Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта мен табиғатқа деген
мейірімділігін, қамқорлығын, қиянат жасамау құндылығы арқылы
түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділігі: оқушылардың адам мен табиғат
арасындағы үйлесімділігі туралы түсінік
беру.
Дамытушылығы: оқушылардың бойына табиғатты
сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
Тәрбиелілігі: оқушыларды табиғатқа
мейірімділікпен қарауға, қамқорлық жасауға, жанашырлыққа
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Аудиожазба, бейнежазба, кітап,
дәптер, қаламдар, түрлі түсті
қағаздар.
|
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен амандасу, өзін-өзі
тану сабағының «5-Т» ережесін қайталау. Топқа бөлу (әр топтағы
конфеттердің түсіне байланысты топқа бөлу көк, сары, қызыл, жасыл
түстер)
Тыныштық
сәті
Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША
СЕРУЕН
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап
отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған
сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз
орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп,
есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.
Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді
сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре
бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз.
Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен
балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның
нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін
жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.
Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және
жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар
биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз,
жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі
қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут
демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа
жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз,
ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның
діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс
алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
(Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).Бізге қалайша
жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап,
оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі
жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз
ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды
есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан
тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері
қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің
алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық,
тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып,
күлімсіреңіз!
|
5
мин
|
3.
Дәйексөз.
Таза болса,
табиғат,
Аман болар
адамзат.
(Фариза
Оңғарсынова)
Қоршаған орта неғұрлым таза
болса, адамның денсаулығы мықты, көңілі көтеріңкі болады. Сол
себепті табиғатқа мейірімділікпен қарап, жанашырлық білдіру, қиянат
жасамау әр адамның парызы.
Адам мейірімділікті,
сүйіспеншілікті, қайырымдылықты табиғаттан үйренеді. Адам баласы
табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстау
керек.
|
3
мин
|
Шығармашылық іс-әрекет,
топтық жұмыс
1-Топ: Табиғат және табиғаттың әсем
құбылыстары туралы өлең
шығару.
2-Топ: Өздерің тұратын жерлердегі
табиғат үйлесімділігі сақталмай, қамқорлықты қажет ететін
мәселелерді шешудің жобасын құрып, постер
қорғаңдар.
3-Топ: Табиғат пен адам тұтастығын
көрсететін сөздердің ауыстырмалы мағынасын
табу.
4-Топ: Табиғат және табиғат
құбылыстары туралы мақал мәтел жазып мағынасын ашып
беру.
|
8 мин
|
6. Топпен ән
айту
Жақсы адамдар (Жұматай
Оспанұлы)
Сендер аман болыңдар жақсы
адамдар
Жақсы адамға қосылмас басқа
балдар
Табаныңның астымда жатар
әлі,
Пенделіктен өресі
аспағандар.
Жақсы адамдар, жақсы
адамдар,
Сендер аман болыңдар, жақсы
адамдар
Жақсы көрем сендерді жақсы
адамдар,
Жүрегіңде өйткені әппақ ар
бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән
бар,
Күйіп кетсін көре алмас
патшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы
адамдар,
Күйіп кетсін кетсін көре алмас
патшағарлар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән
бар,
Күйіп кетсін көре алмас
пәтшағарлар.
Сендер аман болыңдар жақсы
адамдар,
Қарап өссін сендерге басқа
жандар.
Жақсы адамдар, жақсы
адамдар,
Қарап өссін сендерге басқа
жандар.
|
3 мин
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық
сәті.
- Балалар, сабақта көрініс
тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне
асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
Сабақтарыңа сәттілік тілеймін. Сау
болыңыздар.
|
2
мин
|