Материалдар / Мінез-құлықтың аддективті түріне диагностика жасау жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мінез-құлықтың аддективті түріне диагностика жасау жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қиын оқушылармен жұмыс жасау бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
2672
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мінез-құлықтың аддективті түріне диагностика жасау және түзету жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» бағдарламасы

КІРІСПЕ


«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара Сагындыковна


Адамның өмір тәжірибесі, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, білім және іс-әрекет әдістері даму үдірісінде меңгеріліп, тұлғаның дамуы басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады. Аддикт болса өзін сол үдірістерден қоршап, өзінің өмірлік тәжірибесін молайтудан тоқтатып, солай қарым-қатынастың негізгі функцияларын жояды.

Аддиктивті тұлғаның сипатталуы – өзінің негізгі әлеуетін шектейді: коммуникативтік, танымдық, рухани-адамгершілік, шығармашылық және эстетикалық.

Аддиктік жойылудың сипатталуы - адамның эмоционалдық қатынастары басқа адамдармен байланысты болмай, тірі емес заттармен құрылады. Өйткені, тірі емес заттарға айлалы әрекет жасау жеңіл болғандықтан, жағдаятты бақылауда өзінің қабілеттріне сенімділігі артады. Мұндай манипулятивтік стиль кейінгіде тұлғааралық қатынастар өрісіне көшеді. Айналада қоршаған адамдар сондай мінез-құлықтың әсерінен наразылық көріп, кикілжің жағдайлар жиі көрініп, күшейе бастайды. Ал аддикт, қиын жағдайлардан қашқақтауға тырысып, одан сайын кикілжің аймағын кеңейтіп, шешілмеген мәселелер сыбағасын арттырып, өзінің және басқалардың өмірін күрделендіреді.

Сондықтан, ассертивтілікті дамыту өзінің мақсаттарына жетудегі іскерлігі ретінде, басқалардың құқықтарына шек қоймай, қызығушылықтарын қорғауға ықпал етеді.

Ассертивтілік - өзінің мінез-құлқына сенуі, өзінің қызығушылықтарын агрессиясыз және сенімді қорғау. Ассертивті адам өзінің сезімдеріне есеп беріп, өзінің күшті және әлсіз жақтарын біледі, сезімдерін анық айтады; егер бірдеңесін өзгерткісі келсе, оны нақты және анық оңтайлы жоспар ретінде айтады. Егер басқа адамдардың мінез-құлқында қолайсыз жақтары байқалса, оларға көмек көрсетіп, басқаша әрекет жасауға болатынын түсіндіреді.

Арнайы әдебиеттерде (Кондрашенко В.Т., Донской Д.И. Общая психотерапия. Минск, 1993; Рудестам К. Групповая психотерапия. М., 1980) ассертивтік- өзіне-өзі сену деп аударылып, түсіндіріледі. Ал оны сәл кеңейтіп қарасақ, адамның өз мақсатына жету іскерлігі, басқалардың құқығына шек қоймай өзінің қызықтыруларын қорғау. Егер Э. Берннің тұжырымдамасын қолдансақ, ассертивтік-бұл ересек адамның қасиеті, олар оның балалық шағында қаланып, кейін айналадағы басқа адамдармен өзара әрекеттесу үдірісінде дамиды.

Өзіне-өзі сену (ассертивтілік) өзінің өміріне жауапкершілігін, сезімдері мен әрекеттерін қабылдауды тұспалдайды. Ол басқалармен қатынасуда өзін қабылдауы, яғни өзгерістерді талап етуі. Тренингке қатысушылардын өзіне сенімділігін дамыту мен байланысты үстемділігі және қауіптілігі болуын сезінуі қажет.

Өзіне сенімділік тренингі адамның мінез-құлқы мүмкіндіктерінің әдістер санын арттырады. Олар таңыс стериотипті паттерндерден шегініп, жаңа алтернативті оданда тиімді әрекетттесу әдістерін іздеуге тырысады. Бұл тренингтер маңыздылығы әр қатысушыға тек қана кейбір дағдыларды үйрету емес, сонымен бірге мінез-құлқын коррекциялау құралы ретінде, өзін-өзі сенуді иелену. Ұсынылып отырған тренингттік жатттығулар кезінде балалар арасындағы қарым-қатынас психологиясын меңгеруіне, іскерлік сапаларын шындауға, ұжым мүшелерінің арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды құруға көмектеседі.

Өзектілігі: Қазіргі заман талабына сай әр жеткіншектің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, әрқайсысының теріс қылығын түзеп, қоғамдық мәні бар әдет-дағдыларға баулу. Жеткіншектік жас – адамның алдағы уақыттағы өмірлік жолын анықтайтын кезең. Осы кезеңде өзі туралы, әлемдегі орны туралы, өмірлік мақсаттары мен құндылықтары туралы жалпы түсінік қалыптасады. Индивид өз орнын белсенді түрде іздей бастайды, жаңа сапалы деңгейде адамдық қарым- қатынастар әлемін зерттейді. Сондықтан жеткіншектік кезеңде балалардың психологиялық жас ерекшеліктерінде көп дағдарыстар кездесіп жатады.


Мақсаттары:

  • -Жасөспірімдердің өзін-өзі құрметтеуі;

  • -Өзін-өзі қабылдау және өз құқыларын білу, оларды дамыту негізінде сенімділік сезімдерін арттыру;

  • -Ассертивті мінез-құлықты қалыптастыру;

  • -Серіктестік іс-әрекетін қалыптастыру;

  • -Өзінің ішкі дүниесінің үйлесімділігін сезінуге мүмкіншілік беру;

  • -«Мен» бейнесін эмоционалды тұрғыда қабылдау.


Міндеттері:

  • Оқушылардың ассертивті мінез-құлықтарын дамыту.

  • Өз-өзіне сенімділігін арттыру мінез-құлықының қалыптасуына әсер ететін жағымды факторлар туралы білімдерін жетілдіру.

  • Түрлі мінез-құлық стильдерін саналы қолдану қабілеттерін қалыптастыру, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын өзектілендіріп, бекіту.

  • Қарым-қатынас қиын жағдайдағы ассертивті техниканы қолданудағы дағдыларды дамыту.

  • Әлеуметтік ортада кездесетін әр түрлі жағдайларға байланысты өзін бірқалыпты ұстауына дағдыландыру;

  • Өз бойындағы еріксіз мінез-құлық ерекшеліктеріне өз бетімен баға бере алуына, өз ойын тұжырымдауға үйрету.


Күтілетін нәтиже: Балалар бойында маңызды тұлғалық және адамгершілік сапалар қалыптасады:

  • өзін-өзі бағалауын нақты позитивті қалыптастыру;

  • басқа адамдармен өзара әрекеттесуге екі жаққа пайдалы және позитивті конттакты қолдау іскерлігі;

  • кикілжің жағдайдан шығу іскерлігі және сынға орай пікір білдіруі.

Мінез-құлықтың аддективті түрін диагностикалау әдістемелері


Паспорт

Оқушының психологиялық диагностика жұмысы

Оқушының аты-жөні_____________________________________ Сынып___________________


Диагностика түрі

Диагностиканы өткізу уақыты / қорытындысы

Ескерту







1








2









Оқушының психо-педагогикалық картасы

Оқушының аты-жөні__________________________________________________ Сынып__________________


Сыныпта атқаратын

қоғамдық жұмысы






Қоғамдық жұмыста оқуда қандай роль

атқарады (бастамшы ұйымдастырушы,

орындаушы, байқаушы)





Қандай оқу, пәнге

бейімділігі бар








Ұжымдағы ахуалы (лидер белгілі

қабылданған, елеусіз қалған, шеттелген)








Мінезінің ашық

жарқындығы (тұйық,

қалаушы, ашық)



















Қызығушылығы

(үйірме , секция

білімнің бір саласы)


















Мінезінің жағымды

жақтары















Диагностиканың нәтижесі
















Мамандық бағыты

Тұрақты мамандық бағыты барма ( жоқ, бар,егер бар болса, кім болғысы келеді)













Қай мамандыққа бейімділігі бар (адам -адам, адам -табиғат

адам -техника, адам-белгі жүйесі, адам а- көркем бейне образы)






























Оқушының жеке басының психологиялық-педагогикалық картасы

Аты-жөні

Қоғамдық тапсырма

Қоғамдық ынтада, оқуда, еңбекте рөлі

Ұ-ұйымдастырушы

П-Пайымдаушы

О-орындаушы

Пәнге бейімділігі

Ұжымдағы жағдайы К-көшбасшы

Ә-әйгілі

ӘЕ-әйгілі емес

Б-бөлектенген

Т-тырмысушы

Қарым-қатынас мінездемесі КС-қарым-қатынаста емес

Қ-қарым-қатынасы жақсы

Мінезінің жақсы жақтары

Ж-жақсылық

Ы-ықыластық

А-адалдық

П-парасатты

Ә-әдептілік










Бақылау картасы


Оқушының аты-жөні, тегі______________________________ Жасы___________________ Сынып________________


Бұзушылық Қабілетсіздік


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16












1

2

3

4

5

6

7

9

10

8

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20







1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13









1

2

3

4

5

6

7

9

11

13

15

8

10

12

14

16











1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24



2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

11

12

13

14

15










1

2

3

4

5

6

8

9

10

11

7

12

13

14

15

16










1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

2




















1

2

3

4

5

6

7

8

9

10














1

2

3

4

5

9

10

6

7

8

11

12











Социометрия


  1. Сен үй тапсырмасын кіммен орындағанды қалар едің?

  2. Концертке немесе жорыққа кіммен барғанды қалар едің?

  3. Бос уақытынды кіммен өткізгенді қалар едің?

  4. Сен сыныпта кіммен араласқын келмейді?

Ќарым-ќатынас социограммасы.

5 А сынып

Барлығы: 32. Ер бала: 16. Ќыз бала: 16

I - Лидер

II - Беделділер

III - Орта беделділер

IV - Топтан қалмаушылар

V - Шеттеп қалғандар (оқшауланған)

ҮІ - қаламаушылар



7 сынып оқушыларының социометрия матрицасы

Оқушылардың аты - жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

1






















2






















3






















1Shape1 . Лидер

2.Беделділер

3.Орта беделділер

4.Топтан қалмаушылар

5.Оқшауланған

6. Қаламаушыл

Сауалнама "Менің отбасым"

  1. Отбасының құрамы, жасы.

  2. Сен кіммен жиі қарым-қатынаста боласың?

  3. Сенің отбасын демалыс күндерін қалай өткізеді?

  4. Бірігіп қандай жұмыстар орындайсыңдар?

  5. Қандай тақырыпқа әңгіме жүргізіледі?

  6. Сенің жолдастарына деген ата-анаңның көзқарасы, қалай қатынасады? Мектепке? Оқуға?

  7. Ата-анаң сені не үшін мақтайды? Ұрысады?

  8. Келіспеушілік жиі болады ма?

9. Ата-анаңмен кеңесесің бе? Не үшін?

10. Сен не үшін қанағаттанбайсың ?

11. Сенің отбасына берген тілегің ?

Аяқталмаған сөйлем


Мен сәби бала болған кезде .......................................................

......................................................................................................

Менің анам және мен ...............................................................

......................................................................................................

Егер менің әкем ...........................................................................

......................................................................................................

Менің отбасым маған ...............................................................

................................................................ көзқараспен қарайды

Менің анам ...................................................................................

Менің әкем ...................................................................................


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АГРЕССИВТІЛІК ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ


Мектеп қабырғасында агрессияның көрінуі мұғалімдермен бірге ата – ананы да мазалайтын мәселе. Психологтың міндеті басқаларға қарағанда агрессивті келетін адамдармен психокоррекциялық жұмыс ұйымдастыру. Сондықтанда «басым» немесе «баяу» деңгейді қалай анықтау қажет. Бұл сұраққа «агрессия» мен «агрессивтілік» түсінігіне анықтама беруден басталады.

Осындай анықтаманың қажеттілігі қазіргі таңдағы «агрессия» терминін кең көлемде қолданылуы басқа да ұстанымдар мен түсініктерде айырып қарастыруды қажет етеді.

Көптеген зерттеушілер өз шығармаларында агрессияны әртүрлі талдайды: адамның «өз территориясын» қорғау ретіндегі қастық көзқарасы (Лоренд, ардри); басшылыққа талпыныс (Моррисон); қоршаған ортаға адамның агрессиялық реакциясы (Хорни, Фромм). Агрессия мен фрустрацияны байланыстыратын теориялар кең таралған (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессивтілік ретінде тұлғаның субьект – субьектілік қарым – қатынаста көрініс беретін деструктивті тенденцияларынның сипатын сипаттайтын қасиетін қарастыруға болады. Адамның белсенділігіндегі деструктивтік компоненті сезімдік – іс әрекетте қажет, себебі жеке дара даму қажеттілігі адам бойында қиындықты жеңу, бөгеттерді алдын алу мен сол үрдіске қарсы келетін жайттарды жоюға талпындырады.

Агрессивтілік сандық және сапалық сипаттама береді. Қандайда болмасын қасиет сияқты ол да көріну деңгейіне ие болады. Қандайда болмасын тұлға белгілі бір агрессия көлеміне ие болуы тиіс. Оның жоқ болуы пассивтілікке, елдік жетегінде кету, өзіндік ұстанымдылықтың жоқтығына апарады. Мөлшерден тыс болуы барлық қақтығыстарда саналы талқылауға жатпайтын мінез – құлық сипатына тән тұлғаның барлық сипатын сипаттайды. Өз бетімен агрессия тұлғаны саналы түрде қауіпті ретінде көрсетпейді, себебі агрессия мен агрессивтіліктің арасындағы байланыс қатты емес, агрессия кейпі өз бетімен қауіпті жағдайды тудырмайды. Тұрмыстық санада агрессивтілік «қастықты ойлау агрессиясы» сөзіне балама келеді. Бірақ деструктивтік жүріс – тұрыс өз бетімен қастық әкелмейді. Оны осындай күйге апаратын іс-әрекет түрткісі, белсенділікті жетелейтін ие болуға меңгеруді қажет етентін құндылықтар. Сыртқы тәжірибелік әрекеттері сәйкес келгенімен, ішкі түрткілері кері болуы мүмкін.

Осыған сәйкес агрессивтілікті көріністерді екі типке бөлуге болады: 1) өзіндік құндылық ретіндегі мотивациялық агрессия; 2) құрал – жабдықты агрессия (екі типте сананың бақылауымен де одан тыс та көрінуі мүмкін және оған куейбір эмоционалдық қобалжу, ашу, қастық қасиеттері тән) Практикалық психологтарды тұлғаға тән деструктивтік тенденцияға тікелей сипат алатын мотивациялық агрессия қызықтыруы тиіс. Осындай деструктивтік тенденциялардың деңгейін анықтай отырып ашық түрдегі мотивациялық агрессияның көрінуіне болжам жасауға болады. Осындай бір құрал ретінде Басса- Дарки әдістемесі қолданыс алады.

А.Басс, өз алдындағы зерттеушілердің зерттеулерін талдай отырып «агрессия» мен «қастық» түсінігін бөле отырып, соңғысын жағымсыз сезімдерді дамытушы және адамдар мен жағдайдың жағымсыз бағалау» ретінде қарастырған. Агрессивтілік пен қастықты дифференсациялайтын әдістемені жасай отырып А.Басса мен А.Дарки келесі реакцияларды бөліп көрсеткен:

1. Физикалық агрессия – басқа адамға физикалық күш қолдану.

2. Жаңа – агрессия жанама түрде бір адамға немесе ешкімге бағытталмаған.

3. Тітіркену – қандайда болмасын қоздырғыш болған кезде жағымсыз сезімді білдіруге дайындық деңгейі.

4. Негативизм – қабылданған дәстүр мен заңдарға қарсы белсенді күрес пен жүріс – тұрыстың пассивті қарсылық танытудағы оппозициялақ сипаты.

5. Өкпе – қоршағандарға шынайы және жасанды әрекет үшін қызғаныш, көре алмаушылық.

6. Күдікшілдік – сенімсіздік пен басқа адамдар қастық пен жамандықты жоспарлап ойлайды деген ұстанымға дейінгі абайлық танытуы.

7. Вербалды агрессия – жағымсыз сезімдердің бір формада көрінуі (айғай, шыңғыру), сонымен қатар сөздік жауап қайтару (қарғыс, қорқыту).

8. Кінәлі сезімі – субьектіні нашар адам ретінде сендіру, ол жамандық әкеледі, оның ар намысы тыныштық бермейтін ұстанымдардың басымдылығы.

Сауалнама 75 ұстанымнан құрылған. Әр ұстанымға зерттелуші «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.

Сауалнаманы құрған кезде құрастырушылар келесі ұстанымдарға сүйенеді:

1. Сұрақ тек бір агрессия түріне ғана сүйенеді.

2. Сұрақтарды құрастыру типі әлеуметтік ортаның сұраққа әсерін баяулату негізінде құралған.


Сұрақтардың жауабы сегіз шкаламен бағаланады:

1. Физикалық агрессия: иә = 1, жоқ = 0: 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68; жоқ = 1, иә = 0: 9 и 7.

2. Жанама агрессия: иә = 1, жоқ = 0: 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63 жоқ = 1, иә = 0: 26, 49.

3. Тітіркену: иә = 1, жоқ = 0: 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, жоқ = 1, иә = 0: 11, 35, 69.

4. Негативизм: иә = 1, жоқ = 0: 4, 12, 20, 28; жоқ = 1, иә = 0: 36

5. Өкпе: иә = 1, жоқ = 0: 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.

6. Күдікшілдік: иә = 1, жоқ = 0: 6, 14, 22, 30, 38, 45, 53 59; иә = 0, жоқ = 1: 33, 66, 74, 75.

7. Вербалды агрессия: иә = 1, жоқ = 0: 7, 15, 23, 31, 46, 53, 71, 73; иә = 0, жоқ = 1: 33, 66, 74, 75.

8. Кінәлі сезіну: иә = 1, жоқ = 0: 5, 8, 16, 24, 32,40,47, 54, 61, 61


Қастық индекс құрамына 5-і, 6-ы шкала жатады, агрессия индекстің құрамына (тікелей неме мотивациялық) 1, 3, 7-і.

Агрессивтіліктің нормасы индекстің жоғарылығы 21±4 тең, қастықтық - 6, 5 - 7±3 тең. Тиісті өлшемге жету агрессивтіктің көру деңгейіне тең келеді.

Бұл әдістемені қолдана отырып агрессивтік тұлғаның қасиеті ал агрессия жүріс – тұрыс актісі тұлғаның мотивациялық – қажеттілік аймағы ретінде көрінетіндігін ұмытпаған абзал.

Сондықтан Басса – Дарки әдістемесін басқа да әдістемелер жинағында қарастыру қажет: психикалық қалыпты анықтау тестері (Кетелл, Спилбергер), проективтік әдістемелер(Люшер) т.б.


БАССА-ДАРКИ СҰРАҚНАМАСЫ


1. Басқа адамдарға зиян келтіргім келетін сезім кейде менде басым тұрады.

2. Мен ұнатпайтын адамдар туралы кейде өсек айтамын

3. Мен тез ашуланып, тез қайтамын.

4. Менен жақсылап өтінбесе мен біреудің өтінішін тез орындай қоймаймын.

5. Маған тиістіні мен үнемі ала бермеймін.

6. Басқа адамдар менің сыртымнан әңгіме айтатынын мен білемін.

7. Достарымның жүріс – тұрысы маған ұнамаған кезде мен оны сездіруге тырысамын.

8. Егер маған біреуді алдап оған өтірік айту кезеңдері болған кезде мен өзімді ыңғайсыз сезінемін.

9. Мен өзімді басқа адамға қол көтере алмайтын адаммын деп ойлаймын.

10. Қолыма түскенді лақтыратындай жағдайға жетіп ашуланатындай кез болған емес.

11. Басқа адамның кемшілігіне мен кешіріммен қараймын.

12. Егер қалыптасқан ереже маған ұнамаса, мен оны бұзуға тырысамын.

13. Басқалары жағымды немесе қолайлы кезді тиімді қолдануды біледі.

14. Мен күткеннен де басқа адамдардың маған достық көзқарасына күдікпен қараймын.

15. Мен үнемі адамдармен келіспеймін.

16. Менің ойыма ұялатындықтай ойлар келеді.

17. Егер біреу маған бірінші болып қол көтерсе, мен де жауап қайтарамын.

18. Мен ашуланған кезде есікті қатты жабамын.

19. Мен ашулансам, қатты кетемін.

20. Егер біреу өзін бастық сезініп қыр көрсетсе, мен оған кері жасаймын.

21. Мен өз тағдырыма ренішпен қараймын.

22. Мені көп адамдар жақсы көрмейді деп ойлаймын.

23. Егер адамдар менімен келіспесе, мен дауласудан тайынбаймын.

24. Жұмыстан қашқақтайтын адамдар өзін ұятты сезінуі тиіс деп ойлаймын.

25. Мені және менің отбасыма сөз тигізген адам төбелеске сұранады деп ойлаймын.

26. Мен дөрекі әзілдерді айта алмаймын.

27. Мені мазақтап маған күлсе мен қатты ашуланамын.

28. Егер адамдар өзін бастық екендігін көрсетсе, мен оны орнына қоюға тырысамын.

29. Маған ұнамайтын адамдарды мен жиі көріп тұрамын.

30. Көп адамдар мені көре алмайды.

31. Адамдардың мені силауын талап етемін.

32. Ата – анама көп жағдай жасамағандығыма мен қысыламын.

33. Сіздің мазаңызды алатын адамдарды орнына қоюға лайықты деп санаймын.

34. Мен өзімнің ашуланғандығымды білдірмеймін.

35. Маған лайықсыз жағымсыз көзқарас танытса мен оған ренжімеймін.

36. Егер біреу мені ашуландырса мен оған мән бермеймін.

37. Мен басқаға көрсетпесем де менде қызғаныш сезімі болады.

38. Маған басқалары күлетін сияқты.

39. Мен ашулансам да дөрекі сөйлеуге бармаймын.

40. Менің күнәларым кешірілгенін қалаймын.

41. Маған біреу қол көтерсе де мен үнемі жауап қайтара бермеймін.

42. Менің ойымдағыдай жайттар болмаса, мен кейде ренжимін.

43. Кейде адамдар өздерінің қатысуымен-ақ менің ашуымды келтіреді.

44. Мен шынай жек көретін адамдар жоқ деп ойлаймын.

45. «Бөгде адамдарға ешқашан сенбе» ұстанымын ұстанамын.

46. Егер біреу менің ашуымды келтісе мен ол адам туралы не ойлайтындығымды айтып тастаймын.

47. Артынан өкінетіндіктей көп нәрселер жасаймын.

48. Егер мен қатты ашулансам біреуді ұрып жіберуге дейін барамын.

49. Бала кезімде қатты ашуланған кездерімді көрсеткен емеспін.

50. Мен өзімді қазір атылатын сияқты сезімде жиі сезінемін.

51. Егер басқалары менің шынайы сезімдерімді білсе, менімен тіл табыса алмайтын адам деп ойлауы мүмкін.

52. Басқа адамдардың маған жақсылық жасауында қандай құпия ойлары болды деп мен үнемі ойлаймын.

53. Маған біреу дауыс көтеріп айғайласа, мен де айғайлаймын.

54. Сәтсіздіктер менің енсемді түсіреді.

55. Басқаларға қарағанда төбелеске кейде барамын.

56. Мен қатты ашуланған кезде қолыма түскен затты сындырған кезді есіме түсіре аламын.

57. Кейде мен төбелесті бірінші бастайтындығымды сеземін.

58. Өмір маған әділетсіз деп сезінген кездер болады.

59. Бұрын көп адамдар шындықты айтады деп ойласам қазір оған сенбеймін.

60. Мен ашуланған кезде ғана ұрыссамын.

61. Мен қате жасасам, өз өзімнен ұяламын.

62. Егер өз құқығымды қорғау үшін күш қолдану қажет болса, мен оған барамын.

63. Мен кейде ашуымды столдың үстін соққылаумен білдіремін.

64. Маған ұнамайтын адамдарға мен дөрекілік танытамын.

65. Маған қастандық немесе жамандық ойлайтын қас адамдар менде жоқ.

66. Егер адам соған лайықты болса да мен оны орнына қоя алмаймын.

67. Мен дұрыс өмір сүрмеймін деп үнемі ойланамын.

68. Мені төбелеске дейін жеткізетін адамдарды мен танимын.

69. Ұсақ – түйекке байланысты мен еңсемді түсірмеймін.

70. Адамдар мені ренжітіп немесе ашуландыруға тырысады деп ойламаймын.

71. Мен адамдарды тек қорқытамын, іс жүзінде оған бармаймын.

72. Соңғы кезде мен ежіктеп қоймайтын адам болып барамын.

73. Дауласқан кезде мен жиі дауыс көтеремін.

74. Адамдарға жағымсыз қарым – қатынасымды жасыруға тырысамын.

75. Басқа адамның ойымен дауласуға барғаннан онымен келісе салғанды дұрыс көремін.


Суицидтік бағыттылықты анықтау СБА әдістемесі

(тұлғалық сұрақнама)


Бұл әдістеме 13-18 жасар жасөспірімдердің суицидтік қауіпті ұстанымдарын анықтаудағы бағдарланған әдістеме ретінде құрылған. Әдістеме депресиялық, невротикалық жағдайды және қарым-қатынас деңгейін анықтауға арналған. Жалпы шкала саны – 4, негіздеме саны -74

І шкала «И» - шыншылдық шкласы.

Нәтиженің шынайылығын бағалайды. 8-10 балл шыншылдықтың жоғары деңгейі; 4-7 балл – орташа деңгей; 0-3 балл шыншылдықтың төмен деңгейі, бұл әлеуметтік қолдауға бағдарланған, жауапты шынай деп бағалауға болмайды.

ІІ шкала «Д» - депрессивті шкала.

Депрессивті жағдайға бейімділігін анықтайды. 17 – 21 балл жоғары, бұл белгілердің эмоционалдық көңіл-күйіне, жүріс-тұрысына, өз-өзіне және қоршаған ортаға қарым – қатынасында болуын сипаттайды.

8-16 балл орташа деңгей, 1 – 7 балл төмен деңгей.

ІІІ шкала «Н» - невротизация шкаласы.

Невротизм деңгейін анықтайды. 17 – 21 балл жоғары баға эмоционалдық тұрақсыздық, қобалжу негізінде көрінетін невротикалық синдромға тән келуі мүмкін.

ІV шкала «О» - қарым-қатынас шкаласы.

Қарым-қатынас деңгейін анықтайды. 17-21 қарым-қатынастың жоғары деңгейі. 8-16 балл – орташа деңгей, 1-7 балл төмен деңгей. Қарым қатынастың төмен деңгейі депрессивтілік пен невротизацияның жоғары көрсеткішімен сәйкес келуі зерттелушінің цуицидтік қауіпті ұстанымының белгілері, яғни, «өлімге пассивті келісім беру» болып табылады.


Шкалалар бойынша есептеу кілті:

«Ш» шкаласы: «+» жауабы: 4, 13, 20, 29, 31, 33, 47, 57, 67, 74.

«Д» шкаласы: «+» жауабы: 2, 6, 12, 14, 19, 21, 27, 28, 32, 36, 39, 41, 45, 49, 52, 55, 59, 63, 65, 69, 72.

«Н» шкаласы. «+» жауабы: 3, 8, 10, 16, 18, 23, 25, 30, 34, 38, 42, 44, 46, 50, 53, 56, 61, 64, 68, 71, 73.

«Қ» шкаласы. «+» жауабы: 5, 7, 9, 11, 15, 17, 22, 24, 26, 35, 37, 40, 43, 48, 51, 54, 58, 60, 62, 66, 70.


СБА әдістемесі


Нұсқау: Сіздердің қазір жауап бергендеріңізді бұрын сізді жақсы білетін адам жауап бергендей көз алдарыңа елестетіңдерші. Айтылғандардың біреуі сізге жақын болса, ал кейбіреуі келмейді, яғни сіз бұл ұстаныммен келіспейсіз.

Сіз келіскен ұстанымға «+» белгісін, ал егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз. Егер сіз жауап бере алмасаңыз немесе жауап бергіңіз келмесе онда номерді дөңгелетіп қойыңыз. Барлық сұрақтарды дұрыс тыңдап, мұқият болыңдар, әдістемені орындауға аз уақыт берілген. Дөңгелекті қоймай жақын жауап беруге тырысыңыз. Көп ойланып талқылауға тырыспаңыз. Адамның ойына алғашқы келген жауап нақты деп саналады. Ұстанымдар беріледі (ұқыпты да мұқият болыңыздар, нұқсауды орындаңыз):

  1. Мен нұсқауды мұқият тыңдадым, барлық сұрақтарға шынайы жауап беруге дайынмын.

  2. Мен шаруа істегенде армандап немесе шашыраңқы болатын кездерім болады.

  3. Мені қоршаған адамдарға қарағанда мен тез шаршаймын.

  4. Кейде мен мақтана аламын.

  5. Менде көтеріңкі көніл-күй жиі болады.

  6. Көңілсіз ойлар менде үнемі болып тұрады.

  7. Адамдармен қарым-қатынас жасағанды ұнатамын.

  8. Менің аяқ, қолым тонып немесе ұйығанын кейде сеземін.

  9. Ренжігенімді тез ұмытамын.

  10. Мойын тұсымнан, шекемде соғысты пульсацияны сеземін.

  11. Көңілді ортада көңіл көтергенді ұнатамын

  12. Менің отбасымда жүйкесі тозған адамдар бар.

  13. Өзім түсінбейтін жайттар туралы сенімді түрде айта аламын.

  14. Кейде өзімді мүсәпір сезінемін.

  15. Менің жақсы таныстарым көп.

  16. Менім басым жиі аурады.

  17. Мен үнемі белсенді және ширақпын

  18. Егер мен отырып бірден тұрсам менің көзім қарауытып, басым айналады.

  19. Жағымсыз жағдайлардан ауырғанымды сылтаулатып құтыламын.

  20. Жабық тақырыптағы әңгімеге қызығушылық танытамын

  21. Нашар көңіл-күй жайттары жиі болып тұрады.

  22. Менің шаршамайтындығым мен іскерлігіме жолдастарым таң қалады.

  23. Мен сезімтал және толқымалы адаммын.

  24. Өмірдегі барлық проблемаларды шешуге болады.

  25. Дірілдеген кездер болады.

  26. Анекдоттар мен қызықты оқиғаларды әңгімелегенді ұнатамын.

  27. Кейде үйден кеткім келген кездер болды

  28. Бостекей заттарға жиі қобалжимын

  29. Өзімді ақтау үшін көп нәрсені ойдан шығарамын.

  30. Кейде бірден тер жуып кететін кездер болады.

  31. Мен берген уәдемде тұрмайтын кездерім болды

  32. Мен ештенеге жарамсыз сияқты сезінемін.

  33. Менің таныстарымның көбісі маған ұнай бермейді.

  34. Менің тәбетім жиі болмайды.

  35. Көңілсіз ортаны тез ширата аламын.

  36. Отбасымдағы кейбір адамдардың әдеттеріне менің жыным келеді.

  37. Мен бөтен адаммен де тез тіл табыса аламын.

  38. Мен үнемі бір қысыммен жүргендей, өз-өзімді еркін сезіне алмаймын

  39. Менің үнемі өлгім келеді

  40. Мені көңілді және ашық адам деп санайды.

  41. Мен барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын

  42. Менің ұлтабарым түйіліп, ішімде бүртірлі сезімдер болады

  43. Мен таныс немесе таныс емес адаммен сөйлесуге дайынмын

  44. Егер мен қобалжып немесе ашуланып тұрсам барлық дене мүшеммен сеземін.

  45. Мен көп армандаймын, ешкіммен бөліспеймін

  46. Кейде қолымда барлығы таситындай энергияға толы, кейде былжыр болатын кездерім болады

  47. Мен үнемі шындықты айтпаймын

  48. Дауласу үшін мен барлығын орындауға дайынмын

  49. Мен жағымсыз жағдайларды қатты уайымдағандықтан көпке дейін басымнан шығара алмаймын.

  50. Мен өзімді үнемі былжыл және шаршаңқы сезінемін.

  51. Мен басқа адамды мысқылдағанды ұнатамын

  52. Сын мен пікір айтқанды мен ұнатпаймын

  53. Мен қорқынышты түстерді жиі көремін

  54. Мен сезімге ерік беріп ортада жақсы көңіл көтере аламын

  55. Себепетен себепсіз өзімді бос және еңсем түсіңкі күйде сезінемін

  56. Ұйқым келмейтін кездер жиі болады

  57. Мен өсек айтқан кездерім болды

  58. Мен барлығына жеңіл қараймын

  59. Егер менде бақытсыздықтар болып отырса мен қаншалықты жақсы өмір сүре аламын деген ойлар болады.

  60. Мен өз-өзіме сенімді адаммын

  61. Мені өзімді кінәлі сезіну мазалайды

  62. Мен жылдам жүремін

  63. Сәтті жетістікке үмітім үзілетін жағдайлар кейде болады

  64. Басыма әртүрлі ойлар келгендіктен ұйқым келмейтін кездер болады

  65. Басқалар маған күледі деп ойлаймын

  66. Мен байқам, ештенені ойламайтын адаммын

  67. Кейде мен ұялатын ойлар болады

  68. Менің жүрегім қатты соққан кездер болады

  69. Адамдардың ортасында да мен өзімді жалғыз сезінемін

  70. Мен кейде көп сөйлеп тоқтай алмаймын

  71. Мені қолдап, жұбатып түсінетін жолдастарымды қажет етемін

  72. Мен өз күшіме сенбегендіктен бастаған ісімнен бас тартамын

  73. Басқа адамдарға әсерін тигізбейтін ашық түс, қатты шу, қатты жарыққа мені қатты ызаландыратын кездер болады.

  74. Менің жаман әдеттерім бар

Психологиялық карта

Оқушының аты-жөні, сынып:____________________________________________________

І. Іске байланысы (жұмысқа қарым-қатынасы)

Қоғамдық белсенділігі

а) барлық әлеуметтік істерге белсене қатысады, өз уақытымен санаспайды.

б) әлеуметтік іс-шараларға белсене қатысады, бірақ өз бос уақытын жібермейді.

в) қоғамдық өөмірде өз-өзін көрсете білмейді, бірақ берілген тапсырманы орындайды.

г) әлеуметтік іс-шараларға сирек қатысады.

д) әлеуметтік іс-шараларға қатысудан бас тартады.

Еңбекқұмарлығы (еңбек сүйгіш)

а) оқушы берілген істі көңілімен орындайды, өзі жұмысты іздейді және жақсы орындауға тырысады.

б) қағида бойынша, бар ықыласпен, көңілмен іс-шараға кіріседі жақсы орындауға тырысады, қарама-қайшы (қарама-қарсы) мінез сирек.

в) жұмысты өте сирек алуға тырысады.

г) ылғи кез келген жұмысты орындауға (атқарудан) бас тартады.

Жауапкершілік (жауапкерлік).

а) берілген істі жақсы және уақытында орындайды.

б) көпшілік кезде берілген тапсырманы жақсы орындайды.

в) берілген тапсырманы жиі орындамайды (немесе орындалуы жаман).

г) берілген тапсырманы өте сирек орындайды.

д) берілген тапсырманы еш уақытта аяқтамайды (жеткізбейді)

Жігерлілік (талаптылық)

а) көп істердің бастаушысы болады, бұл үшін қошемет алуға тырысады.

б) өте жиі жаңа істердің бастаушысы болады.

в) өте сирек жаңа істерді бастайды.

г) өз-өзін жаңа істерді бастаушы ретінде көрсетпейді.

Ұйымдастырушылық.

а) өз жұмысын дұрыс, жүйелі жоспар бойынша орындайды.

б) көп уақытта өз жұмысын дұрыс үйлестіріп орындайды.

в) өз жұмысын уақытында жүйелі орындауын біледі, егер істеген іске есеп беру керек болса

г) өзі орындайтын жұмысын уақытында жүйелей білмейді, көп уақытын босқа кетіреді.

д) уақыт бойынша өз жұмысын жоспарлай алмайды, көп уақытты босқа кетіреді.

Құмарлық

а) ғылым және мәдениет саласындағы жаңалықтарды әрдайым белсенді түрде біліп отырады

б) ғылым және мәдениеттің әр түрлі саласындағы жаңа білімдерді көп жағдайда көбірек алуға талпынады.

в) шектеулі бір ғана салаға қызыққандықтан, жаңа жаңалықтарды білуге аса талпынбайды

г) барлық жаңа білімдерге селсоқтықпен карайды.

Ұқыптылық

а) өз заттарын ерекше тәртіппен сақтайды. Парта мен тақта алдында өзін жинақы ұстайды. Мектеп мүліктеріне ұқыптылықпен қарап, тәртіпке келтіріп отырады.

б) өз және өзгелерден алған затын белгілі бір тәртіппен ұстайды. Мектеп мүліктерін ретке келтіруге өз міндеті сияқты кіріседі. Айналасындағы тәртіптерді ұстап тұруға аса талпынбайды. Кейде мектепке қалай болсын солай киініп келеді. Мектеп мүліктерін бүлдіргендерге селсоқтықпен қарайды.

в) өзінің заттары, кітаптары және сыртқы киімінің тазалығына жиі көңіл бөлмейді. Мектеп мүліктерін сақтамайды, кейде оны бүлдіреді.

г) айналадағы тазалық пен тәртіпке, өз заттарын ұқыпты ұстауға мүлдем көңіл бөлмейді. Кез келген жағдайда мектеп мүліктерін ойланбай бүлдіреді.

ІІ. Адамдарға қарым-қатынасы.

1.Адамгершілік.

а) таныс, таныс емес адамдардың барлығына көмектесуге, кез келген көмек пен қолдауды көрсетуге тырысады.

б) егер бұл жоспары мен ісіне бөгет болмайтын болса, таныс емес адамдарға көмектесуге бейім.

в) өзгелердің ісіне, уайымына жиі көңіл бөле қоймайды, егер бұл оған әсер етпесе

г) басқалардың уайымына селқостықпен қарайды. Өз бетімен оларға көмек көрсетпейді.

д) таныс емес адамдардың уайымына ортақтасу артық жұмыс деп санайды және "өз ісің емес, араласпа" ұранымен өмір сүреді.

2. Адалдық пен шыншылдық

а) өз ата-анасына, жолдастарына, мұғалімдеріне ылғи да шыншыл өзіне пайдалы болмаса да, шындықты айтады.

б) өз ата-анасы, мұғалім, жолдастарына көбіне шыншыл.

в) өз пайдасы үшін жиі өтірік айтады

г) өз пайдасы үшін ылғи да өтірік айтады

д) ылғи өтірік айтуға бейім

3. Әділдік

а) әділетті емес деп санайтындардың барлығымен белсенді күреседі

б) әділетсіздікке қарсы ылғи күреспейді

в) әділетсіздікке қарсы сирек шығады

г) әділетсіздікке жете алмайды

д) әділетсіздікке мүлдем селсоқ қарайды

4. Риясыздық

а) өз үшін емес, өзгелердің ісіне пайда әкелу үшін өз әрекеттерін ылғи қолданады

б) өзі үшін емес, өзгелердің ісіне пайда келтіруге әрқашан тырысады

в) өзі үшін емес, өзгелерге пайда келтіруге сирек талпынады

г) өз пайдасы үшін жиі жұмыс істейді

д) ылғи да өз пайдасы үшін жұмыс істейді

5. Қарым-қатынас.

а) басқалармен жұмыс істеуді және дем алуды жақсы көреді, адамдармен қарым-қатынасқа ылғи да қуана кіріседі

б) адамдармен шынпейілмен қарым-қатынасқа енеді

в) шектеулі адамдар тобымен қарым-қатынас орнатуға тырысады

г) жұмыс пен демалудың жеке түрін таңдайды

д) тұйық, қарым-қатынасқа түспейді

6. Жолдастық сезім

а) жолдастарына өмірінің қиын уақытты мен жұмыстарында ылғи да көмектеседі

б) жолдастарына көмектеседі

в) жолдастары көмек сұрайтын болса ғана көмектеседі

г) жолдастарына өте сирек көмектеседі, егер одан көмек сұраса, көмектесуден бас тартуы да мүмкін

д) жолдастарына, жұмысына да өмірінің ең қиын уақытында да ешқашан көмектеспейді

7. Қайырымдылық

а) ылғи басқаларға ниет білдіреді, жолдастары өз қамқорлығымен жиі бөліседі

б) бір оймен отырмаса, басқаларға шын көңілмен ниет білдіреді

в) өзінің сезіміне қатты беріліп, басқалардың сезімін байқамайды

г) басқаларға аяушылықпен қарай алмайды

д) мүлдем қайырымдылық жасай білмейді және жолдастарына қарыздар болғысы келмейді.

8. Әдептілік, сыпайлылық

а) барлық сөздері, әрекеті оны басқа адамдардың сыйлайтындығын білдіреді

б) ылғи да басқа адамдарды сыйлайды

в) көбінесе әдепсіз және сыйластықсыз болады

г) жиі шексіз дөрекі, жиі ұрыс шығарады

д) құрбыларымен және үлкендермен араласқанда дөрекі. Ұрыс кезінде басқаларды қорлайды, тіл тигізеді.

ІІІ. Өзіне деген көзқарасы (отношение к себе)

Қайырымдылық (скромность)

а) өзінің еңбегін, адамгершілік қасиеттерін ешқашан көрсетпейді

б) достарының өтініші бойынша, кейбір кезде шынымен болған жетістіктері туралы айтады

в) шын жетістіктерін, абыройы туралы өзі айтады.

г) белгілі бір іс-шарада шағын әрекет етіп және оған әлсіз қарым-қатынасын көмектескенде немесе ешбір нақты жұмыс істемей, жиі мақтанады

д) Өзін өзі мақтайды, мәнсіз жетістіктермен мақтанады

Өзіне сенімділік

а) ешкімнен кеңес сұрамайды, өзіне керек болып тұрса да, көмек сұрамайды

б) басқалардың көмегінсіз барлық берілген тапсырмаларды өзі орындайды

в) өзі сол мәселені шеше алса да, кейбір кезде көмек сұрайды

г) өзі сол мәселені шеше алса да, тапсырма орындау кезінде, басқалардың қолдауын, көмегін сұрайды

д) қарапайым жұмыстар кезінде, үнемі басқалардың мақұлдауын және көмегін керек етеді

Өзін сынау (самокритичность)

а) ылғи өзіне айтылған сынды тыңдап алады және сол кемшіліктерін түзетуге тырысады

б) көп жағдайда айтылған әділ сындарды, ізгі кеңестерді тыңдайды

в) кейде әділ ескертулерді тыңдайды, оларды ескеруге тырысады

г) айтылған ескертулерді зейінсіз қабылдайды. Кемшіліктерін түзетуге тырыспайды

д) кез келген сынды, критиканы қайтару, өзінің қателерін түзетуге ешқандай іс-шара қолданбайды

ІҮ. Жеке тұлғаның еріктік қасиеттері

Батылдық (Смелость)

а) қарсыласы өзінен күшті болса да, ылғи күреске енеді

б) қарсыласы өзінен күшті болса да, көп жағдайларда күреске енеді

в) өзінен күшті қарсыласымен күреске ылғи шыға бермейді

г) көбінесе кейін шегінеді

д) ылғи алдындағы күштен кейін қайтады

Тайынбаушылық, өткірлік (решительность)

а) ылғи өз бетімен, мүдіріссіз жауапты шешім қабылдайды

б) көп жағдайда мүдіріссіз жауапты шешім қабылдайды

в) жауапты шешім алдында кейде қобалжиды

г) жауапты шешім қабылдауға сирек келіседі

д) кез-келген жауапты шешім қабылдай алмайды

Қайсарлық, өжеттік (Настойчивость)

а) ылғи алда қойылған мақсатына жетеді, оған көп уақыт керек болса да қиындықтан қашпайды

б) қиындық кездессе де, алдындағы жоспарын орындауға тырысады. Қарама-қайшы жағдайлар сирек

в) жоспарланғанды соңына дейін апарады, егер де оның қиыншылығы мәнсіз орындалатын болса немесе ол қысқа уақыт қажет етсе

г) шағын қиыншылықпен кездессе де, жоспарлағанын өте сирек соңына дейін апарады

д) қиыншылықпен кездесіп, қолма-қол жоспарланған жұмысынан бас тартады

4. Өзін-өзі ұстау

а) әрқашан ұнамсыз эмоциялық көрінісін баса алады

б) қағида бойынша, өз эмоциясын ұстай алады. Мінездің қарама-қарсы оқиғалары аз

в) кей кезде өз эмоциясына ие бола алмайды

г) ұнамсыз эмоцияларды жиі баса алмайды

д) өз сезіміне ие бола алмайды, жабыраңқылық жағдайына жеңіл кетеді

Ү. Баланың топтағы жағдайы

1. Сыныптағы беделі

а) барлық сыныптастардың алдында беделі бар: оны сыйлайды, оның пікірімен санасады, жауапты істі сенімділікпен тапсырады

б) көбінің, сыныптастардың алдында беделі бар

в) сыныптастардың бір бөлігінің алдында ғана беделі бар

г) кейбір оқушылардың алдында беделі бар

д) сыныпта беделі бар

е) сыныпта беделі жоқ

2. Көңіл (ұнату)

а) сыныпта сүйікті боп келеді, кейбір кемшіліктер оған кешіріледі

б) сыныпта оған ұнатумен қарайды

в) сыныптың бір бөлігі ғана оны ұнатады

г)кейбір балалар оны ұнатады

д) сыныпта оны жақсы көрмейді

ҮІ. Психикалық және эмоциялық үрдістердің ерекшеліктері

Зейін

а) сабақта мұғалімнің түсіндіргеніне тез және көңіл аудармайды, басқаға көңіл аудармай, жұмыста ынтасыздықтан қателерді жасамайды

б) мұғалімнің түсіндіргенін әжептеуір тыңдайды. Кей кезде көңіл аудармайды, сол үшін қателерді жасауы мүмкін

в) мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдамайды. Жиі қателерді жіберіп отырады, бірақта тексерген кезде оларды түзетеді

г) қызық кезде ғана мұқият тыңдап отырады. Жиі көңіл аудармайды. Жиі қателерді жіберіп отырады, қателерді тексермейді

д) қағида бойынша, қиындықпен сабаққа көңіл аударады, мұғалімнің түсіндіргенінен аз алады, өйткені көңіл аудармайды. Ынтасыздықтан көп қате жібереді және тексерген кезде оларды түзетпейді.

2. Есте сақтау қабілеті

а) жаттаған кезде (алдын ала) материалдың мағынасын және құрылымды алдын ала реттей алады.

б) жаттаған кезде алдын ала қарастырылған және түсінгенін жаттай алады. Механикалық жаттау қиындықпен беріледі.

в) механикалық жаттауды жеңіл меңгере алады, 1-2рет көргені жеткілікті; жаттаған материалдың мағынасы мен құралымын талдамауға әдеті бар.

г) жаттаған кезде материалды көпке дейін талдайды; логикалық құрылымды көпке дейін қайталайды; жеткізген кезде форма бойынша қате жасайды, бірақта мағынасын дұрыс жеткізеді

д) материал жаттау үшін көпке дейін мағынасыз және талдаусыз оны қайталайды, мағыналық қателерді жасайды

е) кейде жаттай алмай қиналады

3. Ойлау қабілеті

а) материалдық мағынасын тез меңгере алады, есептерді бірінші шығара алады.

б) әжептеуір тез материалды меңгере алады; көбінде есепті тез шығарады; кей кезде өзінің соңғы жолдарын (оригинальные) ұсынады

в) мұғалімнің түсіндіргенінен материалды қанағаттанарлық түсінеді; есепті орта темппен шығарады; өзінің шешімдерін ұсынбайды

г) мұғалімнің түсіндіргенін ең ақырғы қабылдайды; ойлаудың темпі және есеп шығаруы баяу

д) қосымша сабақтардан кейін материалды меңгере алады, есеп шығарған кезде таныс көрнекіліктерді қолданады

е) өз еркімен есеп шығара алмайды


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!