Монолог: "Психологтың ғажайып əлемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Монолог: "Психологтың ғажайып əлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша, мектеп психологтарына жəне студенттерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Монолог: «Психологтың ғажайып әлемі»


Психолог әлемі ертегі сияқты сиқырға толы. Бұл ғажайып әлемде жеңімпаздар мен жеңілгендер болмайды. Психолог әлемінде тек бақыт, шексіз сенімділік, сүйіспеншілік, тыныштық пен үйлесімділік сезімдері ұялайды. Әрбір адамда нұр болады. Психологтың басты міндеті - адамға бұл нұрды табуға көмектесу. Барлығымыздың бастауымыз балалық шақтан. Қазіргі ересектің психологиялық мәселелері бала кездегі уайым, реніш, қорқыныштан туындаған. Жастайынан адамның жанында кеңесші, ақылшы серігі болған дұрыс. Ия, психолог – бұл сиқыршы. Ол балаға мәселенің себебін тауып, оларды жеңуге көмектеседі. Мен балаларды жақсы көремін. Баланың нәзік жанын емдеу үшін перизат болуымыз керек. Психологтың жалғыз құралы – сөз. Сөз арқылы баланың жанына жағымды әсер ету, оның сеніміне бөлену – бұл үлкен өнер. Баланың реніші мен ауыртпашылығын кешірім мен жанашырлыққа айналдыру – психологтың міндеттерінің бірі. Мен аялы алақаныма бала жанын алып, нұрландырамын. Баланың жаны «жас алма ағашындай», оны сүйіспеншілікпен аялап, суаратын болсақ үлкен мықты ағашқа айналып, жемісін береді.


Shape1

Қиянат жасамау

Shape3 Shape2

Ақиқат

Дұрыс әрекет

Shape5 Shape4

Тыныштық

Рисунок 8 сүйіспеншілік


Жоғарыда берілген суретті талдасақ, бала – алма ағашы. Ақиқат – бала. Психолог баламен жұмыста дұрыс әдістерді таңдап, дұрыс әрекет жасау арқылы, сүйіспеншілікпен бағыт береді. Бала жаны тыныштыққа бөленеді. Психолог - ғажайып бағбан. Бала жанына қиянат жасамай, күтіп бағады. Мықты, дені сау, кедергілерді жеңе алатын, жетістікке жетуде өзіне сенімді, өз ерекшелігін түсінетін азамат болып өсуіне көмектеседі.

Психолог кабинетіне көңіл-күйі төмен, күйзеліске ұшыраған адам кіреді. Психологпен әңгімелескен соң, бала жаны нұрланып, көзі күлімдеп, жарқырай түседі. Бұл әлем оны қабылдайтыны және қоршаған адамдар оны жақсы көретінің түсінеді.

Психолог – «жан танушы». Адам жанын танып білген психолог – нағыз сиқыршы. Неткен керемет әлем! Психолог баланы «өмір» атты шытырман бойымен жүргізіп, өзін-өзі тану жолында сенімді серігі болады.

Бақытты, үйлесімді өмірдің кілтің қайдан және қалай табуға болады? Бұл сұраққа, әрине, психолог жауап береді!

Адам өмірі құпияға толы. Оны үйлесімділікпен гүлдендірсек, шексіз бақытқа бөлене аламыз. Адамның балалық шағы мұңға толы болса, қалай болашақта бақытты болады? Өмір бақи кедейлікте өмір сүріп, қалай дәулетке жетеміз? деген сұрақтарға «психология» атты сиқырлы әлемнен жауап аламыз. Психолог өмірлік сценарийді қайта жазуға, тағдырыңды өзгертуге, өткен шаққа оралып, оны қайта қарастыруға көмектесетін сиқырлы жан!


Ұлан – ғайыр шексіздік,

Психологтың әлемі.

Салмақтылық кекесін,

Ісінің болар төтесі.

Бағындырып асқарды,

Алдағы күнді болжайды.

Махаббатқа құмарлық,

Тағдырлардың аужайы.


Орныққан түрлі сезімдер,

Эмоциялар мұхиты.

Қызметіме адалмын,

Ұстанып өтем шындықты.


Үн жырғасы түскенге,

Көмекке келем әрқашан,

Еніп кетіп мүлдемге,

Психология атты әлемге!



















Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі














Монолог:

«Психологтың ғажайып әлемі»








Дайындаған: «№ 38 жалпы орта білім беретін

мектеп-лицей педагог-психологы»

Шакиртова М.С.















Семей -2018 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2018
4400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі