Материалдар / мобильді қосымшаларды құру,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мобильді қосымшаларды құру,

Материал туралы қысқаша түсінік
Мобильді қосымша (ағылш. mobile app) – нақты платформа (iOS, Android, Windows Phone және т.б.) үшін әзірленген смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған программалық жасақтама. Мобильді қосымшаларды құру кезеңдері:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2021
13601
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


§17. Мобильді қосымшаларды құру. Мобильді қосымшаның интерфейсі


Сөз­дік: Мо­биль­ді қо­сым­ша – Мобильное приложение – Mobile application Ин­тер­фейс – Интерфейс – Interface Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы – Среда визуальной разработки – Visual Development Environment Брейнсторминг – Брейнсторминг – Brainstorming

Мобильді қосымша (ағылш. mobile app) – нақты платформа (iOS, Android, Windows Phone және т.б.) үшін әзірленген смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған программалық жасақтама. Мобильді қосымшаларды құру кезеңдері:

мобильді қосымшаны құру мақсаты;

техникалық құралдарын түгендеу. Нақты сметаны құру;

брейнсторминг (миға шабуыл, яғни идеяны ұжымдық түрде білдіру арқылы мәселенің шешімін табу әдісі) және эскиздер;\

интерфейс стилін таңдау;

қосымша дизайнын әзірлеу;

программалау;

қосымшаны жариялау және тестілеу. Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды құру – қазіргі кезде программалаудың танымал және сұранысқа ие бағыттарының бірі. Визуалды программалау ортасы алгоритмдеу және программалау саласында мобильдік қосымшаларын құруды үйренуге мүмкіндік береді. Мұндай орталарда программалаудың мәтіндік тілінің орнына дайын іс-әрекеттері, әлеуметтік желілермен, веб-сайттармен немесе құрылғының сенсорларымен жұмыс істеу функциялары және т.б. бар визуалды логикалық блоктар қолданылады. Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы мультимедиалық мазмұнды Еc­те­рі­ңе тү­сі­рің­дер:

виртуалды және кеңейтілген шындық;

виртуалды және кеңейтілген шындықтың айырмашылықтары;

виртуалды және кеңейтілген шындықтың қолдану мақсаттары;

виртуалды және кеңейтілген шындықтың адамның психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі;

виртуалды тур және 3D панораманың жасалу түрлері. Мең­ге­рі­ле­тін бі­лім:

мобильді қосымша;

мобильді қосымшаларды құру кезеңдері;

MIT App Inventor визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы;

MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі. Сөз­дік: Мо­биль­ді қо­сым­ша – Мобильное приложение – Mobile application Ин­тер­фейс – Интерфейс – Interface Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы – Среда визуальной разработки – Visual Development Environment Брейнсторминг – Брейнсторминг – Brainstorming 117 өңдеуге, сөйлеу командаларын тануға және сөйлеуді синтездеуге мүмкіндік береді.

MIT (Massachusetts Institute of Technology) App Inventor (http://ai2.appinventor.mit.edu/) – Java және Android SDK программалау тілін, алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білуді талап етпейтін OS Android платформасына арналған қосымшаларды визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы. MIT App Inventorде жұмыс істеу үшін Google немесе Google Apps аккаунты болу қажет, ал программаларды құру программалық код блоктарын пайдалану арқылы визуалды режимде жүзеге асырылады. MIT App Inventor визуалды программалау ортасына кіргеннен кейін, пайдаланушы оның жобаларының тізімі көрсетілетін бетке түседі. Барлық жасалған жобалар «Менің жобаларым» бетінде сақталады (60-сурет). 60-сурет.

«Менің жобаларым» беті MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі екі негізгі бөліктен тұрады: дизайнер және блоктардың редакторы.

Дизайнер режимі (61-сурет) Дизайнер қолданба интерфейсін жасауға арналған. Бұл режим түрлі компоненттерді: батырмалар, мәтіндік өрістер, суреттер және т.б. орналастыру үшін қолданылады. App Inventor интерфейсі қарапайым және интуитивті. Ол мынадай негізгі элементтерден тұрады:

Палитра – қосымша компонентінің жиынтығы. Маңызды мәлімет Бастапқыда жобаны Google қызметкерлері Java тілінде жазды. Программаны Java Web Start қолданбасы арқылы іске қосты. Жоба MIT-ке берілді және бір жарым жылдан кейін Blockly кітапханасын пайдалана отырып толығымен қайта жазылған, енді ол «App Inventor 2» деп аталды және оны әдеттегі браузерде іске қосуға болады. 118

Көру – мобильді қосымшаның экраны.

Компоненттер – жобадағы компоненттер тізімі. Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылуға арналған батырмалар, суреттер, мәтін, мәтінді енгізу өрістері, интерфейстер сияқты қолданбаның функционалдық элементтері: акселерометр, GPS (Global Positioning System), деректер қоры компоненттер деп аталады.

Акселерометр – ұшақ, ракета, кеме, автокөліктің және т.б. үдеу, баяулау шамасын көрсететін аспап. Қасиеттер бөлімінде компоненттердің параметрлері мен қасиеттері көрсетіледі.

Медиа – пайдаланылатын медиафайлдар тізімі (суреттер, видео, аудиороликтер және т.б.) 61-сурет. Дизайнер режимі Блоктар режимі (62-сурет) Блоктар мобильді қосымшаның логикасын және оның компоненттерін программалау үшін қолданылады, сендер таңдаған компоненттер пайдаланушының әртүрлі әрекеттеріне жауап береді. Қосымшаларды жасау кезіндеқолданылатын блоктардың негізгі топтары: 1. Кірістірілген блоктар

Басқару – тармақталу, цикл, бірнеше экранмен жұмыс істеу блоктары және т.б. блоктар. 119 Логика – қосымшадағы логикалық функцияларды пайдалану блоктары.

Математика – математикалық блоктар жиынтығы.

Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығы.

Массивтер – массивтермен, тізімдермен жұмыс істеуге арналған блоктар.

Түстер – түстермен жұмыс жасайтын блоктар.

Айнымалылар – глобальді және локальді айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар.

Процедуралар – программа ішінде параметрлері бар немесе оларсыз рәсімдер мен функцияларды айқындауға мүмкіндік беретін блоктар.

2.Әрекет блоктары (Screen1) Нақты қосымшаның компоненттерінің әрекеттерін анықтайды. Қажетті компонентті таңдағанда, қолжетімді блоктар көрсетіледі.

3. Кез келген компонент Бұл блоктар тобы қосымшада бір типті компоненттің көп санын ұйымдастыруға және басқаруға мүмкіндік береді. 62-сурет. Блоктар режимі 120 Мысал: «Hello World» қарапайым мобильді қосымшасын құру. Мобильді қосымшаның интерфейсімен жұмыс істеу.

1. Мәзірден Жоба Жаңа жобаны бастау (Проект Начать новый проект) деп ашып, жоба атауына HelloWorld деп жазамыз (63-сурет). 63-сурет. Жаңа жоба құру

2. Экранда екі Жазу (Надпись) компонентін орналастырамыз (64-сурет).

3. Screen1 экранының қасиеттерін өзгертеміз (65-сурет): Көлденеңінен туралау (Выровнять По Горизонтали) – Центр: 3, Тігінен туралау (Выровнять По Вертикали) – Центр: 2, Фон түсі– ұнайтын түсті таңдаймыз.

4. Жазу1 компонентінің қасиеттері: қалың қаріп, курсивті қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Hello World!

5. Жазу2 компонентінің қасиеттері: қалың қаріп, курсивті қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Менің атым – Абылай! 64-сурет. Экран компоненттері 121 65-сурет. Жазу2 компонентінің қасиеттері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!