"Мезгіл үстеу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мезгіл үстеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мерзімі :


Сабақтың тақырыбы:

Мезгіл үстеу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды мезгіл үстеулері, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру; үстеулердің мағыналық түрлері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру; мезгіл үстеулкерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен таба алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Ойын жүйелеп,еркін айтуға,ойын өз сөзімен жеткізуге үйренеді.

Әдіс-тәсілдер:

Жеке, жұптық, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Көрнекі құрал

3 минут





5 минут

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың назарын сабаққа аударамыз

психологиялық дайындық

б) Өткен сабаққа сканворд шешу

1.Етістіктің алда болатын жағдайды баяндауы

2.Кім? Не? сұрағына жауап беретін септік

3.Қабанбай батырды дарабоз атаған хан

4. Кімге? Неге? сұрағына жауап беретін септік

5.Заттардың санын білдіретін сөз табы

6.Қазақтың ұлы ақыны

7. Кімде? Неде? сұрағына жауап беретін септік

8. Қарама-қарсы мәндес сөздер не деп аталады?

9. Жұмбақ

Асты тау, үсті тау

Ортасында бұжыр тау

10.Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін септік

11. Қашықтықты жылдамдыққа бөлу арқылы не табамыз?

12. Екі немесе үш сөйлемнен тұратын сөйлем

13. Іс – әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы

-Балалар, біздер сканвордты шештік, ортасындағы қызылмен айқындалған бөлікте қандай сөз шықты?

-Рухани жаңғыру деген сөз шықты.

-Рухани жаңғыру деген не?

-Оны кімнің жолдауы

-Оның мақсаты не?

-Рухани жаңғыру жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттерін атаңдар.

Оқушылар жатқа айтады Сабаққа

назарларын аударады








Жұмыс дәптер



5минут

Қызығушылығын ояту

-Балалар,біз өткен сабақта үстеу тақырыбында сабақ өткен болатынбыз.

-Сонымен, үстеу дегеніміз не? Үстеудің сұрақтарын ата. Мысал келтір.

Ереже қайталанады.

«Білемін. Білдім. Білгім келеді» стратегиясы


Ережелерді

айтады

Жұмыс дәптер

Плакат

15 минут

ІІ . Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу ауызша орындалады. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып мағынасын анықта.

Imektep.kz сайтынан видеоролик

-Ендеше, балалар, ережені бәріміз қосылып оқылық.

Қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін білдіретін сөздерді мезгіл үстеуі дейміз. Мезгіл үстеуі қашан? деген сұраққа жауап беріп, етістікпен байланысады. Мысалы: бүгін апарды, ертең келеді, күні бойыкүтті.

Дәптермен жұмыс.

2-жаттығу дәптерге орындалады. Жұмбақты көшіріп жаз. Үстеулердің астын сыз. Олар қай үстеу түрлеріне жататынын сұрақ қойып анықта. Үстеу қай сөз табымен байланысып тұр?

Топтық жұмыс

3-жаттығу 1-топқа беріледі. Мәтінді оқы. Мезгіл үстеулерін өздері байланысқан етістіктерімен бірге көшіріп жаз.

4-жаттығу 2-топқа беріледі. Төмендегі үстеулерге қарсы мәнді үстеу жаз.

5-жаттығу 3-топқа беріледі. Мына сөздердің мағынасын білдіретін сөздерді тап. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.

Әр топ өздеріне тапсырылған жаттығуларды қорғап шығады. 5-7 минут уақыт беріледі.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру



Дәптерде,тақтада

орындайды





























Топта орындайды



плакат







оқулық



Жұмыс дәптер

2минут

Сергіту сәті «Бір әріптің ізімен» ойыны: ЖЖЖ



8 минут

Қорытындылау бөлім



Сабақты бекітуге тест

1. Үстеу дегеніміз не?
А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді.

Ә)Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
Б) Заттың сапасын, көлемін білдіреді.

В) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді



2.Мезгіл үстеу нені білдіреді?

А) Қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін

Ә) Іс-әрекеттің болған орнын, бағытын

Б) Іс-Әрекеттің амалын, тәсілін, бейнесін

В) Қимылдың мекенін



3. Мезгіл үстеудің сұрағын көрсет

А) Қалай?

Ә) Қайда?

Б) Қашан?

В) Қайтті?



4. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды.

Ә) Ілгері жүрді.

Б) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.
В) Қыруар жұмыс істедік.



5. Мезгіл үстеуі сөйлемде қай сөз табымен байланысады?

А) зат есіммен

Ә) сан есіммен

Б) етістікпен

В) сын есіммен



«БББ» стратегиясы

-Сонымен, біз не білдік, не үйрендік, тағы нені білгіміз келеді?


Оқушылар жеке орындайды


2минут





















3 минут

Рефлексия . «Бас бармақ»

-Не білдік?

-Ең жеңілі қай тапсырма?

-Қандай тапсырма қиындық туғызды?

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?





2 минут

Оқушыларды бағалау



Кері байланыс






Үйге тапсырма: мезгіл үстеуді қатыстырып 3-4 сөйлем құрастыру







Саржанова Ақерке Кыргызбавна

Жамбыл облысы Талас ауданы Қызылауіт ауылы

Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
1266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі