жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Металдарды қайшымен кесу (тілу)
Өндірістік сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Металдарды қайшымен кесу (тілу)
Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға қаңылтыр, түрлі-түсті металдарды қайшымен кесу тәсілдерін көрсету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін қалыптастыру, мамандықтың қыр- сырын жетік игеруге ұмтылдыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, еңбекке баулу.
Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары» плакаты, технологиялық нұсқау карталары, металл дайындамалар,металл кескіш аралар, пышақтары, әртүрлі қайшылар,әртүрлі сызғыштар,т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30- 8.35
1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.
3. Құрал – жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35- 9.25
1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2.Білім алушылардың білім деңгейлерін пысықтау:
- Металл кесу процесін қалай түсіндіреміз?
- Металл кесу жұмысы қай кездерде орындалады?
- Металл кесудің қандай әдістері бар?
- Металл кесудің ережелері қандай?
- Металл кесуде ақау бола ма? Неліктен пайда болуы мүмкін?
- Қол араның негізгі типтері
- Арамен металл кесудің негізгі ережелері
3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:
* Металды қайшымен кесу.
* Қолқайшылардың құрылысының өзгешелігі, оларды қолдану
* Механикалық қайшылардың негізгі типтері. Электр қайшылардың, гильотиналық және ролик жүзді қайшылардың жұмыс принциптері.
4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:
-
Металл кесу процесін қалай түсіндіреміз?
-
Қайшы жүздерінің арасындағы саңлау қанша болу керек?
-
Механикалық қайшылардың негізгі типтері?
-
Ролик жүзді қайшыға сипаттама бер
-
Вибрациялық пресс-қайшы?
ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.30-9.50
1. Құрал –жабдықтарды дайындау.
2. Қалыңдығы 0,5-0,7мм болат темірлерді, 1,5мм-лік үй төбесіне жабатын қаңылтыр темірді кесу.
3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.
ІҮ.Ағымдық нұсқау: 9.55 - 13.10
1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.
2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.
1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың
уақытылы басталуын қадағалау.
2-аралау: Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау.
3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру.
4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.
5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру.
6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау.
7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.
Ү. Қорытынды нұсқау: 13.10-13.35
1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау.
2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау.
3. Үйге тапсырма беру: Металдарды қайшымен кесу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін пысықтау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген