жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Методичка последняя-1.doc
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Білім беру ұйымдарында балаларға қатыгездік көрсетуді жою жұмыстары және отбасы сәтсіздігін
ерте бастан анықтау
әдістемелік нұсқаулық
Қызылорда
2018 жыл
ӘОЖ 373
КБЖ 74.262.4
Т20
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Сараптау Кеңесінде (№3 хаттама, 27 наурыз 2018 жыл) қаралып, баспаға ұсынылған.
Пікір жазғандар:
Б.Акбембетов – «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты;
Ғ.Серікбаев – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Дайындағандар:
Ш. Жунисова – Қызылорда облысы білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы;
Л. Арзахметова – Қызылорда облысы Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің психологі;
Ж. Нурмаганбетова – Қызылорда облысы №182 орта мектептің педагог-психологі;
С. Бурашев – Қызылорда облысы Қ. Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің әлеуметтік педагогі;
Ж.Оңғарова – Қызылорда облысы Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің әлеуметтік педагогі.
Т20 «Білім беру ұйымдарында балаларға қатыгездік көрсетуді жою жұмыстары және отбасы сәтсіздігін ерте бастан анықтау» //Әдістемелік нұсқаулық, Қызылорда: Жиенай. - 2018 - 48 бет.
ӘОЖ 373
КБЖ 74.262.4
ISBN 978-601-275-448-3
Әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты жобасы аясында облыс прокуроры, аға әділет кеңесшісі Х.Дәуешовпен бекітілген «ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасын Қызылорда облысында жүзеге асыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.
Нұсқаулықта «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын Қазалы ауданында жүзеге асыру барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында әлеуметтік педагогтер мен психологтердің озық тәжірибелері жинақталған.
ҚР Үкіметі мен БҰҰ агенттіктерінің «Маңғыстау және Қызылорда облыстарының тұрақты даму мен әлеуметтік-экономикалық модернизацияға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту» жөніндегі бірлескен бағдарламасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі жаднамасы» басшылыққа алынған.
ISBN 978-601-275-448-3
Ш.Жунисова, Л.Арзахметова, Ж.Нурмаганбетова,
С.Бурашев, Ж.Оңғарова 2018
Мазмұны
І. Кіріспе...................................................................................................................
ІІ. Әлеуметтік педагог пен психологтің бірлескен жұмысының мақсаты.
ІІІ. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің іс-қимылы........
-
Қатыгездік фактісін тіркеу (әлеуметтік педагогпен арнайы журнал жүргізу)........................................................................................................
-
Мелекеттік қорғауды қажет ететін баланы тану (шешім қабылдау).........................................................................................................
-
Қауіпсіздік тәукел бағасы.............................................................................
-
Оқиғаның ашылуы. (БҚҚ (баланың құқықтарын қорғау) және оңалту жоспарын дайындау)....................................................................................
-
Өкілетті органға оқиғаны беру.....................................................................
-
Балалардың құқықтарын қорғау жоспарының орындалуы.......................
-
Мониторинг нәтижесін бекіту......................................................................
-
Оқиғаны жабу................................................................................................
IV. Зорлық-зомбылықтың түрлері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан заррдап шеккен кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік сүйемелдеу...............................................................................................................
-
Психологиялық зорлық-зомбылық............................................................
-
Күш көрсету зорлық-зомбылығы...............................................................
-
Нәпсіқұмарлық зорлық-зомбылығы...........................................................
-
Экономикалық зорлық-зомбылық..............................................................
V. Күтілетін нәтижелер мен қорытынды.........................................................
VІ. Қосымшалар....................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................
Кіріспе
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Баланың құқықтары мен еркіндігі бұлтартпай орындалуы және кез келген өркениетті Елде қорғалуы тиіс, сондықтан Қазақстанда аталмыш мәселелер мемлекеттің жіті қадағалауында. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында аналықты және балалықты қорғау мемлекеттің жаңа сатыдағы әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде белгіленген. Осы саладағы заңнаманы түбегейлі қарастыру, оның ішінде аналық пен балалық шаққа қарсы бағытталған қылмыстар үшін кесілетін жазаны қатаңдату міндеті қойылған. Осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру шеңберінде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен еркіндігінің қорғалу деңгейін арттыруға, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен еркіндігіне қол сұғуға қатысты барлығына дерлік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда, зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақтан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағын (2017 жылғы 21 сәуірдегі №17-32-4.18) орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамашылық етуімен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты пилоттық жобаны іске асыру мақсатында әлеуметтік педагогтер мен психологтердің жұмысына жеңілдік жасау мақсатында әдістемелік нұсқаулық ұсынылып отыр. Әдістемелік нұсқаулықта әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтің отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін балалардың жеке әлеуметтік паспорты, отбасына әлеуметтік мінездеме үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготің педагог-психологпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтердің жұмыстарына мән берілген.
І бөлім. Әлеуметтік педагог пен психологтің бірлескен жұмысының мақсаты
-
Әр тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және баланың тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау;
-
Балаға психологиялық көмек көрсету, жағдайдың мән-жайына жеткенше және баланың психологиялық жағдайы жақсарғанша оны ересектердің қадағалауынсыз жалғыз қалдырмау;
-
Зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне баланың мән-жайы туралы хабарлау;
-
Балалардың немесе өзге заңды өкілдеріне (оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған) баланың өмірі мен денсаулығына қауіп тудырған психологиялық жағдайына байланысты түсініктеме алу;
-
Ата-аналары тиісті түрде әрекет еткен жағдайда осы жағдайға көмек көрсете алатын орталықтармен мекемелердің орналасқан жерлерін хабарлау;
-
Ата-анамен және/немесе баламен байланысу арқылы осы жағдайдың шешілуін қадағалау;
-
Ата-аналары тиісті түрде әрекет етпеген жағдайда осы орын алған дәлелі туралы балалардың құқықтарын қорғау органдарына (Отбасы істері жөніндегі комиссияға) хабарлап, осы жағдай шешілгенге дейін баланы әрі қарай ауруханаға немесе баспанаға орналастыру мүмкіндігін анықтау.
-
Отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету;
-
Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын, түрлі инстанцияларда және мектепте баланың қорғанышы ретінде өзі немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғау;
-
Әлеуметтік және психологиялық көмек қажет ететін отбасымен жұмыс жүргізу;
-
Тұлғалану үдерісіне кері әсерін тигізетін әлеуметтік қатерлі отбасыларын анықтау;
-
Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балаларды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізу;
-
Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балаларды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу);
-
Салауатты өмір салтын ұйымдастыру мәселелерімен айналысу; оқушылардың ақыл-ой және физикалық дамуына байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастыру;
-
Түрлі әлеуметтік топтарда сенімді қарым-қатынасқа түсе алуына көмек көрсету, әлеуметтену үдерісіне (кәсіп таңдауда, жұмысқа тұруда, денсаулығын нығайтуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету;
-
Ата-аналарға, педагогтерге, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік педагогикалық және психологиялық кеңес берумен айналысу;
-
Жергілікті мүдделі органдармен тығыз байланыс орнату;
-
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді көмек алуға уәждеу және оларды кәсіби мекемелерге жолдау;
-
Заңмен және ведомствоаралық әрекеттесу туралы осы құжатпен қарастырылған жағдайларда ішкі істер органдарына, әлеуметтік қорғау және/немесе денсаулық сақтау мекемелеріне хабарлау (ақпараттандыру).
ІІ бөлім. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің іс-қимылы
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуда білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің рөлі маңызды.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік педагог пен педагог-психологтің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осы мақсатта әлеуметтік педагог пен педагог-психолог:
-
Балалардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттейді;
-
Зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтау; проблемалық шешуге тиіс жағдай болғанда, тіркелген субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алу және жұмысты жоспарлайды;
-
Әрбір іс пен әлеуметтік педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады;
-
Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді;
-
Отбасы мен балаларға психологиялық кеңес береді;
-
Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектеседі;
-
Мінезінде ауытқушылығы бар адамдарға психологиялық және диагностикалық түзету жасайды;
-
Профилактикалық шаралар ұйымдастырады.
-
Мүдделі органдармен бірлескен жұмыс жүргізеді.
Осы қызметтердің негізінде әлеуметтік педагог пен педагог-психолог келесі шараларды жүзеге асырады:
І. Әлеуметтік педагог пен психологтің бірлескен жұмысын ұйымдастыру1
|
Әлеуметтік педагогтер мен психологтер бірлескен жылдық жұмыс жоспарын құру кезінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатындағы төмендегі іс-шараларды енгізу қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген