Мотивация

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Мотивация

Материал туралы қысқаша түсінік
Мотивация
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мотивация





Әл-Фараби атындағы 90 жылдық тарихы бар ҚазҰУ бүгінгі таңда мемлекетіміздің жоғары мектебінің тірегі, бүкіл Орталық Азия аумағындағы кадрлар дайындайтын ірі ұстаханаға айналды.

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні. Жоғары оқу орны халықаралық QS рейтингінде 230-орын иеленетін отандық жалғыз университет. Орталық Азия бойынша да өзінің көшбасшылық позициясын сақтап келеді. Әлемдік рейтингке ТМД елдерінен тек екі университет – Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ топ 250-ге кіреді. Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы QS Asia University Rankings бойынша да Азиядағы үздік және алғашқы 30 жоғары оқу орнының қатарында.

Білім ордасы «зерттеу университеті» мәртебесіне ие. 2022 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді. 1934 жылы 15 қаңтарда алғаш 54 студентпен ашылған университетте қазіргі таңда 25 мыңнан астам білім алушы бар.



Біз қазір модуль бойынша психология пәннін өтіп жатырмыз соның ішінде мотивация тақырыбына тоқтала кетсем.

Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.

Платонның адам рухы үш бөліктің бірлігінен құралады деген идеясында осы мотивация ұғымының мағынасы қамтылған. Нәпсі дегеніміз тамақ жеу, көбею ниеті болып, дене қажетін орындауды талап етеді. Нәпсіні адамның ақылы емес, көңілі тізгіндеп ұстауы керек. Дегенмен, ішсем-жесем, денелік қанағаттансам дейтін ішкі талап пен таным-ақыл талабы шығыса бермейді. Ежелгі заман философиясы, әсіресе бақыт туралы ілім бақытқа деген қажеттілік соған талпындыратын мотивацияның негізі деп түсіндіреді. Дегенмен, бақытқа болсын, басқаға болсын адамды шабыттандыратын түрткі күшке XX ғасырдың 30 жылдарына дейін кез келген ғылым саласы арнаулы түрде мән берген жоқ.

Адам санасын танудың қазіргі жаңа беталысына орай, мотивация адам қажетсінуінің адамды сыртқа (әрекетке) бағыттауы, ал қажетсіну мотивацияның ішке (тоюға, ләззаттануға, рахаттануға, қуануға) бағыттауы. Былайша айтқанда, адам жаны сыртқы мақсатқа бағытталса мотивация, ішкі толықтауға (аштық секілді талапқа) бағытталса қажетсіну болмақ. Дегенмен бұлай түсіндіру салыстырмалы. Мысалы Маслоудың қажетсіну қабаты теориясында қажетсіну мен ниет араластырылып түсіндірілген.



Кез келген студентте оқудың бір кезеңінде мотивация мәселесі пайда болады. «Бұл маған не үшін керек?», «Жалығып кеттім», «шаршадым, ары қарай оқуға күш жоқ» және т.с.с. Бұндай ойлар көбінесе семестрдің ортасында немесе соңында пайда болады. Сол уақытта адамның күші азайып, ал жүктеме азаймай, керісінше, артып жатады. Барін қойып, демалыс жариялауға болады, бірақ ол мәселені одан сайын арттырып, басқа да қиындықтарға әкеледі. Олай болмас үшін оқуға деген ынтаны (мотивация) жоғарылатамыз.

Американың үздік университетінің бірі Гарвард университетінде бұл проблемаға өте байыппен назар салған. Сенімділігі төмендеген, күмәнданып жүрген студенттер үшін мотивациялық тұжырымдамалар тізімі бар, ол не үшін оқу керектігін еске тісіріп, одан сайын жақсы оқуға талаптандырады.

Гарвард студенттерінің мотивациялық тұжырымдар тізімі

* Егер де сен қазыр ұйықтап қалсаң, әрине сен түсіңде арманыңды көрерсең. Егер де сен  ұйқының орнына оқуды таңдасаң, онда сен арманыңды іске асырасың.

* Бәрі мүлдем кеш деп ойласаң, негізінде бәрі әлі де ерте.

* Білім алу азабы тек уақытша, білімсіздік азабы – мәңгілік.

* Оқу – ол уақыт емес. Оқу – ол күш салу.

* Өмір – тек оқудан ғана түрмайды, дегенмен егер сен өмірдің осы бөлігін өте алмасаң, басқа не нарсеге қабілетің жетеді.

* Күш салып, жігер күшін жұмсау жағымды сезімдер сыйлауы мүмкін.

* Барлығын ерте және көп күш жұмсаған адам ғана өзінің жеңісіне рахаттана алады.

* Барлығынан жетістіктерге жету барлығының қолынан келмейді, бірақ жетістік тек өз-өзіңді жетілдірумен, шешімділікпен келеді.

* Уақыт тез өтіп кетеді.

* Болашаққа инвестиция (күш, уақыт, қаржы) салатын адам – реалист.

* Сенің болашақта алатын жалақың сенің біліміңе тура пропорционалды.

* Бүгінгі күн ешқашан қайталанбайды.

* Қазір сенің жауларың құмарлана кітап оқып жатыр.

* Тер төкпей, табыс таппайсың

Психология пәні бізге керек пе?

Психология барлық жағдайларға арналған көмекші болмаса да, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі.Жалпы психология пәні студенттерге өте керек пән.Ата-аналарыннан алыста сабақ деп шаршап жүрген студенттерге мұғалімдеріміз аптасына болатын 1сағаттың ішінде үлкен мотвация беріп сабақ оқуға деген ынтаны артырады.







Тленчиева Н.С.

Педогогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова .Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Утаева Ақтілек

Менеджмент мамандығы 1курс студенті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі