап, қамқорлық жасап көмектесіп
отырсақ сонда ғана туыстар арасында түсіністік пен татулық орнайды.
Біз отбасымызды, туыстарымызды сыйлауымыз керек. Олар біздің жақын
адамдарымыз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы
туыстарымыздың айтқандарын тыңдасақ, олардың ізімен жүрсек біз де
келешекте ақылды да парасатты азамат болып
өсеміз.
Кәне осы туыстар
туралы кім өлең – тақпақ біледі екен
Ең жақын адамдар
–
Әкем мен анам
бар.
Әкемнің әкесі
–
Ақ басты Атам
бар.
Әкемнің шешесі
–
Ақ шашты Әжем
бар.
Ұлдардың үлкені
–
Бір туған ағам
бар,
Қыздардың үлкені
–
Бір туған әпкем
бар.
Ұлдардың
кішісі -
Бір туған інім
бар,
Қыздардың
кішісі-
Бір туған
қарындас
Әпкеге – сіңілі
бар.
Өте
дұрыс. Сендердің отбасыларың әрқашанда аман және тату
болсын.
Мен қазір
сендерге «Тату тәтті отбасында» 3 адам, 4
адам, 5 адам тұрады деймін, сендер сол санға
сәйкес тез топтасып тұра қалыңдар.
Санамақ айту. Бір үйде біз
нешеуміз?
Кел санайық
екеуміз
Бас бармағым –
атам,
Балан үйрек –
апам,
Ортан терек -
әкем,
Шылдыр шүмек –
анам,
Кішкентай бөбек
– мен.
Біз үйде
нешеуміз
Біз үйде
бесеуміз
Ғажайып
сөздер:
- Балалар, кәне айта қойыңдаршы, сендер
отбасы, туыстарыңа не тілер едіңдер:
Туыстарым аман
болсын
Туыстарды сыйлау
керек
Оларға
көмектесуіміз керек
- Олай болса
балалар мына үйшіктер сендердің
үйлерің, осы үйде
қандай көңіл- күй болса деп ойлайсыңдар.
Балалардың
жауабы:
Балалар
алдыңғы сабақта
жасаған жүрекшелеріне тілектерін жазып басқа
балаларға сыйға
береді.
Қорытынды.