Мінез психологиясы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мінез психологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мінез психологиясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

МІНЕЗ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі, ғылым саласы, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан 90 жылға жуық тарихы бар қара шаңырақ.

ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.

88 жылдық тарихы бар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті — еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы.

Осындай сарқылмас қазына орталығында біз көптеген пәндерді оқып үйренеміз. Олардың ішіндегі ерекше әрі жаныма жақын пән-психология. Тленчиева Нұржамал Сейдалықызының арқасында бұл пәнді түсіну оңайға түсті. Психология пәніндегі ұнайтын тақырып мінез-құлық психологиясы бооғандықтан сіздерге сол туралы қысқаша түсіндіріп өтсем.

Мiнез туралы жалпы түсiнiк. Мінез – адамға туа бітті қалыптасып, өзгеріп отыратын қасиеттерінің жиынтығы. Ол қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға реакциясынан көрінеді. Мінез ерекшелігі жөнінде ерте заманнан бері зерттеліп келеді. Ең алғаш мінезді сипаттап жазған – Теофраст. Одан кейін А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мінезді зерттеп, бірнеше түрге, типтерге бөліп қарастырды.

Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл жеке, дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.

Мiнез типологиясы

1. Адам мiнезi онтогенездi пайда болып, бүкiл өмiр бойына тұрақты.

2. Мiнезге кiретiн жеке адам бiтiстерi кездейсоқ емес, олар мiнездi анықтауға көмектеседi және типтерге бөледi.

3.Сол мiнез типтерi бойынша адам мiнезi бiрнеше топқа бөлiнедi.

Э.Кречмер бойынша дене бiтiмi бет әлпетiне қарай астеникалық тип-арық, жiңiшке адам, соның арқасында ұзын болып көрiнедi. Астениктердiң дене және бет терiсi жұқа. Иықтары кiшкентай. Саусақтары ұзын жiңiшке, бұлшық еттерi нашар жетiлген, ал әйел адамдар сонымен қатар кiшкентай болады. Атлетикалық тип- орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкiрегi үлкен, басы ұзынша, әрi тығыз, қаңқа сүйектерi мен бұлшық еттерi жақсы жетiлген. Пикниктик тип- орта бойлы, мойны қысқа, семiруге бейiм, себебi бұлшық еттерi мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердiң айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкiн. Астениктер мен атлетиктер шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектiк, сезiмталдылық, менменшiлдiк, суықтық, қатiгездiк, билiкке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал, пикниктер маникалды –депрессивтi психозға бейiм, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңiлдiлiк, ашық мiнездiлiк, көпшiлдiк, көп сөйлегiштiк, қалжыңға бейiмдiк, жеңiлтектiк тән.

Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды  деп санайды өзіміздің ресейлік психолог Қ.Жарықбаев. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкәпарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке- жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.

Мiнездiң қалыптасу ерекшелiгi

Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.

Жалпы психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі.Психология адам баласына қай жағынан қарасақта өте керек.Психологиялық түрде саутты болуы керек.

Қазіргі заман талабына сай мінез адамнан нақтылықты, мақсат бағыттылықтың сыртқы көрінісін талап етеді. Сонымен қоса мінезде адамның жеке басты қасиеттеріне қарағанда белгілері көп. Мінез белгілері көп болғандықтан, негізгі жеке басты қасиеттерге қарама-қайшылық көрсетеді. Мысалы, баланың спайылығы, оқушытің сабағына, ересек адамның еңбегінде болатын ұялшақтыққа айналады: бұндай ұялшақтық адамға кері әсерін тигізеді.

Мінез кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моралдық жағынан тәрбиелілігі, біркелкілігі, толықтылығы күшімен айқындығы, салмақтылығы –оның оның негізгі сапалары болып есептелінеді.



Тленчиева Н. С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.


Сыдық Маржан

Менеджмент мамандығы 1 курс студенті.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі