М.Жұмабаевтың "От", "Жел" өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Жұмабаевтың "От", "Жел" өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалады М.Жұмабаевтың "От", " Жел" өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдарға тоқталдық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Жангелдин ауданының білім бөлімі Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектеб» КММ- нің

10 – сынып оқушысы Асқарқызы Нурикамал,

Жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жақсылық Сәнімгүл Сәкенқызы


М.Жұмабаев «От», «Жел» өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі

Мақалада Мағжан Жұмабаевтың «От», «Жел» өлеңдерінде кездесетін көркемдегіш құралдарды қарастырдық.

Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың “От”, ”Жел” өлеңдері ақын шығармашылығында алар орны ерек шығармалар.Бұл өлеңдер тек табиғат құбылыстарын сипаттаумен шектелмейді, “От”,”Жел” өлеңдеріндегі рухани күш – жігер, еркіндік бүгінгі жастардың арман, мақсаттарымен үндеседі.

Жел, От бейнелері жай ғана табиғат емес, сыршыл образдар. “Мағжан шығармашылығындағы бейнелілік образдарға айналған табиғат – Күн, Ай, Жұлдыз, Жел, От бейнелері. Бұл образдар – ақынның сырлас достары...”[1]

От” өлеңінде:

Шынында, менің өзім де – от,

Қысылған қара көзім де – от,

Мен – оттанмын, от – менен,

Жалынмын мен,жанамын.

Оттан туған баламын [2],– деп

Ақын жігер, рухани күш – қуат сынды адами қасиеттерді “от” арқылы бейнелейді.

Ақын өлеңдерінде көріктеу құралдарын тиімді пайдалана білген, әсіресе метафора, эпитет, кейіптеу көбірек кездеседі. Шығармаларында рух, күш – жігер, еркіндік бейнесін шынайы ашып көрсете білген. Шығарманың ерекшелігі осында.

Сөздің дұрыс, таза , анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. Ақ көңіл, шолақ ақыл, арам ой деу,яки күн бүркіп тұр, найзағай ойнайды, су қайтты деу, я болмаса, қазанның құлағы, ошақтың бұты, үйдің төбесі деу дерексіз заттарды деректі затша, жансыз заттарды жанды затша, бернесіз заттарды бернелі затша қалыптау, ғамалдау, бернелеуден шығып, әдетті сөзге айналып кеткен. Осы сияқты өң берілген сөздер көрнекі тіл делінеді[3,23] - деп Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиеттанытқыш» еңбегінде «көрнекі тіл» терминіне анықтама берген. Ғалым әрі қарай өз еңбегінде «қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді: 1.Көріктеу. 2.Меңзеу. 3.Әсерлеу» деп көрсетеді [3,23].

Филология ғылым докторы, профессоры Тұрағұл Қоңыров «Қазақ теңеулері» еңбегінде бейнелеу тәсілдері туралы «белгілі бір халықтың көркем әдебиеті басқа халықтардың әдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері – ұлттық характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің маңызы орасан зор. Құрылыс материалы жоқ жерде құрылыс объектілері болмайтыны сияқты, тіл жоқ жерде әдебиет те жоқ. Демек, тіл – әдебиеттің құрылыс материалы, ол – әдебиет өніп – өсетін топырақ, ол – әдебиет тыныстайтын ауа.

Түр мен мазмұн бірлесе келіп, көркем әдебиетті туғызады. Түр мен мазмұнның бірлігінен көркем әдебиеттің шынайы табиғаты, бүкіл болмысы жасалады. Ал түрдің өзінің көріну тәсілдері, жүзеге acy жолдары, өмір сүру заңдылықтары болады», - деп жазады [4, 3].

Мақаламаызда Мағжан Жұмабаевтың «От», «Жел» өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдарына тоқталамыз.

А.Байтұрсынұлы «Көріктеу» терминіне мынадай анықтама береді : «бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мұнан басқа көркейту мақсатпен айқындау бар. Мәселен, «қызыл тіл», «Алтай түлкі», «Ақ сұңқар» деген сияқты. Бұлай айқындау басында айыру мақсатпен айтылса да, соңынан көркейту мақсатпен айтуға айналған. Бұл күнде қызыл тіл, Алтай түлкі, ақ сұңқар дегенде, «қызыл», «Алтай», «ақ» деген сөздерді көбінесе көркейту үшін айтып жұмсаймыз. Сондықтан айқындаудың бұл түрі көркейту деп айтылады.Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айтумен болады. Асылында айқындау нәрсені я көркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады»[3,23 -24]. Ахмет Байтұрсынұлы жазған «көркейту» терминінің анықтамасы бүгінде «эпитет» сөзінің анықтамасымен дәл келеді десекте қателеспейміз. Айқындау, яғни эпитет– заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын [5,214].

Өлеңдерде кездесетін эпитет (көркейтуге) тоқталсақ.«Асылында айқындау нәрсені я көркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады. Сарыарқа, сары қымыз, шалқар көл, самал жел, алалы жылқы ақты қой, әділ би деген сияқты лебіздерде сары, шалқар, самал, алалы, ақты, әділ деген айқындау болады. Бұл айқындау – көркейту үшін айтылып отырған айқындаулар» [3,24]делінген «Әдебиеттанытқыш» еңбегінде. Мағжан Жұмабаевтың «От», «Жел» өлеңдерінде эпитеттер көркейту үшін жұмсалған.

«От» өлеңінде:

Шынында, менің өзім де – от,

Қысылған қара көзім де –от.

Сол жауызды жоюға,

Соқыр көзді оюға

Талай заулап ұшқанмын.[2]

«Жел» өлеңінде:

Жүйрік желім тым сотқар.

Мазасы жоқ жел ерке,

Онып ап тым ерте,

Жорғалай басып кетеді.

Кәрі орманды оятып,

Бірдеңе деп жұбатып,

Жымиып күліп өтеді.

«Саған, сұлу сәулеге

Келдім ұшып, ғашықпын.

Бір сүюге асықпын,

Мойның бұр мендей әуреге!»[2].

«Қара көзім», «жүйрік жел», «тым сотқар», «ерке жел», «кәрі орман», «сұлу сәуле» эпитеттері қолданылған.

Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яки метафора (грек.көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту [5, 219].

Мағжан Жұмабаевтың «От», «Жел» өлеңдерінде кездесетін метафоралар:

«От» өлеңінде:

Күннен туған баламын, өзім – күнмін, өзім – от, сөзім,қысқа көзімде – от.Мен де отпын – мен жанам. От – сен, тәңірім,табынам. Шынында, менің өзім де - от, мен – оттанмын, от – менен, жалынмын мен, жанамын, оттан туған баламын, күн отынан туғанмын, жүрегім де, жаным да – от,иманым да, ары да –от, қараңғылық – дұшпаным.

«Жел» өлеңінде:

Жел –тым тентек бір бала,

Жан сүйгені – сар дала [2].


«Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп тұрпаттау кейіптеу деп аталады. «Қылышын сүйретіп қыс келді» дегенде, қиялыңа қылыш сүйреткен адамның сүгіреті келіп түседі. Қыста қылыш та жоқ, қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жансыз қысты жанды адамның күйіне түсіріп, адамның істейтін ғамалын телігендіктен қыс бізге адам сүгіретінде келіп көрініп отыр» [3,30].

Мағжан Жұмабаевтың «От», «Жел» өлеңдерінде мынадай кейіптеулерді кездестіреміз:

«От» өлеңінде:

Жалынмен жұмсақ сүйеді,

Сүйген нәрсе күйеді.

Жымиып өзі жорғалар.

Құлашын көкке сермейді [2].

«Жел» өлеңінде:

Дамыл алмай жүгіред.

Ерні өтірік қыбырлап,

Сыр айтқан боп сыбырлап,

Кейде аң боп өкіред.


Желге еш нәрсе тең емес,

Тау да жолын бөгемес,

Сақ – сақ күліп секіред.


Мазасыжоқ жел ерке,

Оянып ап тым ерте,

Жорғалай басып кетеді.

Тыныш жатқан түс көріп,

Көлдің бетін кестелеп,

Оны әуре етеді.

Кәрі орманды оятып,

Бірдеңе деп жұбатып,

Жымиып күліп өтеді.


Дем ала алмай асығып,

Күрсініп ауыр, бас ұрып... [2].

Қорытындылай келе, ақын шығармаларында көптеген көркемдегіш құралдарды кірістіре отырып, адамның ішкі дүниесінен сыр шертетін образдар жасады. Автор көркемдегіш тәсілдерді қолдана отырып, өлеңнің көркемдігін, ерекшелігін аша түскен десем қателеспеймін.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Оңайбаева Алмагүл. Мағжан поэзиясында жел,от образдарының ерекше суреттелуі. https://45minut.biz/?p=102333

  2. Жұмабаев М. Таңдамалы : өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар/ҚР ҒА, М.О.Әуезов атын.әдебиет және өнер ин-ты. – Алматы: Ғылым,1992. – 270 б.

  3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. – 208 бет.

  4. Т.Қоңыров. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 192 б

  5. Қабдолов Зейнолла. Сөз өнері. – Алматы: « Санат», 2002. - 360 бет





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2025
216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі