Материалдар / Мерекелік іс-шара "Жаңа жылда жаңа нұр"

Мерекелік іс-шара "Жаңа жылда жаңа нұр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Сахнада өзін ұстай білуге, эмоционалды көңіл күй білдіруге үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа жылда жаңа нұр»

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін! Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бөбекжайымыздың мәртебесі одан әрі арта берсін!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді.

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да,

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға,

Ертеңгілік басталсын.

«Болашақ өнертапқыш» тобында!

(балалар әсем әуенмен келіп шыршаны айналып тұрады)

Жүргізуші: Ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Сағыныш Өмірсерікқызына береміз.

Хор: «Кел, Жаңа жыл»

Уәзір: Келіңдер бәрің қараңдар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімізде сан қилы,

Қызық – қызық сырлар бар.

Осынау зәулім сарайда,

Жаңа жыл кеші өтпекші.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Карнавалдан қалмаңыздар!

Ханзада мен Ханшайым.

Сіздерге сәлем жолдайды,

Бұл кештеріңді қолдайды.

Музыка әуені ойналып залға Ханзада мен Ханшайым келеді.

Уәзір: О, Ханзадам мен Ханшайымым! Бқл зәулім сарайдағы төр өздеріңіздікі, төрге барып жайғасыңыздар. Сіздердің әміріңіз бойынша кешімізді бастайық мырзам, не қалауларыңыз бар?

Ханшайым: Мен бұл кештің басталуын әсем бимен көргім келеді.

Би: «Жаңа жылдық вальс»

Қаршыға: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Аян: Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Айару: Новогодний праздник,

Лучше всех на свете!

Любят этот праздник,

Взрослые и дети.

Хор: «Новый год»

Ханзада: Бұл зәулім сарайда, шыршаның шамдары неге жарқырап тұрмасқа? Ханшайым, осы думанды кештің сәнін келтіріп балаларға шырша шамын жағып берсек қалай болады?

Ханшайым: Әрине ханзада, мына зәулім сарайдағы шыршаның жарқырап жанғанын мен де тамашалап көргім келеді.

Ханзада мен Ханшайым, балалар бәрі бірге айтады:

1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф, уф деп үрлейді.

Жүргізуші: Ой, шырша шамы жанбады ғой, балалар тағы да қайталап айтайық.1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф,уф деп үрлейді.

Музыкамен шырша шамы жанады.

Жүргізуші: Балалар, міне, қандай тамаша! Шыршамыздың шамдары жарқырап, зәулім сарайымыздың сәні кірді. Шыршамызға арнап тақпақтар айтып берейік.

Бақдәулет: Әдемілеп тізілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жақсы шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз.

Арнұр: Жасыл шырша жанында,

Айнала ойнап ән саламыз.

Өзіміздің бақшада,

Жаңа жылды қарсы аламыз.

Шаттық: У елочки нашей,

Прекрасный наряд.

Шарики, бусы,

Повсюду висят.

Ханзада: Қолын 3 рет соғып, тамаша өте керемет. Ал Ханшайым сенің көңілің неге түсіп отыр.

Ханшайым: О, Ханзадам бәрі тамаша, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді.

Жүргізуші: -Балалар, біздің ортамызға кім жетіспей тұр екен?

Балалар: -Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: -Ендеше, балалар бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Бәрі бірге: -Аяз ата Ақшақар...

(Бір кезде қатты жел тұрып, музыкамен ортаға қарқылдап күліп, зәулім сарайды басына көтеріп мыстан кемпір келеді.

Жүргізуші: Бұл Аяз ата емес қой, балалар?

Мыстан кемпір: -Бұл зәулім сарайда менсіз өтіп жатырған қандай мереке той думан, мен де бұл мерекеге қатысып көрейін? Қадірменді Ханзадам мен Ханшайым ханым мен де бұл мерекеге құр қол келмедім! Міне, қолымдағы нәрсеге қараңдар, жесең тілді үйіретін, жемесең өмір бойы есіңде жүретін, жеген адамдарды қайтадан жасартып, армандары мен тілектерін бұлжытпай орындайтын алмамды ала келдім. Осы алманы Ханзада мен Ханшайымға сыйлаймын! Мына алманы жеп өмірде жасарып, армандарың орындалып жақсы ғұмыр кешіп жүріңіздер. Ой, ой ұмыттым мені басқа да балалар күтіп отыр еді, мен соларға ұшайын. (музыкамен қарқылдап күліп, жасарасыңдар, жасарасыңдар!!!)

Ха,ха,ха... – деп алмасын беріп, залдан шығып кетеді.

Ханзада мен Ханшайым: -Ммм.... ым..... қандай тәтті алма, мұндай алманы қалай жемеске ааа....

Уәзір: -(таңғалып, басын шайқап) – жоқ,жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Сіздерге не болды Ханзада мен Ханшайым? Мыстан кемпір сіздерге алманы сиқырлап алдап берген екен, енді не қыламыз? Ендеше, балалар, біз Аяз атаны шақырайық? Бәлкім ата көмектесе алатын шығар?

Балалар бәрі: Аяз ата, деп дауыстап шақырады.

Музыкамен залға Аяз ата сиқырлы таяғын ұстап, Ақшақар немересімен келеді. (Балалар орындарынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады)

Аяз ата: Амансыңдар ма ұлдарым!

Амансыңдар ма қыздарым!

Қандай солғын жүздерің,

Неге сонша мұңайдың.

Бізді күтіп алаңдап,

Шаршадыңдар ма балаларым!

Сендерге не болған балаларым? Неге көңілсізсіңдер?

Ақшақар: -Балалар, біз ата екеуміз сәл кешігіп қалдық, бірақ біз сендердің көңілдеріңді көтереміз!

Уәзір: -Ой, ата сіз бізге көмектесіңіз, Ханзадамыз бен Ханшайымымызды жаңа сіздің алдыңызда Мыстан кемпір келіп, сиқырлы алмасымен алдап екеуін ұйықтатып тастады.

Аяз ата: -Жарайды, ендеше, мен мына қолымдағы сиқырлы таяғымның күшін пайдаланып көрейін. Таяқшасын әрлі, берлі айналдырып, сиқырлы таяғым! - деп айтады. (Ханзада мен Ханшайым оянады)

Ханзада мен Ханшайым: -Рақмет ата көмектескеніңізге!

Жүргізуші: -Балалар, біз Аяз атамызға арнаған әнімізді айтып берейңк.

Хор: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: -Аяз ата, сіз алыс жолдан келдіңіз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!

Дәулет: Жаңа жылға сәніміз,

Біздің айтар әніміз,

Келдің бе, аман алыстан.

Сәлем, Аяз атамыз.

Әділбек: Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұрты да,

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Абай: Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Би: «»

Тышқан: - Балалар, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.

Жүргізуші: - Рақмет, тышқан жылы! Сенің жылың тамаша жыл болды. Олай болса, бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық?

Музыкамен Жаңа жыл кіреді. Шыршаны бір айналады. Балалар сиыр жылын ортаға алады.

Хор: «Ақша қар»

Сиыр жылы: - Мен енді сендерге тышқан жылың шығарып салып, Жаңа жыл болып келдім. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қандай сендердің? Менің де жылым сендерге жақсы, құтты жыл болып келеді.

Жүргізуші: -Аяз ата, Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, өазір...

(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді , өнерлі екенсіңзер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызғы риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош болыңдар! Сау болыңдар! (өолдарын бқлғап шығып кетеді!

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Осымен біздің «Жаңа жылда жаңа нұр» атты мерекеміз аяқталды. Осындай керемет етіп өткізуге ат салысып жүрген балаларыма, ата-аналарыма, әріптестеріме мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рақмет. Жаңа жыл тағы да құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!




Бекітемін:

Қызылорда қаласы білім бөлімінің

КМҚК «Ер Төстік» бөбекжай - бақшасы

меңгерушісі _________ С.У.Абуова

«___» «__________» 2020 жыл














«Жаңа жылда жаңа нұр»

Мерекелік ертеңгілік









Ересек «Болашақ өнертапқыш» тобы

Тәрбиеші: Айтбаева А









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ