Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы. Шығарманың тарихи негізі 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: М.Мақатаев өмірі мен шы-ғармашылығы

Мектебі: Мұхаметқұл исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Кистауова Шынар Еркинбековна

Сыныбы: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

М.Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы.

Шығарманың тарихи негізі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Шығарманы бөлімдерге бөліп жұмыстандыра отырып, тіл көркемдігін меңгерту.

Сабақ мақ-саттары

* Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін, поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалар-дың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстырады.

* Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, мінездеме береді.

* Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: тақырыпқа сай тапсырмаларды орындайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

* поэма

* сюжет

* батыр

* идея

* жоңғар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

* Қаратаудың басынан көш келеді» бұл қай шығармадан ...

*«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы ...

* Жоңғар шапқыншылығына қатысты тарихи атауларды ...

Талқылауға арналған сұрақтар:

* «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қай жылы болды? Поэмадағы жер-су аттарын ата.

* «Қаратаудың басынан көш келеді» бұл қай шығармадан алынған үзінді?

* Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай тарихи атауларды білесіңдер?

* Райымбек батырдың кесіп өткен өзені.

* Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай батыр есімдерін білесіңдер?

* Батырдың атымен аталған аудан қай облыста орналасқан?

* Ел басына түскен ауыр халді ақын қандай бейнелі сөзбен жазған? * Қабай жырау әулиеден нені тіледі?

* Түке неден түңілдің?

* Би үміті қай сөзден көрінеді?

Бағалау крийтерилері

* Тыңдалған оқылым тапсырмасының мазмұнын түсіндіреді;

* Шығармашылыққа негізделген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп, талдайды;

* Тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағыттау.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларына сүйене отырып, шығарманы фабуласы бойынша сипаттай алады,теориялық талдау жасайды, тақып жайлы ойын жеткізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдер

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы:

3 минут

1.Топқа бөлу 2.Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Психологиялық тренинг «Бақыт деген?» Ақынның «Бақыт деген...» өлеңін мәнерлеп оқыту. 3.Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» әдісі. Тақтаға жоспар ілінеді. 1. «Қаратаудың басынан көш келеді». 2. «- Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен, Ақ түн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен». 3. «Дауасы жоқ жан екен, оты жанған, Ілесіңдер оыған оты барлар».

Оқушыларды топқа бөлуге арналған су-реттер




Ортасы

6 минут





















6 минут























4 минут







6 минут




























3 минут














3 минут


















7 минут

* Оқушыларды оқу мақсаттарымен, крийтери-мен таныстыру.

* Оқылым мәтінін негізге ала отырып, тапсыр-маларды орындату.

«Мәтінге сұрақ» әдісі. Сюжеттік жоспар бойынша баяндау.

Оқиғаның басталуы

Жау шапқан қазақ ауылы.

Оқиғаның байланысы

Жыраудың балаға кездесуі.

Оқиғаның өрбуі

Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.

Оқиғаның шиеленісуі

Баланың өз ұрандауы, халықтың наразылығы.

Оқиғаның шарықтау шегі

Қатал сын.

Оқиғаның шешімі

Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.


«Он сұрақ» әдісі. Деңгейлік тапсырмалар. І топқа: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қай жылы болды? Помадағы жер-су аттарын ата. «Қаратаудың басынан көш келеді» бұл қай шығармадан алынған үзінді? Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай тарихи атауларды білесіңдер? ІІ топқа: Райымбек батырдың кесіп өткен өзені. Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай батыр есімдерін білесіңдер? Батырдың атымен аталған аудан қай облыста орналасқан? ІІІ топқа: Ел басына түскен ауыр халді ақын қандай бейнелі сөзбен жазған? Қабай жырау әулиеден нені тіледі? Түке неден түңілдің? Би үміті қай сөзден көрінеді?


Сюжеттік оқиғалар негізінде поэмадағы образдар жүйесіне талдау.

Райымбек

Қабай жырау

Хангелдінің кенже ұлы Түке

?

?

?


«Талқылау кестесі» әдісі. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау. Тақырыбы: Идеясы: Авторы: Жанр түрі: І бөлім 23 шумақ, 118 тармақ ІІ бөлім 26 шумақ, 120 тармақ ІІІ бөлім 126 шумақ, 473 тармақ 11буынды қара өлең ұйқасы (А, а, б, а) 1,2,4- жолдары ұйқасқан, 3-жолы дара қалған.

Қа-ра тау-дың // ба-сы-нан // көш ке-ле-ді І топқа:

Тілдік ізденіс

Мысалы

Теңеу


Эпитет


ІІ топқа:

Тілдік ізденіс

Мысалы

Метафора


Фразеологизмдер


ІІІ топқа:

Тілдік ізденіс

Мысалы

Әдепкі қайталау (анафора)


Кезекті қайталау (эпифора)


« Сұрағым келеді» әдісі. Поэмадағы ұлттық болмыс: Аманат Аят Дұға Тоба Туырлық түсініктеме беру Тоқым Бәйге Мұзбалақ Би



«Райымбек! Райымбек!» поэмасындағы түр мен түс сөздерінің тіркесуі.

Ақ

Ақ орда, ақ таң, аппақ нұр, ақ сақал, ақ айдын.

Қара

Қара шаңырақ, қара жауым, қара жауын, қара бас, қараша үйлер, қара темір, қара жұлдыз, қара күн, қара жұлдыз, қара жорға, қара қазақ.

Боз

Боз кебін, боз дала, боз сағым.

Күрең

Күрең ат.

Қызыл

Қызыл күн.


Венн диаграммасы.

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян батыр бейнесі

М.Мақатаевтың«Райымбек! Райымбек!» поэмасындағы Райымбек батыр бейнесі

?

?


І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Нысанбай жырау бейнесі

М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасындағы Қабай жырау бейнесі

?

?


1. Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықта. 2. Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, мінездеме бер.

3.Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін, поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстыр.

Талдау жолдары, АКТ, слайд.





















Кеспе қағаз








Бейнебаян























Белсенді оқу тапсырмалары



























Үлестірме материалдары































Слайд

Сабақтың соңы

2 минут

«Серпілмелі сауал» стратегиялық іс-әрекет арқылы «нені білдім?» сұрағына оқушылардан сыни тұрғыда жауап алу.

Үйге тапсырма беру: поэмадан үзінді жаттау.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқу-шыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?: Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықта. Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, мінездеме бер. Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін, поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстыр.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексе-руді қалай жоспарлайсыз?

1. Формативті бағалау.

2. Жиынтық бағалау.

3. Критерийлер бойынша бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздіктехникасының сақталуы

Сынып бөлмесінің тазалығын сақтау, оқушылардың топ-тық, жұптық жұмыс барысында икемді қозғалуын және дұрыс отыруын қамтамасыз ету.

Сабақ бойынша рефлексия сабақ мақсат-тары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар-дың барлығы ОМ қол жет-кізді ме?

Жеткізбесе, неліктен? Сабақтың уақыттық ке-зең дері сақ-талды ма? Сабақ жоспа-рынан қан-дай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланы-ңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақты өту мақсатым әрі қызықты, әрі шынайы болды. Бүгінгі сабақтан оқушылар «Райымбек! Райымбек!» поэмасындағы Райымбек батыр образы мен М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян батыр образын, поэмадағы Қабай жырау образы мен І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Нысанбай жырау бейнелерін салыстыра білді.Оқушылар өткен сабақтағы практикалық нәтижені диалогқа түсу арқылы теориямен байланыстыра білді. Маған берілген уақыт ішінде үлгеріп шықтым. Оған себеп болған бірден-бір жағдай сабақты түрлі әдіст-тәсілдермен жоспарлағанмын деп ойлаймын.


Жалпы баға:

Сабақты жақсы өткеннің екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1. Сабақты «Бақыт деген не?» психологиялық тренинг сұрағы арқылы бастағаным.

2. Оқушылардың «Мәтінге сұрақ» әдісімен поэманың сюжеттік жоспары бойынша баяндауы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды(оқыту туралы да, оқу туралы да)

1. Он сұрақ» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар орындауы.

2.«Талқылау кестесі» әдісінде оқушылардың өлең құрылысына сатылай кешенді талдауы, «Сұрағым келеді» әдісімен поэмадағы ұлттық болмыс танытатын сөздерді орындауы.

Сабақтың барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықта-ры туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылар топтық жұмыста диалогқа түсіп, оқушы мен оқушы арасында қарым-қатынас орнап, сыныпта сабаққа деген ынталары бағаланып, табысты оқуға қол жеткізе алғандығымды байқадым.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
788
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12