400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

МИ апталығының ашылу салтанаты сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика, информатика бірлестігінің «Білімнің екі тірегі» атты айлықтың ашылуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика, информатика бірлестігінің «Білімнің екі тірегі» атты айлықтың ашылуы

1-жүргізуші:Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика-информатика» айлығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

«Информатика-математика» айлығының ашылуын бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директоры Жұмаханова Салтанат Уалихановнаға беріледі.

2-жүргізуші:

Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән айлығының  орны ерекше және  өткізудегі негізгі мақсатымыз-оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланбай,өмірмен де байланысын сезінуі қажет деп білеміз.

1-жүргізуші: 

Ғылымдардың патшасы атанған,
 Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
 Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
 Жасықтан емессің сен қаталдансың
 Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
 Нағыз пән математика атанғансың
 
2-жүргізуші: 

Құтқарып  ауыр  бейнеттен
 Техниканы  үйреткен
 Роботтай –адамды
 Тіл  бітіріп  сөйлеткен
 Компьютер  емей  немене
 Білмегенді  білдірген
 Өлшеп  киім  кигізген
 Барлық  істі  атқарып
 
1-жүргізуші: 

Ұстаз! Ол ақыл –ойдың кені емес пе?

Көш бастар замананың ері емес пе?

Жатталып кейінгіге хаты қалған

Ұстаз ол-күллі әлемнің нұры емес пе?- дей келе,мектебіміздің құрметті де қадірлі математика және информатика пәндерінің мұғалімдерін ортаға шақырамыз.

 2-жүргізуші: Бірлестік жетекшісі және информатика пәнінің зерттеуші мұғалімі Найзабекова Салима Досымбековна

-жүргізуші: математика пәні мұғалімі зерттеуші Анарбаев Талап Алтынбекович

 1жүргізуші: математика пәні мұғалімі зерттеуші Дулатпаева Гүлнар

 2жүргізуші: информатика пәні мұғалімі сарапшы Шоканова Гүлзат Есенбековна

1жүргізуші: математика пәні мұғалімі сарапшы Баетова Гүлнұр Бұлтбайқызы

2жүргізуші: математика пәні мұғалімі сарапшы Сапарбаева Айна Бейсеновна


1жүргізуші: математика пәні мұғалімі жас маман Қарапаш Ақерке Құралқызы

2жүргізуші: информатика пәні мұғалімі Мұстафаева Назерке Ғалымжанқызы қол шапалақтан қолдап отырайық.

-Сахнаға  биші қыздарымызды шақырып,өнерін бір тамашалайық.

(сахнаға би тобы шығады)

Мектепке келдің, ұстазды көрдің

Жазу мен сызу,санауды үйрендің

Сан мен өрнек, теңдеу мен бөлшек 

Сырына оның үңіліп көрсек

Математикасыз дүкенге бара алмаймыз

Математикасыз үйлерді сала алмаймыз

Математикасыз уақытты біле алмаймыз

Математикасыз тарихты жаза алмаймыз

Математика – бар ілім басы

Математика- ғылым патшасы

Информатика – өмір тірегі

Информатика- шәкірт жүрегі

Матиматика информатика пән бірлестігінің орындауында ән


1 жүргізуші: Олай болса кезекті сайыстарға берейік. Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! 

2. жүргізуші: Математика шахматшыларға ойнауға және ойында ұтуға көмектеседі. Ал шахмат математикалық есептерді шешуге сонымен қатар логикалық ойлау қабілетімізді дамутуға, математиканы меңгеруге көмектеседі. Алғыр да білімді оқушыларымызды шахмат сайысына ортаға шақырамыз

1 - жүргізуші:Ендігі кезек,көрерменге де келіп жетті.Көрерменнің қаншалықты дәрежеде жұмбақ шеше алатынын көрейік.

Ортада «Кім тапқыр» сайысы


  1. Жүргізуші: Фигураларды қиюға және құрастыруға арналған тапсырмалар. Бұл тапсырмалар оқушылардың жылдам әрі функционалды түрде ойлауын дамытады. Шарты 3 тік төрт бұрыш қимасы беріледі. Қимадан ешқандай фигураны алып тастамай тәк төрт бұрыш құрастыру шығуы қажет

  2. Жүргізуші: Ендігі кезек бқлып өткен сайыстардан тысқары қалған оқушыларымызға арналады. «Білім тамшысы» Оқу білім – бұлағы, білім өмір шырағы дей отырып. Бұлақ болып аққан білімнен тамшыдай болсада үлес алуға ортаға оқушыларды шақырамыз


2жүргізуші:-Сонымен,бүгінгі кешіміздің де аяқталу сәттеріне жеткен секілдіміз. Елбасымыз «ХХІ  ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым  мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек.
 
 
1жүргізуші:Бүгінгі кешті мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып  жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!


Математика болмағанда не етер ем

Жазу, сызу, санау білмей өтер ем

Сан мен өрнек теңдеу шешіп бөлшектеп

Сырына оның үңіле алмай өтер ем

 

Сырын ашып беретін әр ұғымның,

Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.

Қиыны мен қатар тұрар қызығы,

Математика – патшасы сан ғылымның.

Қайырмасы:

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің

Білім алған ұстаз деген қауымнан

Бойға жинап қайрат, жігер, намысты

Бағындырып білімі әлем шәкірті

Тәуелсіздік ұрпағымыз бүгінде

Бар еңсемен самғап ғылым білімге

Алға бастар бүкіл әлем сөйлейді

Білімділер нақты ғылып тілінде


Информатика болашаққа бастайды

Информатика қиындықта саспайды

Қанша қиын қанша кезең келгенмен

Информатика сені тастап қашпайды

Неше мықты оқушылар болғанмен

Информатика білімділерді жақтайды

Информатика тепе теңдік сақтайды

Информатика тақырыптан қалмайды

Қайырмасы:

Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің

Білім алған ұстаз деген қауымнан

Бойға жинап қайрат, жігер, намысты

Бағындырып білімі әлем шәкірті

Тәуелсіздік ұрпағымыз бүгінде

Бар еңсемен самғап ғылым білімге

Алға бастар бүкіл әлем сөйлейді

Білімділер нақты ғылып тілінде

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
234
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі