Сабақтың тақырыбы:
Монғолдардың Қазақстанды жаулап
алуы.
Тақырыптың
жоспары:
1. Монғолдардың жаулап алуы
қарсаңындағы қалалар.
2. Монғолдардың қалаларды
жаулап алуы.
Сабақтың оқулық
мақсаты: Қазақ қалалары, қарсылық
соғыстары т.б. мәні мен маңызы туралы білім
беру.
Сабақтың дамытушылық
мақсаты: Монғол империясы мен
шапқыншылық соғыстары туралы білімдерін дамыта отырып, шығармашылық
қабілеттерін ашу.
Сабақтың тәрбиелік
мақсаты: Қайырхан мен қалаларды
қорғаған батырлар мен халықтың ерлік істерін дәріптеп,
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру: сыныптың
көңіл-күйін сұрау. (2
минут)
-
Сыныпты топқа бөлу (топқа
қалалардың атымен бөлінеді. )
-
Топ-
Отырар;
-
Топ-
Сығанақ;
-
Топ-Ашынас;
-
Топ-Сауран
Топ бойынша
отырғызу
І. Қызығушылықты
ояту:
1. Бүгінгі сабағымыз 13
ғасырдың алғашқы ширегіне арналғандықтан қалай ойлайсыздар, «Соғыс»
деген не? Бір минут ішінде ойларңызға келген ой легін қағаздан
қолдарыңызды алмай дәптер бетіне түсіріңіздер
...(1
минут)
2. Ал енді ой легін
топтастырамыз, қанеки әр топ өздерінің үздік деп тапқан бір ойын
ортаға саламыз. (2
минут).
ІІ. Мағынаны тану
кезеңі:
3. Мұғалім: «ия, дұрыс
айттыңдар, балалар соғыс деген алапат, өлім, төгілген қан, ешкімнің
басына сұм соғысты бермесін. Міне балалар бүгінгі оқитын
тақырыбымыз: «Монғолдардың қазақ жерін
жаулап алуы».
4. Тақырыпқа байланысты
электронды оқулық қойылады: (Мен өзім көріністі
айтамын).
Үш жасынан атқа үйретілген, ат
құлағында ойнайтын, соғыс өнерін кішкентайынан меңгерген.
Шыңғысханның қатал тәртібіне бағынған монғолдың қалың қолы қазақ
қалаларына қарай қаптап келе жатты. Біздің қалаларымыз қандай
керемет еді, Көгіне күн нұрын төккен,
Жеріне гүл жүпар
сепкен.
Неткен сүлу, неткен көркем
еді
біздің қалаларымыз, міне осы
қалаларымызды қалай қорғаймыз, ол енді сіздердің
еншілеріңізде (2
минут)....
Топқа тапсырма
беру:
-
Тапсырма;
-
Ал балалар өз қалаларыңды
қорғау үшін бірінші хандарыңды сайлап алыңыздар, содан кейін ханның
маңына жиналып, қалаларыңды қалай қорғайсыздар ақылдасып қорғанудың
сызбасын және қорғанысты қалай күшейтесіздер соны
жазыңдар. (бүл тапсырмаға
сіздерге 5 минут уақыт)
-
Ал енді әр «қаладан» ханнан
басқа адамдар келесі қалаға барып, олар қалаларын қалай қорғағай
жатқанын біліп, өздеріңде жоқ амалдарды жазып алып, өз тобыңа келіп
қағаздарыңа түсіріңдер. (бұл тапсырмаға сіздерге
3 минут).
-
Әр топтың жасаған жұмысын
тақтаға ілгізіп, соның ішінде басты қала
Отырар қаласына өз жазғандарын
қорғату (бұл тапсырмаға 2 минут)
.
-
Тапсырма;
Мәтінді интерактивті
тақтаға шығару:
-
Мәтін беріледі: «Монғолдың
қалың қолына төтеп бере алмаған қалалар бірінен кейін бірі құлап
жатты. Сығанақ үш ай, қалған қалалар айға жетер-жетпестен қирады.
Тек Отырар ғана, дала төсінде 11 ғасыр жұлдыздай жарқыраған Отырар
ғана берлмеді. Шағатай мен Үгедейдің 150 мың қолы Отырарды 5 ай
қоршады. Биліктен дәмеленген Қараджа сатқын Отырардың Суфи
дарбазасын монғол әскеріне ашып берді... 5 ай қорғанған Отырардың
күні сөніп бара жатты...
Осы кезде күтпеген оқиға
болды, не болады деп ойлайсыздар?
-
Әр топ қандай оқиға болатынын
топ ішінде талқылаңдар (бұл тапсырмаға сіздерге
3 минут);
-
Әр топтан бір оқушы
құрастырған ситуацияларын ортаға салыңыздар
(бұл тапсырмаға сіздерге
4 минут);.
Ал еді өз пайымдауларыңызды
шын мәнінде не болғанын салыстырып, толықтырып
қойыңыздар.
Тақтаға
шығару.
-
Мәтіннің келесі бөлігі
таратылады: «Шаһристанға, Шаһристанға – деген Қайырханның даусы
қала ішінде жаңғырықты. Отырардың тірі қалған халқы Шаһристанға
бекінді. «Бұл не өзі, жеңіс пе әлде жеңіліс пе!» - деді Шыңғыс
хан. Отырардың халқы 1 ай
қорғанды.»
Өте жақсы, ал енді Отырарды
жанындай қорғаған Қайырханның күні қандай болы деп
ойлайсыздар? (Ойлануға 2минут
уақыт)
Өз ойларыңызды салыстырып
инцерт кестесіне түсіріңіздер (бұл тапсырмаға 1минут
уақыт)
Тақтаға
шығару.
-
Мәтіннің қалған бөлігі
таратылады: «Отырардың ханы Қайыр ақтық демі біткенше шайқасты. Ең
соңында қолына түскен кесекті атып үлгерді. Осы кезде Қайыр ханның
мойнына қыл шылбыр жыланша оралды. Қолға түскен Қайыр ханның өзіне
қызмет етпейтінін білген Шыңғыс хан оған балқытылған күміс құйып
өлтірді».
-
Оқушы өздерінің ойларымен
мәтінді салыстырады да инцерт кестесіне
түсіреді.
V – өзім
білдім
+ – ойыма
сәйкес
? – қалай
болады?
ІІІ. Ой толғаныс
кезеңі:
-
«Соншалықты мықты бекініс
жасаған едіңдер ғой, неғып қорғана
алмадыңдар?» (Топ 1 минут
ойланады).
-
«Әр қаланың» «ханы»
сөйлейді. Рөлге кіру (ойды
жалғастыр):
«Мен өз қаламды қорғай
алмадым, себебі...(бұл тапсырмаға әрбір
ханға 1минут уақыт).
Олай болса ешқайсыларыңды
қалаларыңды қорғай алмадыңдар, мүмкін қорғаныстарың нашар болған
шығар, мүмкін монғолдың қалың қолына төтеп бере алмаған шығарсың,
ондай болса қазақ халқының болашағын болжап (шағын эссе, ой
толғаныс) жасайық.
-
Топ мүшелері қалалардың
тағдыры енді не болатынын «Т» кестесіне
түсіреді.
-
-
Ескі әлем (бұрынғы
қала)
|
Жаңа әлем (кейінгі
қала)
|
|
|
Ия дұрыс Шығысханның шабуылы
Қазақ хандығының дамуын 150-200 жылға кейін шегерді, бұдан кейін 3
ғасыр Ресей патшалғының, содан кейін казармалық тоталитарлық
жүйенің қыспағында болдық, Міне бүгін тәуелсіздігімізге 20 жыл
Тәуелсіздігіміз баянды болғай ,деп сабақты
-
Мұғалім келесі тақырыпқа
«көпір» тастайды: «Енді біздің жерімізде «Алтын Орда» деген
мемлекет құрылады, ол туралы ойланып, қосымша дерек жинап
келіңдер».
Баға топтың өзін-өзі
бағалауына сәйкес қойылады.