Материалдар / Мінез құлық туралы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мінез құлық туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Адам бойындағы жақсы мінезбен жаман мінезді ажыратуға, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Мінез-құлық сыйластық туралы ақпарат бере отырып өз ойын ашық айтуға машықтандыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1045
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мінез құлық туралы(тренинг)


  • Мақсаты: Адам бойындағы жақсы мінезбен жаман мінезді ажыратуға, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Мінез-құлық сыйластық туралы ақпарат бере отырып өз ойын ашық айтуға машықтандыру. 
    Сабақ барысы:
    1. Ұйымдастыру.
    Психологиялық тренинг. Оқушыларға түстер ұсынылады Балалардың таңдауы бойынша оларға мінездеме беріледі.
    Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады. 
    Қызыл-көтеріңкі көңіл-күй
    Көк тыныштықты қанағаттанушылықты, сенімділікті шыдамдылықты: 
    Жасыл-өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне көңіл аударғанды ұнатады. 
    Сары-көңілділікті. Ұстамдылықты және жеңілділікті білдіреді:
    Қоңыр-психологиялық қолайсыздықты білдіреді. 
    ІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау:
    Атыс-шабыс, зомбылықтар секілді суреттер көрсетіледі. (2 мин)
    -Балалар, мына көріністер сендерге ұнаса-жасыл түсті карточканы ал ұнамаса- қызыл түсті тоқтат деген мағынада көрсетулерің қажет, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындауы себебі неде деп ойлайсыңдар? (Балалар пікірі тыңдалады?)
    - Адамдардың бір-біріне мейірімнің жоқтығынан.
    - Нәсілге бөлінбеуден 
    -Пікірлеріңе мен қосыламын.Ал әлемде бейбітшілік пен рухани келісімді сақтап тұру үшін, өзге адамның қадір-қасиетке қол сұқпау үшін не істеу қажет?
    Балалардың пікірі сұралады?
    Бүгінгі сабақта біз осы сұрақтар төңірегінде ой қозғаймын. 
    1. Жеке дара жұмыс. «Мен қандаймын»? атты лото арқылы ұйымдастырылады. 
    -Балалар адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек?
    Деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото тараталады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында бар деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің.
    Қамқорлық Караниеттілік Мәдениеттілік
    Адамшылдық Адамгершілік Рақымшылдық
    Залымдық Бауырмалдық Сабырлылық
    Еңбекқорлық Күншілдік Еркіншектік
    Рақым Талап Тасжүректік
    Мейірімділік Батылдық Талғампаздық
    Имандылық Қанағатшылдық Ізденімпаздық
    Ізгілік Қатегездік
    Міндеті: Өзін-өзі бағалау, рефлекцияға бейімділігін дамыту. 
    2. Мінезі жақсы адам тұлғасы қандай болуы керек моделін ойлап шығар.
    Рольдік гимнастика
    Мақсаты: қозғыштықты жою, эмоционалдық ояну, ситуациялық әрекеттерді кеңейту. 
    Нұсқау: Қатысушыға нұсқау беріледі:
    А) өзің таңдаған нұсқау беріледі
    -өте тез
    -Сыбырлап
    - тасбақа жылдамдылықпен 
    - шетелдік сияқты
    робот сияқты:
    Б) былайша жүріп көрсет 
    - сәби секілді
    -арыстан сияқты
    - қарт сияқты 
    В) былайша күліп тұр
    -күн астында пырылдап жатқан мысық сияқты
    -күннің өзі сияқты
    Г) былайша қабақ түй:
    - күздегі сұр бұлт
    - баласына ашуланған ана:
    - арыстан 
    «Киноға түсу»
    Мақсаты:
    Әрбір балаға өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін топ алдында 
    айта білуді және өз намысын қорғай білуді үйрету. 
    Балалар арасындағы қадірін, беделін қалыптастыру.
    Мазмұны:
    Балалар әрқайсысының бүкіл әлем тамашалайтын киноға түсу 
    мүмкіндіктерің бар. Сол киноға түсу үшін сендерге мынадай талап қойылады: 
    1.Өздеріңнің бойларындағы 5 қасиетті жазыңдар. 
    2.Осы тізімнің ішінен ең таңдаулысын көрсет. Оқытушы оқушыны өз еркімен тақта алдына шақырады. Ол орындықта тұрып: 
    - Мен мақтаншақ емеспін, бірақ........ (өз ойын айтады).
    - Бұл трибунаны келесі------------- бергім келеді,-деп аяқтайды. 
    - Мен сөз көтере алмаймын, бірақ ......
    (ду қол шапалақтау)
    Қарым-қатынаста жетістікке жету жолдары
    1. Үнемі күлімдеп жүр
    2. Өзгенің пікірмен келіспейтініңді ашық айтпа, үнсіз қал
    3. Өзгенің мінін бетіне баспа 
    4. Өзіңді ұнатпайтын адамдардан, жағымсыз жақтарыңды біліп алуға әрекет етте жадында сақта
    5. Өзгеден артықпен деп мақтанба
    6. Кемтар, ауру адамдардың көңілін демеуге асық. 
    7. Өз көңіл күйіңді айтып көптің мазасын алма. 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!