Материалдар / "Мерекелі берекелі алтын күз"

"Мерекелі берекелі алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрады . Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2022
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерекелі берекелі алтын күз

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға шығады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер ата-аналар!

Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар жас достар!

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші:

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық

Хормен:

Қуан!Шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Хор: Ән «Күз келгенде».

Жүргізуші:Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олдай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгіліне арнап өз өнерлерін көрсетсін.

Өзбек биі.

Жүргізуші:

Алқаптан бидайды

Қоймаға жинайды

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен!-дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз.Ендеше қошеметпен қол соғып «Күз» ханшайымын ортаға шақырайық.

Музыканың әуен ойнап тұрады. Ортаға«Күз» ханшайымы келеді.

Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі,жаңбыра жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі. Ал маған кім жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтып береді.

Ерінбестен еңбек етіп келеті.

Еңбекшіге бар жімісін беретін,

Мен мырза күз ынтымақты еліне.

Берекелі ырыс болып енетін.

- Балалар сендер Құлыншақ тобының балаларысыңдаргой димін иа?

- Бәсе, бәсе мен сендердің жазған хаттарын алдым.Рахмет сендерге. Енді сендердің өнерлеріңді тамашалайын.

Мансур

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Аяулым

Алтын,сары,қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Ислам

Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда

Дархан

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Эльгиза

Ой,балалар,балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты

Ой,балалар, балалар

Ойналық та күлелік

Енді оқуға кірелік.

Мадияр

Күз келді,сары күз келді

Тау ызғарлы түз желді

Тыраулатып аспанда

Тырналарын тізді енді

Ақерке

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

«Күз» ханшайымы: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

Жүргізуші:ендеше күз ханшайымы біздің балалар домбыраның сүйемелдеуімен еркем-ай әнін орындап берсін.

Балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар!

Дариьна

Қызыл қырман басында

Ақ бидайды сапырған

Диқандардың қасында

Күз есепші отырған

Дильяра

Жайдар күз,алтын күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толып ен далам

Дариядай шалқыған

Мирас

Бұлттанып заңғар аспаным

Толтырды жасқа жанарын

Құстар да қайта бастады

Суықтың сезіп хабарын

Ерсін

Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз

Алима

Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты

Ислан

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

Бек

Күзді күтіп жатамын

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын,жараймын

Қыстай сақтап қоюға.

Балым

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Қырыққабат атандым

Жүргізуші:Алтын күзсздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді, олар тапсырмалар болар бәлкім?

Алтын күз: - Әрине ,(Жапырақтарын көрсетеді)Күз жұмбақтың шешуін ортаға шығарып тұрады.

Жұмбақтар шешу

Бойын жерге жасырған

Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында дәні бар (бидай)

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады (пияз)

Жүргізуші:Ұлдардың «Паравоздар » биін тамашалаңыздар!

Ән:«Алмалар»

Күзбен қоштасу

Ойын:Ағашта өсетін жемістерді естіген кезде қол шапалақтайды. Жерде өсетін көкеністерді естігенде аяқтарын тыпырлатады.

Жүргізуші:Осыменалтын күз мерекелік кешіміз аяқталды, аман сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ