Мифология – дүниетанымының бастауы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мифология – дүниетанымының бастауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
материалдағы әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мифология – дүниетанымының бастауы.

Мұғалімнің аты-жөні: Бисекенова Жазира Маратқызы

Күні: 2.05.2018

СЫНЫП: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.ӘТН5. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді. .

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: кп нүктенің қойылу орнын анықтап, сөйлемді аяқтайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: көп нүктенің қойылу орнын анықтап, мәтін құрай алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сөздік, көрнекілік, әдісі.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы оқу

Ғылыми фантастика жанры

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы

Оқушының қызметі

Бағалау түрлері

Сабақтың басы

10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Оқушылар суреттер арқылы үш топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға «Бәйтерек» аңызы туралы бейнеролик көрсетіледі. Және оқушылар көрген бейноролик туралы өз ойларын ортаға салады.


Мұғаліммен амандасып, Шойынқұл, Толағай, Ұлтан бейнесі арқылы бөлінеді.





«Бәйтерек» аңызы туралы өз ойларын айтады.

Ерте заманда өмір сүрген Еразар бай туралы айтылады. Оның сегіз ұлы болғаны жөнінде және сол заманда қиын-қыстау кезеңде балаларын жиып, халықты құтқаруды бұйырады. Балалары бір кеткен оралмады. Ерназар бай мен бәйбішесі қайғыдан қан жұтып жүрген кезінде, бір таңғажайып күн туады. Дүниеге Ер Төстік атты батыр дүниеге келеді.

Суреттер арқылы топқа бөлу.





смайлик арқылы



Сабақтың ортасы

20 минут

Мағынаны тану. Көп нүкте ережесі үш топқа бөліп беріледі. Әр топ постер қорғау арқылы бір-біріне түсіндіреді.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмадағы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап берді.

Қазақ мифологиясында 40-тан астам кейіпкерлер белгілі. Оларға көкбөрі мен көк өгіз, самұрық, бәйтерек, бақсы, албасты, дию, мыстан мен Жалмауыз кемпір, жезтырнақ, пері, сондай-ақ дәу, Шойынқұлақ, Толағай, Ұлтанқұл, Жартықұлақ, ергежейлі тәрізді кейіпкерлерді жатқызса болады. Сонымен қатар кейінгі дәуірлерге тән Таусоғар, Көлтаусар, Желаяқ, Саққұлақ тәрізді кейіпкерлерді кездестіруге болады.

Шойынқұлақ – «Ер Төстік» ертегісіндегі ұнамсыз бейне. Қазақ фольклорында дәуірлер бейнесіне тән қасиеттер бар. Олар: жалмауыздың баласы, әкесі не күйеуі болады, адам аяғы баспайтын жерді мекендейді, асқан күш иесі болады, жанын оңайлықпен бере қоймайды. Осы қасиеттердің бәрі Шойынқұлақтың бойынан табылады. Ол – Жалмауыз кемпірдің жалғыз ұлы. Перінің қызы Бекторы оған жерасты патшалығынан жер бетіне шығатын жолды күзеттіреді. Оның жаны бөлек жерде сақталады. Асқан күштің иесі болып табылады.

Аю дәу бейнесі басқа ертегілерді дәулермен салыстарғанда ұнамды бейнеге жатады. Ол – «Аю дәу» ертегісіндегі бас қаһарман.

Ұлтан- Алпамыс батыр жырындағы ұнамсыз кейіпкер.

«Қазақтық мифтік кейіпкерлері» кітабынан

А деңгейінің сұрақтары.

  1. Мәтінде қандай мифтік кейіпкерлердің аты берілген?

  2. Мәтінде қандай ұнамсыз кейіпкерлер туралы айтылады?

  3. Аю дәу дегеніміз кім?

  4. Шойынқұлақ дегеніміз кім?

2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңдер.

1. Қайырып береген зеренді де алмай, ұршық ұстаған қолы тізесіне түсіп отырып қалды ... (Ә. Нұрп.) 2. Тек бір-ақ рет Шораға деген сеніміне шек келтірді, бірақ оған көбінесе Танабай өзі кінәлі еді ... (Ш.А) 3. Құлыным, Қайырылым ... қайда жоғалып кеттің ... – деп әлсіз ғана шыққан дауыс естілді (Ғ.Мүс.). 4. Гүлсары сонда таныс соқпақ жолға түсіп, сонау өөзен сыртындағы жаулауға тартып бара жатады ... (Ш.А) 5. Бағзы бір замандарда барымтаны осылай алып қашып, жаралы батырларды жау қолына түсірмей қауіп – қатерден осылайша қаумалап алып шыққан болар-ау... (Ш.А)

3-тапсырма. Сөздерді реттестіріп, сөйлем құраңдар. Көп нүктені дұрыс қойыңдар.

  • Әсер етеді, ауыл кеші, қатты, Абайға.

  • Түсіре алмай, есіне, тоқтап қалды, Қайрат, Жомарт, Айгүл деп.

  • Мүмкін емес, мүмкін емес, олай болуы.

  • Жылама, жылама, бөпем.

  • Шағып, жілік, берейін.


4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

І топ. Дию- (Дәу) – қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері. Диюды кейде қазақ ертегілерінде дәу деп те атайды. Қазақта дәу ертегіде кездеседі, ол алып денелі, жалғыз көзді, кейде екі басты, үсті түкті құбыжық кейпінде, демек оның бойында хаостың қалдығы бар. Ол ертегіде әйелдерді ұрлайды, оны зорлықпен иеленіп отырады, иен таудың үңгірінде өмір сүреді, адамның етін жейді, қара күштің иесі, аңғал, сонымен бірге адамға жат әрекетке баратын қатігез кейіпкер.

ІІ топ. Шайтан— діни танымда Құдайдың қаһарына ұшыраған, адамды азғырып аздыратын, өзімен бірге тозаққа әкетуді мақсат ететін пері. Шайтан оттан жаратылған, Ібілістің бұйрығын орындаушылар. Адам баласына тек дұшпандық ойлайды, бірақ оның дұшпандығының өзі Рахымды Құдайдың құдіретімен адамның рухани толысуына қызмет етуі мүмкін. Әрбір адамның бойында періштесімен қатар өзінің Шайтаны болады.

ІІІ топ. Жезтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық. Жезтырнақ ғаламат зор қара күш иесі, ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді. Кейбір мифтік ертегілерде жолы болғыш аңшылар жезтырнақтарды айламен жеңеді. Сондай аңыздардың бірінде іңір қараңғысында бір жас келіншектің алаулатып от жағып отырған аңшының қасына келгені баяндалады. Аңшы оны дәмге шақырады. Ол үнемі, тіпті тамақ жеп отырғанда да мұрнын жеңімен көлегейлей бергеніне қарап әйелдің пері екенін аңғарады. Әйел кеткеннен кейін аңшы оттың қасына бөрене тастап, оны өз киімімен жабады да, мылтығын оқтап, ағаш басына шығады. Түнде жезтырнақ қайтып келіп, бөренені тарпа бас салады, тырнағы ағашқа бойлай кіріп кетеді. Сол кезде аңшы әзәзілді дәл көздеп атып өлтіреді.

Әр топ постер қорғау арқылы көп нүктенің қойылатын жерлері туралы түсінік береді.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырмадағы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап берді.

А деңгейінің сұрақтары.

  1. Мәтінде көкбөрі мен көк өгіз, самұрық, бәйтерек, бақсы, албасты, дию, мыстан мен Жалмауыз кемпір, жезтырнақ, пері, сондай-ақ дәу, Шойынқұлақ, Толағай, Ұлтанқұл, Жартықұлақ, ергежейлі тәрізді кейіпкерлердің аты берілген.

  2. Шойынқұлақ, Ұлтан.

  3. Аю дәу бейнесі басқа ертегілерді дәулермен салыстарғанда ұнамды бейнеге жатады. Ол – «Аю дәу» ертегісіндегі бас қаһарман.

  4. Шойынқұлақ – «Ер Төстік» ертегісіндегі ұнамсыз бейне. Қазақ фольклорында дәуірлер бейнесіне тән қасиеттер бар. Олар: жалмауыздың баласы, әкесі не күйеуі болады, адам аяғы баспайтын жерді мекендейді, асқан күш иесі болады, жанын оңайлықпен бере қоймайды.

2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңдер.

1. Қайырып береген зеренді де алмай, ұршық ұстаған қолы тізесіне түсіп отырып қалды ... (Ә. Нұрп.)

2. Тек бір-ақ рет Шораға деген сеніміне шек келтірді, бірақ оған көбінесе Танабай өзі кінәлі еді ... (Ш.А)

3. Құлыным, Қайырылым ... қайда жоғалып кеттің ... – деп әлсіз ғана шыққан дауыс естілді (Ғ.Мүс.).

4. Гүлсары сонда таныс соқпақ жолға түсіп, сонау өөзен сыртындағы жаулауға тартып бара жатады ... (Ш.А)

5. Бағзы бір замандарда барымтаны осылай алып қашып, жаралы батырларды жау қолына

түсірмей қауіп – қатерден осылайша қаумалап алып шыққан болар-ау... (Ш.А)

3-тапсырма. Сөздерді реттестіріп, сөйлем құраңдар. Көп нүктені дұрыс қойыңдар.

  • Абайға ауыл кеші қатты әсер етеді.

  • Қайрат, Жомарт, Айгүл деп есіне түсіре алмай тоқтап қалды.

  • Олай болуы мүмкін емес, мүмкін емес.

  • Жылама, бөпем , жылама.

  • Жілік шағып берейін.



Бағдаршам түстері арқылы



ҚБ арналған мөр арқылы





























Смайлик арқылы
























ҚБ арналған мөр

Сабақтың соңы

10 минут

Үйге тапсырма: 4-тапсырма. Көп нүктені қатыстыра отырып, болашақтағы қалалар қандай болатындығы жайында өз болжамдарыңды жазыңдар.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, қандай тыныс белгілері қойылғанын айтыңдар.

Оқушылар сабақ соңында өзара бағалайды.

Кері байланыс: «Білім ағашы» әдісі.

Үйге тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Кері байланыс: «Білім ағашы» әдісі арқылы оқушылар стикерге сабақ туралы өз ойларын жазып, тақтаға іледі.

Смайлик арқылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
1607
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі