Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып оқушыларына арналған молекулалардың қозғалысы, дуффузия тақырыбы. Молекулалар әлемдегі ең кішкентай бөлшек. Барлық заттар атомдар мен молекулалардан құралған. Олар ретсіз қозғалыста болады. Оқушылар осыны жақсы түсінуі керек. Диффузия бір зат молекуласының екінші зат молекуласына араласуын, енуін айтады. 7-сынып оқушылары нақты ережесін айта алатындай болуы керек., үш күйге мысал келтіре алуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

§ 15 Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Молекулалардың қозғалысы. Диффузия жайлы мағлұмат беру

  • Молекулалардың қозғалысы. Диффузия күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Молекулалардың қозғалысы. Диффузия жайлы мағлұмат алады

  • Молекулалардың қозғалысы. Диффузия күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Shape1

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.


Д иффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)


Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.

Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Джигсо»

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

1 . Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Молекула дегеніміз не?

3. Заттардың молекулалары бірдей ме?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?

  2. Диффузия деген не?

  3. Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?

ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс (5 минут) Берілген сұраққа жауап береді.

  1. Шыбын -шіркейтің қозғалысын түсіндір?

  2. Қыстыгүні өзердер мен көлдер беті қалың мөз басқан кезде балықтар неге қырылып қалады?

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (10 минут)

1

Білу

Диффузия дегеніміз не?



2

Түсіну

Диффузия құбылысына мысал келтір?




3

Қолдану

Көкөністерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?




4

Талдау

Қатты денедегі және сұйық заттағы жүретін диффузия құбылысын салыстыр?




5

Жинақтау

Диффузия құбылысының және дене температурасының оның молекулалар қозғалысына тәуелділігін түсіндір?


6

Бағалау

Күнделікті тұрмыста диффузия құбылысы қаншалықты қажет?




Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§ 15 Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.00.2018
1014
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі