400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мерейлі Отбасы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерейлі отбасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны 


Кіріспе................................................................................................................. 

1.Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдары

1. 1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері................................
1. 2. Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары............................................
2. Оқу процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

2. 1. Бастауыш мектептерде ана тілі пәні сабақтарында қазақ халық ертегілерін пайдалану......................................................................................
2. 2. Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамагершілік тәрбие беру жолдары........................................

Оқу процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбилеу жолдары.

«Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы -

жақсы тәрбиеленген адам»


Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi - бастауышта. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi - мұғалiм.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет.

Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.

Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу. Ақылды, мейiрiмдi адам кез-келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам - ардақты. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi - өнеге.

Бастауыш сынып оқушылары үшiн сабақты қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу мұғалiмнiң өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi сабақта тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерiн дарыту жөнiнде мұғалiмдердiң арнаулы мақсат көздеген қызметi.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу ең алдымен және негiзiнен оқыту үрдісінде жүргiзiледi. Баланы оқыту үстiрт қарағанда ғана тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн.

Шындығында сабақ – алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге көмектесу және оның көмегіне сүйенуi қажет. Тәрбиелiк жағынан алғанда мектепте оқылатын барлық пәндердiң маңызы бiрдей.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеуде мұғалiмнiң жеке басының үлгiсiмен, балалармен қарым қатынасының шешушi маңызы бар.

Оқушылар әр кез өз мұғалiмiне елiктейдi. Егер мұғалiм мен оқушылардың қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бi

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі