Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттыруға, әсемдікті, әдемілікті көре білуге,
табиғатты- қорғап,аялауға үйрету, жанды және жансыз табиғаттағы
құбылыстарды түсіне білуге баулу.
Көрнекіліктер: Жанды және жансыз табиғатқа
байланысты суреттер.
Билингвалдық
компоненттер: Табиғат-природа, жанды
табиғат-живая природа, жансыз табиғат-неживая
природа.
Балалар дөңгеленіп тұрып
бір-біріне жылы тілектер айтты.
Жеріміз аман
болсын!
Суы бар жерде өмір
бар.
Бейбітшілік
болсын!
Еліміз тыныш
болсын!
Әрқашан күн
сөнбесін!
Дос
болайық!
Отбасымыз аман
болсын!
Тәрбиеші: Біз осы өмір сүретін әлемде,
барлық адамдар қайда тіршілік етеді?
Балалар: Барлық адамдар жер бетінде
тіршілік етеді.
Тәрбиеші: Адам тіршілігіне не ортақ деп
ойлайсыңдар?
Балалар: Жер,күн,жұлдыздар, ай ,су,ауа
және т.б.
Тәрбиеші: Балалар,осы біз немен дем
аламыз?
Балалар: Ауамен дем
аламыз.
Тәрбиеші: Біз нені басып
жүрміз?
Балалар: Біз жерді басып
жүрміз.
Тәрбиеші: Ал су не үшін
керек?
Балалар: Адамға сусыз өмір жоқ, гүлге
де, егіске де, бау-бақшаға да, ағашқа да су
керек.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, бәріміз ауамен
дем алып, суды ішеміз.Осылардың бәрін бізді қоршаған ортаны бір
сөзбен не деп айтамыз?
Балалар: Бізді қоршаған ортаны Табиғат
деп атаймыз.
Тәрбиеші: Табиғат екіге бөлінеді.Жанды
табиғат және жансыз табиғат.Жанды табиғатқа:
гүлдер,ағаштар,шөптер,құстар,жануарлар және т.б. жатады.Жансыз
табиғатқа: тас, құм,су,мұз,топырақ,жаңбыр,қар және т.б.
жатады.Қалай ойлайсыңдар жалпы осы табиғатқа қамқорлық керек
пе?
-Иә.
Олай болса кім табиғат туралы
тақпақ біледі?
Алуа: Ей, табиғат
балаңмын,
Ертеңіңе
алаңмын.
Табиғаты
ғаламның
Денсаулығы
адамның.
Әлібек: Өтсе аялап
бабамыз,
Туған алтын
бесігің.
Айқара ашар
баламыз,
Болашақтың
есігін.
Жанел: Өз үй, өлең,
төсегің
Табиғат болып
қалады.
Оған атқан
кесегің,
Өз басыңды
жарады.
Балалар: Табиғаттағы барлық заттарға
қамқорлық жасау,ластамау, таза болу керек.
Тәрбиеші: Біз ауамен дем аламыз.Ауа
көзге көрінбейді,микробтардың бәрі ұшады,біз оны біртіндеп жұтып
жатырмыз.Алайда кір, қоқырсық, лас болса ауаға ұшады.Айналаны
ластайтын кімдер деп ойлайсыңдар?
Балалар: Ластайтын
адамдар.
Сергіту
сәті:Балалар біз қазір гүлдің
тұқымы боламыз. Көздеріңді жұмыңдар . Сендерге қараңғы болып тұр.
Себебі: сендер енді ғана топыраққа отырғызды. Кенеттен сендер
жылуды сезіндіңдер. Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар.
Сөйтіп, жердің бетіне шықтыңдар. Күн сендерге өзінің шуағын төгіп
тұр. Сендер одан сайын өсе бастадыңдар. Енді жаңбыр жауа
бастады.Сендер жаңбырдың суын ішіп,одан да биіктеп өсе
бастадыңдар.Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып ,
кішкентай түйнек пайда болды. Міне балалар сендер әдемі гүлге
айналдыңдар.
Жұмбақ
Аяғы жоқ, қолы
жоқ,
Бірақ тыныш
тұрмайды.
Сақтамасаң қорын
тек
Барша тіршілік құлайды.Ол
не?
Балалар: (Су)
Тәрбиеші: Су таза болу керек, таза емес
суды ішуге болмайды,ондай жерде әртүрлі жұқпалы аурулар болады.Су
жағасынан қорырсық көрсеңдер не
істейсіңдер?
Балалар: Біз бәрін жинап белгілі бір
орынға апарып тастар едік.
Тәрбиеші: Олай болса
балалар кім су туралы мақал-мәтел
біледі?
Жанерке:Сулы жер нулы
жер
Нұрмұхан:Суы бар жерде өмір
бар.
Абдрвхман: Сусыз өмір
жоқ.
Әсел:Су табиғаттың
ажары
Жомарт: Судың да сұрауы
бар.
Аңсар: Су тіршіліктің
көзі.
Маржан:Бұлақ көрсең көзін
аш.
Тәрбиеші: Балалар мына суретке назар
аударыңдаршы.Таудан ағып жатқан бұлақтың суын жан-жағындағы
ағаштар,тастар, жапырақтар бұлақтың көзін бекітіп тастапты. Жанды
табиғатпен жансыз табиғатты бір-бірінен ажыратып бұлақтың көзін
ашайық.Жанды табиғатты күннің астына қояйык,жансыз табиғатты
бұлттың астына кояиық.
Сөйтіп, балалар табиғатты
екіге бөліп, бұлақтың көзін ашып, «Жасыл бағым жайнаған» атты әнін
орындады.