Мөлдір бұлақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мөлдір бұлақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайындық сыныпқа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: Мөлдір бұлақ.
Мақсаты: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау. Ауыспалы мағанадағы
сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану. Тыңдаған мәтіндегі
ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып өткізу.

Шаттық шеңбері.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
-Балалар сөйлеуді дамытудан өткен сабағымыздың тақырыбын есімізге түсірейікші.
- Дұрыс айтасындар, өткен тақырыбымыз «Қанаттылар тіршілігі».
-Біздің айналамызда нелер қоршап тұр?
-Құстардың дене бөліктерін ата.
- Ұшатын жәндіктердің дене бөліктерін ата.
- Олардың ортақ белгілері қандай?
(Балалар сұрақтарға жауап беріп, өтілген тақырыпты естеріне түсіреді.)

Балалар сөйлеуді дамытудан бүгінгі тақырыбымыз «Мөлдір бұлақ».

- Балалар көздеріңді жұмып, мына ғажайып дыбыстарды тыңдаңдар.
( Аудиотаспадан сылдыраған бұлақтың, теңіздің дыбыстарын естірту.)
- Көздеріңді ашыңдар, ненің дыбысын естідіңдер?
-Дыбыстарды естігенде қайда жүргендей болдыңдар?
-Ненің дыбысы естілді?
- Су тіршілік көзі. Су болмаса тіршілік те болмайды. Сондықтан да суды ластамай, үнемдеп
пайдаланумыз қажет. Жер шарының ¾ бөлігін су алып жатыр.
Олар көлдер, өзендер, теңіздер.
Өзен, көлдердегі судың дәмі тұщы болады. Ал теңіз суының дәмі ащы болады.

Көптілділік: Өзен – река - river.
Көл – озера - lake.
Теңіз – море - sea.
(Балалар сөздерді үш тілде қайталап айтады.)

Әліппе-дәптермен жұмыс:
1- тапсырма: Суретші нені ұмытты? Толықтырып сал.
(Балалар балықтын құйрығын, дельфиннің қанатын, акуланың қанатының суретін салады.)

2- тапсырма: Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Бұл балық,
Ақ балық.
Ақ балық,
Қылтаны көп балық.
(Балалар жаңылтпашты қайталап, жаңылмай айтуға тырысады.)


3- тапсырма: Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Дәптеріңді жауып шатастырмай айтып бер.
( Балалар тізбектегі суреттерді шатастырмай тақтаға іліп орындайды.)


Сергіту жаттығуы:
Теңіз толқиды- бір,
Теңіз толқиды –екі,
Теңіз толқиды –үш,
Жел басылды тыныш.

Логикалық ойын: «Тура мағанасын айт».
Ойынның шарты: Бараларға ауыспалы мағанадағы сөздер айту.Балалар тура мағанасын
тауып айтуға тырысады.
Мысалы: Жылы сөз – жылы кун.
Алтын бала – алтын сырға.
Қара шаңырақ – қара шалбар.
Ақ жол – ақ орамал.
Жұмыстың аяғы – адамның аяғы.
Бұлақтың көзі – адамның көзі.

4- тапсырма: Суреттен суда мекен ететіндерді ата. Оларды судың суретімен қос.
(Балалар суда мекен ететіндерді тауып атайды, сызық арқылы судың суретімен қосады.)

5- тапсырма: Мақалдың мағанасын түсініп ал.

1. Судың да сұрауы бар.

2. Бұлаққа бұлақ қосылса «егізбіз» дейді,
Көлге көл қосылса «теңізбіз» дейді.

3. Өзен суын жаңбыр тасытады,
Адам қадірін еңбек асырады.

«Сөзді жалғастыр» ойыны:

1. Мен қармақпен балық ....... .
2. Теңіз жағасынан шағаланы ....... .
3. Бұлақ сылдырлап ...... .
4. Жылқылар су ..... .
5. Аққулар жағаға жақын ..... .
6. Балалар суға ..... .






Оқу іс-әрекетін қорытындылау:
- Қалай ойлайсындар, су кімге және не үшін қажет?
- Өзен, көлдердегі судың дәмі қандай болады?
- Теңіздің суының дәмі қандай болады?
- Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?
(Балалар сұрақтарға жауып береді.)
Рефлекция: Өз жұмыстарын бағалауға шақыру.
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындаш.
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын - сары қарындаш.
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындаш.
(Балалар өз жұмыстарын балықтын суретін бояу арқылы бағалайды.)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі