Материалдар / Microsoft Word 2000 құжаттарымен жұмыс істеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Microsoft Word 2000 құжаттарымен жұмыс істеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Microsoft Word 2000 құжаттарымен жұмыс істеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2018
829
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word 2000 құжаттарымен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: Алдыңғы өтілген тақырыптар мен Windows бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.

Сабақ міндеті:

  • Білімділік:оқушылар негізгі терминдер мен түсініктерді біліп, файлдық құрылымын түсінулері тиіс. Windows ортасында жұмыс істеу дағдыларын дамыту: терезелер,файылдар және бумалармен жұмыс істеу. Балалар обьектілерді құру, көшіру,жылжыту іздеу, табу, құжаттарды ашу және прграммаларды іске қосу істерін үйреніп, өз жұмиыстарын талдау мен рефлекция тәсілдерін меңгеруі керек.

  • Дамытушылық:танымдық қызығушылығын,логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін қадағалау тексеру, бірігіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  • Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықты арттыру,сыйласу,қарым-қатынас жасай білу,ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбме негізін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер кешені, оқулық, жұмыс дәптерлері.

Сабақтың типі: білім,іскерлік,дағдыны жетілдіру

Сабақтың әдісі: көрнекілік-практикалық

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Тақтада Windows -пен жұмыс

4. Жаңа сабақ түсіндіру

5. Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау

6. Бағалау

7. Бекіту

8. Қорытынды.



Құжаттарды әзірлеу тәсілдері

Microsoft Word-тың жаңа құжатын әзірлеу үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:

  • Мына «Стандарттық тақтада» Әзірлеу (Создать) батырмасы бойынша шерту

  • Пернетақтада Ctrl- N пернелер үйлесімін басу

  • Файл→Создать меню қомандасын орындау

  • «Жұмыс істеуге кірісе отырып» (6.2, 6.3. суреттер) міндеттер аймағындағы Құжат Әзірлеу сілтемесі бойынша шерту














DrawObject1



















«Жұмыс істеуге кірісе отырып» «Құжатты әзірлеу»

міндеттер аймағы міндеттер аймағы

Соңғы тәсіл тек стандарттық құжатты әзірлеуге ғана емес, сонымен қатар түйіндерді, есеп-қисапты, күнтізбелердң және б. әзірлеу үшін үлгіні пайдалануға мүмкіндік береді.

Құжаттардың үлгілері











Мәтіндік үзінділерді ерекшелеу ережелері



Үзіндіні ерекшелеу мәтінді Көшірмелеу, Кесу, Жою (аластау) (Копировать, Вырезать, Удалить) стандарттық операциялары үшін, сондай-ақ оны басып шығару мен форматтау үшін пайдаланылады.

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеудің бірнеше ережесі бар:

  • Үзіндіні ерекшелеу үшін маустың сол жақ батырмасын басылғын күйі ұстай отырып, маустың меңзерін жол бойынша үзіндінің басынан соңына дейін жылжыту керек.

  • Сөзді ерекшелеу үшін оған меңзерді қою керек те мауысты екі рет шерту керек.

  • Жолды ерекшелеу үшін оның сол жағынан бос орында маусты шерту керек

  • Бірнеше жолды ерекшелеу үшін бірінші жолдың басында маусты шерту керек те сол жақ батырманы басылған күйде ұстай отырып меңзерді жолдың соңына дейін жылжытып апарып, содан кейін меңзерді керекті жолдың соңына дейін жылжыту керек

  • Сөйлемді ерекшелеу үшін CTRL пернесін басылған күйде ұстай отырып маусты сөйлем бойынша шерту керек.

  • Абзацты ерекшелеу үшін абзацтың басындағы бос жерде маусты екі рет шерту керек немесе ерекшеленетін абзацта маусты үш рет шерту керек.

  • Бірнеше абзацты ерекшелеу үшін маустың сол батырмасын басылған күйде ұстай отырып бірінші абзацтың басынан сол жақ шет бойынша соңғы абзацтың соңына дейін жылжыту керек.

  • Тік бұрышты үзіндіні ерекшелеу үшін (кесте емес) ALT пернесі мен маустың сол жақ батырмасын ұстай отырып ерекшеленетін үзінді бойынша меңзерді жүргізу керек.

Ерекшеленген үзінді суретте ұсынылған.



Ерекшелеуді бодырмау үшін ерекшеленген объектіде маусты шерту керек.



Ерекшеленген үзіндінің мысалы





Емле ережелерін тексеру



Word-та тексеру мен қателіктерді түзетудің үш тәсілі бар:

  • Автоматтық тексеру. Бұл жағдайда тікелей мәтінді теру кезінде орфография мен грамматиканы автоматтық бақылау болады. Бағдарлама грамматикалық қателіктері бар сөзді жасыл түспен, ал орфографиялық қателліктері бар сөзді қызыл түспен айрықша көрсетеді (6.6 сурет).





Автоматтық тексеру.



Сөздегі немесе сөйлемдегі қателіктерді түзету үшін онда маустың оң жақ батырмасын шерту керек, нәтижесінде қателіктерді түзетудің нұсқалары ұсынылатын жанама меню пайда болады (6.7 сурет). Осы менюдің көмегімен сөздікке сөз үстемелеуге болады немесе мұндай сөздерді өткізіп жіберу керек.



Қателіктері бар сөздерді алмастыру нұсқалары.

  • Құжатты қолмен тексеру. Үлкен құжаттар үшін автоматтық тексеру әрқашанда қолайлы емес, өйткені көп уақытты алады. Сондықтан бірден барлық мәтінді тұтасымен терсеру мүмкіндігі бар.

Қолмен тексеруді іске қосу үшін Емле ережесі (Правописание) сұқбаттық терезесі пайдаланылады (6.8 сурет). Оны іске қосу үшін «Стандарттық» (Стандартная) аспаптар тақтасында Емле ережесі (Правописание) батырмасын басу керек немесе ҚызметЕмле ережесі (Сервис→ Правописание) меню командасын орындау керек.





Емле ережесі (Правописание) сұқбаттық терезесі.



Форматтау аспаптар тақтасы батырмаларының көмегімен мәтінді дайындау бойынша барлық негізгі әрекеттерді орындауға болады:

  • Мәнерді тағайындау

  • Кқріп типін таңдау

  • Қаріп мөлшерін орнату

  • Қаріптің сипатын анықтау

  • Мәтінді теңестіруді орнату

  • Мәтіндерді бағанға бөлу

  • Тізімдерді дайындау

  • Мәтін шекарасын тағайындау

  • Мәтінді құю түстерін тағайындау

  • Мәтіннің түстерін тағайындау



DrawObject2













Форматтау аспаптарының тақтасы



Абзацтарды форматтау

Жол аралық қашықтықты, шегіністерді, табуляцияны өзгерті үшін Абзац сұқбаттық терезені шақыру керек . Ол үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:

  • Абзац жанама менюі камандасын орындау

  • Формат → Абзац менюі командасын орындау





Абзац сұқбаттық терезесі.





Бекіту сұрақтары:

  1. Microsoft Word 2000 құжаттарымен жұмыс істеуді қалай іздеуге болады?

  2. Құжаттарды қараудың қандай режимдері бар?

  3. Экран маштабын қалай баптауға болады?

  4. Стандатртты инструменттер панелін атаңдар?

  5. Microsoft Word 2000 сызығышы қандай міндеттер атқарады?



Үйге тапсырма: 4.2 тақырып , 92-95 беттер аралығын оқып келу

















Тапсырма №6. Word мәтіндік редакторында іс-қағаздарын жазып үйрену.





«Мақталы-5» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің директоры Б. Шойбековке 10-сынып оқушыларынан



Сұраныс

Бізді мектепте ашылған ақылы «Тіл мәдениеті» үйірмесіне қабылдауыңызды сұраймыз. Оқу ақысын ата-аналарымыздың келісім шарты арқылы уақытында төлеп отырамыз.





Өтініш иелері: ___________________



___________________



Тапсырма №7. Word мәтіндік редакторында іс-қағаздарын жазып үйрену.





Түсініктеме

Наурыздың алтысы күні өтілетін әдебиет сабағы наурыздың тоғызына ауыстырылды, себебі ол күні мектепке кездесуге келуге тиісті ғалым кейінірек келетінін хабарлады.







Оқу ісінің меңгерушісі:



Наурыздың бесі,2010 жыл





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!