Мақала
Мөңке бидің 350 жылдық мерей тойы қалай атап өтілді?
Қазақ даласының аса көрнекті сұңғыла дана-сәуегейлерінің бірі-Мөңке Тілеуұлы. Мөңке Тілеуұлын барлығымыз Мөңке би деп танимыз. Қазіргі Қазақстанның Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туған. Ол текті отбасыдан шыққан және өзінің биік міндетті атқаруға келгенін сезінген. Мөңке би өзінің ерекше сұңғұлалығы мен көріпкелдік қасиеті үшін “Ұлы Даланың Нострадамусы” деп халық оны атап кеткен.
М
өңке бидің 350 жылдық мерей тойы, Ақтөбе
облысының Ақшат ауданының төңірегінде болды.
Бұл мерей тойға халық қатты дайындалды. Адамдар ерте барып, дастархан жасап, от жағып, қазанға күріш бастыра бастады.
Үйлерін күні-түні көрмей, дайындалған адамдар да болды.Мысалға осы мерей тойды ұйымдастырған аға-апаларымыз.
Жасалған үлкен мерей тойға 50-ден астам киіз үй құрылып, оларды шеңбер ретінде орналастырған. Бұл киіз үйлерді рулар болып бөлініп, әр ру 1-2 киіз үй тіктірген. Әр киіз үйдің артында қазан, ошағы болды.
Әр киіз үйде бір ру орналасты. Мысалы, Жақайым руы бір киіз үй тіккізді. Сол үйде Жақайымдар жиналып, дастарқаннан тамақтанды.
Әр киіз үйдің алдында, әртүрлі қызықты заттар болды. Бір киіз үйдің алдында ұлттық киім киген әйелдер тұрса. Басқа киіз үйдің алдында батырдың киімімен қолында бүркіт отырған және жанында тазы иті тұрған, ер адамдар тұрды. Ал бір киіз үйдің алдында баян мен домбыра мен ән шырқады. Ал біреуін де қазақ, орыс балалары домбыра да ойнап, ән айтты.
Киіз үйден құралған шеңбердің ортасында, қазақ күресіне арналған сахна болды. Мерей тойға келген қонақтар қазақ күресіне өздері жазыла алды. Жазылу аяқталған соң, күрес болмай тұрып, қатысушыларды таныстырды және қатысушылар әр-түрлі қаладан келген. Қазақ күресі басталып, қызығып сахнанын жанына жиналғандар өте көп болды. Ең бастысы қауіпсіздік ережесін ұмытпай, сахнанын жанына жедел жәрдем көлігі келіп тұрды және ұлттық ұланның адамдары жан-жақтан адамдарға қарап тұрды.
Тек қана қазақ күресі емес, тағы асық атып ойнап, жатқан балалар мен жасөспірімдер де болды. Асық атып, ойнап жатқан балаларды қарап қана қоймай, олармен бірге ойнауға болады, тек ұйымдастырушыларға барып, жазылу қажет болды. Балалар тек асық ойнаған жоқ, одан басқа шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнады. Мерей тойға келген қонақтардың балалары бұл ойындарға қызығушылықпен қатысты.
Ойындардан басқа үлкен сахна орнатылды және көптеген отыратын орындықтарды да жасаған, адамдарға ыңғайлы болу үшін. Бұл үлкен сахна да көптеген өлеңдер мен күйлер ойналды.
М
ен бұл мерей тойды, қызыға қарап, Мөңке би атамыз
туралы, қонақ болып келген адамдардан және ұйымдастырушының
біреуінен
сұхбат алдым. Алған сұхбаттарымнан Мөңке би атамыз жайлы көп ақпарат білдім. Біздің ата, ағаларымыздың айтқан әрбір сөзіне тамсана қарап, тыңдадым. Маған аталарымыздың айтқан сөздері мен ақылдары қатты ұнады.
Мөңке бидің 350 жылдық мерей тойы, халық жүрегіне мәңгілік шамшырақ болып қалды. Мерей тойдың жоғарғы деңгейде өтуіне себепші ол халық. Әр адам кішкентай да болсын өз көмек қолын созды. Күн естен кетпестей болып өтті. Бұл мерей той “Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы” болып саналатын болады. Мөңке бидің 350 жылдық мерей тойына ат салысып, көмектескен адамдарға, әкімшіліктен алғыс хаттар берілді.
Мәншүк Сәтбай
Ақтөбе қаласы
“Смарт-білім”
мектеп-гимназиясының
11 сынып оқушысы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мөңке би 350 жылдық
Мөңке би 350 жылдық
Мақала
Мөңке бидің 350 жылдық мерей тойы қалай атап өтілді?
Қазақ даласының аса көрнекті сұңғыла дана-сәуегейлерінің бірі-Мөңке Тілеуұлы. Мөңке Тілеуұлын барлығымыз Мөңке би деп танимыз. Қазіргі Қазақстанның Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туған. Ол текті отбасыдан шыққан және өзінің биік міндетті атқаруға келгенін сезінген. Мөңке би өзінің ерекше сұңғұлалығы мен көріпкелдік қасиеті үшін “Ұлы Даланың Нострадамусы” деп халық оны атап кеткен.
М
өңке бидің 350 жылдық мерей тойы, Ақтөбе
облысының Ақшат ауданының төңірегінде болды.
Бұл мерей тойға халық қатты дайындалды. Адамдар ерте барып, дастархан жасап, от жағып, қазанға күріш бастыра бастады.
Үйлерін күні-түні көрмей, дайындалған адамдар да болды.Мысалға осы мерей тойды ұйымдастырған аға-апаларымыз.
Жасалған үлкен мерей тойға 50-ден астам киіз үй құрылып, оларды шеңбер ретінде орналастырған. Бұл киіз үйлерді рулар болып бөлініп, әр ру 1-2 киіз үй тіктірген. Әр киіз үйдің артында қазан, ошағы болды.
Әр киіз үйде бір ру орналасты. Мысалы, Жақайым руы бір киіз үй тіккізді. Сол үйде Жақайымдар жиналып, дастарқаннан тамақтанды.
Әр киіз үйдің алдында, әртүрлі қызықты заттар болды. Бір киіз үйдің алдында ұлттық киім киген әйелдер тұрса. Басқа киіз үйдің алдында батырдың киімімен қолында бүркіт отырған және жанында тазы иті тұрған, ер адамдар тұрды. Ал бір киіз үйдің алдында баян мен домбыра мен ән шырқады. Ал біреуін де қазақ, орыс балалары домбыра да ойнап, ән айтты.
Киіз үйден құралған шеңбердің ортасында, қазақ күресіне арналған сахна болды. Мерей тойға келген қонақтар қазақ күресіне өздері жазыла алды. Жазылу аяқталған соң, күрес болмай тұрып, қатысушыларды таныстырды және қатысушылар әр-түрлі қаладан келген. Қазақ күресі басталып, қызығып сахнанын жанына жиналғандар өте көп болды. Ең бастысы қауіпсіздік ережесін ұмытпай, сахнанын жанына жедел жәрдем көлігі келіп тұрды және ұлттық ұланның адамдары жан-жақтан адамдарға қарап тұрды.
Тек қана қазақ күресі емес, тағы асық атып ойнап, жатқан балалар мен жасөспірімдер де болды. Асық атып, ойнап жатқан балаларды қарап қана қоймай, олармен бірге ойнауға болады, тек ұйымдастырушыларға барып, жазылу қажет болды. Балалар тек асық ойнаған жоқ, одан басқа шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнады. Мерей тойға келген қонақтардың балалары бұл ойындарға қызығушылықпен қатысты.
Ойындардан басқа үлкен сахна орнатылды және көптеген отыратын орындықтарды да жасаған, адамдарға ыңғайлы болу үшін. Бұл үлкен сахна да көптеген өлеңдер мен күйлер ойналды.
М
ен бұл мерей тойды, қызыға қарап, Мөңке би атамыз
туралы, қонақ болып келген адамдардан және ұйымдастырушының
біреуінен
сұхбат алдым. Алған сұхбаттарымнан Мөңке би атамыз жайлы көп ақпарат білдім. Біздің ата, ағаларымыздың айтқан әрбір сөзіне тамсана қарап, тыңдадым. Маған аталарымыздың айтқан сөздері мен ақылдары қатты ұнады.
Мөңке бидің 350 жылдық мерей тойы, халық жүрегіне мәңгілік шамшырақ болып қалды. Мерей тойдың жоғарғы деңгейде өтуіне себепші ол халық. Әр адам кішкентай да болсын өз көмек қолын созды. Күн естен кетпестей болып өтті. Бұл мерей той “Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы” болып саналатын болады. Мөңке бидің 350 жылдық мерей тойына ат салысып, көмектескен адамдарға, әкімшіліктен алғыс хаттар берілді.
Мәншүк Сәтбай
Ақтөбе қаласы
“Смарт-білім”
мектеп-гимназиясының
11 сынып оқушысы
шағым қалдыра аласыз













