1.2 М.Монтессори әдістемесі.
Балалардың ерте жастан жылдам дамуы қазіргі кезде бәріне танымал. Осындай ерте дамудың жолдарын
зерттегендердің біреуі Мария Монтессори. Бұл әдіс Мария Монтессоридің атымен аталады. Алғашқы рет бұл әдістер
1906 жылы бала бақшаларда қолданыла бастаған, содан кейін де жылдар өткен сайын біртіндеп бүкіл әлемнің
мектептері мен бала бақшаларына енгізіліп, бүгінгі күнде кең қолданыста жүр.
М. Монтессоридің әдістерінің принциптері. М.Монтессоридің әдістері әр баланың өмірдегі бірінші күнінен бастап
дамуына негізделген.
М.Монтессоридің әдістерінің негізгі мақсаты арнайы дайындалған дидактикалық материалдардың көмегімен баланы
жетелеу. Бұған әдіс-тәсілдердің мынандай негізгі принциптері негізілген:
- Оқытудың индивидтік бағдарламасы;
- Баланың ең жоғарғы еркіндігі;
- Баланың іс-әрекетке біртіндеп қатыстырылуы
М.Монтессоридің әдістерін тарату үшін оны қолдану кеңістігін бала өз еркімен үйренуді бастауын ұйымдастыру қажет.
Монтессоридің материалдары:
М.Монтессоридің оқыту ортасын жасау үшін балалармен жұмыс процесінде үнемі арнайы оқыту материалдарын
балалардың қызығушылықтарына байланысты іріктеп, тестен өтілген. Монтессори материалдарының маңыздылығы
зор, бала онымен байқалмастан шұғылдана отырып ойнайды, әрі оңай үйренеді. Монтессори материалының
көмегімен бала әлемді таниды, логикалық және кеңістіктегі ойлауын, қозғалыс бағыттарын дамытады, өзін-өзі
қамтудың практикалық әдеттерін алады. Бұдан басқа, материалды игеру процесі кезінде бала:
-алдына мақсат қойып, соған жетуге үйренеді;
- әр түрлі тапсырмалардың шешімін практикалық түрде шешуге талпынады;
- байқап көру және қателесу жолдары арқылы бала өз қателіктерін жөндеуге жол табуға тырысады.
Монтессори - тәрбиеші. Мұны мен өзімнің жасауыма көмектес
М.Монтессоридің ұйғаруынша, әр балаға жекелей дамыту бағдарламасының қажет екенін айтады. Бұл принципті
баланың жоғары деңгейде еркін дамуын және қызығушылығын қолдайтын Монтессори-тәрбиешілері де дамытуда.
Әр бала өзі немен шұғылданатынын шешеді: оқу, сурет салу, георафия немесе ермексазбен шұғылдануды өзіндік
темппен игереді. Бұл кезде тәрбиеші бақылаушы ретінде ғана және балаларға оқу кезеніне жағдай жасаушы ретінде
рөл атқарады. Монтессори-тәрбиеші бала өзіне не қажет екенін таңдай алмағанда немесе онымен не істеу керектігін
білмегенде ғана араласады және ол балаға ештеңе жасап бермейді, тек қана түсіндіреді және аз ғана түсіндірме
жұмысын жүргізеді.
Монтессори-сыныбы.
Монтессори-сыныбы - ол тақырыптық аймақтарға бөлінген және әртүрлі дидактикалық материалдармен
толықтырылған бөлме. Дұрыс ұйымдастырылған Монтессори-сыныбы баланың дұрыс дамуына көмектеседі.
Монтессори-сыныбын тақырыптық аймақтарға бөлу- дидактикалық материалдарды дұрыс тануына, алып отырған
ақпаратты жүйелеуіне, сондай-ақ тәртіпті түрде жүйелеуіне көмектеседі.
Бастапқыда М.Монтессори сынып кеңістігін 5 тақырыптық аймаққа бөлуді ұсынды:
Шынайы практикалық өмірдің аймағы
Сенсорлық даму аймағы
Математика аймағы
Тілдік аймақ
Ғарыштық аймақ
Бірақ тақырыптық аймақтар саны көп және әртүрлі болуы мүмкін (музыкалық, көркемөнер, спорттық және т.б). Енді біз
Монтессори - сыныбының сынптағы әр аймағы туралы айтамыз:
1. Шынайы практикалық өмірдің аймағы
Бұл зонада баланың өзіндік дағдыларын дамытудың материалдары жинақталған. Бала кір жууды, үтіктеуді,
жемістерді және көкөністерді тазалап, турауды, қалақ пен сыбыртқыны ұстауды, аяқ киімін тазалауды және бауын
байлап, шешуді үйренеді. Және бұлардың барлығын өзі жасайды.
2. Сенсорлық даму аймағы
Бұл аймақта балаға заттардың әртүрлілігін: өлшемі, түсі, пішіні, салмағын айыруды көмектеседі. Сондай-ақ, баланың
көру, есту, есте сақтау сияқты қабілеттерін дамытын материалдар жинақталады.
3. Математика аймағы
Бұл аймақта санды және санауды түсінуін игеруіне арналған материалдар табылады. Бұдан басқа, математикамен
шұғылдана отырып, бала логикалық ойлауын, есте сақтауын дамытады.
4. Тілдік аймақ
Бұл аймақтағы материалдар балаға әліпбиді, дыбыстарды үйренуді, оқып-жазуды меңгеруін қамтамасыз етеді
5. Ғарыштық аймақ
Бұл аймақ балаларды қоршаған әлеммен, құбылыстар мен процестер және басқа халықтың салт-дәстүтүрлерімен
таныстырады.
М.Монтессори методикасы құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін танымал болып, үлкен жетістіктерге жеткен.
Берілген методика- Монтессори сыныбындағы тақырыптық аймақтар баланың жан-жақты дамуы үшін үнемі
материалдармен толықтырылып отырады.
Мысалы, қозғалыстық, музыкалық, өнер және басқа да аймақтар.Сондай-ақ сіз өз үйіңізде балаңыздың
қызығушылығына байланысты қажетті аймақтарды құра аласыз. Баланың ұстазына Бұны менің өзім жасауыма
көмектесіңіз деген қаратпа сөзі М.Монтессоридің педагогикасының символына айналған, бұдан адамның дамуына
еркіндік беру дегенге шақыратының көреміз.Ол балалармен жас күнінен бастап үздіксіз жұмыс істеген. Ол
педагогтарды бақылаушы ретінде қарастырған. Егер ғылыми педагогикада жеке тұлғаны оқып-үйренсек, онда бұл
оқып-үйрену еркін балаларды бақылау деп айтар едім, -деп жазады М.Монтессори.
1.3 Ф.Фребель әдістемесі
Баланың ерте дамуы және оқыту. Фридрих Фребельдің тәрбиелеу методикасындағы негізгі принциптерді
қарастырайық.
Ф. Фребелдің негізгі принциптері - Балалар үшін өмір. Фридрих Фребельдің тәрбиелеу мектебіне 250 жыл болса да
оны бүкіл әлемде құрмет тұтып, есте сақтайды. Немістің ұлы педагогы қоғамдық жүйеде мектепке дейінгі балаларды
оқытуда (Kindergarten) балабақша ашқан. Бүгінгі күні біз қолданып жүрген ұғымды осы кісі енгізген.
Өз заманының алғашқы тәрбиешісі Фребель- балалардың ойын кезінде толық дамуына мүмкіндік бар екендігін
түсінді. Өзінің бала-бақшасын ойындар мен ойыншықтардың барлық түрлерімен жабдықтай отырып ол кубик, доп
сияқты ойыншықтарды балаларға тарту ретінде беріп отырды. Одан басқа, балалар тәрбиешілердің айтқан
әңгімелерін тыңдап, ойындар ойнаған.
Педагог қағаздарды бүктеу арқылы геометрияның қарапайым түрлерін түсіндіре бастады. Ол ең бірінші геометрия
негіздерін ұстау арқылы сезініп, содан кейін түсіну керектігін ескертеді. Фребель сондай-ақ кубиктік қораптан құралған
басқатырғының (головоломка) авторы Осындай ағаштан құралған конструктор балаға геометриялық денелерді
таныстыру және бұны ойын кезінде құрастыру арқылы ойын дамытатындығын айтады.
Балабақшада тәрбиелеу методикасы. Фребель жазғандай, балаларды бақшада ұжымдық іс-әрекеттерге белсенді
түрде тарту қажет, олардың денесін дамыту, сезіну арқылы жаттығу жасату, адамдар және табиғатпен таныстыру;
ойын және көтеріңкі көңіл күймен оларды мектепке дайындау қажет.
Фребельді балабақша ашу идеясын көптеген жылдар бойы толғандырған. Бірдей жастағы балалардың ойнай отырып,
оқуды үйрену қарым-қатынатары кішкентай адамдардың рухани өмірлеріне үлкен әсерін тигізеді.
Фребельдің ойынша балабақша төрт мекемеден тұруы керек:
➣ ерте жастағы тәрбиеленушілерге арналған мекеме;
➣ балалардың бақшалық оқуы және дайындығына арналған мекеме;
➣пайдалы балалрдың ойындарын тарататын мекеме
➣ата-ана мен тәрбиешілер, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерді байланыстыратын мерзімдік баспалар.
Тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде Фребель тіл деп санайды. Оның айтуынша, ойын әңгіме немесе ән
қатыстырылуы арқылы жүргізілуі керек.
Фребельдің кезінде оның балабақшалары бағаланбаса да, XIX ғасырдың аяғында көптеген мемлекеттерде мектепке
дейінгі тәрбиелеу жүйесінде олар маңызды рөл атқара бастады. Бұны қарапайым түрде түсіндіруге болады:
балалардың бірге ойнауы қызықты екендігін барлығы көріп, бірақ мән бермеген кезде, Фребель олардан бұрын
байқаған. Ешкім жалғыз ойнағысы келмейді, сондықтан әрқайсысы ортақ ережеге бағынуы қажет.
XIX ғасырдың бас кезінде мектепке дейінгі тәрбие деген ұғым жоқ болса да, мектептер болды ғой. Ал мектептерде
топтарға жинақталған балалар болды. Ал бұл балаларға да ұстаздарға қиындық тудырды. Яғни, педагогтардың
басқаруымен оларды топтарға бөліп мектепке дайындау керек болды. Фребель балабақшадағы тәрбиенің басты
принциптерін анықтады: балаға кедергі келтірмеу керек, керісінше оған табиғат не берді соны дамуына көмектесу
керек. Бүгінгі күні бұндай ойлар бізге керемет болса, XIX ғасырдың басында оларды революция ретінде қабылдады.
Сонымен Фребель тәрбиені екіжақты процес ретінде қарастырады, яғни оқушы және оқытушы жағынан. Нағыз
педагог әрдайым шәкіртіне бірдей кезеңде білім беріп, қабылдап және біріктіріп, бөле білу қажет, шыдамдылық
танытып, қатал да бола отырып, жұмсақ та болу керек,- дейді.
Фребельдің алты сыйы
Баланы ерте жастан дамыту үшін Фребель алты сый ұсынды. Бірінші сыйы ол - доп. Доптар онша үлкен емес,
жұмсақ, әр түрлі түстермен боялған - қызыл, алқызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түсті, яғни кемпірқосақтың түстері
және ақ түсті жүннен жасалған болуы керек. Әрбір доп-шар жіпте болуы шарт. Анасы балаға әр түрлі түсті көрсете
отырып, оның түстерді ажырата алуын үйретеді. Сонымен қатар, шарды айналдыра отырып, баласына кеңістіктегі
көріністер -жоғары-төмен, оңға-солға, алдыға-артқа деген сөздерді де таныстырады. Шарды алақанына қойып және
тығып қою арқылы доп бар- доп жоқ деген сөздермен болымды және болымсыз сөздерді үйретеді.
Екінші сыйы кішкентай ғана ағаштан жасалған шарлар, кубик және цилиндир. Бұлардың көмегімен бала заттардың
әртүрлі формаларымен танысады. Кубик өзінің формасымен және тұрақтылығымен шарға қарама-қарсы болып
келеді. Фребельдің қарастыруынша, шар- қозғалыс символы, ал кубик - тыныштық пен көп бейнеліліктің бірлігі.
Цилиндр шардың да, кубиктің де қасиеттерін біріктіреді: ол - тұрақты, егер оны бір нәрсеге қадап қойса, сондай-ақ ол
- қозғалмалы, егер оны жатқызып қойса.
Үшінші сыйы - куб, яғни, сегіз кубикке бөлінген, егер жартыға бөлсе, онда оның әр жартысы - төрт бөліктен тұрады.
Фребельдің айтуынша, осы сыйлардың арқасында бала ойнай отырып, оны құрастыра отырып миын дамытады.
Төртінші сыйы - сегіз тақтайшаларға бөлінген кубиктер, әр тақтайшаның көлемі кубиктің бетіне дәл келеді, ал
қалыңдығы - осы беттің төрттен біріне тең болады.
Бесінші сыйы - жиырма жеті кішкентай кубиктерге бөлінген кубиктер, олардың тоғызы одан да кішкене бөліктерге
бөлінген.
Алтыншы сыйы - ол да жиырма жетіге бөлінген кубиктер, олардың көпшілігі тақтайшаларға, диагоналы бойынша
бөлінеді. Фребель балаларға әртүрлі іс- әрекеттер мен оқып-үйрену түрлерін ұсынады - құрылыс материалдары,
қозғалмалы ойындар, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, қағаздардан тоқу, қағаздардан қималар жасау, тігу,
металл дөңгелектерді, таяқшаларды орнымен қою, моншақтар, қағаздар мен таяқтарды құру және т.б. Қазіргі кезде
осы аталған әдістемелер балабақшаларда кеңінен қолданылуда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
М.Монтессори әдістемесі.

шағым қалдыра аласыз