Материалдар / Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған, қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
5649
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ми. Ми бөлімдерініңқұрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми.

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбаева Б

Күні: 15.02.2018ж

СЫНЫП: 7 «А »


Қатысқан оқушылар саны: 19


Қатыспаған оқушылар саны: 1

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау

критерийі

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерініңқұрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 3 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «италиандықтар» құшақтасады.


1-топ

2-топ

3-топ



Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.


Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ми - бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300– 1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді.

 1 – мидың жүйке жасушалары; 2 – үлкен ми сыңарлары; 3 – ми қыртысы; 4 – үлкен ми сыңарларының оң жақ және сол жақ бөліктерін қосып тұратын сүйелді дене; 5 – үлкен ми сыңарларының арасындағы терең ұзына бойы сайшасы; 6 – мидың сұр заты; 7 – мидың ақ заты; 8 – гипофиз; 9 – сопақша ми; 10 – жұлын; 11 – мишық;

  • Сопақша ми – жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5–3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.

  •   Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек, қантамырлар (жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу); 4) автоматты түрде жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады.

  • Артқы миға – мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.

  • Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық дене бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қол-аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе- теңдігі, сөзі бұзылады.

  • Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Мұнда көзді және басты қозғалтатын жүйкелер орналасқан.Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.

  • Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.  

«Қар кесегі» әдісі

(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.

Үлкен ми сыңарларының барлық бөлімдері өзара тығыз байланысты және бірлесе қызмет атқарады. Яғни ми толыққанды жұмыс істеу үшін қыртыстың әртүрлі бөлігіндегі жеке орталықтар ғана емес, қажет барлық құрылымдар бірге жұмыс істеуі керек. Мысалы, ауызша сөйлеу орталығы маңдай бөлімінде орналасқан. Ол естіген сөзді түсінуге жауап беретін самай бөліміндегі орталықпен және оқуға – көрген әріптерден сөз құрастыруға, ал сөзден – сөйлем құрастыруға жауап беретін шүйде бөлігіндегі көру орталығымен тығыз байланысты. Жазбаша сөйлеу орталығы да маңдай бөлімінде орналасқан, ол жазу кезінде қол бұлшық еттерін басқаруға жауап беретін қимыл-қозғалыс орталығымен байланысты. Сөйлеу орталығының қалыптасуына оң қолмен жаттығу – еңбек іс-әрекеті себеп болады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)

Ортақ сүрақтар:

Эволюция барысында мидың қандай бөлігі едәуір күрделенді? Бұл өзгерістер ағза қасиеті мен мүмкіндігіне қалай әсер етті?








Оқулық.

«Қар кесегі» әдісі.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Көп адамдарда сөйлеу орталығы сол жақ сыңарда орналасқан, ол оң жақ сыңарда болмайды.

Маңдай бөлімінің тағы бір маңызды қызметі – күрделі қимыл- қозғалысты басқару. Ол оқу барысында қалыптасатын қимыл-қозға- лысты – жазуды, музыкалық аспаптарда ойнау, спортшылардың қимыл- қозғалысы, велосипед тебу, автомобиль жүргізу немесе басқа техниканы басқару, клавиатурада басу сияқты басқа да қимыл-қозғалыс басқарады. Төбе бөлігі – тері-бұлшық ет сезімталдығына жауап береді. Осы жерге тері рецепторларынан ақпарат келіп түседі. Біздің ағзамыздағы ең сезімтал ағзалар – (қол саусақтары, тіл, ерін) бұл бөлімде, мысалы, арқаға қарағанда көп орын алады.

Төбе бөлігінің сезімтал аймағы және маңдай бөлімінің қимыл аймағы қатар орналасқан. Ғалымдар оларды біртұтас қызмет атқару жүйесіне:

«соматосенсорлық және қимыл-қозғалыс қыртысына» біріктіреді.

Шүйде бөлігі – көру орталықтары орналасқан орын.

Самай бөлігі – есту орталықтары.

Топтарға тапсырма:

1. суретпен жұмыс . ми бөлімдерін табу

2. Венн диаграммасы. Жұлын мен миды салыстыру

3. Оқуылық мәтінін пайдаланып, адамның ми және жұлынының құрылысын салыстырып әңгімелеңдер.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.






Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер




«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Сергіту сәті

2 минут

« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады . 

Күннің суреті

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Пікірталас:

«Зерделі бала бәрін біледі»
1. Операция жасап, мидың белгілі бір бөлігін алып тастағаннан кейін ит атын атап шақырғанда, тамақтың иісіне жауап бере алмады. Иттің миының қай бөлігі алынып тасталған? (Аралық ми)
2. Емханада жол апатынан бір адам жатыр, ол жүргенде теңселіп жүреді, дұрыс сөйлей де алмайды. Емделушінің миының қай бөлімі зақымдалған? ( Мишық)

3.Сендер дене шынықтыру пәнде әбден жүгіріп, секіріп ойнадыңдар сол кезде сендердің жүректеріңе, ішектеріңе күш түсіп шөлдеп ашықтыңдар сол кезде сендердің миларыңның қай бөлімінің қызметі нашарлайды? (Аралық ми)

«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.





«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі




Шеңберге отырғызу, доп.






Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Қар кесегі» әдісі

«Ыстық орындық» орындық әдісі

«Ойлан –жұптас – бөліс» әдісі

«Шеңбердегі доп» әдісі

Балл






































«Сабақтағы проблемалар» кестесі


Қиындықтар

Себебі

Шешімі












Бағалау парақшасы













Сабақтағы проблемаларкестесі


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

Көмеккөрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

Уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!