Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мерекелік кештің жоспары "Ұстаздық еткен жалықпас"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара
«Ұстаздар мерекесімен құтттықтау» бейнебаяны
1- жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналып отырған қадірменді көрермен!
Аманбысыздар, бүгінгі мерекенің иелері- құрметті ұстаздар!
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
2-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!
1- жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры ...........береміз.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
№ 1 Ән. «Ұстазым менің» әнін орындайтын Оспанов М.
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Айгүл? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Еркін , мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Қиындығы мен қызығы мол ұстаздық қызметті өмірінің қалауы етіп алған барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтау үшін .....................ортаға шақырамыз.
(Орынбасарлар сөз сөйлейді)
1-Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
№2 Ән
1-жүргізуші:
Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ шашқан ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар-жақсылықтың жолашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
2-жүргізуші:
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор. Халқымызда «Білім – теңіз, мектеп-кеме» деген әдемі сөз бар. Себебі, бойлай берсең де, түбіне жете алмайтын білімнің тұңғиығы тегеуріні мықты толқындатқан теңіздей емес пе? Сол теңізде білімді де білікті, мейірімді де жүрегі жұмсақ, жан-жақты өнер иесі, шеберліктің шыңын бағындарған ұлы тұлға-Ұстаз тұтқасын ұстайтын алып Кеме- Мектеп қана жүзе алар. Осы отырған баршаңыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ынтымақтаса, бала тәрбиесінде жұмыла қызмет атқарып келесіздер.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам,-
деп, ортаға білім саласында өнегелі өмірімен шәкірттерінің жүрегін жаулаған ұлағатты ұстаз- мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі баймағамбетова Айгүл Қалабайқызын ортаға шақырамыз! Мерекелік жүрекжарды ыстық лебізіңізді білдірсеңіз дей отырып, , мектеп-кемеге осы бір қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметті өмірлік ұстанымы етіп алған мектебіздің жас мамандарын Ұлы көшке ілестіру құрметі Сізге тапсырылатынын айтқымыз келеді!
Білім-теңіз айдынында өз талабын ұштайтын, қиындықтан қашпайтын, балаға білім сыйлайтын жас мамандар:
.............................
(Аталған мамандар ортаға шығу керек)
1- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар! «Ұстаз» деген ұлы атауды жүрегіңізбен жылы қабылдап, осы мамандықтың қыр-сырын меңгере отырып, биік шыңына жетсем деп тілейсіздер. Осы мақсатты алға қоя отырып еңбек жолын бастап та кетттіңіздер. Көк айдыны тұнық болса да, алай-дүлей борандары, тулаған толқындары бар «Білім» атты теңізде жүзу оңай болмаса керек. Сіздерге артылар жүк ауыр. Ұстазға тән белгілерді атай отырып, «Ұстаз» кемесімен білімнің теңізіне бірге аттанайық. Ол үшін Сіздер әрқайсысыңыз мұғалім туралы, мектеп туралы сыр толғай отырып, ұстазға қажет қасиеттерді ортаға салып көріңіздер. (Сұрақтар қояды):
Мұғалім қандай болу керек?
Мұғалім қандай қасиетті ұстанады?
Тәрбиеде ең басты қажет не?
Баланы спортшы ету оңай ма, қиын ба?
2-жүргізуші:
«Кемедегінің жаны бір» деген халық қалып айтпайды. Ғылымның түрлі саласын бала жүрегіне жеткізе алған мұғалім де, «Білім мен тәрбие-егіз» деп, бала бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін тәрбиеші де, тал бойын шыбықтай иілтіп, кеудесіне намыс отын жақтырып, аламан бәйгеде топ бойы оза шаптырып, қолында елдің туын жандырып, спортттың да белесін алдырып, шынығуы мен жаттығуын ұйымдастырып жүреген жаттықтырушылар да- баршаңыздың да бағыттаған асуларыңыз бір биікте.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді тағы да шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты қызмет. Себебі, Қазақстанның болашағы Сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіндігі, өмірде қаншалықты табысты, іскер, болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілейміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
(Ортаға шыққан жас мамандар Білім көшіне ілесіп кете барады)
2-жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
1- жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.-
деген өлең сөздері Сіздерге арналған құрметтің белгісі емес пе?
2-жүргізуші:
Ғалым да, шахтер де бас иетін
Ұстазым бар сенің қасиетің,- демей ме, Еркін! Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мұғалімдік қызметтен басқа нәрсені ұстаздар қауымы армандайды ма екен?
1-жүргізуші:
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде есепші мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларына болады.
2-жүргізуші:
Қандай керемет, Еркін! Сан қырлы қасиеті бар, бір бойына бірнеше өнерді тоғыта алған ұстаздар қауымының ақындық қабілетін де сынап көрейікші! Алдарыңызға өлең шумақтарының ұйқастырылған сөздері бар парақшалар таратылады. Сол ұйқас сөздерді пайдалана отырып, өлең шумақтарын құрастырып айтатын боласыздар. Сіздер сөзден жыр кестелеп, өлеңнен өрмек құрып жатқанда тамаша ән орындалады.
№3 Ән
(Әннен кейін құрастырылыған өлең шумақтары оқылу керек)
1-жүргізуші:
Ал енді, Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіздің нәтижесі дайын болса, көпшіліктің назарына ұсынып көрейік! Қане, қайсысымыз бастар екенбіз! (Өлеңдер оқылады)
Тамаша! Шешен сөздің, тапқыр ойдың иелері екендіктеріңізді тағы бір дәлелдедіңіздер! Көп-көп рахмет! Шалқар шабыт тілейміз!
Сіздердің құрметтеріңізге тағы да бір әсем әнді қабыл алыңыздар!
№4 Ән
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар! Бүгінгі біз үшін айтулы мерекеде Сіздерге айтар сүйіншіміз де бар! Бұл ерекше қуанышты жағдай деп айтуға болады. Себебі, тарих қойнауынан асыл мұраларымызды жас жеткіншікке жеткізетін, бүгінгі заманның батырлары туралы сыр шертетін, елімізде әскери және спорттық бағытта жасалып жатқан жиындар мен дүбірлі додалардың барысымен таныстыратын, сол арқылы болашақтың тізгінін ұстайтын білімді, білікті, мәдениетті, намысшыл, рухы биік, бір сөзбен айтқанда нағыз қазақ баласын тәрбиелейтін «Қазақстан патриоты» оқушылар мен жастарға арналған республикалық әскери-патриоттық журналының жаңа санында мектебіміздің ұстаздары Журтканов Бекет Мәлікұлының «Патриоттық айбынды мектеп» атты және Бахтияров Еркіннің «Есет батыр Көкіұлы» атты мақалалары жарық көрді.
Осы еңбектері үшін әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да қаламдарыңыз қарымды болсын деп, шығармашылық табыс тілейміз!
Алдарыңызға «Қазақстан патриоты» журналының жаңа санын ұсына отырып, Сіздер де осы баспа бетінде әдістемелік жұмыстарыңыз бен мақалаларыңызды жариялай алатындарыңызды ескертеміз. Қуаныштарыңыз көбейе берсін!
Еркін, аталған басылымның мазмұндық келбетіне өзің де белсене еңбек етіп келесің. Осы басылымның ерекшеліктері мен алға қойған мақсатына байланысты ортаға салар қандай ойың бар? Себебі, біз қызығушылық танытып отырмыз.(Журнал туралы)
1-жүргізуші:
«Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама ғалым Әбунасыр Әл-Фараби ұстаз туралы былай деген екен:
« Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
Ұлы тұлғаның айтқан сөздерінің мәні әлі күнге дейін күшін жойған жоқ десем қателеспеймін. Ендеше, ғалымның айтқан талабына сай бола алатын ұстаздар арамызда бар екенін дәлелдеу үшін, Сіздерден әріптестеріңізден ерекше бейнесімен дараланатын, өзіңізге үлгі тұтатын бір жанға мерекелік құттықтау лебізіңізді алдарыңызға ұсынылатын парақшаға жазсаңыз. Сіздердің араларыңыздан Ерекше мұғалімді таңдап көрейікші!
Сіздер өз лебіздеріңізді қағаз бетіне түсіріп жатқанда біз көңіл сергітер әсем әнді тыңдайық!
№5 Ән
2-жүргізуші:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.
1-жүргізуші:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,
Тарап демде кетеді шаршауың да.
Бұлбұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында.
Қиындыққа кезіксең ,көп асуға,
Қанша терің төгіліп жол ашуға.
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
2-Жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын! Соңы.