Материалдар / "Мінез-жанның айнасы" педагогтерге іскерлік ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мінез-жанның айнасы" педагогтерге іскерлік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтерге арналған іскерлік ойын.Педагогтерді психологиялық тұрғыдан сауықтыруға бағытталған психологиялық ойын,тренингтер бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2018
577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Жауқазын» балабақшасының психологы У.Ж.Абдалова

27.06.2018 ж.


Педагогтерге арналған іскерлік ойын

Тақырыбы: «Мінез-жанның айнасы"


Мақсаты: Мінез туралы түсінік беру,педагог әдебіне мінез-құлықтың әсері бар екенін ұғындыру,Аяқ киім үлгісі,түшкірікке,туған күн санына орай өз мінез-құлқы туралы мәлімет ала отырып ,көңіл-күйлерін көтеру,психологиялық тұрғыдан сауықтыру.

Қатысушылар: жас мамандар

Психолог: Құрметті ,жас мамандар,бүгін сіздермен «Мінез-жанның айнасы» атты іскерлік ойын өткізгелі отырмын. Бүгінгі іскерлік ойынды


Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады.

Әбу Нәсір әл-Фараби

деп әлемнің екінші ұстазы атамыздың сөзімен бастағым келіп отыр.

Әуелі іскерлік ойынның құрылымымен таныстырып өтейін:


Іскерлік ойынның құрылымы:

  • Іскерлік ойын мазмұны:

  • 1.Тест: “Ұйықтаған кездегі қалпыңызды таңдаңыз”

  • (Сурет бойынша 4 үстелге жайғасады)

  • 2.Миға шабуыл: “Мінез деген не?”

  • Мінездің қызмет барысында әсері қандай?”

  • (Әр топ өз пікірін қорғайды)

  • 3.Тест: “Ұйықтаған кездегі қалпыңызды

таңдаңыз”кілтімен танысу.

  • 4.Мінез

  • 5.Видеотест: “Мінез ерекшелігі”

  • 5.Педагог мінез-құлқы

  • 6.Суретті тест: “Суреттен не көріп тұрсыз?”

  • 6.Мінез сандары(туған күн цифрлары бойынша мінезді анықтау)

  • 7.Қызметтегі мінез-құлық ерекшелігі (ғылыми зерттеу )

  • 8. “Ойлан,тап” ойыны

  • 9.Мінез туралы мақал-мәтелдер

  • 10.Тест: “Түшкіру және мінез”

  • 11. “Ақ және қара жолақ” ойыны

  • 12.Видеотест: “Алма түрлеріне қарап,мінезді анықтау”


  1. ТЕСТ: “Ұйықтаған кездегі жатысыңызға қарап мінезіңізді анықтаңыз!»



















(Жас мамандар 4 цифрға қарап 4 топқа отырады.)


2.Миға шабуыл:

Мінез деген не?”

Мінездің қызмет барысында әсері қандай?”

(Әр топ өз пікірін қорғайды)

3.ТЕСТ: “Ұйықтаған кездегі жатысыңызға қарап мінезіңізді анықтаңыз!»

(жас мамандар тест кілтімен танысады)


  • 1.Қолын екі жағына қойып шалқасынан жататын адам - көпшіл, ақкөңіл, мейірімді, қамсыз, алаңсыз жандар. Олар кемшіліктерін білгенімен, ол туралы ойлануға тырыспайды. Парасатты қоршаған ортаға достық көңілмен қарайды. Ешкімге жаманшылық ойламайды. Бұл сияқты адамдармен қарым - қатынас жасау жеңіл, əрі өзі де кез келген ортамен оңай араласып кетеді. Ол отбасында да, қызметте де жанжалға жол бермейді.

  • 2.Бұйығып, бүрісіп, қол аяғын баурына тартып "қалаш" болып ұйықтайтын кісі - балалығымен қоштасқысы келмейтін жан. Олар көбіне өр мінезді адамның ықпалында жүреді. Өз беттерінше шешім қабылдар жауапкершіліктен қашады. Сондықтан жақсылыққа да,жамандыққа да бірдей еліктегіш. Ол мəселені ой таразысына салудың орнына кімнің ықпалы зор болса, соның жетегімен шеше салады.

  • 3.Етбетінен жататын адам - өз-өзіне сенімді, ұқыпты, айтқанынан қайтпайтын, тəртіп сүйетін жан. Күтпеген жағдайларға жаны қас, үнемшіл, сақ келеді. Сонымен бірге өз ойын ұсынуды, жетекшілік етіп , басқаруды ұнатады.

  • 4.Бір қырынан тізесін сəл бүгіп жататын кісі - салмақты, көңілшек адам. Өте сирек жанжалдасады. Оған парасатты ой мен саналалық тəн. Мұндай жандар өмірдің əрқилы жағдайларына онша қиналмай-ақ көндіге салатын қасиетке ие жəне тұрмыстың қиын мəселелерінен шығар жол тапқыш. Оның бір кемшілігі - көздеген мақсатына жетуге батылдығы, қайрат - жігері мен табандылығы жетпейді. Мансапқорлығы жоқ. Ол əркез көлеңкеде елеусіз қалуды дұрыс санайды. Əсіресе, ол өзі сыйлайтын адамның көлеңкесі болса, соны мақұл көреді. Мұндай жандар айналасында қолайсыздық тудырмайды. Адамның бірде олай, бірде былай ұйықтайтындығын ескере отырып,жоғарыда келтірілген мəліметтерді бұлжымас ақиқат ретінде қабылдауға болмайтынын ескертемін. Алайда жоғарыда айтылғандар негізінде шындық бар екенін өзіңіз де байқаған боларсыз.






4.Анықтама:

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.

  • Адам бойындағы мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық.

  • Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді.

  • Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады.

  • Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.[1][2]

  • Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.

5.Видеотест: “Мінез ерекшелігі”

6. Анықтама:

Педагог тәртібі оның  педагогикалық әрекеттеріне  адамгершілік

тұрғыдан реттейді.   Барынша толыққанды  кәсіби- этикалық сипаты мен 

мақсатқа сәйкестігі  педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез-

құлықта)   ұсынылған: 

Shape1

 Жоғарыда аталған  педагогикалық тәртіп  түрлері  педагогтың  түрлі  оқу –тәрбиелік  міндеттерін  шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің  тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. 









Кәсіби әдеп сипаты  келесі  жағдайда  көрінеді:


Shape2


7.Суретті тест: “Суреттен не көріп тұрсыз?”

8.Анықтама:

Әдепті  педагог:

  • жұмысқа, іскерлік кездесулерге уақытында келеді;   

  • өзінің әріптестеріне, тәрбиеленушілеріне, олардың ата-аналарынан  алған заттарын уақтылы қайтарады;   

  • айналасындағы  адамдарға залал келтіретін ,  алып-қашпа сыбыс пен  расталмаған фактілерді дауыстап  қайталамайды;

9.Тест «Мінез сандары»(туған күн цифрлары бойынша мінезді анықтау)



Екі саны – адам мінезінің саны деп есептеледі. Бұл сан арқылы сіз өмірде жұмсақсыз ба әлде тоңмінезсіз бе, тез тұтанғыш ашуланшақсыз ба, мақсатыңызға жетуге ұмтылғышсыз ба немесе жалқаусыз ба бәрін аңғаруға болады екен. Жалпы мінез санын белгілеу адам





тағдырының санын анықтаудан жеңілірек. Бұл үшін туған күніңіздің қай күні екенін білсе болғаны.

Айдың 16-шы жұлдызында туғандардың саны – 7, 23-ші жұлдызы туғандардыкы – 5. Ал 22-сі туғандардыкі 11 немесе 22 болып қалады. Егер сіз 10-ы, 20-сы, 30-ы күні туған болсаңыздар нөлдерді алып тастасаңыз жеткілікті. Демек 1, 2, 3 болып қала береді.    

Мінез сандарының құпиясы

1 саны – бірбеткей және мықты тұлғалар. Олар мақсаттарына жетуге ұмтылады. Болашаққа деген көзқарастары да оң. Өздеріне сенеді, тазалықты жақсы көреді. Сосын шұғыл мінездерін де байқауға болады. Оларға ақыл айтқан адамды және жолдарын кескестегендерді ұнатпайды. Олар өздерінің айтқандарынан қайтпайтын адамдар. Сондай-ақ бұл адамдардығ есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған. Бірнеше жұмысты қатар бір уақытта атқара алатын қабілетке ие. Ұйымдастырушылық және басқару жұмыстарын оларға сеніп тапсыруға болады.

2 саны- өзгелерді ренжітіп алмауға тырысады. Жұмсақ. Жан-жағындағы жандардың көңіл күйлерін түсіріп алмауды ойлайды. Айналасына бейбіт адамның лебі мен жақсы аура сеуіп жүреді әдетте. Олар достарының ығына жығыла салғыш. Артық кикілжің мен дау-дамайды онша ұнатпайды. Бұл адамдарға билік беру міндетті емес. Оларға әсіресе біреудің қол асында жұмыс істеген ыңғайлы.   Тез шешім қабылдай алмайды. Дегенмен қызметтеріне адал, жауапты болып келеді. Екі санындағы адамдар ұялшақ та болуы мүмкін. Жауапкершіліктен тайқып кететін кездері де бар. Сондай-ақ өз жеке пікірлері болмайды. Әзіл-қалжың, күлкіге де онша жоқ.

3 саны – Олар көңілді. Жалпы айналаласына юмормен қарайды. Өмірде жолдары болғыш, көпшілігі жан-жақты әрі дарынды болады. Сонымен қатар ақшаны аямайды. Қолдары ашық, жомарт келеді. Бұл кісілер – шығармашылыққа бейім, табиғатынан дарынды және талантты болады. Көбі өнер саласына жақын, суретшілік немесе әдеби дарындылығы тағы бар. Өздерінің ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарлды сөзбен емес әртүрлі үндермен, бояумен жеткізеді. Тілдері де жатық, әңгімеге тез араласқыш. Әрі бұлар достарының ортасында көшбасшы бола біледі. Ең басты кемшіліктері тым өркөкірек, өзімшіл, тәуелсіз. Кейде шектен тыс қатал да болып кетеді.  Сосын көп шаруаға тым жауапкершілікпен қарай бермейді. Бұл қасиет олардың өміріне кейде кері әсерін де тигізіп жатады.

4 саны – тарихта бұл санды негізінен жылқыларға теңеп жатады. Неге десеңіздер 4 саны еркіндік, төзімділік, мақсатқа жету жолындағы ыждахаттылық. Бұндай адамдар жеңіске үлкен еңбекпен жетеді. Қанша ауыр еңбек кездессе де мойымай алға қарай ұмтылатын қасиеттері бар.

Өздері шығармашылыққа тым жақын болмаса да, шығармашыл адамдарды басқара алады. Оларды ұйымдастырып, бастарын бір жерге тоғыстырып, үйлестіруші ретінде тамаша жұмыс атқара алады. Міндет пен абыройды алдыңғы қатарға қояды. Әділдікті жақсы көреді. Сонымен қатар жақсы тамақтанып, демалып отырғанды жандары қалайды. Жалпы сол үшін де өзін аямай жұмыс істеуге бар. Кейде тым күйгелек те болып кетуілері мүмкін. Өмірде жолдары әрқашан бола да бермеуі мүмкін. Бірақ бұл адамдар талмай еңбектенуден тайынбайды.

 5 саны – олар шұғыл қимылдайды. Уайымшыл,  тынышсыз, ақылды және шыдамсыздау болып келеді. Олар саяхаттағанды жақсы көреді. Көпті көріп, көпті естіп, көппен араласқан бұл сандағы адамдар үшін үлкен демеу. Қарапайым, күнделікті күйбең тірлік оларды қажытып, шаршатып жіберуі әдбен ықтимал. Дереу тұтана салатын шалт мінездері тағы бар. Бес санына қарайтын еркек те, әйел де сенімді емес. Сондықтан олардың отбасында ұрыс-керіс, түсініспеушілік жиі болып тұрады. Олар қолға алған істерін аяқтамай жарты жолда тастап кете салулары мүмкін. Білімді де жүрдім-бардым ала салады. Еңбектенгенді





ұнатпайды. Әр нәрсені оқусыз-ақ үйрене салғысы келеді. Бірақ оның мүмкін емес екеніне мән бермейді.


 6 саны- тұрақтылығымен көзге түседі. Жандары жарқын, сенімді, жан-жағына жылылық сыйлай алады, үйлерін және жақындарын жақсы көреді. Сонымен қатар бұл адамдардың достары да көп болады әлбетте. Барлық қырынан алсаңыз да – жақынын сатпайды, әділ, ұяң, романтик, жұмсақ мінезді болып кете береді. Тыныштықты жақсы көргендіктен әрбір кикілжіңнің артын бейбіт шешіп жіберуге тырысады. Жылылығымен бөліседі, егер ақша керек болса ақшасымен де бөлісе алады. Яғни қолы ашық, жомарт адамдардың қатарына жатады. Еңбектенгеді жақсы көреті.

7 саны – өз-өзінің ойларымен арпалысқыш жеті санына жататын адамдар көбінесе жалғыз қалғанда ұнатады. Көп адаммен тілдесуі де қиын. Олармен тілтабысу да оңай емес. Дегенмен сараптама жасауға келгенде сауатты. Көп адамға тән емес қасиеттер осылардың бойынан табылады. Барлығы шеше бермейтін күрделі жұмбақтарды тез шеше алады.  Көбінесе 7 санында туғандар философтар, мистик немесе ғалым болуы мүмкін. Көп сөйлемейді, тілдері де жатық емес. Ойларын сөзбен жеткізгеннен гөрі жазумен жеткізулері оңай.

 8 саны – қуатты келеді. Қабілетті, күштерін бір мақсатқа жұмылдыра алады. Жеке басының жетістіктеріне жету үшін барларын салады. Әр ісін сараптап, есептей алатын ақылды олар.  Ойлары әсіресі материалдық құндылықтарға арналған. Өмірде бір мақсатқа жетуде жанталасып уақыт таппай жүреді. Кәсіпкер болып кететіндері жиі кездеседі. Басты қасиеттері күресе алады. Қиын жағдайлардан шығып кетудің жолдарын таба алады. Қоғамда өз орындарын табуға ұмтылғыш. Шұғыл қимылдарға, жылдам шешімдерге ойланбастан бара салулары мүмкін. Егер жаман қасиеттеріне тоқталар болсақ. Ешкімді аямайды, ашушаң, қатал, өздерінен басқа ешкімді ұнатпайды. Ақшалары жоқ айналасындағы адамдарды сол қалталы еместіктері үшін ғана жек көруілері ықтимал.

9  саны-  арманшыл, ойлары мен қиялдарында өмір сүреді. Өте роматик децге келеді. Олар жақын адамдарына қамқор, сыйлы. Өздерінің жеке басын ойлаудан гөрі барлық адамзатқа жақсылық істеуге бейім болып тұрады. Өте жомарт адамдардың қатарына жатады. Бұл адамдарды тіршілігінде көп ешкім ескермесе де, жоқ болса орындары ойсырап қалады. Бұлардан жақсы ғалымдар, ұстаздар мен әртістер шығады. Төзімді, көңілдері жабырқаған адамдарды жұбатуды жақсы көріп тұрады. Өте адал, шыншыл. Өздері жоқшылықтан, кәріліктен, қайыршылықтан қорқады.

11  саны– біртүрлі, ешкімге ұқсамайтын кісілер санатына жатады. Олар бұл өмірге көбіне бір жаңалық ашу үшін келетін сияқты. Сезімталдық қасиеттері жоғары дамыған. Оларды әсіресе жоғары, тылсым күштерімен байланыстары бар деп айтып жататындар бар. Сана-сезімдері мен милары тылсым күштермен ақпараттандырылып жатады. Сол себепті де бұл типтегі адамдары бүртүрлі, түсініксіз адамдар қатарына қосады. Олардың арасында данышпандар да кездесуі мүмкін. Жарымжан, жарымес адамдар да шығуы ықтимал. Көбінесе он бір санындағы адамдар көріпкел немесе тақуа адамдар болады. Сондай-ақ айтқан әңгімесімен бәрін сендіре алатын қасиетке ие, сенімді түрде өздерінің ақиқатты айтып тұрғанын дәлелдей алады. Өмірде бұл адамдар күрделі. Негше десеңіздер өз діттеген мақсаттарына жету үшін олар жақсы көретін адамдарын да айырбастап жіберуі, сатып кетуі мүмкін. Сондықтан да болса керек бұл адамдар әсіресе жалғыз қалады.

22 саны –  өмірде бар жақсы қасиеттердің бәрі осы адамдардың бойында жинақталған десе де болады. Олар көшбасшы болуға бейім тұрады. Сезімтал әрі шығармашылық дарындары бар.



Ойлары да ұшқыр. Іскерлік қасиеттерге де ие. Жоғары рухани артықшылықты да лсылардан байқауға болады. Сондықтан көбінесе осы адамдар халықтық қозғалыстардың көшін бастайды. Немесе үлкен оқымысты, ғалым, дәрігер, философ, кәсіпкер, сиқыршы болып кетеді.

10. Қызметте табысты болу үшін де жақсы мінез қажет - Ғылыми зерттеу

ҚазАқпарат - Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қызметте табысқа жету үшін интеллектуалдық білім, танымнан гөрі көркем мінез-құлық қажет. Австарлияның Гриффит университеті зерттеушілері тіпті білім алуға да мінезді болу керектігін айтады, деп жазады meddaily.ru.  Психологтар тұрақты, ашық, жайдары, кешірімшіл сияқты адами қасиеттерді басшылыққа ала отырып, бірнеше студенттің үлгерімін зерттеген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, студенттің мінезіне қарап, оның сабақ үлгерімі мен интеллектуалдық деңгейі анықталған. Сынақ болжамдары дәл шыққан. Егер достары мен оның араласатын адамдары бір студентті жақсы мінезді деп көрсетсе, оның сабақ үлгерімі мен білім деңгейі соған сай болып шыққан. Әсіресе, адамның жетістікке жетуіне, арлы, ұятты мінезі мен ашық, жайдарылығы көп әсер етеді. Бұған дейінгі зерттеулерде өзін ақылдымын деп санайтын студенттердің керісінше, кері кетіп, бара-бара салақсып кететіні анықталған. Ал, өзін қарапайым еңбекқор ретінде санайтын адамның жетістіктері үсті-үстіне қосыла берген. Қорытындысында ғалымдар, интеллектуалдық танымнан гөрі адам жақсы, көркем мінезге үйреніп, өзін тәрбиелеуі керектігін ескертеді.   

12. Ойын: “Ойлан,тап”

Мінезді қайта тәрбиелеуге бола ма?”

Мінез туралы мақал-мәтел ойлап табыңыз”


13. Мінез туралы мақал-мәтелдер

Сүтпен біткен мінез - сүйекпен кетеді.

Шортанбай Қанайұлы

Мінезі жаман адамға - енді қайтып жуыспа,

Тәуір көрер адаммен - жалған намыс қуыспа.

Асан қайғы

Басында батпан міні көп - кісі айыбын тергеген,

Мал аласы - сыртында, адам аласы - ішінде

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Құл - кекшіл.


Тентек шоқпар жинайды.


Үндемеген үйдей бәледен құтылады.


Жалқаудың ертеңі бітпес.

Пәле түбі - жұт, жақсы мінез - құт.

Би-шешендер


Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады.

Әбу Нәсір әл-Фараби


Мінез - жанның айнасы.

Әбу Нәсір әл-Фараби







14. Тест: «Түшкіру және мінез»



15. Тест: «Түшкіру және мінез»

Түшкірген кезде  дем шығаратын бұлшықеттер жиырылып, өкпедегі ауа күшпен мұрын арқылы әсер еткен затты сыртқа шығарады. Процесстің мақсаты бір болғанымен, әркімде әр түрлі жолмен жүзеге асады. Біреулер қатты дыбыс шығарып түшкірсе, біреулердің түшкіргені білінбей де қалады. Бір қызығы, түшкіргеніне қарап адамның қандай екенін анықтауға болады екен.

1. Бар даусымен түшкіретіндер – қоршаған ортасына өз ықпалын жүргізе алатын харизматикалық тұлға. Сан қилы идеяларын жұртпен бөліседі. Адамдарға ашық-жарқын қабақ танытады, кез келген әңгімені сабақтап әкетеді.

2. Түшкіргенін ешкім білмей қалатын адамдар – «біреуге зияным тигенше, өзім жарылып кетейін» дейтін нағыз көркем мінез иесі. Ол үшін өзінен гөрі өзгелердің көңілі әлдеқайда маңызды. Текетірестен қашады. Шыдамды, сабырлы, кейде өзінің біреуге бағынышты болып қалғанын да байқамайды. Үнсіз тыңдап, көмек беретін адал адам.

3. Мұрнын орамалмен не алақанымен жауып түшкіретін адам – ой иесі. Алдын ала ойланбай ештеңе істемейтін, ойланбай сөйлемейтін, қоғамдағы әр құбылысқа ой түйе жүретін адам. Өзгелердің қателігін де көре алады, бірақ бетіне басып айтпайды. Жаңа көзқарас қалыптастыратын кітаптар оқиды. Бар ісін өзі атқарады, біреуге жүктей салудан ада. Әдетте демалысын үйде, оңашада өткізеді.

4. Тез әрі ащы түшкіретін – жалғыздықты сүйетін адам. Шешімді тез шығаратын, өзгелерден де соны талап ететін жан. Біреуге арқа сүйеу әдетінде жоқ. Көшбасшы. Жақсы басшы. Өзін біреудің пайдаланғанын білсе, кешірмейді.


16. “Ақ және қара жолақ” ойыны

Мақсаты: Өз мінез-құлқына сараптама жасауға үйрете отырып,өзін-өзі баеғалау деңгейін анықтау,өзіне сыни көзбен қарай білу дағдысын жетілдіру.

Шарты:Әр маманға өз мінезінің жақсы жақтарын ақ жолақтарға,жаман жақтарын қара жолақтарға жазу тапсырылады.











Ақ

Қара









  • 17.Видеотест “Алма түрлеріне қарап,мінезді анықтау”

18. Қорытынды:

Бүгінгі іскерлік ойынды аяқтай келе отбасыларыңызға амандық,еңбектеріңізге жеміс тілей отырып,әр кез еңбекте жалықпай қызмет етіп,ұстаз есіміне дана атамыздың айтқан қанатты сөзімен сөзімді аяқтағым келіп отыр.

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби




«Мінез-жаның айнасы» іскерлік ойынынан фотосуреттер:






































«Мінез-жанның айнасы» іскерлік ойынынан фотосуреттер






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!