28.
Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?
Метрополитен– бұл заманауи экологиялық таза, жайлы және қауіпсіз көлік түрі. Метроның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Еліміздеге үлкен қалаларда метролар өзінің сапалы қызметін жасап жатыр.
Метрополитен көлікке, жаяу адамдарға кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архитектуралық көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді. Сонымен қатар эколлгиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін де қалыпастыра алады деп ойлаймын.
Ең алдыменен, қазір көлік түрлері көбейгенін білеміз. Тіпті әрбір үйде кемінде бір, әйтпесе, екі-үштен көліктер бар. Үй ауласына көлік сыймай тұратын жағдайларды да кездестіреміз. Қаладағы көліктердің көптігі сондай, аспан көк түсіннен көрінбейді. Себебі, көліктер жанар-жағармаймен жүретіндіктен одан шығатын түрлі газдар ауаға тарап, оны бұзып жатыр. Бұл адам денсаулығы мен қоршаған ортадағы жанды нәрсенің барлығына зиянын тигізуде деп білемін. Адамдардағы тыныс жолдары, өкпе, демікпе аурулары ауаның ластануынан болатынын дәрігерлер болжап отыр. Осыны ескерген дамыған елдер әлдеқашан метро көліктерін көбейтуді қолға алған. Себебі, ол элпктр тогымен жүретіндіктен, таза экологиялық көлік ретінде танылуда.
Қазіргі көліктердің көбеюінің тағы бір зияны үлкен көлік кептелістерінің тууы және көлік мәденитінің, тіпті адамдар мәденитенің бұзылуына әкеп соғуда. Оны күнделікті өмірден көзімізбен көріп жүрміз. Көлік кептелісінде қалған адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, психикасы бұзылатыны анық. Әсіресе, қайнаған ыстықтағы көлік кептелісі талайлардың шыдамын алып, сабырсыздықтың кесірінен түрлі жағдайларға апарып жатыр. Ал, метро көліктерін алсақ, ол өзінің арнайы жер асты жолымен жүргендіктен, ешқандай да кептеліс жоқ. Арнайы кестемен жүретін метроның басты тиімділігі де сонда деп санаймын. Ол жерде барлығы мәдениетті, адамдар емін-еркін жайғасып, кітаптарын оқып, киноларын көріп, қалаған жеріне тез жете алады. Метроның іші кең, таза, эстетикалық жағынан өте тартымды екенін білеміз.
Метродағы тағы бір ұтымды нәрсе жолаушылар үшін жайлылық, қауіпсіздік мәселелері түгел ескерілген. Жолаушылар вагондардан- вагондарға емін-еркін өте алады Ал аялдамаларды әрлендіруде ұлттық өрнек, оюларға басымдық берілген. Сондай-ақ, қазақ халқының тарихи болмысынан сыр шертетін композициялық суреттер де жерасты жолын әсем безендіре түскен. Бұған қоса әрбір бекеттің келбеті өз атауына сай көрініс тапқан. Мәселен, Алмалы стансасында Алматының басты белгісі – алманың суреттері бейнеленген. Келеңсіз әрекеттердің алдын алу үшін метрода ТМД шеңберінде кездеспейтін бейне-бақылау жүйесі орнатылған. «Метрожоба» ЖШС өкілдері оның сүзгісінен суық қару мен жарылғыш заттар, тіпті, есірткі заттары да мүлт кетпейді дейді.
Қорыта келгенде,
метрополитен экологияны жақсартып, көлік пен адамдардың жеке
мәдениетін, ішкі әлеуетін арттыруда заманауи, озық көліктердің түрі
деп айта аламын.Метролар елімзідің үлкен қалаларында көптеп
жасалынып, адамдарға жағымды қызметін ұсына берсін деген
тілектемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?"
28.
Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?
Метрополитен– бұл заманауи экологиялық таза, жайлы және қауіпсіз көлік түрі. Метроның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Еліміздеге үлкен қалаларда метролар өзінің сапалы қызметін жасап жатыр.
Метрополитен көлікке, жаяу адамдарға кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архитектуралық көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді. Сонымен қатар эколлгиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін де қалыпастыра алады деп ойлаймын.
Ең алдыменен, қазір көлік түрлері көбейгенін білеміз. Тіпті әрбір үйде кемінде бір, әйтпесе, екі-үштен көліктер бар. Үй ауласына көлік сыймай тұратын жағдайларды да кездестіреміз. Қаладағы көліктердің көптігі сондай, аспан көк түсіннен көрінбейді. Себебі, көліктер жанар-жағармаймен жүретіндіктен одан шығатын түрлі газдар ауаға тарап, оны бұзып жатыр. Бұл адам денсаулығы мен қоршаған ортадағы жанды нәрсенің барлығына зиянын тигізуде деп білемін. Адамдардағы тыныс жолдары, өкпе, демікпе аурулары ауаның ластануынан болатынын дәрігерлер болжап отыр. Осыны ескерген дамыған елдер әлдеқашан метро көліктерін көбейтуді қолға алған. Себебі, ол элпктр тогымен жүретіндіктен, таза экологиялық көлік ретінде танылуда.
Қазіргі көліктердің көбеюінің тағы бір зияны үлкен көлік кептелістерінің тууы және көлік мәденитінің, тіпті адамдар мәденитенің бұзылуына әкеп соғуда. Оны күнделікті өмірден көзімізбен көріп жүрміз. Көлік кептелісінде қалған адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, психикасы бұзылатыны анық. Әсіресе, қайнаған ыстықтағы көлік кептелісі талайлардың шыдамын алып, сабырсыздықтың кесірінен түрлі жағдайларға апарып жатыр. Ал, метро көліктерін алсақ, ол өзінің арнайы жер асты жолымен жүргендіктен, ешқандай да кептеліс жоқ. Арнайы кестемен жүретін метроның басты тиімділігі де сонда деп санаймын. Ол жерде барлығы мәдениетті, адамдар емін-еркін жайғасып, кітаптарын оқып, киноларын көріп, қалаған жеріне тез жете алады. Метроның іші кең, таза, эстетикалық жағынан өте тартымды екенін білеміз.
Метродағы тағы бір ұтымды нәрсе жолаушылар үшін жайлылық, қауіпсіздік мәселелері түгел ескерілген. Жолаушылар вагондардан- вагондарға емін-еркін өте алады Ал аялдамаларды әрлендіруде ұлттық өрнек, оюларға басымдық берілген. Сондай-ақ, қазақ халқының тарихи болмысынан сыр шертетін композициялық суреттер де жерасты жолын әсем безендіре түскен. Бұған қоса әрбір бекеттің келбеті өз атауына сай көрініс тапқан. Мәселен, Алмалы стансасында Алматының басты белгісі – алманың суреттері бейнеленген. Келеңсіз әрекеттердің алдын алу үшін метрода ТМД шеңберінде кездеспейтін бейне-бақылау жүйесі орнатылған. «Метрожоба» ЖШС өкілдері оның сүзгісінен суық қару мен жарылғыш заттар, тіпті, есірткі заттары да мүлт кетпейді дейді.
Қорыта келгенде,
метрополитен экологияны жақсартып, көлік пен адамдардың жеке
мәдениетін, ішкі әлеуетін арттыруда заманауи, озық көліктердің түрі
деп айта аламын.Метролар елімзідің үлкен қалаларында көптеп
жасалынып, адамдарға жағымды қызметін ұсына берсін деген
тілектемін.
шағым қалдыра аласыз


