Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мөлдір бұлақтан....."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Мөлдір бұлақтан…» отбасылық байқау
Мақсаты: Мектеп өмірімен отбасы байланысын нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіне деген көз қарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата-ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыру. Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, адамгершілік пен имандылықты бойларына сіңіртіп, ұлтжандыққа баулып, өзінің тегін таныту.
Барысы: Армысыздар, құрметті ата-аналар ұстаздар,оқушылар Бүгінгі мектепішілік «Мөлдір бұлақтан…» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!
Баланың басты ұстазы ата-ана!
Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Бүкіл әлем ата-ананың нұрынан,
Сәлем алып болашаққа жол салған.
Отбасылар бақытын ойлап толғанам,
Сырын ашып көрерменге жол салам.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.
Жасыл құрақ-келешегі баласы,
Олар бірге болады мықты отбасы.
Олай болса, бүгінгі отбасылық сайысқа қатысқалы отырған үміткерлерді ортаға шақырамыз. /сазды әуенмен отбасылар ортаға шығады/
Отбасынан өнегелі тәлім алған,
Өнерлілер талай елді таң қалдырған,
Жыр жырлап, ән салып би билесе
Ешкімнен қалыспаймыз бізде енді-деп,
ортамызға үкілі үміттерімен келген отбасыларға қош келдіңіздер демекпіз.
1 . 3 А сыныбынан шығып отырған отбасы-
2. 3 Ә сыныбынан шығып отырған отбасы- Бисенгалиевтер отбасы
3. 3 Б сыныбынан шығып отырған отбасы-
4. 4 А сыныбынан шығып отырған отбасы- Қазбековтар отбасы
5. 4 Ә сыныбынан шығып отырған отбасы-Хамзиндер мен Жолбатыр отбасылары
6. 4 Б сыныбынан шығып отырған отбасы- Жалледеновтар отбасы
Отбасылық сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлердің өнерін бағалап, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (сазды әуен)
Мектеп директорының ТІЖО- Болатов Асхат Аманғалиұлы
Мектептің кітапхана меңгерушісі- Кадыралиева Аягоз Темирхановна
Мектеп психологі- Альпейсова Маншук Кдыровна
Бүгінгі отбасылық сайысының ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады. Алдымен сайысқа қатысушы отбасыларды сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
-
Кезең «Сәлем сөздің — патшасы » таныстыру
-
Кезең Отбасы,бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдің жалғасын табу,салт-дәстүрді түсіндіру
-
Кезең Ситуациалық сұрақтарға жауап беру
-
Кезең «Өнерпаз болсаң ……..» өз өнерлерін көрсету
Әр отбасы мүшелері реттік номерді алып, сайыс шарттарына дайын
болуларыңыз сұралады.
Таңдаған реттік номермен
Шақырайық ортаға.
Олай болса кезекпен
І-Бөлім. Таныстырсын өздерін–деп, бірінші кезеңге кезек берейік.
№1————————————————— отбасы
№2————————————————— отбасы
№3————————————————— отбасы
№4————————————————— отбасы
№5 ————————————————- отбасы
№6 ————————————————— отбасы
ІІ-бөлім.
Мақалды жалғасын тапсақ қиынынан,
Бірінші топты жарып шығады кім?
Балдай тәтті балалардың бал тілін
Қай топтан жауабын тез табады кім?,- дей келе ІІ-кезеңге де келіп жеттік. Олай болса «Бала тілі –бал» демекші мақал мәтелдердің жалғасын тауып,салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында 2 мақалдың жалғасын тауып салт дәстүрді түсіндіру.
1 топқа-
1.Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар, Бұршақ жауса, басын қорғар.
2. Адам болар жігіттің, Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің, Нары өзіне лайық.
Салт-дәстүр- 1. «Байғазы деген қандай дәстүр? «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
2 топқа-
3. Ат арқасына ер батса, Аяңшыл болады.
Ерге жаттың тізесі батса, Ағайыншыл болады.
-
Ағайын туған кімде жоқ, Сыйласпаса одан жат жуық.
Салт-дәстүр-1. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
3-топқа
-
Өнегелі отаудың өрісі кең.
-
Жалғыз ағаш үй болмас, Жалғыз жігіт би болмас.
Салт-дәстүр- 1. «Тұсаукесер» деген қандай достүр? Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.
4-топқа
-
Ағайынды жігіттің отарында малы бар, Жалғыз-жарым жігіттің шығыр-шықпас жаны бар.
-
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
Салт-дәстүр- 1.Тілашар (дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.
5-топқа
-
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз, Ағайынға жарасар.
-
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің, Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.
Салт-дәстүр Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
3 -бөлім. Ситуациялық сұрақтар.
Ата – аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын (қуаныштарын, реніштерін нақыл сөздерді қолданып ) көрсетеді.
1 топқа-
Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
1-оқушы: — Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы орындамап едім, апай сұраса, «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
2 топқа-
Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
2-оқушы: — Анашым, мен бүгін емтиханнан «2» алдым.
3 топқа-
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жуапкершілігі басым ба?
3-оқушы: - Әке менің жақсы досым бар,менің өзіммен жақсы қарым-қатынаста болғанмен өзге балалармен ара-қатынасы шамалы. Досыма қалай көмектесуіме болады?
4 топқа-
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
4-оқушы: — Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым. Ұстазым маған риза болды.
5 топқа-
Баланыздың шығармашылық қабілетін дамытуда қандай бағытта жұмыстанасыз?
5-оқушы:-- Анашым біздің сынып атынан сайыс, жарыстарға әркез басқа оқушы ата-анасымен шығады. Менде Сіздермен бірге қатысқым келеді?
ІV- Бөлім- «Өнерпаз болсаң ……..» өз өнерлерін көрсету
Бүгінгі сайыскерлер бәйге алуға
Тамсандырып қызықты ән салыпты
Отбасылар аянбай ән салыпты
Кәнекей көрейік өнері бар екен қаншалықты-деп,
« Өнерпаз болсаң….. » деп, таңдаған номерлеріңізге байланысты өз өнерлерін ортаға салады.
№1————————————————— отбасы
№2————————————————— отбасы
№3————————————————— отбасы
№4————————————————— отбасы
№5 ————————————————- отбасы
Ендігі кезекте қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына берейік.
Сайыс қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті:
МАРАПАТТАУ:
—————————————— отбасы — І-орын
—————————————— отбасы -ІІ-орын
——————————————-отбасы -ІІІ орын
сайысқа қатысушы үміткерлер, Сіздерге айтарымыз қасиетті жеріміздің, еліміздің салт-дәстүрін, үлгі өнегесін өз ұрпақтарымыздың бойына сіңіре білетін және балалар жүрегіне жол таба білетін әдепті де әдемі, білімді де білікті ата-ана болыңыздар демекпіз.
Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!