«Менің үйім»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің үйім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзiмі: 

Тақырып: «Менің үйім»

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, бауырмалдық, достық, татулық;

Мұғалiм: 

Сабақ мақсаты: Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - Оқушыларға барлығын жақсы көру туралы түсінік беру;

- Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым - қатынастарын арттыру;

- Құрмет, ынтымақтастық, өзара көмек жасауға тәрбилеу;

Ресурстар:үнтаспа, ватман, маркер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

ІІ. Дәйексөз.

«Отан – отбасынан басталады»

Мақал

(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)


ІІІ. Әңгiмелеу

«Отбасы татулығы» аңыз әңгіме

  • Отбасының татулығы, бірлігі кімге, неге байланысты?

  • Әрбір адам оған жауапты ма? Неліктен?

  • Отбасында қандай бала, аға, іні, әпке, қарындасың?


ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – тапсырма

Суреттерді мұқият қарап, отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым – қатынастарды тауып, әңгімелеп беріңдер. Өз отбасыларыңды да мысалға келтіріңдер.

2 – тапсырма

Отбасындағы мінез – құлық ережесін жасаңдар.

3 – тапсырма

Мына суреттердегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріңе теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


Ү. Топпен ән айту.

«Мен әдепті баламын»

Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбеков

Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев


Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, 
Мінезімнен теріс қылық таппайды. 
Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар, 
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. 
Қайырмасы: 
Айтқан тілді аламын, 
Айтқан жерге барамын, 
Мен әдепті, 
Мен әдепті баламын. 
 
Тілін алып кішінің де кәрінің, 
Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің. 
Ата-ананың айтқанынан шығуды, 
Әдептілік белгісі деп таныдым. 
Қайырмасы:


ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі