Металдар және Бейметалдар туралы түсінік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металдар және Бейметалдар туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдар және Бейметалдар туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Элементтер сыртқы түрі мен өасиеттері бойынша металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Олардың маңызды сипаттамаларын қарастырамыз. Адамдар ерте кезден-ақ металдарға иілгіштік, созылғыштық, металдық жылтыр, жылуөткізгіштік және т.б.белгілі бір қасиеттер тән екенін байқаған. Бұл қасиеттер жалпы мәні және ажырату белгілері бойынша металдардың барлық класын сипаттай бастады. Ақыры, қорыта келе, металл түсінігі тұжырымдылды. Бұл түсінікке қарама-қарсы бейметалл түсінігі пайда болды. Шынымен де өздерің көріп отырғандай, бейметалдардың металдардан физикалық та, химиялық та көптеген қасиеттері бойынша айырмашылығы болады. Сондай-ақ осы элементтердің оттекпен, сутекпен қосылыстары және олардың гидроксидтері де әртүрлі. Заттардың қасиеттері олардың құрылысына байланысты болатыны белгілі.металдар мен бейметалдар атомдары сыртқы электрон қабаттарының және валенттік электрондарының санымен ерекшеленеді. Олардың атомдарынан түзілген кристалдарының да айырмашылығы бар. Металдар мен бейметалдар қалай құралғанын түсіну үшін Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіне жүгінеміз. Қазіргі кезде металдарға жататын 88 элемент белгілі. Барлық бейметалдар (сутектен басқасы) бор-кремний-мышьяк- теллур-астатпн шартты шектелген периодтық жүйенің оң жағында, металдар сәйкесінше сол жағынан төменгі бұрышында орналасқан. Диагональға жақын орналасқан элементтер екідайлы болып табылады. Өздерінің электрондық құрылысы бойынша металдар s-, p-6 d- және f-металдарға бөлінеді. I-II топтардың негізгі топшалары (s-элементтер ұяластары) , сонымен қатар барлық қосымша топшалар (d-элементтер қяластары) металдардан тұрады. p–элементтер ( III-VIII топтардың негізгі топшалары) ұяластары металдар мен бейметалдардан тұрады. Әрбір период (біріншіден басқасы) металмен басталып, бейметалмен яқталады. Металдардың сыртқы энергетикалық деңгейінде 1-ден 3-ке дейін электрон болады.: Барлық металдарға кристалдық торы тән. Металдағы химиялық байланыс типі – металдық байланыс. Бұл валенттік электрондардың атоммен әлсіз байланысқанын білдіреді, сондықтан кристалдық торының түйіндерінде металдардың оң зарядталған иондары (катиондары) болады, ал олардың арасында электрон газын түзе электрондар еркін қозғалады. Бейметалдар атодарының құрылысының ерекшеліктері. Бейметалл атомының сыртқы электрон қабатында үштен сегізге дейін электрон болады. 2-период бейметалл элементтерінің конфигурациялары: Егер металдар - жай заттар металдық байланыс бойыншы түзілсе, онда бейметалдар – жай заттарға коваленттік полюссіз химиялық байланыс тән. Бейметалдарға керісінше теріс ион түзе электрондарды қосып алу тән, бірақ олар электрондарын біршама белсенді тотықтырғыштарға бере алады. Атом құрылысы элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын айқындайды: периодта солан оңға қарай металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет күшейеді; негізгі топшаларда атомдық нөмер өскен сайын металдық қасиет күшейеді де, бейметалдық қасиет әлсірейді. Металдарға тән қасиет – олардың атомдарының сыртқы электрондарын оңай беріп, оң зарядты иондарға айналы болып табылады. Бейметалдар керісінше электрондарды қосып алып, теріс зарядты иондар түзу қабілетімен сипатталады, алайда олар белсендірек тотықтырғыштарға электрондарын да бере алады. Атомдардың электрондарды беру немесе қосып алу өабілеттерін көптеген жағдайларға байланысты: Ядро зарядының шамасына Атом радиусына Атомдардың иондану энергиясына және электрон тартқыштықтарына Металдар мен бейметалдардың бұл сипаттамаларында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Металл атомдарымен салыстырғанда бейметалл атомдарына атом радиусының кіші болатыны тән. Сондықтан химиялық реакцияларда металдар тотықсыздандырғыш қасиет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2020
1437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі