Ұйымдастыру
кезені
Ой сергіту
жаттығуы.
Миға шабуыл
сұрақтары
Қосымшаларды жиі қолданасыңдар
ма?
– Өздерің қолданған маңызды
қосымшаға мысал келтіріңдер.
– Қосымшалардың түрі көбейіп
жатқанын байқадыңдар ма?
(Ө) «БІЛЕМІН. БІЛГІМ КЕЛЕДІ.
БІЛДІМ» кестесін
құру (оқушыларға кесте
беріледі, оның 1 және 2
бағанын
толтырады).
Білемін
|
Білгім
келеді
|
Білдім
|
|
|
|
Оқулықтағы жаңа материалды
оқу
Мобильді қосымша (ағылш.mobile
app) – нақты платформа
(iOS, Android, Windows Phone
және т.б.) үшін әзірленген смартфондарда, планшеттерде және басқа
да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған программалық
жасақтама.
Мобильді қосымшаларды құру
кезеңдері:
•
мобильді қосымшаны құру
мақсаты;
•
техникалық құралдарын
түгендеу. Нақты сметаны құру;
•
брейнсторминг (миға
шабуыл,
яғни идеяны ұжымдық
түрде
білдіру арқылы мәселенің
шешімін табу әдісі) және эскиздер;
•
интерфейс стилін
таңдау;
•
қосымша дизайнын
әзірлеу;
•
программалау;
•
қосымшаны жариялау
және тестілеу.
Мобильді құрылғыларға арналған
қосымшаларды құру – қазіргі кезде программалаудың танымал және
сұранысқа ие бағыттарының бірі. Визуалды программалау ортасы
алгоритмдеу және программалау саласында мобильдік қосымшаларын
құруды үйренуге мүмкіндік береді. Мұндай орталарда программалаудың
мәтіндік тілінің орнына дайын
іс-әрекеттері, әлеуметтік
желілермен, веб-сайттармен немесе
құрылғының сенсорларымен жұмыс
істеу функциялары және т.б. бар визуалды логикалық блоктар
қолданылады. Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы мультимедиалық
мазмұнды
MIT (Massachusetts Institute
of Technology) App Inventor
(http://ai2.appinventor.mit.edu/) – Java және Android SDK
программалау тілін, алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білуді
талап етпейтін OS Android платформасына арналған қосымшаларды
визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы. MIT App Inventorде жұмыс істеу
үшін Google немесе Google Apps аккаунты болу қажет, ал
программаларды құру программалық код блоктарын пайдалану арқылы
визуалды режимде жүзеге асырылады.
MIT App Inventor визуалды
программалау ортасына кіргеннен кейін, пайдаланушы оның жобаларының
тізімі көрсетілетін бетке түседі. Барлық жасалған жобалар «Менің
жобаларым» бетінде сақталады (60-сурет).

MIT App Inventor программалау
тілінің интерфейсі екі негізгі
бөліктен тұрады: дизайнер
жәнеблоктардың редакторы.
Дизайнер режимі
(61-сурет)
Дизайнер қолданба интерфейсін
жасауға арналған. Бұл режим
түрлі компоненттерді:
батырмалар,мәтіндік өрістер, суреттер және
т.б.
орналастыру үшін
қолданылады.
App Inventor интерфейсі
қарапайым және интуитивті. Ол мынадай
негізгі элементтерден
тұрады:
Палитра – қосымша
компонентінің жиынтығы.
Көру – мобильді қосымшаның экраны.
Компоненттер – жобадағы
компоненттер тізімі.
Android құрылғысының түрлі
датчиктеріне қосылуға
арналған батырмалар, суреттер,
мәтін, мәтінді енгізу өрістері,
интерфейстер сияқты
қолданбаның функционалдық элементтері: акселерометр, GPS (Global
Positioning System), деректерқоры компоненттер деп
аталады.
Акселерометр – ұшақ, ракета,
кеме, автокөліктің және т.б.үдеу, баяулау шамасын көрсететін
аспап.
Қасиеттер бөлімінде
компоненттердің параметрлері мен қасиеттері
көрсетіледі.
Медиа – пайдаланылатын
медиафайлдар тізімі (суреттер,
видео, аудиороликтер және
т.б.)
Сұрақтарға жауап
берейік
1.Мобильді қосымша дегеніміз
не?
2. Қосымшаны құрудың қандай
кезеңдерін білесіңдер?
3. MIT App Inventor
программалау тілінің интерфейсі қандай негізгі бөліктерден
тұрады?
4. Қандай қызықты мобильді
қосымшаларды білесіңдер?
Мысал
келтіріңдер.

Компьютерде
орындайық
А
тапсырмасы. Жаңа жоба құрып, атын өздерің
ойлап
табыңдар. Экранда Жазу,
Батырма компоненттерін
орналастырыңдар. Өз
қалауларыңмен компоненттердің
қасиеттерін
өзгертіңдер.
В
тапсырмасы. Фонның түсін өзгертіп, сурет
жүктеңдер: Медиа ⇒
Суретті
жүктеу ⇒
Шолу
⇒
Суретті
таңдау.
С
тапсырмасы. Фондық суретті
жүктеңдер.
Ой
бөлісейік
Қазіргі таңда кез келген жанға
мобильді қосымшаларға жүгіну маңызды ма?
2. Интернеттен қазақстандық
өнертапқыш Тимур Рысбековтің мобильді телефонмен Жерде басқарылатын
ғарыштық робот туралы ақпаратты тауып оқыңдар. Оны бүгінгі
тақырыппен байланыстырып талқылаңдар.
Не білдім
?
Не
үйрендім?
Не қиындық
туындады?
|