Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Методикалық құрал "Жаттығулар әлемі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»
Жаттығулар әлемі ...
8-10 сынып оқушыларына арналған тапсырмалар
Петропавл, 2017ж
Құрастырушы авторлары:
Бекматова Ботагөз Ескендірқызы СҚО Петропавл қаласы №7 орта мектеп КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары санатты.
Пікір жазғандар:
Ж.Т.Қадыров М.Қозыбаев атындағы СҚМУ филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, профессор.
А.Қ.Утегенова «С.Шәймерденов ат.қалалық классикалық гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары санатты.
Бұл жинаққа 8-11 сыныптың қазақ тілі пәні бойынша қосымша дидактикалық тапсырмалар, жаттығулар, сыныптан тыс әдеби шығармалардан материалдар енгізілген. Оқу құралының тілі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ескерілген, жаттығу мәтіндері ұлттық сана қалыптастыруға, ұлтжанды азамат тұрғысынан тәрбиелеуге негізделген. Оқушылардың қазақ тілін тереңірек біліп, өтілген тақырыптарды толық қайталауына мүмкіндік береді. Оқу сауаттылығына да мәтіндер берілді.
Алғы сөз
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.Қазіргі таңда білім беру жүйесінде жаңа заман талаптарына сай оқыту технологиясын жетілдіру талаптары қойылып отыр. Соған орай педагог мамандар оқытудың әлемдік жетістіктеріне барлау жасап, оқытудың ең тиімді әдіс – тәсілдерін зерттеп, оқу үрдісіне тәжірибе жүзінде сынап келеді.
Ұстаздық еткен жан жалықпай үнемі шығармашылық
ізденісте болып, педагогикалық іс – тәжірибесін замана талабына
ағымдап отырады.Осындай оқыту технологияларының арасында әдіскер –
оқытушылардың кеңінен қолданып жүрген әдістердің бірі – жаттығу
әдісі. Қазақтың педагог – ағартушысы және жазушысы Ы.Алтынсарин:
«Жаттығу әдісі оқушыларды білім алуға үйретіп, дүниетанымын
кеңейтетін әдіс», - деп есептеген. Қазақ тіліне деген қызығушылық
мұғалімнің тиімді әдістерді таңдауы арқылы тіл үйренушінің жақсы
оқуына, материалды жақсы ұғып алуына ықпал жасайды. Оқытушының
іздеген әдісі шәкірт санасына дарып, оның білім алуына жағдай
жасаса, оқытушының еңбегі нәтижелі болатыны сөзсіз. Оқушының
дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамытып, жан – жақты білім беруде
жаттығулардың өзіндік алатын орны бар. Жаттығу жұмыстарын жүйелі
түрде әсерлі ұйымдастыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне және
ізденіс деңгейіне байланысты. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған
теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие
болады.
Қазақ тілі бойынша бұл ұсынылып отырған дидактикалық материалдар
оқушылардың 8-10 сыныптарда алған теориялық білімдерін жүйелеу,
әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормаларын меңгерту және жаттықтыру,
сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру мақсатын көздейді.
Жинақ фонетика, лексика, морфология бөлімінің негізгі грамматикалық
ережелерін саналы, тиянақты меңгерту, үйрету мақсатына бағытталған
білімдік, танымдық, дамытушылық тәрбиелік мәндегі тапсырмалар мен
жаттығулардан тұрады. Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін,
шеберлігін танытатын әдебиет үлгілері қысқа әңгімелер, ертегілер,
өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, көркем шығармалардан үзінділер
пәнаралық байланыста берілді. Бағдарламада көрсетілген білімді
меңгерту, оқушылардың ойлау қызметін дамыту, өздігімен жұмыс істеу
дағдысын қалыптастыру, адамгершілікке, отаншылдыққа тәрбиелеу
ескерілді. Жаттығу, тапсырма түрлері оқушылардың жасы мен
ақыл-ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте-бірте күрделеніп,
тереңдетіле түсті.
Мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың білік, дағдыларын қалыптастыру мақсатына орай жұмыс түрлері де түрлендіріліп отырылды. Тапсырмалар оқушылардың сабақта тіл дамыту, жазба жұмыстары арқылы жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа енгізілген тапсырмалар мен жаттығуларды мұғалім оқушылардың тілдік білім деңгейін көтеруді мақсат етеді. Жұмыс түрлерін оқушылармен жеке жүргізуіне, топпен жүргізуге лайықтап, өтілген материалдарды жүйелі қайталауға арналады.
8-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар
Ана тілінің қызметі
1-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жаз.
-
Ана тілі дегеніміз---------------------------------------------------------------------------
-
Тілдің қызметі-------------------------------------------------------------------------------
-
Қазақ тілі қандай тіл? ---------------------------------------------------------------------
-
Мен қай тілді бірінші үйреніп, терең білуім керек?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-тапсырма
Тіл туралы айтылған мақалдарды аяқта.
-
Өнер алды- ...
-
Шебердің қолы ...
Шешеннің тілі ...
-
Тіл... жарады,
Тас жармаса, ... жарады.
-
Тіл ... өткір.
-
Бал тамған тілден,
... тамар.
Керек сөздер: у, қызыл тіл, қылыштан, тас, бас, ортақ.
3-тапсырма
1. Мына ана тіліміз туралы айтылған ұлы пікірлерді қалай түсінесің?
1) «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»
Н.Ә.Назарбаев.
2) «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-
бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»
Ғ.Мүсірепов.
Эссе
Тілсіз ұлт болмайды
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мәтін
1-тапсырма
-
Мына мәтінді оқып мазмұнда және тақырыбын қой.
Жер-адамзаттың сарқылмас ырысы мен дәулеті.Жер-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы. Жер тағдыры-ел тағдыры. Қазақ жерінің иесі- болашақ ұрпақ. Жер-бүгінгі тынысымыз, ертеңгі ырысымыз. Жер-ана-жомарт ана тер төккенге.
2. Сұрақтарға жауап жаз.
1) Мәтін дегеніміз не?------------------------------------------------------------------------
2) Мәтіннің қандай түрлері бар?--------------------------------------------------------------
3) Қалаған тақырыбыңа мәтін құра.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-тапсырма
Тиін мен қасқыр
( мысал)
Тиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.Тиін жалынып:
-
Мені жеме, жібер,-дейді.
-
Жарайды жіберейін, бірақ сен маған айт,неліктен сендер әр уақытта шат болып, қуанып жүресіңдер?
-
Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін,-дейді. Қасқыр тиінді жібереді.Тиін ағаш басына шығып алып:
-
Сен қасқыр, ешкімге жақсылық жасамайсың, жамандық ойлап, өзгелерді ренжітіп жүресің. Сондықтан әрқашан көңілсіз жүресің.
Біз жақсылық жасаймыз, сол үшін әр уақытта шат, көңілді жүреміз,-депті.
Сұрақтарға жауап жаз.
-
Мәтіндегі қай кейіпкер ұнады?-----------------------------------------------
-
Мәтін қандай тақырыпқа жазылған? ---------------------------------------
-
Мәтіннің түрін (ғылыми мәтін, көркем әдебиет мәтіні немесе ауызекі сөйлеу мәтіні т.б.) анықта.------------------------------------------
3-тапсырма
Туған жерім тамаша
О, алақай, туған жер!
Жақсы-ау бақша, бауларың!
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларың.
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік,
Кең өлкенің қырларын
Жүр, аралап келейік!
Жүр, аралап келейік!
М.Әлімбай.
Эссе
Менің туған жерім
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Фонетика
1-тапсырма
1.Сұраққа жауап бер:
1) Әріп дегеніміз не?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2) Қазақ тіліне тән қандай дыбыстар бар?----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3) Дауысты дыбыстар дегеніміз не?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4) Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5) Дауысты дыбыстар жақтың, еріннің, тілдің қатысына қарай нешеге
бөлінеді?------------------------------------------------------------------------------------------
-
Жұмбақтың шешуін тап.
-
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
-
Тауда жоқ, сайда бар,
Атта жоқ, тайда бар,
Биеде жоқ, түйеде бар,
Қозыда жоқ, қойда бар,
Жиында жоқ, тойда бар,
Осындай тағы қайда бар?
2-тапсырма
1.Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз, түрлерін ажырат.
Абайдың жүзінде ақшыл сұрғылт тартқан толқын білінді. Абай соншалық рақаттанып, сүйсініп күлді. Ол көзінен моншақ-моншақ ыстық жасын төгіп тоқтады. Ақыл жастан, асыл тастан шығады. Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе жоқ.
2.Адасқан әріптерді орнына қой.
і, м, б, л, і к, р, е, м, т, е, е к, т, е, м, е, т, е
ш, о, б, а, л, қ, а с, ұ, з, а, т а, л, а, д
ң, а, м, р, ы, й, а р, а, т, қ, а, з, а, қ к, а, и, н, е, ф, о, т
3-тапсырма
1.Сөйлемдерді көшіріп, жуан және жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып келді. Малшылар Асан, Үсенді көріп, олар да қатты қуанып, біреуі әке-шешесінен сүйінші сұраймыз деп, шауып кетті. Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылыпты.
2. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашып түсіндіріп, еріндік, езулік дауыстыларды табыңдар.
Әділ іс
Әділ іс- ағын судың арнасындай,
Әділ сөз- болат семсер алмасындай.
Пайда етпе өне бойы өтірік айтып,
Жаласы қалмас бір күн жармасылмай.
Жігітке жаңғалақтық жараспайды,
Сиырдың тайында емген ардасындай.
Түпсіз ой, тұрақсыз іс, білімсіз күш
Қалбиған қарақшының қалбасындай.
Білгенге: білім-байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер-білім-өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай
О.Шораяқов
Дауыссыз дыбыстар
Қатаң дауыссыздар:
ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,Һ.
Үнді дауыссыздар: р,л,й,у,м,н,ң
Ұяң дауыссыздар:б,в,г,ғ,д,з,ж.
1-тапсырма
1.Мәтінді көшіріп, білім,оқушы, күш сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Қазіргі кезде терең білім болмаса, елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан-жақты білім алуға міндетті. Білім алу ла зор күш екенін ұмытпа.
2.Көп нүктнің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.
Б...з. Б...ген...ай. К...ше. А...ы... Ү...к...н. Ә...е. Ә...и... М...н...з. Тұр....ыс. Б...л...м. О...ау. Ұс...аз. Қ...й...ы. Т...ғ...н. О...ан. Д...нс...у...ық.К...н...ел...к.
2-тапсырма
1.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Кеме. Абай. Кітап. Астық. Озат. Мереке. Атырау.
2.Мәтінді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстарды түрлеріне ажырат.
Құлағына бір ызың келеді. Ащы ішектен бұратылып шыққандай азалы үн. Өң мен түстің арасындай еміс қана естіліп еді. Енді сол дауыс күшейіп барады. Қоспан селт етіп оянғандай төбе шашы тікірейіп, бойы мұздап қоя берді. Тағы да қасқыр ұлиды. Қойшы біткеннің қас жауы Қоспанның кеудесін сүйретіп келіп құлаған жерін аңдып тұр екен.
3.Мақал-мәтелдердің мағынасын айтып, дауысты дыбыстарды түрлеріне қарай талда.
1) Ас атасы-нан.
2) Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.
3) Ұстаз көрген хат таныр.
4) Тазалық- тамаша әсемдіктің басы.
5) Жақсыны арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.
3-тапсырма
-
Метаграммаларды шеш.
Оңға қарай оқысаң да- бір халық.
Солға қарай оқысаң да- бір халық.
Бір буыным-құс,
Бір буыным-түс.
( Қазақ, қаз, ақ)
2.Мақал-мәтелдерді көшіріп, ұяң және үнді дауыссыздардың астын сыз.
1) Малды теппейді,
Ақты төкпейді.
-
Асырауын тапса, адам болар,
Оқуын тапса, білім қонар.
-
Еңбек ширатады,
Өнер үйретеді.
-
Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
-
Уәде-жанның азығы.
-
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
-
Атадан бала туар,
Атасының жолын қуар.
Эссе «Ана тілім-асыл қазынам»
М.Жұмабаев: «Тіл-адам жанының тілмашы. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт-ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ...».
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-тапсырма
Буынның түрлеріне бөліп жаз.
Күндіз. Жапырақ. Бүркіт. Бақа. Көлеңке. Батыр.Нұрлан. Астық. От. Ғажап. Арман. Лақ. Қарбыз. Асхат. Қала. Балмұздақ. Қолшатыр.
Ашық буын |
Тұйық буын |
Бітеу буын |
|
|
|
2-тапсырма
1.Жұмбақтың шешуін тап, ашық буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Атасы қалғып-мүлгиді,
Әкесі зорға жылжиды.
Ағасы- шабан,
Өзі жорға,
Інісі - жылдам,
Баласы –жүйрік,
Зымырап тұрған.
Шешуі: Жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд.
2.Ойынның шарты:
Жоғарыдағы сөздерді осы жазылған тәртібімен оқымай, шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысаңдар, ой-пікір туралы айтылған халық мақалы шығады. Сонда қай сөзден бастап оқу керек?
уайым |
өтесің |
теңіз |
батасың |
қайық |
кетесің |
тәуекел |
түбі |
де |
мінесің |
да |
түбі |
3.Жұмбақтарды буынға бөліп жаз, буын түрлерін ажырат.
1) Таудан төмен қар жауар,
Қозғай берсең, көп жауар.
2)Төрт сирақ,
Бір жауырын,
Жауырында ауылым.
3)Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Желмен ұшып кетеді,
Жер түбіне жетеді.
4)Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
Шешуі: үстел, әріп, ұн, елек, түтін.
4.Буындардың басы ашық, соңы қысаң дауыстылармен жасалған
әр түрлі сөздер. Орнына қой.
а – ы – ы - - ә – і – і -
-а – ы- ы- - е- і – і- - і
-а- ы – ы - е – і - - і
1 -тапсырма
-
Мына жұп қосымшалардың қайсысын қай сөзге жалғауға болады? Барлығын да тұсындағы бір сөзге жалғауға бола ма? Болмаса мәнісі қалай? Жалғап көрсет.
-лар,-лер
-ға, -ге
апа - сы, -сі сіңлі
- сың, -сің
- лы, -лі
2.Фамилияның соңы – ов,- ев, - ин түрінде келсе, оған қосымша қалай жалғанады? Жуан болып жалғана ма, жіңішке болып жалғана ма?
2-тапсырма
-
Орнына қой.
Ше к/г ара, ба ш/с шы, сө с/з сіз, Қорға н/м бек, Жа м/н пейіс, сә н/ң қой.
-
Тап, кеп сөздеріне қосымшалар жалғанғанда табады, кебеді, табу, кебу болып жазылады. Неге бұлай?
-
Бейімбет Майлиннің шығармаларындағы Мырқымбай, Малқамбай сөздерінде б дыбысының алдында м жазылғанда, айранбай, Талқанбай, Тышқанбай сөздерінде б дыбысының алдында н жазылған. Неге бұлай?
3-тапсырма
-
Орфографиялық жұмбақтар
-
Үнемі дауысты дыбыстан соң ғана жазылатын қай әріп? Мысал жазып көрсетіңдер.
-
Мына сөздерді тасымалдауға бола ма? Қуат, киін, уыс, метр, тою, 10-сынып, ҚазПИ, А.Құнанбаев, КАМАЗ.
-
Жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса,
Бұлт етіп түсіп қаламын,
Егер қосымша дауыссыздан басталса,
Тапжылмай орнымда тұрып қаламын.
-
Қосымшалар жалғанса,
Соңғы сыңары түсіп қалады.
Ал түбір күйінде тұрғанда,
Өзгеріссіз қалады.
Олар қандай дыбыстар,
Кім оны тез таба алады?
4-тапсырма
-
Бұлар қандай ықпал?
б оз ала
қ оңыр торы
қ ызыл қой кері ат
т у сары
б уаз көк
-
Жазылуын түсіндіріңдер!
Төмендегі қарамен жазылған сөздердің жазылуы неге әр түрлі?
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, қызыл бет тіл байлайды.
Салбыраған аузына қонған мұрны төніңкіреп келіпті де шөгіпті. Адам көркі – шүберек, ағаш көркі- жапырақ. Ұстаның көрігі бар.
-
Орфографиялық жаттығу
-
Г дыбысына біткен сөздер ойлап, оларға барыс септігі жалғауын жалғап жазыңдар.
-
Ащы қуырдақ. Есікті ашшы. Таудан әрі асшы.
Сыйласпаған сыйыспайды,
Шынайы достар қиыспайды.
3) Минск, акт сөздерін септеп жазыңдар.
4) Ішінде Һ әрпі бар бірнеше сөз ойлап жазыңдар.
5) Құрамында в, щ, х әріптері келетін сөздер ойлап жазыңдар.
6) 10 сөзден мысал жаз.
а + й + ы – қайық... ұ + й + ы - тұйық...
е + й + і – мейіз... ү + й + і - үйір ...
1-тапсырма
-
Қалай атаймыз?
-
Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байыптап байқамайтын адамды...
-
Тез ұстатпайтын малды...
-
Ата-анасының бірінші баласын...
-
Білгенін дұрыстап жеткізе алмайтын, жаңыла беретін баланы...
-
Бала тілі-бал
- Папа, мысық түшкірді.
- Сен оған сау бол дедің бе?
- Жоқ.
- Неге?
- Сонан соң маған рахметті кім айтады?
* * *
- Бүгін тамаша түс көрдім.
- Айтсаңшы, ендеше!
- Тілім жетер емес, сен айтшы.
2-тапсырма
-
Толтырып жаз.
Жазылуы |
Айтылуы |
Көзілдірік |
Көзүлдүрүк |
Өлең |
|
|
Жұлұн |
Қара ала |
|
|
Ағ ешкі |
Шекара |
|
|
Жер гөк |
Қоян-қолтық |
|
|
Бұрұс |
Түнгі |
|
|
Өлөң |
Күрек |
|
|
Өнөр |
2.Сұрақ-жауап
1. Дәстүрлі принцип дегеніміз не?
2.Қай заңдылықты сақтап жазамыз?
3. Қай заңдылық бойынша сөз қалай айтылса солай жазылады?
4. «Орфоэпия» сөзінің мағынасы қандай?
5. Қай заңдылық сөздердің дұрыс жазылуын қарастырады?
3-тапсырма
-
Ойлан тап.
-
Әрі зат атауы, әрі қимыл атауы, әрі сан атауы.
-
Жазғандағы әріп саны мен нөмірленгендегі таңба саны бірдей сан.
-
1кг темір мен жүннің қайсысы ауыр?
-
Бір баланың туған күні төрт жылда бір-ақ рет тойланады. Ол қай айдың қай күні туған?
-
Қамауда қырғауылдар мен үй қояндары бар. Олардың бастары-19, аяқтары-62. Қамауда неше қоян, неше қырғауыл бар?
-
Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.
-
Инемен құдық қазыла ма?
-
Тастың жеңілі бола ма?
-
Етікші құралының бірімен аттас есімдікті ата.
-
Сөз бен тілге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын айтып түсіндір.
1.Оң сөз өзен тоқтатар.
2. Ақ сөз ащы болады.
3. Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.
4.Жақсының сөзі ақыл шақырады,
Жаманның сөзі ашу шақырады.
5.Сөз ине сабақтайды.
6.Ине көзінен, шешен сөзінен сынады.
7. Көне сөз-жаңа сөздің қазығы.
8.Өтірік-шындықтың келіні.
9. Бал тамған тілден у да тамар.
10.Адамға келер он пәленің тоғызы- тілден.
11. Тәрбие тілден басталады.
12. Кен байлығы- жерде, сөз байлығы-елде.
13. Ат айналып иесін табар, сөз айналып жүйесін табар.
14. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
«Фонетика» тарауы бойынша тест сұрақтары
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай деп аталады?
А.Морфология В.Фонетика С.Синтаксис Д.Грамматика Е.Лексика
2. Дауысты дыбыстарды табыңыз.
А.а,ә,о,ө. В.б,ж,с,р,ғ. С.қ,ғ,м,ғ,н. Д.п,р,о,л,к Е. А,п,г,щ,у
3. Сөз буынға қай жерде дұрыс бөлінген?
А.Ең-бек-те-ну.
В.Еңбект-ену.
С.Еңб-ектен-у.
Д.Еңб-ект-ену.
Е.Еңбект-ену.
4. Қатаң дауыссызды тап.
А.а,о,ы,і,ә. В.п,к,ф,қ,т,с,ш. С. ж,р,к,а,л. Д. у,р,л,м,н. Е.р,к,ң,ғ,у.
5. Қазақ тілінде неше әріп бар?
А.40 В.45 С.41 Д.42 Е.53
6. Жуан дауысты дыбыстарды тап.
А.у,ш,л,н,ң. В.і,й,ә,ү,р. С. А,о,ұ,ы. Д.ә,и,е,о. Е. А,і,о,ә,е.
7. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А.Көзқарас
В.Көзғарас.
С.Көз қарас.
Д.Көз-ғарас.
Е.Көзғарас.
8. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.
А.қ,к,с,т,п,ф. В.о,ө,ұ,ү,ы. С.і,е,и,ә,ө. Д.м,н,с,ш,ғ,г. Е. А,ы,ұ,ү,е.
9. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
А.Синтаксис. В.Морфология С.Лексика Д.Фонетика Е.Грамматика
10. Ашық дауысты дыбыстарды тап.
А.а,ө,ұ,ү,у В.а,ә,о,ө,е С.ұ,ү,ы,і,и Д.м,н,ң,к,қ Е. Ы,і,о,э,ә,у
11. Ұяң дауыссыз дыбыстарды тап.
А.қ,к,б,в,д. В.б,в,г,ғ,д,ж. С.ұ,ү,ы,і,у. Д.п,ф,с, х, ц Е. р,н,м,в,ш.
12. Бітеу буынды ажырат.
А.Әке,өмір В.Ыстық, аң. С.Оттық, орман. Д.Жер ,дәптер. .Қарт, жан.
13. «Ұ» әрпінің дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
А.Құлұн. В.Ұзұн С.Бұлбұл Д.Көлұк. Е.Өнер
14.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз.
А. –лар, -лер В. –кер, - гер С. –дан, -ден Д. –тын, -тін Е. –лас, -лес
15.Қай сөз «бірге үндесу» деген мағына береді?
А. Фонема В. Орфография С.Орфоэпия Д.Сингармонизм Е.Лексикалогия
Лексика
Лексика мына тақырыптарды зерттейді:
-
жалпы қолданыстағы сөздер;
-
қолдану аясы шектеулі сөздер;
-
көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
-
сөз мағыналары;
Олардың жіктелуін төмендегі кестеден көруге болады:
Жалпы қолданыстағы сөздер |
Қолдану аясы шектеулі сөздер |
Қанатты сөздер |
Сөздің лексикалық мағыналары |
Күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: есік,ата-ана, бар,кел, отыз бес, жақсы, жаман т.б. |
|
|
1.сөздің тура мағынасы 2. сөздің ауыспалы мағынасы 3. сөздің көп мағыналығы 4.омоним 5.антоним 6.синоним |
1-тапсырма
1.Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жаз.
А.Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы бала, жақсы ат
В.Терең сай, терең білім, терең құдық, терең сезім
С.Долы мінез, долы күш, долы жел, долы адам
Д.Әкемнің көзі, қазынаның көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі
Е.Ыстық күн, ыстық сезім, ыстық нан, көзіме ыстық
-
Тура мағыналы сөздер
Ауыспалы мағыналы сөздер
2-тапсырма
-
Мына сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын тауып, басқа сөздермен байланыстырып, сөйлем құра.
Ақ,ат,сау, жаз, кілт, жан, терең, бөлме, аш, тамыр, бас, күрес, жан.
-
Қарамен жазылған сөздердің қандай мағына беріп тұрғанын айт.
Жақсы адам- елдің ырысы,
Жақсы жер- жанның тынысы
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Мал қонысын іздейді,
Ер туысын іздейді.
3-тапсырма
1.Қарамен жазылған сөздердің қайсысы тура мағынада, қайсысы
ауыспалы мағынада қолданылғанын ажырат.
Таң сарғайып келеді. Шығыстан жұмсақ салқын жел соғып тұр. Жау жағы бас көтеріп, жолдан шыға Серікбайлар жатқан жылғаға қарай беттеді. Қаптаған жау беті тағы да қайтарылды. Жоқ, бұл ойды мен өсірген емеспін.
2.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп жаз.
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
-
Отан үшін күрес-
Ерге тиген үлес.
3. Ана тілің-қазынаң.
4. Тіл-көңілдің кілті.
5. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
Омоним
1-тапсырма
1.Мына омоним сөздердің мағынасын ашып, сөйлем ойлап жаз.
Үлгі:
От- Отынға от қойдым. Қойлар от жерге келіп тоқтады. Малдар көк шөпте оттай бастады.
Жаз-----------------------------------------------------------------------------------------
Ат-------------------------------------------------------------------------------------------
Ақ-------------------------------------------------------------------------------------------
-
Жұмбақтардың шешуін тап.
-
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. ( -------------)
-
Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (--------------)
-
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. (------------)
-
Жұдырықтай қызыл шар-
Тілді үйірген шырын бал. (-----------)
Шешуі: кітап, алма, аптаның жеті күні, найзағай
2-тапсырма
1.Берілген мәтіннен омоним болатын сөздердің астын сыз.
Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгіріп жүргенде, Жанаттың жарасын жаңғақ жырды. Жанат жылады.Жанардың жанары мөлдіреп, Жанатты жұбатты. Жанаттың жұбанғанына Жанардың жаны жайланды. Жақсы жолдастар жарасып, жарыса жөнелді.
2.Мына сөздердің мағынасын жаз.
Жақ, ер, көш, жүз, бас, күрес,қол,бөле.
Үлгі: Жақ- дене мүшесі, сүйек.
Жақ- етістік, отты жағу.
3-тапсырма
1.Мына мақал-мәтелдердің мағынасын жаз.
1) Әкең-асыл қазынаң,
Аға-іні-асқар тауың.
Ал, досың- әрі асқар тауың, әрі асыл қазынаң.
2) Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.
3) Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-
Үшеуімен бақытты болады өмір.
2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашып, өз ойыңды жазбаша түсіндір.
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай
Ерлердің ісі бітер ме?...
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Синоним
1-тапсырма
-
Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай топтап жаз.
Ауру. Алыс. Ажар. Науқас.Дәу. Кесел. Келбет.Үлкен. Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай.
-
Берілген сөздерден синонимдік қатарлар жаса.
Орын, ауыр, әдемі, жаман, бала, үй.
2-тапсырма
1.Мына сөздерді қандай сөздермен ауыстырып айтуға болады?
Жайдары-
Көрікті-
Жомарт-
Көлемді-
Биік-
Шебер-
Білімді-
Жуас-
-
«Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп»,-деген мақал бойынша:
-
ағайын, абысын сөздердің мағыналарын табу;
-
тату,көп сөзінің синонимін табу;
-
ат, ас сөздері қолданылуына қарай басқа қандай мағыналар беретінін мысалмен сипаттау;
3-тапсырма
1.Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздер қандай мағынада тұрғанын айырыңдаршы!
Қап,мына баланың ісін-ай! Орта қап қара қиды Қаражан көтеріп әкелді. Шыңғыс Шоқанның ит қапқан қолын қараса, жеңінің ішінен қан сорғалап тұр.
Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.
Біздің колхозда бақ көп. Қаражанды қақ бастан қамшымен ұрды.Жанардың әжесі алмадан қақ жасады. Қақ сүйекті балтамен қақ жарды.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жазуды қатесіз жаз. Дем алып бойыңды жаз.Аттың жалының ұйысқанын жаз.Плакатты жазып ұста.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Антоним
1-тапсырма
1.Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп-жұбымен жаз.
Үлгі: аласа-биік, төмен-жоғары
Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз.Жақсы. Қара.Жылы. Түн. Түзу. Тату. Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.
2.Мына сөйлемдердің ішінен омоним, синоним сөздерді тап.
Бет көрсе, жүз ұялады. Мен тез кетуім керек. Жылдам сөйлеген кісі минутына үш жүз сөз айтады. Қатты састым, тұра қаштым жалма-жан. Сабақ бір айға созылды. Апам қалада айға жуық тұрды.
2-тапсырма
1.Мақал-мәтелдерді оқып, антоним сөздерді теріп көшір.
1) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2) Баланың ұяты-әкеге,
Қыздың ұяты-шешеге.
3) Жаманға шөп батады,
Жақсыға сөз батады.
4) Көз қорқақ, қол батыр.
5) Істеу қиын, сынау оңай.
2.Мәтінді көшіріп жазып, антоним сөздердің астын сыз.
Шаруа жазда жазылар, қыста қысылар. Алыс-жақын қазақтың бәрі қаңғып жүр. Ащы мен тұщыны татқан білер. Бұл ауылға кәрі-жас бәрі жиналыпты. Баланың ыстық-суығына төзе білген ғана түсінеді.
3-тапсырма
1.Өлеңді мәнерлеп оқып, антоним сөздердің мағынасын анықта.
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Біреуі- көк, біреуі-жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар- аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
(Абай)
2.Берілген сөздерге қарсы мәндес сөздерді тауып жаз.
|
К |
Е |
Ң |
|
|
|
|
|||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
К |
Ө |
Н |
Е |
|
|
|
|
|
|||
Ж |
А |
Қ |
С |
Ы |
|
|
|
|
|
|
||
Б |
А |
Т |
Ы |
Р |
|
|
|
|
|
|
-
«Менің туған елім» тақырыбына шағын әңгіме құрастыр. Құрамында омоним, синоним, антоним сөздер болсын.
Тұрақты тіркестер
1-тапсырма
-
Сұрақтарға жауап жаз.
-
Тұрақты тіркес неше мағына береді?---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Тұрақты тіркесті басқа сөзбен ауыстыруға бола ма?--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Тұрақты тіркестің синонимдік баламасына мысал келтіріп жаз------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Тұрақты тіркестің антониміне мысал келтір------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Мына тұрақты тіркестердің мағынасын жаз.
Сөз байласу-
Зәресі ұшу-
Төбе шашы тік тұру-
Құлақ салу-
Жаны ашу-
Бел байлау-
Ішкен асын жерге қою-
Тілі ащы-
2-тапсырма
-
Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем ойлап жаз.
Қабырғаңмен кеңес, қой аузынан шөп алмайтын, жігері құм болды, жүрек жалғап алу, төбе шашы тік тұрды, су жүрек, жүрек жұтқан, кірпік ілмеу.
2.Мына мақалдардың жалғасын тауып жаз.
1) Қолы қимылдағанның...
2) Көп жасаған білмейді,...
3) Кәріге құрмет - ...
4) Біреуге ор қазба, ...
5) Жақсы қыз ...
Жақсы жігіт ...
3-тапсырма
1.Берілген мақалдардың баламасын ( мағыналас сөзін) тап.
-
Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.
-
Көрмес-түйені де көрмес.
-
Кімнің тарысы піссе- соның тауығы.
( жағымпаз, аңғармаушылық, сенгіштік)
2.Сурет бойынша шағын әңгіме жаз, ішінде тұрақты сөз тіркестері болсын.
Ойлап көріңдер!
Төменгі тұрақты сөз тіркестерінің қайсысы қайсысына қарама-қарсы мағынада қолданылатынын ойлап көріңдер.
-
1-сыңары
2-сыңары
Жақсы көру
Жаны ашу
Қолы босау
Бетінен алу
Бетінен оты шығу
Жүрегі мұздау
Құлақ аспау
Серттен таю
Көңілі тасу
Ат ізін құрғатпау
Бойын алдыру
Қолға алу
Көңілін қалдыру
Екі алып биге шығу
Іші жылу
Бетімен жіберу
Жек көру
Көңілін табу
Бүйрегі бүлк етпеу
Көңілі басылу
Құрамай қабу
Ат ізін салмау
Қолы тимеу
Беті шімірікпеу
Алдынан көлденең өтпеу
Құлақ қою
Сертте тұру
Бойын жию
Мақал-мәтелдер
1-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жаз.
1) Қандай мақалдарды білесіңдер?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2) Өнер-білім туралы мақалдар:--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3) Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы мақалдар:--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.Мына мақал-мәтелдердің жалғасын жаз.
Еңбек түбі- ...
Көптің түбі-...
Еңбек етсең ...
Отан- оттан да ...
Отансыз адам,
Ормансыз ...
Өз елім- ...
Ел іші- ...
2-тапсырма
1.Мына мақалдардың мағынасын ашып, антонимдердің астын сыз.
Жаман айтқан шынға нанбайды, күліп айтқан өтірікке нанады. Білім арзан, білу қымбат. Басы таудай аяғы қылдай. Шын ғалымнан надан туар. Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат білер. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
2. Ненің түбі не?
Еңбек түбі не?
Көптің түбі не?
Кәсіп түбі не?
Бейнет түбі не?
Ынтымақ түбі не?
Тірлік түбі не?
Ұрлық түбі не?
Уайым түбі не?
3-тапсырма
-
Әзіл аралас сұрақтар
-
Сиырдың сүті қай жерінде?
-
Қандай бала сүйкімді?
-
Жаман ауру не?
-
Адамныңқай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
-
Қандай кілт аспанда болады?
-
Күн жаумай су болатын кім?
-
Тауық түс көре ме екен?
-
Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі?
-
Қыз ненің гүлі? Өлең ненің гүлі?
10)Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?
-
Мына мақал-мәтелдердің мағынасын жаз.
-
Мақалдар
Не жайында?
Еңбек- адамның екінші анасы
Білімсіз күнің жоқ
Өнерлі өрге жүзер
Ер-ел қорғаны
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл
Досы көпті жау алмайды
Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі
Бірлік болмай, тірлік болмас
Жақсы адам- елдің ырысы
-
Мақал-мәтелдер және емле
Жақшадағы сөздердің қайсысы жазылады?
Айтпас жерде аузыңды ...
Қышынбас жерде қолыңды ...
(ти, тый)
Үндемеген ит ... (хабар, қабар)
Неден ... болса, содан қатер.
Жақсы тауып сөйлейді,
Жаман ... сөйлейді (қауып, қауіп)
Сөздік қор
Жалғыз дән
Қарт кісі жолаушылап келе жатып, кешке қарай жолда өсіп тұрған жалғыз масақ бидайға кездеседі. Оны үгіп, бар дәнін алақанына салып, қауызын желге ұшырып жібереді. Сол кезде бір дән қарттың алақанынан домалап жерге түсіп кетеді. Әр шөптің түбін ақтарып, қарт оны көп іздейді. Сөйтіп отырғанда күн батады. Қарт ол дәнді ертең келіп, жарықта тауып алайын деп таяғын шаншып кетеді. Ертеңінде таңертең кешегі жерге келеді. Шаншып кеткен таяғының маңы гүлдеп тұр екен. Жалқы дән қалың бидай болып тербеліп тұр. Жалғыз дәнді далада қалдырмауға тырысып, қамқорлық жасағаны үшін табиғат- ана адамға осылай разылық білдірсе керек.
Ә.Нұршайықов
Тапсырмалар:
1. Мәтіннен сөздік қорға енетін сөздердің астын сыз.
2. Жалқы, қарт, кісі, қамқорлық, табиғат-ана сөздері мағыналық
жағынан лексиканың қай тобына жатады?
Көнерген сөздер
Историзм
Архаизм
Жаттығу жұмысы
Мысалдар |
Историзм |
Архаизм |
Неологизм |
Тасаттық |
|
|
|
Ханзада |
|
|
|
Үнпарақ |
|
|
|
Асадал |
|
|
|
Әдістеме |
|
|
|
Желім |
|
|
|
Алаш |
|
|
|
Ұшақ |
|
|
|
Қор |
|
|
|
Бастаңғы |
|
|
|
Болыс |
|
|
|
Жасуша |
|
|
|
Қызыл әскер |
|
|
|
Мәжіліс |
|
|
|
Сауыт |
|
|
|
Кәсіби сөздер мен термин сөздер
Терминдермен таныс бол!
-
Қандай терминге жатады?
Автограф, акт, аллегория, альманах, анекдот, ассонанс, баллада, идеч, портрет, литота, баяндау, әсірелеу,идея, ирония, поэзия, либретто, проза, трагедия, сюжет, сатира, монолог, эпитет, романтизм, пролог, эпос, екпін, езулік дыбыс, кейінді ықпал, үндестік заңы, үнді дыбыстар, эпиграф.
-
Ғылым түрлеріне сәйкес терминдерді бөліп жаз.
Коммунизм, периметр,жанасу,сыбаға, салмақ,экватор, патриот, эквивалент, демеулік, тепе-теңдік, ойпат, қысым, витамин,тотық, түбір, абитуриент,қалдық, материк,булану, сатылы бағыныңқы, радиус, жылдамдық, ансамбль, компас, валенттілік, есімше, автономия, айырым, диффузия, арал,анықтауыш, молекула, металлоид, магнит өрісі, шеңбер, атом,төбе, жұрнақ т.б.
-
Әрқайсысына алты мысал жаз.
-
Ауыл шаруашылығы кәсібімен байланысты алты сөз.
-
Мал бағу кәсібімен байланысты алты сөз.
-
Аңшылық кәсібімен байланысты алты сөз
-
Жаттығу жұмысы
Мысалдар |
Архаизм |
Историзм |
Неологизм |
Кірме сөздер |
Терминдер |
Кәсіби сөздер |
Диалект сөздер |
Пән |
|
|
|
|
|
|
|
Сөз |
|
|
|
|
|
|
|
Ұжымшар |
|
|
|
|
|
|
|
Теңеу |
|
|
|
|
|
|
|
Көпшік |
|
|
|
|
|
|
|
Атыз,шиіт |
|
|
|
|
|
|
|
Түбір асты |
|
|
|
|
|
|
|
Үнпарақ |
|
|
|
|
|
|
|
Мағлұмат |
|
|
|
|
|
|
|
Сәукеле |
|
|
|
|
|
|
|
Космос |
|
|
|
|
|
|
|
Емтихан |
|
|
|
|
|
|
|
Телеграф |
|
|
|
|
|
|
|
Лексика тарауы бойынша тест сұрақтары
1.Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
А.Синтаксис. В.Морфология С.Лексика Д.Фонетика Е.Грамматика
2. Ауыспалы мағыналы сөзді көрсет.
А.Терең су. В.Өнерлі адам. С.Таяз түсінік Д. Әнші қыз Е Өнерлі бал
3. Сөздің тура мағынасын көрсет.
А.Сөз ерді. В.Сөз сүйектен өтеді. С.Сөз-құбылыс атауы. Д.Сөзге ауес болма.
Е.Сөзіңді дұрыс айт
4.Тұрақты сөз тіркесін ажырат.
А.Үлкен зейнет. В.Жақсы тәрбие. С.Қоян жүрек. Д.Хат жазу.
Е.Ашық жер.
5.Мақалды тап.
А.Бала шаба жөнелді. В.Көкшетау. С.Білімді бол.
Д.Ақылды бала-арлы бала.Е. Еліңді сүй
6.Антонимді ажырат.
А.Қызыл,ақ. В.Ақ-қара С.Келді-отырды Д.Шапты-жүгірді
Е.Қызыл-көк.
7.Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А.Ел үмітін ер ақтар В.Көк алманы алма С.Қарақұс-жыртқыш құс.
Д.Көңілі бұлақтай таза Е.Сулы жер-нулы жер.
8.Дұрыс жазылған сөз.
А.Жыуу В.Жуу С.Жыуыу Д.Жууыу Е.Жуыу
9.Омоним болатын сөз қайсы?
А.Жиырма бес В.Әлдене С.Алайда Д.Жансыз Е.Өзіміз
10.Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А.Көзім тартты. В.Малға көз сал С.Көз жерім жер
Д.Көзді сақта Е.Көз ілгем жоқ.
11. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.
А.Зерігу,құмар болу В.Еріну,көшіру С.Зерігу,іш пысу.
Д.Жалтару,қорғану Е.Ығыр болу, көңілі қалу.
12.Синоним сөзді көрсетіңіз.
А.Менен,жетеу В.Сөк,түс,көз С.Әдемі,сұлу,көрікті
Д.Сырмақ,шекпен,алаша Е.Қыс-жаз, күз-көктем
13.Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А.Жазған,оқы,бар. В.Тақ,қақ,ара С.Кең,тар,биік,төмен
Д.Ажар,пішін Е.Қызыл,жасыл,жақсы.
14.Қайсысы неологизм бола алады?
А.Несие В. Гарантия С. Процент Д.Фонд Е.Импорт
15.Көнерген сөзді тап
А. Саяжай В.Жағажай С.Саябақ Д.Барымта Е. Сәулет
Тіл мәдениеті
Өрік ағашы
Көктем шығып, төңірек түрлене бастаған. Көбелек ұшып, бәйшешекпен көмкерілген қырқа әдемі-ақ. Көктемгі тіршілік тынымсыз. Есет былтырғы өзі көміп қойған өріктің дәнінен кішкене бұтаның көктеп шыққанын көрді. Ол қуана:
-
Апа,апа. Былтырғы дәннен өрік өсіп шығыпты,-деді ауланы тазартып жүрген анасына бар дауысымен айқайлап.
-
Кәне, көрсетші,-деді апасы жайдарман қалпымен.
-
Міне, мұнда. Былтыр мен күзде көмген болатынмын.
-
Иә, рас, өріктің жас бұтағы. Сен бұл жерді қалай адаспай таптың,-деді анасы таңырқап. Ол жусанда байлаулы тұрған қызыл матаны нұсқап:
-
Мен мұны дәнді көмген күні шатыспас үшін байлап қойғам.
-
Ой, ақылыңнан айналайын. Енді сен бұл ағашыңды өзің күтіп бапта. Бұл енді төрт-бес жылда жеміс береді. Ол үшін оны орнынан басқа жерге ауыстырып отырғызу керек. Ал мен саған тәтті тосап қайнатып берем,-деді.
-
Рас па?!-деді тәттіні өте жақсы көретін Есет аузының суы құрып. Анасы басын изеп, өз жұмысына кетті. Ал Есет өріктің тезірек жеміс беруін армандады.
Тапсырмалар:
-
Есетке мінездеме бер.
-
Дауысты дыбыстың астын бір рет, дауыссыз дыбыстың астын екі рет сыз.
-
Сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажырат.
-
Қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам
Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу, көмектесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді.
Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.
Қуаныш Күлкі
Өзара сыйластық Оқу
Еңбек Өзара көмек
Шыншылдық Сұлулық
Сатқындық Жеңіс
Сүйіспеншілік Түсіністік
Мейірімділік Қамқорлық
Кешірімділік Адалдық
Жауапкершілік Әдептілік
Жақсы сөз-жанға қуат
Ой-жүйрік, тіл-шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты.
Жақсы сөздерді есте сақтаңдар!
Анкеталық сұрақтар
9-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар
Сөзжасам
-
Мәтінді көшіріп жаз. Түбір сөздерді белгіле.
Өрімші
Жарты өміріне жуығы ат үстінде өткен көшпенділер үшін өрімші кәсібі өте қажет болған. Бұл – мыңның бірінен зорға танылатын шеберлік. Қазақ өрімшілері: таралғы, тебінгі, жүген, ноқта, айыл, құйысқан, өмілдірік, шідер, тұсамыс, тағабау, тізгін, шылбыр,арқан, таспа, тоқым, адырна, божы, оймақ, қамшы, бишік сияқтыларды өреді және жасайды. Бұлардың көбін таутекенің терісінен істеген. Ол суға көп жібімеу, өңезденбеуге өте жақсы. Айыл-тұрманға өте ыңғайлы.
-
Төмендегі ребусты шешсең, бір түбір сөз шығады. Шешуімен түрлі сөйлемдер ойлап, сол түбірдің сөзжасамға қатыстылығын айқында.
3. Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек жаз.
Есенғұл, Нұрғиса. Көкшетау. Алтыбақан. Жаздыгүні. Қосаяқ. Қазанғап. Әнеугүні. Белбеу. Айнамкөз. Екібастұз. Есенгелді. Тайбурыл. Өмірзақ. Сарсенбай. Бегәлі. Айғыз. Нұрғиса. Жанбай. Қарабай. Қаламқас. Бүгін. Биыл. Қыстыгүні. Кемпірқосақ. Айгүл.
4.Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем ойла.
Ақсүйек, беташар, тоғызқұмалақ, атқамінер, теміржолшы, шаңсорғыш, тұйеқұс, итбалық, тоқымқағар, Оқжетпес, Темірқазық.
5.Қос сөздердің мағыналарын айқындап, жасалу жолына қарай топ- топқа бөліп жазыңдар.
Апалы-сіңлілі, ел-жұрт, ата-ана, ел-жұрт, ағайын-туған, апақ-
сапақ, апай-топай, әуре-сарсаң, алақ-жұлақ, ет-мет, шай-пай, аралас-
құралас, апалаң-топалаң, аңғал-саңғал, сегіз-тоғыз, қант-шай, оқта-
текте, келін-кепшік,ыза-кек, үлкен-кіші, азды-көпті, оқу-ағарту.
6.Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесі мен сөйлемдер
құраңдар.
Ил-62, АҚШ, ҚазПИ, медколледж, педколледж, пединститут,
ҚарМУ, колхоз, совхоз, медпункт, ТУ-104, ҚХР, БҰҰ, мм, см, кг,км,
Газ-69, МТС, ҚР ҰҒА, ГАЗ-51, ТК-154, ИЛ-86, АН-24, ХШЖК, МАИ.
7.Берілген мақал-мәтел сөздерін сөз құрамына талдап, мағынасын түсіндір.
-
Ұл баланың үйкүшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың қыдырмашы болғаны жараспайды.
-
Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.
-
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
-
Баланың бас ұстазы- ата-анасы.
-
Тентек баланы теке сүзеді.
-
Қызға қырық үйден тыю.
8.Төмендегі тірек сөздерді қатыстырып, сурет бойынша әңгіме жаз.
Тірек сөздер: ұлттық, спорт ойыны, жазық жерлерде, ат спорты, классикалық түрі, бапкер, шабатын бала, күтім, ат айдаушы, белгі, табандылық, батылдық, мініскер, аттарды, жылқы заводы.
9.Жұмбақтарды шешіп, сөздерді құрамына талда.
-
Қозғалмайды,
Үш аяқтан тұрады.
Ауыл көшсе,
Шаңыраққа шығады.
-
Кішкентай сары безер,
Жер дүниені кезер.
-
Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.
-
Алты аяқты, төрт көзді,
Екі ауызды, бір сөзді,
Ынтымақпен ел кезді.
10. Мәтінді көшіріп жазып, заттың атын білдіретін сөздерді сөз құрамына талда.
18 май. Біздің аялдаған жеріміздің оң қол жағында Шелек ағып жатты. Бұл алқапта жирен деген атпен белгілі антилопалар мыңғырап жүреді. Қырғыздар оны қарақұйрық деп атайды. Кавказ бен Даурияда мұны дайран дейді. Тау қырғыздары мен Іле қалмақтарынша-жирен. Олар сәуір, мамырда лақтайды. Қырғыздар бірнеше лағын ұстап алды.
Ш.Уәлиханов
11.Кім тез табар екен? Әріптерді жүйелі қолдансаң, мақал шығады.
-
-
-
Ұ
Н
Ы
Д
А
Й
А
Ұ
Т
Қ
Д
С
А
Ы
М
-
-
12.Төмендегі сөйлемдерден күрделі сөздерді тауып, кестеге толтырып жаз.
Көкшетау-Сарыарқаның солтүстік бөлігінде оқшау жатқан қырат. Ол батыстан шығысқа қарай 400-500 км-ге созылып жатыр. Таудың бергі баурайында беті айнадай мөлдіреген Бурабай көлі көрінеді. Көлде ақтабан, алабұға, шабақ, сазан, шортандар бар. Көлге сұғына енген әсем Қызылтас сияқты мүйістер, сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Бурабайдың солтүстік бөлігінде жартасты-жарқабақты келген «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оқжетпес-Бурабай көлінің солтүстік жағалауындағы биік келген конус пішіндес жартас. Құртқашаш, қаражидек, қияқөлең, мыңжапырақ,көкшағыр - Көкшетау өңірінде өсетін өсімдіктер. Ақжон, аққанат, көксала құстары Көкшетау қыраттарында кездеседі. Көкшетау жеріндегі Майлысор, Айдабол, Көлшүмек- тұйық, тұзды көлдер.
Қос сөз |
Біріккен сөз |
Қысқарған сөз |
|
|
|
13. «Бурабай- жердің жұмағы» тақырыбына ой толғау жаз.
Тірек сөздер: жер жаннаты, табиғи сауықтыру орман кешені, байлықты қорғау, шұрайлы, шүйгін шөптер, табиғат мұражайы, Қазақстан Швейцариясы.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Морфология
Сөздер
Сөз таптары
Қосымшалар
Дара сөз Күрделі сөз
1. ------------- 1.---------------
2.------------- 2.----------------
3.----------------
4. ---------------
1.----------------------------
2.----------------------------
3.----------------------------
4.----------------------------
5.----------------------------
6.----------------------------
7.----------------------------
8.----------------------------
9.----------------------------
Жалғау Жұрнақ
1.------------- 1.-----------------
2.------------- 2.-----------------
3.-------------
4--------------
Тапсырмалар:
-
Морфология дегеніміз не?
-
Дара, күрделі сөздер дегеніміз не?
-
Неше сөз табы бар?
-
Жалғау мен жұрнақтың қандай түрлері бар?
-
Қазақ тілінде сөздерді сөз таптарына бөлген кезде қандай белгілері басшылыққа алынды?
-
Қандай сөз таптарының ұқсастықтары басым?
-
Есім сөздерге қандай сөз таптары жатады?
Зат есім
С.Торайғыров «Мен-қазақ»
Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай,Ертіс,Сырдария,Есіл,Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім,жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім,ен далада лықа байып.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс,Күншығысқа әмірі жеткен.
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь,талай князь тәжім еткен.
Тапсырмалар:
1. «Алаш» деген сөзді қалай түсінесің?
2. Лирикалық қаһарман дегеніміз кім?
3. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
4. Жалпы есім мен жалқы есімдерді мына бағанға бөліп жаз.
№2
Қазақ халқының ән өнері
Қазақ халқы әнге бай.Біржан сал,Ақан сері,Мұхит, Абай,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай, Әсет сияқты әнші-композиторлар өшпес мұра, рухани байлық қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндерді Күләш Байсейітова сияқты әншілер орындады.
Қазақтың ән мен жырының ғажайып сыры, ғасырлаған тарихы бар.Сәбидің бойына ән мен жыр ана сүтімен бірге дариды.Жыр тыңдап өскен баланың қабылдау қабілеті, сана-сезімі, ақылы айрықша дамыған. Ән-адамның өмірі,сезімі,көңіл күйінің айнасы. Ән адамның ой-сезімін білдіреді, тәрбиелейді.Ән адамды қуантады,жылатады, мұңайтады,жігерлендіреді. Біздің заманымыздың композиторлары: Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Шәмші Қалдыаяқов,Сейдолла Байтереков, Әсет Бейсеуов,Ескендір Хасанғалиев тамаша әндер жазды.
Тапсырмалар:
1.Қандай өнер адамдарын білесің?
2.Сүйікті әнші-композиторларың кімдер?
3.Тыныс белгілердің қойылуына түсініктеме бер.
4. Мына сызбаны толтырып жаз.
Зат есім |
Негізгі |
Туынды |
Жалпы |
Жалқы |
Деректі |
Дерексіз |
Қазақ |
+ |
|
+ |
|
+ |
|
Біржан сал |
|
|
+ |
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сын есім
Заттың--------------------------------------------------------------------------------------- сөз табын сын есім дейміз.
Сын есімдер заттың мынадай белгілерін білдіреді:
1.Заттың түрін,түсін білдіретін сын есімдер: ------------------------------------------------
2.Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгілерін:---------------------------------------
3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: ---------------------------------------------
4. Заттың дәміне,иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
5.Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сын есім ---------------------------- деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: ---------------------------------------------------------------------------------------------
Тапсырмалар:
1.Төмендегі сөздерді оқып, олардың сындық мағыналарын анықтап, тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Үлгі: Ұзын арқан.Ұсақ моншақ.
Ұзын.Қысқа.Аласа.Биік.Жеңіл.Қатты.Жұмсақ. Сұлу.Ащы. Тұщы. Лас.Таза. Қызыл. Ақ. Жақсы.
2.Оқып шығып, өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына сын есімдерді қойыңдар және олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.
Ауылдың жаны ... сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
* * *
... ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған ... жер жүзі.
* * *
... бұлт түсі ... қаптайды аспан.
Күз болса, ...тұман жерді басқан
* * *
Көкірегі ..., тілі ...
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
* * *
... арай, ... алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім. (Абай)
Керек сөздер: сезімді, орамды, сұр, суық, қызыл, сары, қалың, жасыл,терең.
3.Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар.
4.Өлең жолдарындағы сын есімдерді теріп жаз.
Өлең мазмұны |
Сын есімдер |
Көк байрақ Туымыз |
|
Жарасқан байрақтың мәні бар: Көк аспан, Күн, қыран-сәні бар. |
|
Көк байрақ- ашық көк кеңісім, Алтын күн-белгісі жеңістің. |
|
Көк байрақ күш беріп әр істе, Ерлерді жеткізген жеңіске. |
|
Желбіреп тұр кең байтақ аймақта, Елжірей қараймыз байраққа, |
|
Көк Туды қастерлеп,сүйіп те, Көтеріп ұстаймыз биікке! (Ә.Тәжібаев) |
|
5. Бір зат есімге бірнеше сын есімді тауып жаз.
Ү й Оқушы
Сын есімнің мағыналық түрлері
Мағынасына қарай сын есім ------------- сын есім және -------------- сын есім болып екіге бөлінеді. ------------------------------------ айырмасы, ең алдымен, білдіретін мағынасына байланысты болады.
Негізгі түрбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол ------------------- сын есім болғаны. Мысалы; көк (шөп), қызыл (бояу), жақсы (сөз), ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын), ащылау (қымыз), жап-жасыл (орамал), тұп-тұщы (су).
Тапсырмалар:
1.Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі баған етіп жазыңдар.
Ақшыл,аттылы,сазды,жасыл,тәтті,балалы,үлкен,қымбат,жаман,жігерлі,отты,
егінді, иманды,еріншек,білгір,көргіш,шексіз,жазғы, үзгі,жан-жақты,қызылды-жасылды, алғыр,өнерлі,басыңқы, ұзын, жарық,кең, қысқа.
Сапалық сын есім |
Қатыстық сын есім |
|
|
2. Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, оларға тиісті сын есім жұрнақтарын қосып, туынды сын есім жасаңдар.
Үлгі: Өткір, ...
От.Жауырын.Оң.Ұйтқы.Қыс.Бой. Тер.Ұш.Тарих.Көйлек.Тау.Әуес.бәле.Ұрын.Ақса.Аш.Құра.Көш.Көтер.Бас.
Сүз.Сол.Боз.
Қажет жұрнақтар:-кір,-шең,-шаң,-шыл,-қы,-ды,-ғақ,-ық,-қ,-шақ,-қор,-қой,-дай,-и,-қыр,-ынды,-нды,-пелі,-ыңқы,-іңкі,-ғыл,-ғын,-еген.
3.Төмендегі текстегі көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақ екенін түсіндір.
1. Көкірегі сезім..., тілі орам... жаздым үлгі жастарға бермек үшін. 2.Ерін...адамның ертеңі бітпес.3.Қыста... қар жерге ырыс, жерде..ылғал-елге ырыс.4.Әдеп...бала-ар...бала,әдеп...бала-ар...бала.5.Қаб...иттің тұмсығына тор кигізген.6.Қалима шылбырдың күрме...басын көкжалдың тұмсығына кигізіп жіберді.7.Ас...бесік өзінің екпінімен тербеліп тұра берді.
4. Төмендегі сын,сапалық, қатыстық сын есімдерді бөліп теріп жаз да, олардың жасалу жолын түсіндір.
Ірі.Моншақтай.Мақтаншақ.Үркек.Қысқа.Түйінді.Жылжымалы.Тебеген.
Тайыз.Қою.Тұсаулы.Жеңіл.Сазды. Дымқыл.Сезімді.Ұсақ.Көріксіз.Жылы.
Жұмсақ.Терең.Сұйық.Майда.Босаң.Қоңырқай.
Сын есімнің шырайлары
Заттың сындық белгілері бір дәрежеде бола бермейді.Мысалы: ақ деген түстің өзі өз ішінде ақшыл,ағырақ,өте ақ болып келеді. Сол сияқты ащы деген дәмнің ащырақ, ашқылтым,ащылау,ап-ащы, өте ащы, тым ащы деген ерекшеліктері бар.Бір сынның осындай түрліше болуы өзара --------------арқылы анықталады.
Сын есім шырайлары
Жай шырай
Салыстырмалы
шырай
Күшейтпелі
шырай
Асырмалы
шырай
Тапсырмалар:
1.Төмендегі сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.
Ұзын.Қысқа. Өткір.Тәтті.Жалпақ.Жақсы.Үлкен. Ауыр. Тар.Ақ.Қара.Қышқыл.
Төмен. Аласа.Жуас.Әлді. Сүйкімді. Тентек.Кең.Өңді.
2. Көп нүктенің орнына салыстырмалы шырайдың жұрнағын қой.
Төбеге жақын тұрған аласа... бұлттардың бір жағы ғана жұқа... қызылға боялған. Күн қыз... сәулесін дүниеге жайып тұрған тәрізді. Оспан оның қасына бірден бармады, төреге жақын... сәкінің шетіне жайғасты.
Аурудан-аяған күшті... Кіші... қазанға асылған етке бағанадан наразы болып жатқан көңілін Итбай жаңа білдірді.
3. Заттардың біркелкі сапа белгі-дәрежесінің не өте артық, не өте кем екенін күшейтіп көрсететін сын есім түрін ------------------ шырай дейміз.
Мысалы: жап-жақсы, жап-жаман, күп-күрең, кіп-кішкентай, ұп-ұзын т.б.
------------------------ шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады. Мысалы:қап-қатты, әп-әдемі, біп-биік, ап-аласа, қып-қысқа т.б.
Тапсырмалар:
1. Төмендегі сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңдар.
Қара.Аласа.Бос.Ауыр.Тұщы.Жұқа.Суық.Долы.Сұйық.Ыстық.Жұмсақ.Ірі.
Ұзын.Қысқа.Кіші.
2.Төмендегі сын есімдерден асырмалы шырай жасаңдар.
Үлгі: өте кең, тым кең
Кең.Тар.Қатты.Жуас.Қатал.Жарық.Ашық.Әдемі.Сұлу.Көк.Түзу.Алыс.Келте.Суық.
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қосып, асырмалы шырай жасап, сөйлемді байланыстыр.
Орталық қалашығы ... сәнді. ... үйлер салынуда. Көшелерде электр шамдары ... етіп, күндізгідей ... болып тұрады. Көшелер..., ... Қара жерге .... жібек төсегендей. Бөлменің дәл ортасында ...көрікті бір қыз столдың басында хат жазып отыр. ...тәтті, ... үлкен қарбызды мен өсірдім, нанбасаң көтеріп көр,-деді Ғабит.
4. Мәтіндегі шырай түрлерін ажырат.
Мазмұны |
Жай шырай |
Салыстыр-малы шырай |
Күшейтпе-лі шырай |
Асырмалы шырай |
Баға |
Ақбөкендер сырттай қарағанда ақ қойларға ұқсайды. |
+ |
|
|
|
|
Бөлекшелігі тұмсығы жалпақтау,басы үлкендеу келеді. |
|
|
|
|
|
Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. |
|
|
|
|
|
Көздері мөп-мөлдір, қайнар суындай тұп-тұнық. |
|
|
|
|
|
Ақбөкен өте сақ,селт еткен шөптен де үркеді,қарайған қарадан да қорқады. |
|
|
|
|
|
Аса қатты шошынған кезде суатынан безіп, апталап су ішпей жүреді. |
|
|
|
|
|
Сан есім
№1
Сан есімдерден кейін тиісті пунктуациялық белгілерді қойыңдар.
16 ға, 100 ден, 15 үй, 5 перде, 25 мектеп, 6 том, ХХ том, 13 февраль, 27 июль, ХVІ тарау, V сынып, 10 нан бес, І жарты жылдық, ІІ жарты жылдық, 2 ақ сағат, 30 даған, 60 тарда, 80 шақты, 3-3 тен, 40 таған, ХХ ғасыр, 22 наурыз.
№2
Кім жылдам жалғастыра алады?
Төмендегі сөздерге лайықты сөздерді тіркеп, кім жылдам жазып жалғастыра алады?
Бір шымшым |
|
Бір жайым |
|
Бір шөкім |
|
Бір қайнатым |
|
Бір салым |
|
Бір асым |
|
Бір жұтым |
|
Бір ұрттам |
|
Бір білем |
|
Бір ауыз |
|
Керекті сөздер: айран, су, өлең, құйрық,бұлт,шай, насыбай, ет,қамыр, тұз.
№3
Ойлап көріңдер!
Төмендегі сөздер жеке тұрғанда қандай ұғым білдіреді, сан есіммен және басқа сөздермен тіркесіп сөйлем құрамында келгенде қандай ұғым білдіреді екен, ойлап көріңдер.
Елі,сүйем, қарыс, уыс, құшақ, құлаш, тұтам, кісі бойы, адым, табан.
1.Бір елі ауызға екі елі қақпақ
2.Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан,
Ол- ісі қанқұмардың қарғыс атқан.
Елім- бай, бақшам- жеміс, жер-суым-мол,
Бір сүйем тілемейміз жерді жаттан.
3.Астында бедеуі бар алты құлаш.
4. Етектейін еріннің
Екі елісі қалыпты;
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты;
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты;
Бір құлаштай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты;
№4
Сұрақ және тапсырмалар:
1.Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім?
2.Сан есімдердің қай түрі олардың түбірі болып есептеледі? Мысалмен
дәлелдеңдер.
3.Қосарлану арқылы жасалатын сан есімдерді ата.
4.Белгілі бір сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын сан есімнің қай түрі екенін
кім айта алады?
5.Мына сан есімдер қай мақалдарда қолданылады ?
а) алтау,төртеу; ә) алтау, бесеу; б) бір-ақ; в)қырық (қыңыр),бір;
6.Мына сан есімдер қай жұмбақтарда кездеседі?
А) екеуі, төртеуі, біреуі; ә) мың,бір;
7. Сандық мәні мен жазғандағы әріп саны бірдей сан есімді кім айта алады?
8. Жазғанда әріп саны ең аз және ең көп болып келетін қай дара сан есімдер?
9.Бес әріппен жазылып, бір цифрмен таңбаланатын қай сан есімдер?
10.Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім
екенін кім жазып көрсетеді?
11.Әрі зат есім, әрі етістік мағынасында қолданылатын қай сан есім?
12.Сөйлем ішінде сан есімдер зат есімнен кейін қолданыла ма?
13. 10-нан 20-ға дейінгі сан есімдердің қазақша айтылуы мен орысша
айтылуында қандай айырмашылық барын салыстырып көр.
Есімдік
М.Жұмабаев «Мен кім?»
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте-бұлт, жерде-желмін гулеген,
Жер еркесі-желдің жөнін кім сұрар?
Көкте-күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын,
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін-толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын,-жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын...
Тапсырмалар:
-
М.Жұмабаев «Мен кім?» деген сұраққа қалай жауап берді?
2.Арыстан,жолбарыс,күн, жалын деген сөздер қандай мағынада айтылып
тұр?
3.Риторикалық сұрау дегеніміз не?
4.Өлең ішінен есімдіктерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.
5. Мына тақырыптар бойынша шығарма –толғау жазып, есімдіктерді
қолдана біл.
1) «Мен-қазақпын»
2) «Қазақ тілінің бүгінгісі, ертеңі, болашағы»
3) «Мағжан және мен»
Біз-еліміздің ертеңіміз
Біз деп отырғанымыз-бүгінгі балалар, менің достарым. Қазір біздер ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Болашақ-біздердікі. Егер біздер еңбекқор болсақ, жаман әдеттен жиренсек, яғни темекі шегу, нашақорлық, маскүнемдіктен қашық болсақ, білім-ғылымға ынталансақ, еліміздің болашағы да жарқын болмақ. Біздің алдымызда ұлы мақсаттар тұр...
Тапсырмалар:
1.Осы шығарманы ары қарай қалай толықтыруға болады.?
2.Есімдіктердің астын сызып, түрлеріне ажырат.
3. Біз деген есімдікті септе.
4. Асты сызылған сөзге фонетикалық және морфологиялық талдау жаса.
№1
. .. Шашалғыштар біріне-бірі қарасты да, үндескен жоқ. Талай шашты бүлдіріп, талай басты кескілемей тұрып, шаш алуға да үйрене алмайсың. Бастар кезектесіп өтіп жатады, сен бүлдіріп, кесіп жатасың. Ышқынған қабақтар шытынап қалып, алара қараған көздер... жарқ ете қалады... Шекесі шығыңқы домалақ бастар, бүйірі салыңқы ұзын бастар, қуық шеке сопақ бастар, қыжыр-қыжыр қыртысты бастар, кере қарыс ойлы маңдайлар, тайқия біткен сорлы маңдайлар, өнерге біткен ашық маңдайлар, өнерсіз етті, қалың маңдайлар екі жыл бойы алдымнан кеткен жоқ...
(Ғ.Мүсірепов)
Тапсырмалар:
-
Ғ.Мүсіреповтың қандай шығармасынан үзінді келтірілген?
-
Ғ.Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесің?
-
Көптік жалғаулардың астын сыз.
-
Сөйлемдерді түбір тұлғасына талда.
-
Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
Етістік
Тапсырмалар:
1.Етістік дегеніміз не?
2.Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
3.Сабақты,салт етістікке мысалдар жаз.
4.Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын ата.
5.Етістің қандай түрлері бар?
6.Тұйық етістік пен есімшенің ерекшелігі неде?
7.Қалып етістікке қандай етістіктер жатады?
№1
Мазмұны |
Болымды |
Болымсыз |
Сабақты |
Салт |
Ашу жүйкені бұзады, Жүйке ұйқыны бұзады |
+ |
|
+ |
|
Аяз, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл. |
|
|
|
|
Тұлпар түбін табады. |
|
|
|
|
Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі ел бастар. |
|
|
|
|
Алтыннан қымбат сөз айтсаң, Ақымақ құлақ салмайды. |
|
|
|
|
Біреудің ала жібін аттамайды. |
|
|
|
|
Өтірікшіні үйіне қуып тық. |
|
|
|
|
Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды. |
|
|
|
|
Алғырды мақта, Өткірді сақта. |
|
|
|
|
Тапсырмалар:
1.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.
2. Сызбаны белгілеп толтыр.
3.Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
4. Болымсыз етістік қалай жасалады?
5.Сабақты, салт етістік дегеніміз не?
6.Өзіңе ұнаған мақалды сөйлем мүшесіне талда.
7. Сөйлемдерді түбір тұлғасына талда.
№2
Атаға тартып ұл тусын,
Топ алдында саспайтын.
Баққа асып-таспайтын,
Әділетті би болсын.
Қара қылды қақ жарған,
Қиянатқа баспайтын.
Санасына білек сай,
Шешен болсын ел бастар.
Дүрілдеген думанда,
Ақын болсын той бастар.
Қарындасқа қамқоршы,
Жеткіншекке жетекші,
Аға болсын жол бастар.
Өміріңе ұзақ жас берсін,
Кетпес ырыс, кең пейіл берсін.
Тапсырмалар:
1.Бата дегеніміз не?
2. Батаның қандай түрлерін білесің?
3. Батаның өмірдегі маңызы туралы өз ойыңды жаз.
4.Етістіктердің астын сыз.
5.Есімше,көсемше дегеніміз не?
6.Есімше, көсемшелердің қалай жасалып тұрғанын түсіндір.
№3
Берілген нақыл сөздер тағылымын өз сөзіңмен түсіндір және етістіктердің қай шақта, қай жақта қолданылғанын анықта.
Жердің соны шөбін киік білер, жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер. Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер, жеті бұлақтың көш иісін түлкі білер. Ердің батқанын ат білер, ауыр жүктің тауқыметін тұлпар білер, қай жерде сулы саз барын бөкен білер.
Қорқыт ата.
Морфология тақырыбы бойынша
Тест
1.Қосымша түрлерінің қатарын белгілеңіз.
А.септеулік, демеулік
В.жіктеу, септік С.жұрнақ, жалғау
Д.жалғаулық, жекіру Е.сөз тудырушы, сөз түрлендіруші
2. Тәуелденген сөзді белгілеңіз.
А.дәрігерсің В.гүлдерден С.білмді Д.сөйлесті Е.өміріме
3.Тырнақшаға алынып жазылатын зат есімді табыңыз.
А.Отырар В.О.Бөкей С.Зайсан Д.Қорқыт ата Е.Абай жолы романы
4.Салыстырмалы шырай қатысқан тіркесті табыңыз.
А.ызалы жүрек В.жылы шырайлы жан С.өте ұяң қыз
Д.құп-қу болып кетті Е.Шүңіректеу көзді
5.Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
А.он оннан В.отыз қырықтарда С.екеу үшеу Д.төрт мыңға жуық
Е.үш төрт
6.Бірге жазылатын есімдікті табыңыз.
А.әр адам В.әр уақытта С.әр түрлі Д.әр қалай Е.әр кезде
7.Есімдікті басқаша қалай атайды?
А.есім сөз В.орынбасар сөз табы С.көмекші есім Д.жалпы есім
Е.есімше
8.Салт етістікті табыңыз.
А.шерт В.асық С.түт Д. Бүрік Е.бақ
9.Тұрақты тіркестен жасалған етістікті табыңыз.
А.Ол еш қарап отыра алмайды.
В.Ол ағаймен сөйлескелі жүр.
С.Ағама хат жаздым
Д.Ол әкесін жоқтады.
Е.Кешегі оқиғадан кейін салы суға кетті.
10.Қай қосымша жіктелмейді?
А.-атын В.-ғалы С.-ған Д.-ар Е.-мақ
11.Ырықсыз етісті табыңыз.
А.жуынды В.сөйленді С.қырынды Д.жылынды Е.киінді
12.Қалау райлы етістікті табыңыз.
А.толқыса В.алса игі еді С.оқысаңыз Д.айтсаңшы Е.көрген
13.Қалып етістікті табыңыз.
А.жүр В.е С.ет Д.де Е.кел
14.Күрделі нақ осы шақты табыңыз.
А.айтып тұрды В.алып жүрген С.бара жатыр еді
Д.оқымай жүр Е.сурет салып отырмақшы
15.Салт етістікті сабақтыға айналдыратын қай етістіктің жұрнағы?
А.өзгелік В.өздік С.ырықсыз Д.ортақ Е.ешбірі
10-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар
Тақырып: Орфография мен орфоэпия
Орфографиялық ережелер
Морфологиялық Фонетикалық Дәстүрлі
принцип принцип принцип
№1
Сөздерді айтылу мен жазылу ережесі бойынша толтырып жаз.
Орфография |
Орфоэпия |
гүлдер |
|
|
құлпұ |
құндыз |
|
|
жұлдұз |
қызыл қыш |
|
|
наргескен |
Нарынға |
|
|
тұрғұн |
тұрыңқырау |
|
|
шегара |
қара ала |
|
|
қарды гөр |
жүйрік |
|
|
құлұн |
жұлын |
|
|
пүлүш |
жүзген |
|
|
нөсөр |
жүзімдік |
|
|
жүзгүш |
құлық |
|
Сөздердің байланысу түрлері
Мен жаздым
Асан оқыды
Біздер қыдырдық
-
-
-
Бастауыш пен баяндауыштың жіктелу арқылы
байланысы
-
-
Асанның ағасы
Көктемнің самалы
Бағыныңқы сыңары ілік септігіндегі сөз байланысы |
Ауылға келді Үйде отырмын
Мектептен барады Терезені сүртті
Ағаммен сөйлестім Әкеммен ақылдастым
Бағыныңқы сыңары барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес септігіндегі сөздер байланысы |
Тас жол
Жол тас
Тез оқыды
Оқыды тез
Бағыныңқы сыңарының орнын ауыстыруға болмайтын, жалғаусыз сөздер байланысы |
Ол ертең ауылға барады
Ол ауылға ертең барады
-
-
-
Бағыныңқы сыңарының үстеумен не септеулік шылау тіркескен сөздермен байланысы
-
-
№1
Сөйлем мүшелерін қызметіне, құрылысына қарай (дара, күрделі) талда.
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған.Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айрылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып елбек қағады.Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып шашасына шейін суландырған.
М.Әуезов.
№2
Өлеңнің мағынасын ашып, зат есімнен болған баяндауыштың астын сыз.
Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол-ақынның білімсіз бейшарасы,
Айтушы мен тыңдаушы көбі –надан
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Абай.
№3
Анықтауышты тауып, анықтайтын сөзімен байланысу жолын көрсетіңдер.
Біздің үйде сол жылы алты жан бар еді. Мұның ішінде төрт-ақ адам жұмысқа жарайды, өзгесі өңкей өңез көз, ас иесі, қызыл аяқ балалар мен қартаңдар болатын. Жұмысқа жарайтындардың үшеуі есікте, жалшылықта еді.Айсыз кеш қоңырқай ағаш үйдің қорасында қап-қараңғы боп тұнып қалыпты.Әсіресе, төбесі жабық, бүйірі ашық лапас маңы күйедей қап-қара.Ондай тұстарға ұйқылы түн ұялғандай, желсіз, жұлдызсыз аспан да қазір меңіреу қара... Бұзаубақтың бар малы-жалғыз қоңыр сиыр болса, оның баспағы жыл сайын ауылнайдың жетегіне байланатын. Ұзын жасыл бидайық жапырылып жығыла береді. Қажырлы жігіттердің қатар тұра қалып, асықпай, баппен кең толғап, бірыңғай сермеген өткір шалғыларының дыбыстары әралуан үн қосып, шабындық басын еңбек күйіне бөлегендей болады.
№4
Жаңылмай жауап бер.
Төмендегі сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беріп, сұрақ орнында тұрған сөз сөйлемнің қай мүшесі, ол қай сөз табы екенін жаңылмай айту керек. Барлық сұраққа жаңылмай жауап бергендер ойын бастаушысы бола алады.
а) Ердің атағын кім сақтар?
Кім бұрын жұдырықтар?
Кім мыңды жығар?
Кім өкінбес?
Кім аңдамайды, кім тыңдамайды?
Керекті сөздер: ел, қорыққан, білімі толық, өзі істеген, аңқау, әңгүдік.
ә) Ырыс алды не?
Жаманның ойыны қандай?
Еріншектің ісі неше?
Ердің сыншысы кім?
Үлкен не істер?
Кіші не істер?
Керекті сөздер: ынтымақ, екі,бастар, қостар, елі, жаман.
б) Қандай бала сүйкімді?
Ата кімге сыншы?
Кімге қанша өнер де аз?
Қандай адам қауып айтады?
Қандай адам тауып айтады?
Кімнен үйрен,
Кімнен жирен?
Керекті сөздер: өнерлі, жігітке, балаға, білген, білмеген, жақсыдан,жаманнан.
№5
Сұрақ және тапсырма
1. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің барлығы түгел табылатын бірнеше
сөйлем тауып айт.
2. Жаңылтпашта сөйлемнің қай мүшесі жоқ?!
Жаңбыр жауып келеді қар аралас,
Бір топ әйел келеді бала аралас.
3. Мына сөйлемді екі бала екі түрлі етіп жазыпты, сендер қалай дейсіңдер?
1-баланың жазғаны: Мына келген- Ермек пен Досбол.
2-баланың жазғаны: Мына келген Ермекпен дос бол!
4. Сөйлем соңында тыныс белгілердің екі түрі қатар қойыла ма?
Қандай сөйлемде кездесуі мүмкін?
№6
Қыз тәрбиесі
«Қазіргі заманда қазақ ұлты қайтсе өркен жаяды?! Өз тұлғасын қалай сақтап қалады?» деген мәселе жиі қойылып жүр. Алайда, ұлттың мерейін асыратын істерге кедергі көп. Сонда да қысым мен қиындықтарға бас имей, әр үйде, әр ауылда жүйелі орындалуға тиіс бір іс бар. Ол-бала тәрбиесі. Соның ішінде, әсіресе қыз балаларды тәрбиелеу-ата-ананың, мектептің, мұғалімнің ғана емес,ауыл азаматтары мен ақсақалдарының да міндеті Қыз-болашақ ана, тіл мен ұлттың тұтқасы. Сондықтан қыздарымыздың жүрегіне өзінің туған ұлтын қадірлеп, қастерлейтін ұлтжандылық сезімінің ұрығын себуіміз керек. Туған ұлтын жанындай жақсы көретін қыздар ғана ел мен ұлт тағдыры үшін өз үлесін қосуға саналы түрде ой жүгіртеді. Қазіргі қыздарымыз білімді, ақыл-ойы жарқын. Сол негіздегі ойларының нұрлана түсіп, ұлтының тағдырын шешу ісін өз қолдарына алуы үшін жігерін қайрау керек. Қолжаулық болып кетпесін. Көрсеқызар емес, ұлты үшін жанын да беретін, ұрпақ өсіретін де-ұлт қыздары.
Қ.Игілік Тапсырмалар:
1.Қазақ қызына тән қандай қасиеттерді қалайсың?
2.Қазақ халқының мақтанышы болатын қандай қазақ қыздарын атар едің?
3.Әрбір сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.
4. Байланысу тәсілдерін анықта.
5. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
№7
Халық –ғажап тәлімгер
Жасы үлкенді сыйла, құрметте, одан үйрен. «Өзіңе дейінгіні сыйламасаң, өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды». Бұл ұмытуға болмайтын аталар ескертпесі.Басынан кешкендер, көзімен көргендер осылай деп кеткен.Сахарада салынды сөз тез шіріген, салмақты сөз сары алтындай сақталып қалған.
Жасы кішінің бойындағы қасиеттердің көрінуіне көмектес, үйрет,талап қой. «Егдеге-ізет, жасқа-жол» немесе «Кәріге -құрмет, балаға-міндет». Қыранның түлегі қияға ұмтылар болар, биікке самғар болар. «Талапты бала талпынған құстай». Бетінен қаға көрме. Тумысынан талант шақпағы бар жас құнтсыздыққа түсіп кетпесін, қырсыз боп өспесін!
«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің».
Тапсырмалар:
-
Мәтіндегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.
-
Үлкендердің қандай ұлағатты сөздерін білесің?
-
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін көрсет.
-
Басыңқы сыңардан бағыныңқыға сұрақ қой.
-
Сөйлем мүшесіне талдап, синтаксистік қатынастарды анықта.
№8
Мына тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, сөйлемдер ойлаңдар.
Көзін жеткізу.Алдын алу.Мысы құру.Көңіліне келу.Жан шақыру. Көз сату. Сабасына түсу.Ауыз бастырық беру. Түйе бас қылу.Басына күн туу. Майын беру.(міну) Соры қайнау. Тақымына толтырмау. Құлағының құрышын қандыру. Қолды болу. Қаны қызу. Қыр көрсету. Етігін қонышынан басу. Қолы қышу. Бармақ басты, көз қысты қылу. Басалқы айту. Табыс биігінен көріну.Сағы сыну. Миына сіңіру. Құлақ етін жеу. Жүні жығылу.Сезімін ояту. Бағы ашылу. Жер сабау. Құлағына құю. Түбіне жету. Опық жеу. Жанын жеу. Басын жою. Есіне сақтау. Мезі қылу.Тасы өрге домалау. Қырық пышақ болу.
№9
Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.
Жайлау
Жыл он екі ай- көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді.Әр маусымда үш ай, яғни тоқсан күн болады. Көшпелі халық осы жыл мерзімдеріне қарай қонысын: көктеу,жайлау, күзеу, қыстау деп атаған. Ертеректе біздің ауыл наурыззз, көкек, мамыр айларында қыстаудан қозы көш жердегі көктеуге көшіп қонып, мал төлдететін.Содан соң жайлауға көшіп барып, маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізетін. Осы күнгі малшылар да сөйтеді. Жайлау- қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы мол әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ел болмайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны алшын дейді. Қыста аппақ қар басып жатады.Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады.Қыстан әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал, жайлауға іліккен соң-ақ тойынып, семіреді. Мал ғана емес, адамдар да сергіп, жиын той өткізіп, аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады.Жаздың осы қақ ортасын қанжайлау деп атайды.
№10
Мәтіндегі жанаса және қабыса байланысқан сөз тіркестерін тауып, әрбір сыңарын талдаңдар.
Киіз үй
Қазақтың сан мыңдаған жылдардағы төл баспанасы киіз үй бүгінде мұражайда тұр. Бір емес, бірнеше буын киіз үйді тұтынбай, қолданбай, тек сән-салтанатын бір сәт қызықтайтын болды. «Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт», сондықтан киіз үйге қатысты атаулар енді сирек кездесетін сөздер қорына ауыса бастады.
Киіз үйдің ағаш жабдығы үйдің сүйегі деп аталады. Олар: есік, босаға, табалдырық, жақтау (таяныш) ағаш, сықырлауық, иткірмес, маңдайша, топса, кереге, уық, шаңырақ, күлдіреуіш. Керегеге қатысты атаулар: керегенің қанаты ( төрт,бес, алты, сегіз, он, он екі қанат), керегенің басы, керегенің құлағы, керегенің қасы, керегенің көзі, керегенің сағанағы, керегенің аяғы, керегенің иегі. Киіз үйдің жабдығы мыналардан құралады: түндік, үзік, туырлық, киіз есік, дөдеге.
Киіз үйдің арқан жібі, таңғышы былайша аталады: түндік бау, туырлық бау, үзік бау, белбеу арқан, бастырық арқан, тегеріш, басқұр, таңғыш, жел бау, уық бау, керме жіп. Киіз үйдің шилері: жез ши және өре ши болып бөлінеді. Киіз үйдің тіреу ағаштары, байлау қазықтары мыналар: сырық, бақан, адалбақан, жел қазық, төр қазық.
Киіз үйдің жасаулары үй иесінің байлығына, дәулетіне қарай әр түрлі дәрежеде болады. Олардың ең бастылары мыналар: текемет, тұскиіз, сырмақ, кілем, алаша, жүкаяқ, сырлы кебеже, бесік, құстұғыр, әбдіре, сандық, шарайна.
Тіл мәдениеті
Мақал-мәтелдерді жалғастыр!
1.Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. Өнер алды-қызыл тіл.
2.Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
3.Қаһарлы сөз қамал бұзар.
4. Тіл қылыштан өткір.
№1
Менің атым Қожа
... Қабағымды қарс түйіп, Ахметовке еліктеп үстелді тарс еткізіп қойып
қалдым:
-
Түрегел!
Батырыңа жан керек екен, ұшып түрегелді.
-
Отыр!
Қайта отырды.
-
Неге шақырдың, Қожантай?-деп әжем кіріп келе жатыр.
-
Сіз емес... Жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз.
Әжем бір сәтке аңырып, үрке қарап қалды.
-
Әкем-ау, мынау не айтады? Жиылысы несі? Үстелді айнаның алдына неге қойдың?
-
Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Сізге қатысуға болмайды.
Әжем менің қасыма келді.
-
Қожатай, шыбыным... Сен бисмилла деші. Бисмилла деші, шыбыным... Түнде де ұйықтап жатып, жиылыс ашық, талқылаймын деп, бірдеңелерді айтып шығып едің, шошымаланып жүрсің ғой деймін...
Тапсырмалар:
-
Кімнің шығармасынан үзінді алынып отыр?
-
Қожаны қандай бала деп баға бересің?
-
Шығарманы өз ойыңмен жалғастырып аяқта.
-
Диалогты жалғастыр.
-
Қожаның монологын жаз.
-
Қожа мен Жантасқа мінездеме бер.
№2
Тапсырмалар
1.Бір-біріңе мінездеме жазып, оған пікірлеріңді айтыңдар.
2.Пейзаждық суреттеме жазып, суретін сал.
3.Әркім өзінің өмірбаянын жазсын.
4.Бір күнге арналған күнделіктен үзіндіңді оқып бер.
5. «Туған жерім-алтын бесігім» тақырыбына эссе жаз.
6. Өз жолдастарыңның портретін жазып беріңдер.
7. Ойларыңнан ертегі, әңгіме құрап, бір-біріңе оқып беріңдер.
8. Туған-туыстарыңа хат жазыңдар.
9.Ресми іс-қағаздың қандай түрлерін білесіңдер?
10. Баяндама, реферат, лекция дегеніміз не және
олар не үшін қажет?
№1
Жай сөйлемнің қай түріне жатады?
1.Ешкі бақтым, еңіреп бақтым,
Қой бақтым, қоңырау тақтым.
Сиыр бақтым, сидаң қақтым.
Жылқы бақтым, жорғалаттым.
Түйе бақтым, түйме тақтым.
Лақ бақтым, жылап бақтым.
2.Уа, данышпан сабазым!
Езілгенді теңедің,
Зарыққанды жебедің,
Жер жүзіне шам-шырақ
Орнатамын деп едің.
№2
Берілген мысалдарды оқып шығып, жақты және жалпылама жақты сөйлемдерді ажыратыңдар және жақты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қай жақта тұрып байланысқанын аңғарыңдар.
Құнанбай үндеген жоқ. Таңшолпан ер шешенің бірі еді. Сыбағаны Көңкеңе әкеліп отырғанымыз жоқ. Ертең қыстау-қыстауға кетеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып аламыз. Мен ертең үйлерді тіккізбек едім.Осы тағы бір көші қонысы бар ма? Бозінгеннің өзіне тартқан бір керім, сал қызы бар еді. Бозінгендер Күмісбайдікіне кірсе, бұрышта домаланып біреу жатыр. Диуана далада болса керек. Ерлердің ессіздігін жырлаймыз біз!.. Біз оны білмейміз. Мұрат, мені танимысың? Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам, Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? Кешке келіншекті атасының үйіне әкеліп кіргізді. Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. Ұялмас бетке, талмас жақ береді.
№3
Көшіріп жазып, атаулы сөйлемдердің құрамын ( қанша сөзден құралғанын) анықтап, астын сызыңдар.
Түн.Аспан-бұлт. Дала. Бұлтты аспан. Сонау бел астында жаңа шахта құрылысы жатыр. Аурухана. Алыстан машина келе жатыр. Айдала. Көлдің биік қабағы. Шарбақ. Шарбақтың ішімен біреу келе жатыр.Шаңқай түс. Жайлаудағы ауыл. Қара құрық. Қазан. Ит. Бала. Ию-қию. Баяу ескен қоңыр жел. Республика сарайының кең, зәулім залы. Иесіз қыстау.Ақан. Тілсіз бала.
Алыстан күмбірлеген күй естіледі. Бірінші мамыр мейрамы келіп қалды. Гүлденген өмір. Жайқалған егіннен көзіңді ала алмайсың. Түн. Электр шамы.
№4
Сызбаны толтырып жаз.
Жай сөйлем бе, құрмалас сөйлем бе?
Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты. Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық толған кісі екен. Манас пен келіншегі осыны жақсы ұғып ұнатса да, Құлыншақ көнген жоқ. Мұнда бір салқындық, кең тыныс бар. Абайлар келгеннен бері, Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Бір мезгіл Абай өзіне қараған Тоғжанның әдемі қара көзін байқады. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі. Сол жерде Айбас қалды. Қозы кетті. Қой келді. Қозы келді. Тоқты келді. Үш қыз да қой алдына келіп еді. Жайшылықта мұндайды көргенде жалшылардың жер-жебіріне жететін Тұрлығұл Қасеннің бұл жауабын елең қылмады.Кеше ғана жып-жылмақай, теп-тегіс болып жатқан далаға дөңкиген балшықтар тау-тау болып үйіліп қалды. Алдынан қарсы барған Дәулетке Рақымет ыңғайсыздана амандасты, өйткені Дәулет сыр бермеуге тырысқанымен, оның қызғанышы дауысынан танылып еді.
Жай сөйлем |
Құрмалас сөйлем |
|
|
№5
Сұрақ және тапсырма
1.Сөйлем ішіндегі толықтауыштардың орнын ауыстыруға бола ма? Одан сөйлем мағынасы өзгере ме?
2.Қай сөз табынан болған пысықтауыштардың орнын ауыстыруға болмайды?
3. Қай сөз табынан болған анықтауыш өзі анықтайтын сөзіне ең таяу орында
тұрады?
4.Қандай жағдайда сөйлем мүшелерінің орны ауысып келе береді?
5.Атаулы сөйлем болудың шарты қандай?
6.Сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемдердің де соңғы сөзі қай сөз табы
болады?
7.Атаулы сөйлемде баяндауыш бола ма?
8. Атаулы сөйлемді кімдер көбірек қолданады?
9.Төмендегі атаулы сөйлемдерді жақты сөйлемге кім жылдам айналдырар
екен? 1) Қала. Екі қабат, үш қабат үйлер. 2) Боран. Қар бораны.
№6
Жай сөйлем түрлеріне ажырат.
Соғыс кезінде маған хат жазып тұрған көп қарындастардың бірі- Әсима деген қыз суретіңді жібер деп өтінді. «Осының өзі қандай жігіт екен, көрейінші» деген болуы керек.Дұрыс қой. Бірақ қыздың қиылып сұраған өтінішін орындауға дәрмен болмады.-окопта отырған солдатты кім суретке түсірсін. Майданда фотография жоқ, сондықтан суретімді ауызша айтайын деп, мынадай өлең жібердім:
Менің портретім
Тұрпатым- қатты қысқан жұдырықтай,
Қоңылтақ-денем, мойным-қылдырықтай.
Жүректе жалын атқан жігерім бар,
Кескінім торсық шеке, қыртыс маңдай,
Қос қабақ бір-бірімен қырқысқандай,
Тұңғиық мөлдірейді екі көзім,
Жүзімді жылытуға тырысқандай.
Көк тастан қашалғандай өң-келбетім,
Салпы ерін, үйрек мұрын, шүңгіл бетім.
Қаралығым қазанның күйесіндей,-
Мінеки, менің осы портретім...
Ә.Нұршайықов.
Салалас құрмалас сөйлем Баяндауыштары тиянақты болады. |
||
да,де,әрі, және, ыңғайлас |
Жалғаулықты, жалғаулықсыз байланысады. |
Жадырап жаз келді,жайқалып гүл өсті. Үлкендер жұмысқа кетті де, мен үйде қалдым. |
сол, соншалық түсіндірмелі |
Алдымен риза болғанымыз сол-мақала авторы өз пікірлерін бүкпесіз айтыпты. |
|
бірақ,дегенмен қарсылықты |
Онша үлкен төрелігі жоқ, әйтсе де, айтып көрейін. |
|
өйткені, себебі себеп-салдар |
Жақсы сөзді ел жаттар, өйткені ел жаттар сөзде салмақ бар. |
|
не, немесе талғаулы |
Немесе өзің бар, не болмаса баланы жібер. |
|
біресе,бірде кезектес |
Бірде ақтарыла сөйлейді, бірде салқын тарта алыстайды. |
Сабақтас құрмалас баяндауыштары тиянақсыз болады. |
||
-са, -се шартты бағыныңқы |
Басыңқы, бағыныңқы сөйлемдер |
Үйдің іргесі мықты болмай, жоғары үсті де мықты болмайды. |
-да,-де,-са,-се қарсыласты бағ. |
Сыртың сұлу болғанмен, сөзің сылдыр жігітсің. |
|
-ған,-ген т.б. себеп бағ. |
Раушанды көрген соң, сөздерін қоя қойды. |
|
кез, уақыт мезгіл бағ. |
Ырысжанның жүрегі орныққан кезде, Жанат жай ғана сөзін бастады. |
|
-қан,-кен қимыл бағ. |
Алатау, Кавказ ұласып, баурайы бұйрат кең жатыр. |
|
-мақ,-мек мақсат бағ. |
Шежіре не айтар деп, балаларым төніп тұр. |
Аралас құрмалас сөйлем Үш не одан да көп сөйлем болады. |
|
Бағыныңқы сөйлем салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің бірімен ғана тікелей байланысады, өзі қатысты сөйлемнің алдында тұрады. |
Оқушының жасы кіші болса,тәрбиешіге оның білімін көтеру үшін көп педагогикалық білім керек болады, ал оқушының жасы ерекше болса, онда мұғалімге де педагогикалық білім терең болу қажет |
Оқулық өте қажет еді,сондықтан сатушы қыз келісімен, оның екеуін бірдей сатып алдым. |
|
Мұрат үйге кіргенде,оның жүзінде бір реніш бар еді,бірақ мұны ешкім байқаған жоқ. |
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас |
|
Бағыныңқы сөйлемдер |
Басыңқы сөйлемдер |
1 .Иегіме сақал біркенше, 2.Жақсылық нұры жеткенше, 3 . Аймалап туған еліме жаралаған жанымды. күн гауһарын сепкенше, 1 4 2 4 жарасып 3 4 |
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас |
Егер екі өнім жиналғанда, гектарынан астықты таза пар өнімінен тым болмағанда бес центнер көп алатын болады, зябьтің тиімділігі өзінен-өзі түсінікті.
|
№1
Берілген сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдердің түрін ажырат және жасалу жолдарын түсіндір.
Күн әбден шығып болған жоқ, белдердің аржағынан шашыраған сәулесі көрінеді. Жүрек дүрсілдейді, ой тек күбірлейді.Ондайлармен Ырғызбай іші бірен сарандап құда, жекжат боп алып та, ұзын арқан кең тұсау жасайды. Сол бишара әзір ақын болған жоқ, күлкі ғана болды.Айтқыздым деп ол кетті, айтқан жоқпын деп мен қалдым. Ортаға салуын салдым, бірақ малыма өзім көз боламын. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.Ержеткен соң түспеді уысыма,қолымды мезгілінен кеш сермедім. Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ.Шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес.Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.Бірде ақ боран борады, бірде ақ тұман орады. Перде біресе ойнаған баладай болып Абай оқып отырған кітап бетін жасыра бүркеп қалады, біресе желпи қағып кітаптың жазуларын сыпырып ұшыруға тырысқандай болады.
№2
Жұмбақ сұрақтар
1.Жұбын жазбай үшеуі,
Оқулықта бір жүрер.
Ойлаңдаршы, балалар,
Бұл атауды кім білер?
2.Әрбір жай сөйлемі тең тіркеседі,
Бірінен-бірін бөліп айтса да,
Әрқайсысы жеке ойды көрсетеді.
3.Алдыңғысы соңғысына ереді,
Тиянақты жағы тірек боп келеді.
Бұлай байланысқан сөйлемдерде
Қайсысының мағынасын
Қайсысы ашып береді?
4.Аттас сөйлемдердің бірі-сабақтас,
Бірі- салалас.
Формасы басқа болғанмен,
Өздері жақын мағыналас.
№3
Кім таба алады?
-
Бірыңғай мүшелерде қолданылатын қарсылықты жалғаулық нешеу?
-
а) Салалас құрмаласта қолданылмайтын ыңғайластық жалғаулықтың
қайсысы?
ә) Талғаулық салаласта қайталанбай қолданылатын жалғаулықтар
қайсылар?
3. Не жетпей тұр? Сызықша мұнда не үшін қойылған?
Қына- тасқа, білім- басқа.
4.Мына шылаулардың қатысуы арқылы қандай құрмалас сөйлемдер жасауға болады? Мысал келтіріңдер.
Дегенмен, әлде, соң, кейде.
Жай сөйлемдер бір-бірімен қалай байланысқан?
-
Барған сайын денесі ауырлап,
Жанбайдың жүрісі өнбейді.
-
Кел демек бар,
Кет демек жоқ.
-
Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.
-
Жер тоймай,
Ел тоймайды.
5. Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.
6.Сүңгі жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
7. Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
№4
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасалу жолдарына, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Абай ауылымен иін сүйеністіре кеп, Әуездің де Ботақан ошағына жайғасқанына бір жұмаға толған жоқ. Өткен жылы ел ертерек ірге аударып кеткен мол сулы, кең арналы қоныс әлі соны тұр.Желі басында жапырыла қоймаған шалғынның ара-арасында жатқан кескінді қайыңдарды аударыстырып көрген қарт енді ауыл жаққа көз жіберді. Күн көтеріліп қалған мезгіл болғанмен, сыртта жүрген ешкім көрінбейді. Осы жуырда ғана киіздерін жаңадан жапқызған Дінәсіл бәйбішенің байырғы үлкен үйі ауылдың еңсесін көтере түсіп тұр. Оның ішінде қаладан келгеннен бері оңаша жай тапқан Мұхтары жатыр. Кілең ақ киіз жабылған алты қанат үйдің уық-керегелерін де қайтадан иіндетіп, осы тақауда, Мұхтардың келер қарсаңында жөндетіп үлгерген-ді.
К.Оразалин
№5
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолдарын түсіндіріп, сөйлем мүшелеріне талдау жаса.
Ділдәні Абайға айттырған уақытта, Алшынбай аулы күміс тартқан. Жүргіншілер көзден әбден таса болғанға шейін, бұлар арттарынан қарап тұрды. Сол топты жылқы ішінен шығарып салысымен, Балағаз өз жігіттерін атқа тегіс мінгізіп қойды. Манастар келгелі, Құнанбай ауылынан жан-жаққа қарай үсті-үстіне шапқыншылар жан-жаққа кетіп жатты. Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің қарызы-ән салу. Жаңағы көркем бір сәтке сүйсініп езу тартқан Абайдың сол көңілді шағы айығып болғанша, қатты келе жатқан ат дүбірі естілді. Дәл кетер кезде, жеңге шапан жамылып, есік ашып, алдынан шыға беріп еді. Бие байлап болғаннан кейін, түске жақын ауыл қымызға жиылды. Ауыл қыстауға қонғаннан бері, Абай өзі Некрасовты ерекше бейіл бере оқыды. Құнанбай, ел жайлауға шығардан бұрын, былтыр өзі Қарашоқыдан көшірген Бөкенші, Борсаққа Жігітек жерінің жапсарынан жайлау берген болатын.
№6
Шартты бағыныңқылы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндір.
Бір елді бір елге жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді.Аңшылар қостарына келсе, Абай қосында қонақ бар екен. Құрмаш пен әжесі шақырса- келеді. Осы интернаттар ашылмағанда, консерваторияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлап беру мәселесі шешілмек емес. Ширақ аяңдап құдықтан қайтқан аттардың терезе алдынан өткендегі тықырын естігенде, Байжекең Омбыда Ушаков жектіріп берген қара аттың енді өз малы болып кеткенін есіне алды. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді. Көз көрмей, көңіл сенбес.
№7
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндір.
Түс ауып барады, алайда жаудың шабуылы күшеюде. Селоны жау алып қойды. Бауыржанның көршілері жаудың қысымына шыдамай шегінді, бірақ мұны Бауыржан білген жоқ-ты. Селоны жаудың алуы және көршілердің шегінуі Бауыржанды толық қоршауда қалдырды. Жау автоматшылары мен жаяу әскерлерін Бауыржанға қарсы салды. Бұлар Бауыржанның бүйірінен, алды-артынан қысым жасай бастады.
Бауыржанның халі онша бапты емес. Тұрған жерлері жазық, далаңқы жер. Жаудың жаяу әскері мен автоматшыларына қарсы оқ ататын екі пулеметті Қарабаев алып кетті. Бауыржан оған қатты ренжіді, дегенмен шегіну дегенді білер емес. Күндіз мұндай қоршаудан шегініп шығу бүкіл батальонды қырып алу болатынын Бауыржан жақсы біледі, сондықтан күн батқанша, жаумен алыса беру керек деп, қорытынды шығарды. Күн де батты. Бауыржан барлық жағдайға қорытынды жасап келді де, шегінуді мақұл көрді.
М.Ғабдуллин
№8
Түсіндірмелі салаласты тауып, жасалу жолдарына түсінік бер.
Далаңқы жердің шырпылары мен қурайлары маған мені тосып отырған жау сияқты көрінеді. Қорыққандығым сонша- менің жүрегім жылдамдата соғып, бар қанымды басыма шапшытады. Әлгінде ғана көтерілген қара бұлт жайлауды салмағымен жаншығандай түйіліп келеді. Жаңбыр иісі аңқыды, ізінше жауа жөнелді. Жаңбыр екпінінің күштілігі соншалық- аспаннан теңіз ақтарылғандай болды. Бұл үйдің басқа үйлерден ерекшелігі сол- есік алды тамылжып тұрған жеміс ағаштары, түрлі түсті гүлдер. Мұнан апорт та, сары өрік, қара өрік, шие де табылады. Ғылымның үш саласы бар: олар- жаратылыс ғылымы, қоғамдық ғылым және дүниетану жайындағы ғылым. Көкшенің дария көлінің біреуін жағалап, екі кісі келе жатты: біреуі-Алтынсарин, Екіншісі- оның құрдасы Шауыпкел.
№9
Шартты бағыныңқылы сабақтастарды тауып, астын сыз және жасалу жолдарын, баяндауыштарына түсінік жаса.
Лашын
Балтабай аулы маған ерекше жайлы ауыл болды. Баласын оқытқан қай үйге барсам да, жылы-жұмсағы менің аузымда. Жаңа әдіспен оқытқанда, балалары тез түсінетінін аңғарған әрбір ата-ана мені әрқашан жылы шыраймен қарсы алады.
Бұл ауылдан бірнеше адамды жақсы көріп кеттім, соның бірі-Балғабайдың Ахметі. Жаз айларында ол лашын салады. Үйрек алу лашынға сөз емес екен. Үйректер шалшықты көлдерде, тамырларда көп болады. Шалғында тығылып отыра берсе, оларды лашын түгіл, бидайық та ала алмас еді. Әрбір құс салатын адамның қолында дабылы болады. Оны қамшының сабымен қақса, күңгірлеген даусы маңайды шулатып жібереді.
Лашынды алғаш лақтырғанда, ол жоғары емес, төмен қарай құлдырайды. Сол бетімен біраз қарқындап алмайынша, көздеген нысанына жетіп алмайынша, жоғары көтерілмейді. Көтерілгенде де, ол қиялап емес, атылған оқтай тіп-тік ұшады екен. Содан соң үйрекпен неғұрлым тез айқасса, соғұрлым оны көп іледі екен. Лашынға бір сапарда бірнеше үйрек ілдірмейінше, Ахмет саятшылдығын тоқтатпйды.
С.Мұқанов.
№10
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас пен мақсат бағыныңқылы сабақтасты ажыратып жаз.
Ақындар шай ішіп болған соң, домбыраның құлағын бұрай бастады. Ұлпан ас піскенше, шошаладан қайтқан жоқ. Есеней қайтыс болғалы, Сыбан деген елде қобалжу бар еді. Махмұт дүкеннен шыққан кезде, төменгі жақтан бір топ оқушы саппен жүріп келе жатты. Балалар келесі құмнан өткенше, үнсіз отырды да қойды. Таңертеңгі шайды ішіп болғаннан кейін, дәрігерді іздеп, ауруханаға келдім. Молда кіріп келгенде, әкем сусын ішіп отыр екен. Әнші қыз өлеңін айтып болысымен Нияз келді. Хамит пен банды жерге кезек жығылып, аунап тұрған сайын, қан шыққан жерлеріне топырақ жабыса бастады.Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде дөңгелей отырған көп адамның жиыны көрінді.Тайман досын шығарып салмақ болып, келуге тиіс машинаны сыртта тұрып тосты. Тайман университетке бармақ болып, бөлмедегілермен қоштаса бастады. Көлге тас төселген жолмен бару үшін, төрт-бес ирек доға жасап жүру керек.
№11
Сұрақ және тапсырма
-
Құрмалас сөйлемнің құрамында ең кемінде неше жай сөйлем болады?
-
Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірінен-бірінің айырмашылығы қандай?
-
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез келген сөз табынан бола бере ме? Қай сөз таптарынан болатынына мысал келтір.
-
Бағыныңқының баяндауыш түрі, тұлғалық белгісі ең көп болып келетін қай бағыныңқы?Оның баяндауышы көбінесе қай сөздің тіркесі арқылы жасалады?
-
Бағыныңқы сөйлемдердің баяндауышы көбінесе есімше арқылы жасалатынын білесіңдер, ал баяндауышы көбінесе басқа түрінен жасалатын қай бағыныңқы?
-
Баяндауышы тұйық етістіктің қатысуымен жасалған бағыныңқы сөйлемге кім мысал келтіре алады?
-
Деп көмекші етістігі қай бағыныңқылардың баяндауыштарында кездеседі?
№12
Күнделік
...Жұртқа түсінікті болғым келеді. Мен олардың маған жаны ашығанын, мені сыйлағанын қалаймын. Өйткені өзім оларды шексіз сыйлаймын. Мен жайында не ойлайтындарын жұрт, мейлі, айта берсін.Оларды тоқтату менің билігімдегі нәрсе емес. Алайда, олардың жасырын жаулықтары менің назарымнан тыс қала алмайды, бәрібір білем. Білем, сонан соң ерте ме, кеш пе, мәдениетке жата ма, жоқ па, әйтеуір бір қатты айтып тастаймын. Әйтпесе, мен ауырамын. Мұның бәрін неге айтып отырмын. Себебі мен адамдармен істес болам, оларды зерттеймін. Мен адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. Адамдарды түсінемін, олардың да мені түсінгенін қалаймын. Мен бүкіл поэзиямның мәні, міне,-осы.Поэзия- мен үшін жанымның шырайы. Басқа ештеңе де емес...
М.Мақатаев
Тапсырмалар:
1.М.Мақатаевты күнделігіне қарап қандай адам деп бағалайсың?
2. Қандай шығармалары бар?
3.Күнделікті неліктен жазды деп ойлайсың?
4. Өзіңнің күнделігің бар ма?
5. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем түрлерін ажырат.
№13
Мысалдардан жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің бірыңғай жарыспалы сабақтастарын бір бөлек, содан кейін әр түрлі мәнді жарыспалы сабақтастарды бір бөлек топтап көшіріңдер.
Машина жақындаған сайын қала да қойнын ашып, көшелері кеңи береді. Баста бірін-бірі онша жақсы білмесе де, осында келгеннен кейін,семьялары қатты араласып, туыстай боп кеткен еді. Тек бір жерге үшеуі бірдей қарбаланып қақтығып қалғандықтан, алдыңғы екі ешкі секіріп кеткенде, қос мүйізі шаңырақтай қартаң құлжа енді секіргелі қамданған еді. Қараңғы бөлмеден қомағай көз қадала қарағанда, жалғыз келген жігіттің ақ жағасын көріп, жүрегі лүпілдеп соғып кетті. Көрік өзі қызып, балға өзі соғылып, жалғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр. Ән тыңдағым келіп тұрса да, математикті елеңдетпейін деп, радионы тұншықтыра қойдым.
№14
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастарды көшіріп, схемасын сызыңдар.
Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң, Айбала шай қоюға кірісті. Қамзадан сұрастырып көрсем, жалпы білімі менен жоғары болғанмен, саяси көзқарасы терең сияқтанбады. Өзі туралы айтылған сөздерге аса құлақ салмай, есі-дерті Хакіммен сөйлеспекші болып, Шолпан қайықтан жерге түсті. Ай жарығы көтерілген сайын нұры ағарып, көлеңке қысқара түсті.Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік.
№15
Төмендегі сөйлемдерді оқып шығып, аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып, бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай күннің лас ауыртпалығынан арылып, тыңайған қалып сезді, өзіне-өзінің көңілі толды және жұрттың бәріне де жақсылық, ізгілік көрсеткісі келді. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып алып еді, ат етпетінен түсті.Амантай Серғазыларға ақылдасып еді, Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан, олар ырық бере қоймады. Күн шығып, ел тұра бастады,-Нұрлан әлі жоқ.Қорған кезінде топырақ араластырыла тастан қаланған да, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел арласа шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
№16
Сұрақ және тапсырма
1.Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында, кемінде неше жай сөйлем болу
керек?
2.Төмендегі құрмалас сөйлемде неше жай сөйлем бар? Олар қалай
құрмаласқан?Сөйлем мүшелеріне талдап көріңдер.
Бұл көріністер бір үлкен оқиғаның ұшқыны сықылды көрінгесін, қарны
ашқанына қарамай трамвайға мініп, Асқар Итбайдікіне барып еді, үйде
жан жоқ екен.
3.Аралас құрмалас сөйлемдерде қандай тыныс белгілері қолданылады?
Құрмаластың қай түрі?
1.Нәзік жанның нәзік күлкісі добалдай жігітті допша ойнатқанда,
добалдай жігіттің күлкісі нәзік қызды тебіренте алмады.
2. Өлең шығаруға ойланып та көрдім, бірақ ол қолымнан келмеді...
3.Қасқыр жақындап, бір қара қойға ауызды салғалы ентелей келіп қалып
еді, бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп қалыпты.
4. Көкте дүлей жеңіліп,
Жерде жексен болды күз.
Көкте бұлт сөгіліп,
Жерде талқан болды мұз.
-
Көкте күшім өрбісе,
Жерде күшім тағы мол.
Күшті болса көкте кім,
Күшті болмақ жерде сол.
6. Топ осыған араласып жатқанда, Көксерек мұны тастай беріп, қасына бір-
екі қаншықты ертіп алып, кісінің артынан қар боратып салып еді,
жақындап қалғанда, кісі шошып жығылды.
7. Өмірбай көпшілікке тасалана қарап тұрғанда, олар бір-біріне күлімсірей
басын изеді де, әрқайсысы өз жағына беттеді.
Төл сөз |
Төлеу сөз |
2. « Рушан,ештеңе сұрамай мөріңді басып бер»,-деп Бәкен бұйырды. |
Сыр алысып қалғанУшаков осы жетінің ішінде екеуін де тауып жіберетінін айтты. Бәкен Раушанның ештемені сұрамай, мөрін басып беруін бұйырды. |
№1
Төл сөзді сөйлемдердің тыныс белгілерінің қойылу ерекшелігін түсіндір.
Құнанбай тыңдап болды да:- Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық!-деді. Құнанбай салқын жүзбен, кінәлай қарады:-Сен оқыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік.Бірақ сол білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше таласып кеп, әкеңді сүрінткенде не мұратқа жетпексің?
- Басталды ма! -деп, Көпей есікке қарай ойыса бергенде: -Жабай білем!-деп Күңше жүгіре жөнелді. –Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз,-деп Назыкеш жүзін аз ғана бұрды да, бөгелмей ілгері кетті. «Осының өзін бидің құлағына салып қою керек болар»,-деп ойлады Омар.
№2
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібін ауыстырып, басқаша етіп қайта құраңдар.
Апат жайын ести сала, Жұман төрт баласын түгел шақыртып алды да, төрт жаққа аттандырды: - Сол малмен бірге өліңдер!-деді. – Болмаса, ана жұттан айырып қалыңдар. Сонда- еншілерің!
Тақымыма басқан мына торыдан қадірлі дүнием жоқ,-деді ақырында.
-
Осыны Жүністің аузына тықсам, сонан кейін бір қызын Шайқыма атастырып қойсам, үні өшер-ақ еді. Қапайұлы көздің көлеміндей көк шыныны тесікке қойды да:-Енді қарап көрші,-деді.Шал шыдай алмай баласының қасына жетіп келді: - Сен қозыны жасауды білсең, мен бағуды білем! Ал, көрсет сол көп қозыңды!
№3
Төмендегі төлеу сөзден төл сөз жасап, тыныс белгілерін қой.
Сыр алысып қалған Ушаков осы жетінің ішінде екеуін де тауып жіберетінін уәде етті. Бақтығұл келген соң-ақ Жарасбай өз ниетін айтты. Бір жылдан бері Бақтығұлды шын қиынға жұмсамай, қысталаң сын үстінде Бақтығұл ер қайратына табылатын адам деп сеніп келгенін сөйледі. Бәкен Раушанның ештемені сұрамай мөрін басып беруін бұйырды.
№4
Төмендегі төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.
Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп:- Жәкең дұрыс айтады, бәріміздің де айтатынымыз осы!-десті.
-
Қайын атаңа сен не деп жауап қайырдың?-деді әкем. Қара сақалды сүйкімді шырайлы қазақ құлагер биені бұрып, қасыма жетіп келді:
- Шырағым, мен өткелден өткізіп салайын, мінгес!-деді.
№5
Құрмалас сөйлем түрлеріне ажырат.
Ат бәйгесі
Бәйгенің түрі көп- күресіп жықсаң да, жүгіріп озсаң да бәйге аласың. Соның ішіндегі ежелден халқымыздың салтына сіңген спорт ойынының бірі-ат бәйгесі. Бүгінде үлкен қалаларда, ауылды жердегі шопандар тойында ат шаптырып, бәйге береді. Ол: құнан бәйге, дөнен бәйге, ат бәйгесі болып бөлінеді.
Қай кезде де ат бәйгесін жеңіп алу оңайға түспеген. Әуелі бәйге атын баптап, құйрық-жалын сүзеді- суыртпақтай ақ матаның қиындысымен кекілді түбінен, құйрықты жуан ортасынан буып байлайды, үкі тағады.Жеңіл ерттеп, басын шыт орамалмен тартқан шабандоз балаға мінгізеді. Тамашаға жиналған жұрт қолына жалау ұстаған қарақшының соңынан еріп, атты тосып алатын көмбеге-мәреге жиналады.Бұдан соң, жаршы айқай салып, бәйгеге қосылатын аттардың қайдан келгенін, түрі-түсін жариялайды.Оны керешілер тізімдейді де, ат айдаушының алдына салып береді.Ат бәйгесі дегеніміз- жүйрік атқа берілетін жүлде,сыйлық екен.
Н. Қазыбеков
№6
Қайталау сұрақтары
1.Төл сөз дегеніміз не?
2.Төлеу сөздің жасалу жолын түсіндіріп бер.
3.Төл сөз бен төлеу сөздерді кімдер көбірек қолданады?
4.Бір төл сөз ішінде екінші төл сөз айтылса, қандай тыныс белгілері
қойылады?
5.Автор сөзіндегі де етістігінің қандай формаларынан кейін үтір
қойылады?
6.Төл сөз бен төлеу сөз автор сөзінсіз айтыла ма?
7.Төл сөз -ма,-ме сұраулық шылаулары арқылы жасалса, төлеу сөзге
айналдырғанда, ол қай түрде болады?
-
Төлеу сөзді төл сөзге айналдыра аласыңдар ма?
9.Төлеу сөздің жасалу жолдары қандай?
10.Төл сөздерге мысалдар келтір.
11.Төл сөздердің тыныс белгілері ата.
12.Диалог пен монолог дегеніміз не?
13.Екі оқушы диалог құрастырсын.
14. Диалогтың тыныс белгілері қандай?
15.Диалог пен төл сөзді салыстыр.
Оқу сауаттылығы
І нұсқа
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
1.Балаға ат қою
(1)Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. (2) Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
(3) Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. (4) Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. (5) Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. (6) Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. (7) «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. (8) Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. (9) Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
(10) Көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. (11) Олардың көбі тумысынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. (12) Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. (13) Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн. (14) Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән. (15) Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. (16) Не істесе де, көп ойланып-толғанады. (17) Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
(18) Жалпы, балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескермеуге болмайды. (19) Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. (20) Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. (21) Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. (22) Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. (23) Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? (24) Есімін де соған қарай таңдаңыз. (25) Ат қою – өте жауапты іс. (26) Сонымен қатар әрбір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады.
1. Қандай жауап мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
А) Әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
В) Есімді экстрасенске қойдырған жөн.
С) Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
D) Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
Е) Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
2. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
А) Жаз-күз
В) Көктем-күз
С) Күз-қыс
D)Қыс-жаз
Е) Қыс-көктем
3. 15-16-жолға сәйкес қандай есімдер қоюға болады?
А) Абай, Батырхан
В) Дана, Сабыржан
С) Жамал, Ақылгүл
D) Жібек, Меруерт
Е) Қымбат, Әсем
4.Қазақта белгілі біроқиғаға, мезгілге т.б. сәттерге орай қойылған есімдер жиі кездеседі. (Мысалы айт күні туса Айтбай). Көктемнің бірінші және үшінші айларына байланысты есімдер таңдаңыз.
А) Наурыз
В) Наурызгүл
С) Наурызбай, Жеңіс
Д) Жеңіс, Жеңісгүл
Е) Жеңісхан,Жеңісбек
5. Өмірде балалардың көшбасшы болуына кедергі жасайтын мінездері
А) Еркелік, әсершілдік
В) Қарапайымдылық, табандылық
С) Тік мінезділік, алғырлық
D) Кішіпейілділік, тәкаппарлық
Е) Жігерсіздік, жасқаншақтық
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
2.Ноғайлы ордасы
Ноғай ордасының негізін қалаған Едігенің баласы Нұрадин хандық кұрған тұста (1426 – 1440 жж.) Ноғай ордасы түпкілікті қалыптасты.
Ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий мен Арал теңіздерінен Қазан мен Тюменьге дейінгі жерлерде көшіп жүрген. Орданың орталығы – Жайық өзенінің сағасындағы Сарайшық қаласы. Негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы еді.
Хақназар хандық құрған дәуірде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиға – Ноғай ордасының мәселесі болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп, 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын бағындырды. Осы жағдайға байланысты Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғайлы ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында өкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейе түсті. Бұл қырқыс халық наразылығын тудырды. Ноғай ордасы ыдырап, ел ауыр дағдарысқа ұшырады.
Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық тұрмысының оңалуы Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай ордасына қарасты көшпелі тайпалар – қаңлылар, қыпшақтар және т.б. Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан қабыл алып отырды.
Ноғай ордасы билеушілерінің бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтіреді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзаға қарсы шықты. Сөйтіп Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда болды. Ысмағыл тобы Мәскеу князъдығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды пайдаланған Хақназар Ноғай ордасының көптеген ұлысын өзіне қосып алды.
С.Аманжолов
6.Ноғай ордасы қай кезеңде ыдырай бастады?
А) 1440 жылдан кейін
В) 1552 жылы
С) 1556 жылдан кейін
Д) 1556 жылы
Е) 1552 жылға дейін
7.Ноғай ордасының ыдырауына әсер еткен қандай жағдай?
А) Ноғай ордасын билеушілердің арасында бірліктің болмауы.
В) Орыс мемлекетінің Қазан, Астрахан хандықтарын өзіне
бағындыруы.
С) Ысмағылдың өз ағасы Жүсіпті өлтіруі
Д) Хақназар ханның Ноғай ордасының көптеген ұлысын
өзіне қосып алуы.
Е) Ноғай ордасында қырқысқан екі топтың пайда болуы.
8.Хақназар хандық құрған дәуірде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі оқиға Ноғай ордасының мәселесі болуының себебі не деп ойлайсың?
А) көшпелі тайпалардың болуы
В)қаңлылар, қыпшақтар
С) өзара қырқысу
Д) ұлыстар
Е) мырзалар
9.Хақназар ханның Ноғай ордасының көптеген ұлыстарын өзіне қосып алуын қолдайсың ба?
А) Айыптайсың ба?
В)Қолдаймын
С)Қолдамаймын
Д) Ойланамын
Е) Жауап жоқ
10.Ноғай ордасының құрдымға кетуі
А) алауыздық
В) соғысу
С) таққа таласу
Д) бағынбау
Е) бірін-бірі өлтіру
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
3.Төрт қыз
Бұлардың төртеуі де жұмысшы қыздар, төртеуі де оқушылар. Төртеуі де төрт тамшы судай, бір-біріне ұқсас. Әсіресе оларды бір-біріне ұқсас ететін нәрсе – бақытты, қуанышты өмір. Бұл өмірге төртеуі де ортақ....
Біз үлкен тастың үстінде тұрмыз. Бұлтқа оранған Алматы шыңы. Сарқырап аққан тау өзені. Алматы шыңына қадала қарап Мариям тұр. Шашын кейін қарай бір сілкіп тастады...
Менің ойыма атақты Варбизон тобынан шыққан француз суретшісінің «Батыл әйел» деген суреті түсті. Ол былай еді:
... Толқыған теңіз. Кішкене қайықтағы жалғыз әйел. Түпсіз, шексіз толқын ... алыста, көк жиекте бұлттар. Толқын қайықты қисайтып, аударуға тақалған. Әйел қисайып құлап бара жатқан қайықты есіп бара жатыр. Түсінде бір тамшы да қорқыныш белгісі жоқ. Көзі аларып кеткен, бірақ бұл үрейі ұшқандық емес – бірбеттілік, батырлық. Ерні тістеулі, бірақ бұл өкініш емес – ашу. Долы, түпсіз толқынның әйелдің құшағына алуына секунд қалған... Бұл – сондай қыл үстінде тұрған жағдай...Шынында, әйел өмір толқынында дәл осындай күйде болмап па еді? Алатаудың бауырында, көп ағаштың ішінде, ағын судың жағасында Мариям тұр. Бақытты, қуанышты Мариям!!! «...Рембрандт, Рафаель, Роберт Оуэн, Полсинак, Илья Репин, Серовтың осындай натуршицасы болып па еді?»-дейді жолдасым.Дұрыс-ақ, мұндай қуанышты, бақытты, қайратты, қажырлы әйелдерді ешқандай суретші, жазушы бұрын көрген емес. Бұлар – тіпті жаңа жерді басып, жаңа дәуірде туған жаңа адамдар.«Шындық фантазиядан да тамаша», - дейді Эдгар По. Бұл – дұрыс. Біздің осы күнгі шындық фантазиядан да асып түсті. Атақты Жюль Верн, Уэлстердің фантазиялары артта қалды. Бұл жағдай, әсіресе біздің адамдардан айқын көрінеді. Бұған біздің қазақ қыздары әдемі дәлел бола алады...
С. Ерубаев
11.Әңгімеде Мариям қай жерде тұр?
А) Толқыған теңіздің жағасында
В) Үлкен тастың үстінде
С) Алатаудың бауырында
Д) Ағын судың жағасында
Е)Алматы шыңында
12.Жолдасының: "...Рембрандт, Рафаель, Роберт Оуэн, Полсинак, Илья Репин, Серовтың осындай натуршицасы болып па еді? "-депсұраусебебі не?
А) Білімін тексеру
В) Таң қалу
С) Ой-өрісін байқау
Д) Пікірін білдіру
Е) Жай сұрақ
13."Бұған біздің қазақ әйелдері әдемі дәлел бола алады..."-деген соңғы сөйлемдегі автордың ойын қалай, қандай дәлелдер келтіре отырып аяқтар едің?
А) Дәлелді сөзбен
В) Ойын қолдау
С) Қолдамау
Д) Өмірден мысал келтіру
Е) Әдеби кейіпкерлермен дәлелдеу
14. Төрт қыздың ұқсастығы неде?
А) жұмысшы
В) оқушы
С) бақытты
Д) құрбылар
Е) мақсаттары бір
15. Шындық фантазиядан неге асып түсті?
А) қиындықтан
В) жаңалықтан
С) ескіліктен
Д) болжаудан
Е) сенімсіздіктен
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз». 4. Сиқырлы күрек Ертеде бір шаруа болады. Оның үрерге иті де болмайды. Байдың қойын бағып, отымен кіріп, күлімен шығып, адал еңбегімен күнелтеді. Бар сүйеніші жалғыз ұлы екен. Ұлы он екі жасқа толғанда, шаруа кенеттен ауырып қалады. Ойнап жүрген баласын шақырып алып, былай дейді: - Балам, мен енді көп ұзамаймын, дегенмен құр қол да емеспін. Саған бір сиқырлы күрек қалдырып барамын. Ол күрек кебеженің ішінде жатыр. Күректі мен өткеннен соң ал да, Мүктікөлде тұратын бағбан қартқа бар. Ол күректі жақсылап саптап береді. Сол күректен сен бақытыңды табасың. Шаруа дүниеден өтеді. Уақыты келе баласы ескі кебеженің түбінде жатқан, тот басқан күректің басын тауып алады. Оны Мүктікөлдегі қартқа алып келеді. Әкесінің дүниеден озғанын естіртіп, өсиетін айтады. Қарт баланың күрегін жақсылап саптап беріп тұрып: Әкеңнің маған келіп күрегіңді саптатып ал деп айтқаны, сені маған тапсырып кеткені екен. Сен енді менің ақылымды тыңда. Мына күрекпен жер қазып, мен нені ек десем, соны ек, нені отырғыз десем, соны отырғыз, - дейді. Бала ерінбей күні-түні жер қазып, түрлі жеміс отырғызады. Сол жылы жаз жаңбырлы болып, жемісі бітік шығады. Бала алған мол өнімін көрші қаладағы базарға апарып сатып, басына үй тігіп, алдына мал салады. 16.Әкесінің баласына қалдырған құрал-сайманы A) күрек B) балта C) тырм D) кетпен балға |
17.Күрек арқылы әкесінің перзентіне өсиет еткісі келгені A) қазу B) аудару C) күреу D) еңбектену Е) ақыл-кеңес 18. Бала бақытын неден тапты? А) күректен В) асыл тастан С) сандық ішінен Д) бақыт құсынан Е) еңбектен 19. Әкесі баласын қалай тапсырып кетті? А) жұмбақтап В) бұйырып С) өтініп Д) жекіріп Е) ақылмен 20.Әкесі баласын кімге тапсырды? А) көршісіне В) туысына С) досына Д) бауырына Е) бағбанға
|
|
Оқу сауаттылығы
ІІ нұсқа
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
1. Өмір мен өнер
Әрбір адамның әйтеуір бір өнермен байланысы бар, біреулер өнердің
жілігін шағып, майын ішеді, біреулер өнер десе, ішкен асын жерге қояды,
жанын беріп тыңдайды, насихаттайды, өнермен демалады, өзін тәрбиелейді. Бір
данышпандар «Өмір мен өнер егіз ұғым» дейді емес пе? Бұл сөздің
қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, өнерді тудыратын өмір екенін,
өнердің өмірге қызмет ететінін де мойындаймын.
Мектепте жүріп ән де айттым, би де биледім, сахналық қойылымдарда да
өнер көрсеттім. Бірақ, мұның бәрі әрбір адамда кездесетін жай ғана
қызығушылық, кейде мәжбүрліктен болатын оқиғалар ғой. Содан кейін өлең
оқитынмын. Ешкім жоқ жерде айқайлап өлең оқу маған бір қанат бітіретіндей...
Прозаға ден қойдым. Шағын әңгімелер жазып, газет-журналдарға жариялай
бастадым. Кейін ол да қалды. Өнер таза нәрсе, ол мен сияқты епсіздерді
қабылдамады. Жаңа қалаға, жаңа ортаға келіп осыны түсіндім, өнерді, өнерліні
шын бағалауды үйрене бастадым. Жай ғана өнердің жанкүйеріне айналдым.
Кітап оқуды бала кезден жақсы көретін едім. Адамның миы шексіз нәрсе
емес, ол да толады. Сондықтан, кітапты таңдап-талғап оқу керек.
Дәстүрлі әндерге деген қызығушылығым пайда болды. Домбыраны шын
құрметтей бастадым. Кішкентайымыздан үйде домбыра болды, бірақ, соны
таптап жүре береді екенбіз, үйрену де ойға келмепті. Ортаңғы курста гитараға,
бард өнеріне деген махаббатым оянды. Қызық екен, екеуі де аспап, екеуі де бір
әнді орындайды, ал беретін әсері мүлде ұқсамайды.
Театр өнеріне ғашық болдым . Соңғы тиынымды театр билетіне
жұмсайтынмын, әрбір жаңа қойылымға жаңа көйлек алып киетінмін (ол кезде
бір стипендияға қарайтын кезіміз ғой). Жаныма еріп баратын адамдарға да
ерекше назар аударатынмын. Ал шыққаннан кейін, менің бойымда бір өзгеріс
болатын. Трагедия болмаса да, еріксіз жылағым келеді. Ешкімді жақтырмай,
ешкімге сөйлегім келмей қалады... Жанның тазарғаны осы шығар, құлшылықтан кейінгіге ұқсамайды, бірақ, өз күші бар, әйтеуір...Ал соңғы кезде операға, симфониялық оркестрге деген қызығушылығым ояна бастады. «Неге бұрын бармағанмын?», – деп таң қалдым. Операны өнердің
биігі деп жатады ғой, менің санам оған тым төмен болғаны шығар, бәлкім...
Жақында «Астана-Операның» концертіне барғанымда, өзім секілді бір
қазақтың жоқтығына таң қалдым, өзімді сондай артық сезіндім. Біреулер, опера
мен балетті түсінбейтіндіктерін айтып сылтау етеді, шындығында, өзім де
солай ойлайтынмын. Бірақ, сол залдың атмосферасы адамды көп нәрсеге
тәрбиелейді, рухани азық сыйлайды екен.
Мұның бәрін неге айтып отырмын.Мақтанғаным емес,өткенімді еске түсіргім келіп отырған жоқпын.Аз да болса кеңесімді айтқым келеді.Осы бастан өздеріңізді тәрбиелеңіздер,тұлға болып қалыптасыңыздар.Бұл жолда ата-ананың,ұстаздың рөлі бір бөлек,өнердің рөлі бір бөлек.Бірі болмаса,бірі жаныңызға керекті береді,танымыңызды арттырады.
1.Өнер түрлерінің негізгі неше тобы бар?
А) бір
В) екі
С) үш
Д) төрт
Е) бес
2. «Өмірім халқымдікі,өлімім ғана өзімдікі»деген қанатты сөздің авторын табыңыз.
А) Әйтеке би
В) Б.Момышұлы
С) Аристотель
Д) Демокрит
Е) Ғ.Мұстафин
3. «Өмір» деген 4-ақ әріптен тұратын....
А) етістік
В) сын есім
С)з ат есім
Д) үстеу
Е) сынақ
4.Мақалды аяқтаңыз.Өнер білсең-
А) сүйкімдісің
В) талмайсың
С) қалмайсың
Д) бақытқа жол
Е) өлмейсің
5.Мәтіндегі негізгі түйінді ой:
А) Ән айтып,би билеу
В) Прозаға ден қою
С) Дәстүрлі әнге деген қызығушылық
Д) Өнердің түрлері өте көп.Оған қызығушылық танытып,өзіңізге керегіңізді алып,өнеріңізді таныңыз.
Е) Театр өнеріне ғашық болу.
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
2. Зиманов Салық- ұлы ғұлама
Зиманов Салық 1990–95 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының,
Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар мүшесі,
Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитетінде болды. Білікті маман
ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық
қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру,
президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық
реформаларды жүргізу ісіне т.б. белсене араласты. Ол 1992-93 жылы Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік
саясат жөніндегі кеңестің мүшесі болды. 1986 жылы Желтоқсан айы кезінде де
ол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымды
өкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы
шығып, ұлт намысын, ел намысын нақты да кесімді дәлелдермен дәлелдеп, Қазақстан
Республикасы құрылғаннан кейін зауытың ғылыми және қоғами-саяси
қызметінің жаңа кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңісінде көптеген жаңа
заңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Зиманов Салық
білімділік, қайраткерлік қырымен көрініп, Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының ...
шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларацияның» (25. 10. 1990 ж.) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны
басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса ірі саяси актінің – «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның
(16. 12. 1991 ж.) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші
мүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның
мүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын ьасқарды.
Зиманов Салық 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына
жетекшілік жасады.
6.Салық Зимановтың дүниеге келген жылын анықтаңыз.
А) 2сәуір 1921
В) 12 сәуір 1921
С) 15мамыр 1920
Д) 2 қаңтар 1920
Е) 12сәуір 1922
7.Зиманов Салық Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығымен қай жылы марапатталған
А) 1996ж
В) 1993ж
С) 2002ж
Д) 1998ж
Е) 1990ж
8.Зиманов Салық қанша томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына жетекшілік жасаған?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 5
Е) 10
9.Академик Зимановтың қанша баласы бар?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5
10.Ірі қайраткер,көрнекті ғалым,ұлағатты ұстаз С.Зиманұлы қай салаға өлшеусіз үлес қосқан?
А) ғылым
В) заң
С) өнер
Д) білім
Е) еңбек
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
3. Нанотехнология
Қазіргі таңда нанотехнологиялар үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Нанотехнологиялардың арқасында заманауи есептеуіш машиналар мен
өндірістік технологиялардың, тіпті, дәрі-дәрмектердің де өндіріліп жатқаны
баршамызға құпия емес.
Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді
белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру
арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды
ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді миллиардқа бөлгендегі
ұсақ бөлігі. Нанотехнология – осындай кішігірім
өлшемдермен айналысатын ғылым.
«Нанотехнология» деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ,
«кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі
«миллиардтың бір бөлшегі» деген мағынаны береді. Қысқасы, кез келген
заттың миллиардтан бір бөлшегі бастапқы тегінен ерекшеленеді де, басқа
физикалық қасиеттерге ие болады. Міне, осы заңдылық арқылы, яғни,
материяның белгілі бір күйден екіншісіне өту кезіндегі өзгерістер арқылы
өмірге, бұрын ешкімге белгісіз жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі заманауи
«сандық» технологиялармен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар
– осы нанотехнологияның жемісі десек, қателесіп отырған жоқпыз. Бұған
мысал ретінде байланыс саласындағы талшықты-оптикалық жүйелерді
жатқызуға болады. Яғни, ешқандай сым-баусыз ақпараттарды бір нүктеден
екінші нүктеге ауа ағынындағы талшықтарды өз еркіміз бойынша басқару
арқылы оп-оңай жеткізе аламыз. Менделеев кестесіндегі көптеген химиялық
элементтер нанотехнологияның әсерінен өзгерістерге ұшырап, басқа да бір
қасиетке ие болып жатқаны осылайша анықталған болатын. Қысқасы,
нанотехнология адамзат өміріндегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі болды
десек, артық айтқандық емес. Ал оның бүгінгісінен болашағы әлдеқайда
«жемісті». Қазақ жерінде нанотехнологияларды дамыту мақсатымен мемлекет
тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр.
2003 жылдан бастап қазақ ғалымдары жоғарыда айтылған ғылым
саласында жаңалық ашуға қолдарындағы бар күшті салып келеді. Елімізде
нанотехнологиялық зерттеулерді жүргізетін зертханалар бой көтеріп, арнайы
ғылыми ұжымдар құрылған болатын. Алайда, еліміз нанотехнология саласында
ғылыми терең зерттеулер жүргізуге арналған қымбат құрылғыларға қол жеткізе
алмай жүр. Осының салдарынан біздің ғалымдарға зерттеулерді көрші
мемлекеттердің ғылыми-технологиялық зертханаларында жүргізуге тура
келеді. Қазіргікезде әлемде тек фосфоры мол кеніштерден ғана фосфор тыңайтқыштарын
өндіреді. Ал микротүйіршікті кеніштерден тыңайтқыш еш жерде өндірілмейді.
Өйткені, оған сай келетін лайықты технология жоқ. Біздің елдегі фосфорлы
кеніштердің бәрі микротүйіршіктілер.
11.Нанотехнология терминін қолданысқа алғаш рет енгізген қай елдің физигі?
А) неміс
В) жапон
С) украин
Д) ағылшын
Е) француз
12.2025 жылы дайын атомнан кез келген затты құрастыруға қабілетті алғашқы қандай зат жасалмақшы
А) нанороботтар
В) өрмекші робот
С) робот
Д) машина
Е)электронды құрылғылар
13.Қай мемлекет нанотехнологияны дамытуға бір миллиард АҚШ долларын бөліп,зертханалар ашуда
А) АҚШ
В) Қытай
С) Ресей
Д) Қазақстан
Е) Жапония
14. «Нанотехнология» деген сөзді қазақ тілінде түсіндіретін болсақ...
А) кішкентай өлшемді технология
В) көзге көрінбейтін ұсақ бөлшек
С) қолданбалы ғылым
Д) қиял мен әуестік
Е) көзге көрінбейтін атомдар
15.Нанометр (1нм) бір метрден қанша есе кіші болған өлшем
А) миллиард
В) триллион
С) миллион
Д) мың
Е) жүз елу мың
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
4 Қорқыт ата
Ол-қобыз атасы,күйші,жыршы,қазақтың алғашқы ақыны (Ш.Уәлиханов).
Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққан.Оғыздардың ақылшысы,данышпан сәуегейі болған.Өмірі жайлы нақты деректер жоқ.Ол туралы көптеген аңыздар жеткен.
1980ж.Қызылорда облысының Қармақшы станциясынан 18 км жерде,Қорқыт разъезінің түбінде Қорқыт атаға ескерткіш орнатылды.Авторлары-сәулетші Б.А.Ыбыраев,физика ғалымы С.И.Исатаев.Қорқыт туғанда Қаратауды қараңғылық басып,сұрапыл дауыл соққан.Содан Қарааспан тауы аталған.Қорқыт жиырма жасында көрген түсінде ақ киімді кісі оған: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің»,-дейді.Содан желмаяға мініп,мәңгілік өмір іздеп шығады.(Қазақта желмаяға мініп,жайлы жер,мәңгілік өмір іздегендер:Қорқыт пен Асан қайғы).Қорқыт жолда қазылған көрді кездестіреді. «Бұл не?»-деп сұраса, «Қорқыттың көрі»-деген жауап естиді.Қайда барса,алдынан қазылған көр шығады.Жан сақтауға жер қалмаған соң,Сырға кілем төсеп,қобызын тартып отырады.
16. «Қорқыт ата кітабының» Ватикан нұсқасында неше жыр бар?
А) 6
В) 10
С) 13
Д) 14
Е) 11
17.Қорқыт кім болған?
А) Батыр,атақты ақын,күйші,аңыз кейіпкері
В) Жырау болған адам
С) Абыз,бақсы
Д) Өмірде болмаған,ол тек аңыз кейіпкері
Е) Тек қана күйші
18.Қорқыт ата қашан және қайда өмір сүрген?
А) VI-VII ғ,Сыр бойы
В) VII-VIII ғ,Іле аңғары
С) VIII-IX ғ,Сыр бойы
Д) IX-X ғ,Шу бойы
Е) Өмір сүрген жылдары белгісіз,Сыр бойы
19.Қорқыт келешек ұрпақ үшін қандай жыр толғаулар қалдырды?
А) ерлік,батырлық туралы
В) егемендік туралы
С) адам өмірі,мінез-құлық,тағдыр туралы
Д) махаббат туралы
Е) балалық шақ туралы
20.Қай тұлға VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген?
А) А.Йассауи
В) М.Қашқари
С) С.Сараи
Д) Ж.Баласағұн
Е) Қорқыт
Оқу сауаттылығы
IIІ нұсқа
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
-
Қоғам
Қоғам – өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе
микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын
өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық
қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл
арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму
кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат
тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл – әлемнің барлық
халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың
өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан
ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп – бірігіп еңбек ететін
жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты
айтамыз. Біріншісі, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ,
адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол
жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы
енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия,
кәсіподак, т.б.). Демек, қоғам – ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді
«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып
табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада
қолданылады. Мәселен: 1) тандаулы адамдарың қоғамы; 2) театр өнерін
сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б.
мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі
үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және
терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың
мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели
болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato»
деген ернайы термин енгізді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де
кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда
айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара
байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет
– сол қоғамдағы басқаратын билік органы; ел – әлгі аталған қоғам қалыптасып,
мекендейтін белгілі бір территория.Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам»
деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда
ортақ сипатты белгілер бар .
1.Өзіндік мәдениеті,тілі,ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы.
А) ұлыс
В) тайпа
С) ұлт
Д) мемлекет
Е) қоғам
2.Белгілі бір географиялық ортада тұрып,белсенді,жүйелі әрекет ете алатын,азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы
А) халық
В) ру
С) мемлекет
Д) тайпа
Е) ұлыс
3.Қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт
А) қоғам
В) халық
С) айпа
Д) мемлекет
Е) өркениет
4.Бүкіл қоғам,өркениет,ұлт сияқты ірі әлеуметтік тұтастықтар мен жүйелер қандай топқа жатады ?
А) микротоптар
В) макротоптар
С) төменгі тап
Д) орташа тап
Е) әлеуметтік құрылым
5.Қоғамның тірегі,алғашқы ұясы
А) ру
В) мемлекет
С) ел
Д) топ
Е) отбасы
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
2 Абай-ұлы ақын
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде, 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, оның әкесі Өскембай, үшінші атасы Ырғызбай. Бұлардың барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар. Өскембай — Ырғызбайдың өзге балаларының ішінде ең дәмелісі болды. Сол кездегі Кеңгірбай маңайындағы ағайын-туысқан, іні-баласының бәрінен пысық, епті болыпты. Өскембай Кеңгірбай қартайған кезде атқа мінеді.
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.
Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.
Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты.
6.Абайдың өлеңін табыңыз.
А) «Оян,қазақ!»
В) «Өзен»
С) «Маса»
Д) «Өнер-білім бар жұрттар»
Е) «Сегіз аяқ»
7.Жеңгелері Абайды қалай атаған?
А) Әбеке
В) Әбіш
С) Телғара
Д) Ибраһим
Е) Абай
8.Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз.
А) «Интернатта оқып жүр»
В) «Қалың елім,Қазағым»
С) «Өзен»
Д) «Жазғұтырым»
Е) «Өнер-білім бар жұрттар»
9.Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 13
В) 10
С) 12
Д) 11
Е) 15
10.Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі негізінде кімдікі?
А) Некрасов
В) Гете
С) Фирдоуси
Д) Пушкин
Е) Лермонтов
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
3.Әдебиет пәнінің терминдері
Аллегория - аллегория, объектінің белгілі бір бейнесі, адам, құбылыс басқа тұжырымдамасын жасырады.
Аллитерация - дауыссыз дыбыстардың біртекті қайталау, әсіресе адал әдеби мәтін дыбыс және үндестік өрнек; батырмамен кескіндеме бір түрі.
Антитеза - кейіпкерлердің көркем салыстыру, мән-жайлар, құрылған тұжырымдамасы әсер өткір контраст.
Афоризм - қысқаша бұл бастапқы өнер елеулі, терең ой білдіреді айтқан пішін көрсетті. Афоризм мақал еске салады, бірақ оған қарағанда тиесілі белгілі бір тұлға (жазушылар, ғалымдар және басқалар.)
Баллада - бір жанрлары лирикалық-эпикалық поэзия өлең учаскесі негізделген тарихи оқиға немесе дәстүр байланысты кейбір ерекше жағдайда; әдетте, батырлық аңызға айналған немесе фантастикалық сипаты.
Әдеби кейіпкер - белсенді адам, таңба жұмыстары.
Гипербола - бейнеленген объектінің қасиеттерін асыра.
Идея-көркем шығармада айтылатын ой.
Лирика-ақынның сезімін,көңіл-күйін,қуанышы мен сүйінішін,арман-аңсарын,өмірге деген көзқарасын,ішкі толғанысын,дүниетанымын сыр қып шертетін өлең.Лириканың түрлері:саяси-әлеуметтік,махаббат,табиғат,көңіл-күй,философиялық,азаматтық лирика
Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.
Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар.
Сөйлесу - әңгіме екі немесе одан көп адам; адам таңбалардың ашудың негізгі нысаны драмалық спектакль.
Драма - тәрізді тастаған арналған әдебиет, драмалық жұмыс негізгі идеясы диалогтар мен монологтар арқылы анықталды, онда сахна, олардың істері мен іс-әрекеттер.
Тармақ-шумақтағы әрбір жол,қатар.Шумақ көбінесе төрт жолдан тұрады.
Өлең-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз ұйқасы.
Ұйқас-өлең-жырларда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың буындарымен үйлесуі.
Эссе-тұрақталған,қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,өзінше толғап,әрі әдеттен,көне соқпақтардан бөлек,тың болжамдар мен түйіндеулерге құралатын көркем әдебиеттің жанры.
11.Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысына берген бағасы не?
А) тақырып
В) идея
С) форма
Д) композиция
Е) шендестіру
12.Қайсысы лирика түріне жатпайды?
А) реалистік
В) саяси-әлеуметтік
С) табиғат
Д) азаматтық
Е) махаббат
13.Көркем шығармада өмірдің жағымсыз жақтары мен құбылыстарын мысқылдай суреттеу қалай аталады?
А) ирония
В) сатира
С) эпитет
Д) теңеу
Е) антитеза
14.Төмендегі мысалдардан теңеуді табыңыз.
А) Жер күлімдер өзіне шырай беріп
В) Ызалы жүрек,долы қол
С) Сұлу аттың көркі - жал
Д) Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Е) Піскен алма секілді тәтті қызды
15. «Ирония» терминінің қазақша баламасын табыңыз.
А) Мысқыл
В) Сатира
С) Күлкі
Д) Кекесін
Е) Масқара
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
4. Лиро-эпостық жыр
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі. Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір -бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен. Қазақ Лиро-эпостық жырлары негізінен екі түрге бөлінеді:
Қазақ халқының төл туындылары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
Шығыс әдебиеті негізінде назира гөйлік дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т.б.
Лиро-эпостық жырларында тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин, т.б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев,
Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, т.б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.
16.Ауыз әдебиеті үлгісін табыңыз.
А) әңгіме
В) лиро-эпостық жыр
С) роман
Д) қарасөздер
Е) жыраулар поэзиясы
17.Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін табыңыз.
А) Мәлік Ғабдуллин
В) Қасым Қайсенов
С) Талғат Бигелдинов
Д) Бауыржан Момышұлы
Е) Рақымжан Қошқарбаев
18. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасының авторы кім?
А)Ә.Тәжібаев
В)Б.Майлин
С)М.Әуезов
Д)Ғ.Мүсірепов
Е)Ж.Аймауытов
19. «Қыз Жібек » жырындағы Төлегеннің әкесін табыңыз.
А) Базархан
В) Сансызбай
С) Сарыбай
Д) Сырлыбай
Е) Базарбай
20. «Қыз Жібек » жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
А) батырлар жыры
В) аңыз
С) лиро-эпостық Д) ертегі Е) шешендік сөз
Оқу сауаттылығы
IV нұсқа
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
1.Театр әлемінде
Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық-тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір-тұрмысы, әдет-ғұрпы, психикалық хал-жайы әр алуан театр жүйелерінің туып, қалыптасуына ықпал жасады. Осыған орай еуропалық театрларды және Шығыс елдерінің (Жапония, Қытай, Yндістан, т.б.) театр мәдениетін, Америка, Африка, Мұхит аралдары халықтарының өзіндік
сипаты бар театр өнерін де атауға болады. Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келуімен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына, халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық сипаттағы дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары,сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтер, киім киіп, сән-салтанат құру, маскаменбет-әлпетін өзгерту бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаһарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-сауыққа айналдыру әдеби драмалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлер мен көрермендерге жіктеліп бөліну театрдың аса маңызды қоғамдық қызметін айқындай түсті. Бұл процесс еуропалық театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған Ежелгі Грекия театрында айқын көрініс тапты. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырдың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет-қалаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық мерекесі саналды. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға он мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен-азаматтардың өздерін де қамтитын болған.
1.Театр қандай өнер түріне жатады?
А) ұжымдық өнер
В) драматургиялық
С) әртістік
Д) әншілік
Е) образдық
2.1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен тұңғыш рет театр шымылдығы қай қалада ашылды?
А) Алматы
В) Қостанай
С) Қызылорда
Д) Семей
Е) Маңғыстау
3.Театр-theatron қай тілден алынған
А) неміс
В) грек
С) парсы
Д) ағылшын
Е) латын
4.Ежелгі замандағы театрдың қайнар көзі қалай пайда болған?
А) мақал айтумен
В) қара сөз айтумен
С) жұмбақ жасырумен
Д) диалог,ән айтумен
Е) аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына,халық мерекелері мен салт-жораларына саяды.
5. V ғасырдың өзінде-ақ Еуропалық театр өнерінің дамуына зор ықпал жасаған қай елдің театры?
А) Ежелгі Грекия
В) Италия
С) Испания
Д) Үндістан
Е) Шығыс елі
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
2. Ақша
Дүниежүзінде 2002-ден астам мемлекет бар. Ал 60-қа тарта мемлекеттің
ғана Банкнот сарайы бар. Өзге мемлекеттің бәрі сол Банкнот сарайларына
барып, өзге мемлекеттермен шарт жасасып, соның арқасында жұмыс жасайды.
Мысалы, 6 миллион ғана халқы бар Қырғыстанға Банкнот сарайының керегі
жоқ. Бұл экономика жағынан өте тиімсіз. Біздің 15 миллион халқымыздың өзіне
ақша шығарудың бүкіл технологиялық процесін өзімізде атқару
экономикамызға зиянын тигізеді. Неге десеңіз, ақша басу деген – өте қиын
шаруа. Ақша басуға нағыз керемет технологиялар қолданылады. ТМД-ның
ішінде де бес-алты-ақ мемлекеттің жеке Банкнот сарайы бар. Соның бірі –
Қазақстан.
Ақшаның шетелде басылуы бір-ақ рет жүзеге асырылды. 2006 жылы
жаңа үлгідегі қазіргі қолданыстағы банкноттарды шығарған кезде біз не үшін
бұл қадамға бардық? Үш номинал шетелде шығарылды да, тираж жағынан ең
көп және жиі қолданыстағы үш номинал өз Банкнот фабрикамызда шығарылды.
Өйткені Ұлттық банктің банкнот фабрикасындағы құрал-жабдықтардың қуаты
жетпейтін болды. Ақшаның дизайны ауысқанда оны шығарудың екі түрі бар.
Біріншісі – біртіндеп шығару, ол кезде уақыты көбейіп кетеді де, әр жыл сайын
айналымға түрлі-түсті өзге банкнот халықтың қолына тиіп отырады. Бұл ел
арасында түсінбеушілік тудырады. Айналымда ескі 500 теңге де, жаңа 500
теңге де жүреді. Келесі жылы тағы да осылай болады.
Екінші жағынан, ақшаның ауысуы экономикалық жағынан тиімді болуы
керек. Біртіндеп ауысқан теңге қолдан ақша жасаушыларға қолайлы. Ақшаның
дизайны өзгергенін естіген, бірақ онымен таныс емес қарапайым көпшілік
алданып қалуы мүмкін. Ал бір кезекте алты номиналды бір-ақ шығаратын
болса, қолдан ақша жасаушылар үлгермейді. Оның үсітне жаңа дизайндағы
ақшаға халық бірден үйренеді. 9 айдың көлемінде ескі ақшаның 98 пайызы
қайтып келді.
6.Жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар.
А) ақша
В) банк
С) нарық
Д) тауар
Е) банкир
7.Ақша,негізінен,қандай қызмет атқарады:
А) қорлану,өсу,жинақталу
В) айналыс,құн өлшемі,қорлану қызметін атқарады
С) пайдаланылу,жұмсалу
Д) құн өлшемі,сақтандыру
Е) айналыс,сақтандыру
8.Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде қандай заттар жүрді?
А) мал,шай
В) астық
С) қымбат тастар
Д) алтын,күміс
Е) қағаз ақша
9.Ақшаның ағылшынша баламасын көрсетіңіз
А) саsh
B) gold
С) geldmittelpi
Д) silver
Е) money
10.Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енгізілді?
А) 1995ж 4қараша
В) 1997ж 1 желтоқсан
С) 1993ж 15 қараша
Д) 1992ж 15 желтоқсан
Е) 1991 ж 13 желтоқсан
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
3. Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен болашағы
...Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарымызда қиыншылыққа тап
болғанымыз рас, бірақ оның барлығы арта қалды. Қазір біздің еліміз ел беделді,
ең тамаша, ең танымал елдердің біріне айналды деп айтқанымыз артық емес.
Тарихи тұрғыдан қарағанда күрмеуге келмейтін қысқа мерзім ішінде Қазақстан
дамыған, нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі бар, өз азаматтарының
әлеуметтік қорғалуын жақсы жолға қоя алған осы заманғы мемлекет ретінде
қалыптасты.
Қазақстан бүкіл әлем бойынша жер көлемі жағынан 9-шы орында тұр.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында, көптеген жетістіктерге жетіп, ел
қарыштап дамып жатыр. Қазақстан барлық елдермен сауда, экономика жағынан
тығыз байланыста. Бұрын Қазақстанды ешбір ел білмейтін еді, ал қазір
Қазақстанды білмейтін ел жоқ. Қазақстанда көптеген елшіліктер ашылды.
Көрші елдермен қарым-қатынасы өте жоғары дәрежеде деп айтсақ, артық
айтқандық емес. Еліміз халықаралық қоғамдастық алдында жоғары құрмет пен
беделге ие бола отырып, әлемдік координаторлар жүйесінде лайықты орнын
белгіледі. «Қазақстандық даму жолы» деп аталған табысты саяси-экономикалық өзгерістердің бұл оң сипаты, бірінші кезекте, Президент
Н.Назарбаевтың терең байыпты саясатының, оның айрықша саяси дарыны мен
стратегиялық көрегендігінің арқасында мүмкін болғаны баршаға мәлім.
...100 мектеп, 100 аурухана аясында мектептер салынды. Ол да
елбасымыздың болашақты ойлағаны. Ия, болашағымызды ойласақ, еліміздің
еңсесі биіктеп, жоғары мәртебеге ие болады деп ойлаймын.
11.ҚР Президенті Қазақстан халқына жыл сайын не арнайды?
А) сөз
В ) үндеу
С) жолдау
Д) хат
Е) құттықтау
12.Халық пен мемлекет атынан сөйлеуге құқылы
А) Конституциялық кеңес,Үкімет
В) Президент,Парламент
С) Президент,Үкімет
Д) Сот,Парламент
Е) Үкімет,Сот
13.Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған қай мемлекет?
А) Түркия
В) АҚШ
С) Германия
Д) Ресей
Е) Қытай
14.Қазақстанмен шектеспейтін елді табыңыз?
А) Ресей
В) Қырғызстан
С) Әзірбайжан
Д) Түркменстан
Е) Қытай
15. 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы
А) 80
В) 70
С) 67
Д) 90
Е) 50
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
4.Қазақтың шешендік өнері
Қазақ
ауыз әдебиетінің айрықша жанрының тағы бірі - шешендік сөздер.
Шешендік өнер -ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді қазақ
әде-биетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанр-ларының
бірі. Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөл тиюді үйрену үшін
ежелгі шешендік сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете
меңгерудің мәні зор. Өйткені халық даналығы: мақал, мәтелдерде сөз
мөйегі, ойды үшқыр ай-тудың үлгілері молынан кездеседі.
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ерте-гі, батырлар
жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер
т.б. ойыңды өрістетіп, тапқ-ырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы
тыңдаушының та-ным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге
үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында
олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да
дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап,
жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер»
деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тапқыр логикаға
қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап
қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық,
шапшаңдық.Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын ор-ны
ерекше.
Оның монісіне байыптап қарасақ, шешендердің ба-сым көпшілігі билер,
батырлар, жыраулар. Олардын дауына, айтысқан жиыны үстіне екінің
бірі кірісін, араласа алмаған. Дегенмен, шешендік өнер тек билерге,
болмаса жырау, батырларға ғана тән дер болсақ, үлкен қателікке
үрынар едік.Төл әдебиетіміз ХV ғасырдан басталады. Ендеше
ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік
сөздердің алғашқы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған
Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би,
Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы әңгімелер, насихат
өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә
жоқ.
Сонымен ХҮ ғасыр төріне көз салсақ, Асанқайғы есімі қазақ
сахарасының қай түкпірінде болмасын аян. Шежіре қарттардың Асан
атын естімегені, оның бірер ауыз нақылын, шешендік толғамдарын
білмейтіні кемде-кем.
16.Жиренше шешеннің жауабы бойынша дүниеде не өлмейді?
А) жақсының аты
В) ағын су
С) қара жер
Д) асқар тау
Е) ай мен күн
17.Төмендегі ақыл-кеңестерді берген жырауды табыңыз.
Мінезі жаман адамға,
Енді қайтіп жуыспа!
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
А) Бұқар жырау
В) Ақтамберді жырау
С) Қазтуған жырау
Д) Доспамбет жырау
Е) Асан қайғы
18.Бірден онға дейінгі санды жұмбақтаған би-шешенді табыңыз.
А) Қазыбек би
В) Әйтеке би
С) Төле би
Д) Сырым
Е) Бөлтірік шешен
19.Асан қайғының өлеңін табыңыз.
А) «Сегіз аяқ»
В) «Жиырма деген жасыңыз»
С) «Жақсы мен жаманның қасиеттері»
Д) «Еділ бол да,Жайық бол»
Е) «Туған жер»
20.Шешендік сөздің жанрлық түріне жатпайды.
А) шешендік дау
В) өлең
С) шешендік толғау
Д) шешендік арнау
Е) шешендік нақыл
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы: «Қазақстанжолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж. - [Электрондық ресурс]: http://www.akorda.kz.
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (жаңа басылым) (27.07.2007, N 419-III). – [Электрондық ресурс]: http://www.edu.gov.kz.
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарғаарналған Мемлекеттік бағдарламасы. – [Электрондық ресурс]:http://adilet.zan.kz.
-
Ана тілім-азығым,адастырмас қазығым. М.Шәбжантайқызы Көкшетау-2002 жыл,50-60 бет
-
Ақиқат пен аңыз. Әзілхан Нұршайықов Алматы «Атамұра»-2004жыл,263бет
-
Жан сөзі. Мағжан Жұмабаев Алматы «Раритет» -2005жыл,139 бет
-
Менің Қазақстаным. Астана: Алматы кітап ААқ-2001жыл, 220 бет
-
Қызықты грамматика Ә.Ишмұхамедов Алматы «Мектеп»-1984жыл 79бет
-
Қазақ мақал-мәтелдері Өтебай Тұрманжанов Алматы «Ана тілі»-1993жыл
Мазмұны
Ана тілінің қызметі-------------------------------------------------------------------------1
Фонетика--------------------------------------------------------------------------------------3
Лексика--------------------------------------------------------------------------------------14
Тіл мәдениеті-------------------------------------------------------------------------------28
Сөзжасам------------------------------------------------------------------------------------31
Зат есім--------------------------------------------------------------------------------------35
Сын есім-------------------------------------------------------------------------------------37
Сан есім-------------------------------------------------------------------------------------41
Есімдік--------------------------------------------------------------------------------------43
Етістік---------------------------------------------------------------------------------------44
Синтаксис----------------------------------------------------------------------------------48
Тіл мәдениеті------------------------------------------------------------------------------54
Жай сөйлем--------------------------------------------------------------------------------56
Салалас құрмалас сөйлем---------------------------------------------------------------59
Сабақтас құрмалас сөйлем-------------------------------------------------------------63
Төл сөз бен төлеу сөз--------------------------------------------------------------------68
Оқу сауаттылығы-------------------------------------------------------------------------71