Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металдарды бұрғылап тесу

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабақ жоспары колледждерде өндірістік оқыту шебері болып қызмет жасайтын кісілерге қосымша көмек. Дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өндірістік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Металдарды бұрғылап тесу


Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға металдарды бұрғылап тесу әдістерін көрсету,қол бұрғылар, электр бұрғылармен таныстыру, құрылысын сипаттау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін арттыру, мамандықтың қыр –сырын жетік игеруге ұмтылдыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары» плакаты, технологиялық нұсқау карталары, металл дайындамалар әртүрлі бұрғылар,коловороттар, тескіштер жиынтықтары, металл тескіш станоктар, әртүрлі детальдар.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30- 8.35

1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.

3. Құрал - жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.


ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35- 9.25

1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2.Білім алушылардың білім деңгейлерін пысықтау:

- Металды егеу, өңдеу не үшін керек?

- Егеудің қандай типтерін білеміз?

- Егеудің құрылысына сипаттама беріңдер?

- Егеумен жұмыс істеу тәсілдерін атаңдар?

- Қандай егеу түрлерін жазық бетті өңдеуде пайдаланамыз?

- Қисық беттерді өңдеу жұмысында ше?

- Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз?


3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:

* Металдарды бұрғылап тесу операциясы, тәсілдері.

* Металдарды тесу үшін қолданылатын құралдар.

* Қол бұрғылар, коловороттар, электр және пневматикалық бұрғылар,

олардың құрылысы, ерекшеліктері.

* Тескіштер, түрлері, оларға сипаттама беру.

* Металдарды тесу жұмысында электр бұрғыларды пайдалану.

* Металл тескіш станоктар, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі.

* Металл тесу процесінде ақаулардың пайда болу себептері.

* Ақаулардың алдын алу, болдырмау жолдары.

* Бұрғылап тесу жұмысы кезінде сақталуға тиісті техника қауіпсіздігі ережелері.


4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:

  • Металды тесу жұмысы қай жағдайда орындалады?

  • Тесіктердің қандай түрлерін жасауға болады?

  • Металлл тесу жұмысында қандай құралдар қолданамыз?

  • Бұрғылардың қандай түрлерімен таныстық?

  • Тескіштердің қандай түрлері бар? Құрылысына сипаттама беріңдер?

  • Металл тесу жұмысында ақаулар не себепті пайда болады?

  • Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауымыз керек?


ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.30-9.50

1. Құрал –жабдықтарды дайындау.

2. Металды дәлдігі ІІ класс бойынша диаметрі 8-20мм тесік жасау.

3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.


ІҮ.Ағымдық нұсқау: 9.55-13.10

1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.

2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.

3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.

1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың

уақытылы басталуын қадағалау.

2-аралау: Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау.

3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру.

4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.

5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру.

6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау.

7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.


Ү. Қорытынды нұсқау: 13.10 - 13.35

1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау.

2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау.

3. Үйге тапсырма беру: Металдарды бұрғылап тесу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін пысықтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
999
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12