Материалдар / MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2018
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАҢҒЫСТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ





Shape1






сабақ жоспары




Мамандығы: ТОРА-17/17 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану»

Тақырыбы: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма тұрғызу. Диаграмма шеберінің жұмысы.

Информатика пәні мұғалімі: Тажиева Назгүл


















2017 жыл

Бекiтемiн

Бірлестік жетекшісі: Қалымова А




сабақ жоспары


Мамандығы: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану»

Топ: ТОРА-17/17 Курсы: ІІ

Өткізілетін орын: Компьютерлер құрылғысының зертханасы

Сабақтың тақырыбы: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма тұрғызу. Диаграмма шеберінің жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә)дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу жұмыстарын қатесіз орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту;

б)тәрбиелiк: оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың түрi:Практикалық өзіндік жұмыс

Сабақтың әдiсi: Сөздік, көрнекілік әдіс.

Пәнаралық байланыс: Математика, Физика, Сызу пәндері

Сабақтың материалдық-техникалық құрал-жабдықтары, көрнекiлiгi: ДЭЕМ, плакаттар: а) МS Exсel, ә) Диаграмма шебері, б)MS Excel программасында диаграмма құрастыруды үйренуге арналған қысқаша түсініктеме электрондық оқулық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды журнал бойынша түгелдеу

  • Арнайы өндіріс киімдерін (ақ халат) қауіпсіздік ережесін талаптарға сай екендігін тексеру;

І-бөлім

Кіріспе нұсқау:

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау,

  2. Оқушылардың білімін тексеру.


  1. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау:

Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және жаңа сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі:

  • MS Excel программасының атқаратын қызметтері қандай?

  • MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз;

  • Кестенің қатарлары мен бағаналарын ерекшелеудің айырмашылығы неде?

  • Функциялар шеберінің көмегімен арифметикалық орташа шаманы қалай анықтауға болады?


  1. Оқушыларға жаңа сабақ туралы нұсқау беру және құрал-жабдықтарды пайдалана отырып жаттығу жұмыстарын көрсету:

Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Бұл сабақтың ерекшелігі – өткен сабақтарда меңгерген білімдерімізді қолдана отырып, өз өмірімізге, күнделікті тіршілігімізге қатысы бар дүниелерді қарастыру. Ол үшін осы сабақ барысында өз ойларымызды, пікірлерімізді, өмір сүру дағдыларымызды ешкімнен қысылмай емін-еркін айтып көрейік. Уақыттан қысылмайық, бұл жұмысымыздың, талдауымыздың келесі сабақтарда әлі жалғасы болады. Бір-бірлерімізбен пікір алысып, талдап та отырайық.

Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма, өзіміз математика мен сызудан білетініміздей, көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.

Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік.

Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.

M
S Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті

мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка (Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.

Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады:


















Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид (Түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Просмотр результата (Нәтижені көру) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.

Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.




















Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.

Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.



















Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.










Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.

Диаграмма құру барысында Кері (<Назад) батырмасы арқылы шегініс жасап, реттеп отыруға мүмкіндік бар немесе – Әрі қарай (>Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.



Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгерту маркерлерін алып тастауға болады.

Бұл диаграммаға көптеген өзгерістер енгізу, әрлеу, т. б. толып жатырған әрекеттер орындау мүмкіндіктерін келесі практикалық сабақта осы диаграммамызды толықтыру арқылы жаттығып, түсінетін боламыз.


ІІ-бөлім

Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымдық нұсқау: 180 мин.

-Бірінші айналымда оқушылар диаграммаларды құру тәсілдерінің дайындығына назар аудару және өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдарын түсіндіру

-Екінші айналымда өзіндік жұмыстарын орындағандығының дұрыстығын тексеру. Қате болған жағдайда оларға көмек көрсету. Техника қауіпсіздігінің орындалуын талап ету.

-Үшінші айналымда оқушылардың жұмыс барысында материалды ұғынуына көңіл аударып, сұрақтарға түсінік беру.

-Төртінші айналымда берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру әр оқушының іс-әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал-жабдықтары мен құрылғыларды пайдалана білуге көңіл бөлу, сапасына техника қауіпсіздігіне көңіл бөле отырып, жіберілген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру, бақылау нәтижелерін дәптерге түсіру.

-Бесінші айналымда жұмыс сапасын, комплектілігін тексеру, құрал-жабдықтарды, жұмыс отырдарын қабылдап алу, әрбір оқушының жұмысын бағалау.


ІІІ-бөлім

Қорытынды нұсқау

4. Оқушылар білімін бағалау.

Оқушылардың жауаптары мен белсенділіктеріне және жұмыс орындау қорытындылары бойынша бағалар қойылады, сабақ көлемінің мөлшеріне байланысты тест және карточкалық сұрақтар пайдалану.

5. Жаңа сабақты пысықтап бекiту, қорытындылау

Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

  • MS Excel электрондық кестесі мен MS Word мәтіндік процессорының айырмашылығы қандай?

  • Диаграмма не үшін қажет?

  • Диаграмманы тұрғызу жолдары қандай?


Оқушылар MS Excel программасында диаграмма құрастыруды үйренуге арналған қысқаша түсініктеме электрондық оқулық бойынша тағы бір қайталап шығады, уақытты тиімді пайдалану мақсатында оның жарлығы жұмыс столына шығарылып қойылады.


Нені білетін едік: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.


Осы сабақта не түсіндік: Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын.


Келесіде нені білуіміз қажет: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.

6. Оқушылардың жұмыстарын қорытындылай отырып тиімді жұмыс ұйымдастырған жеке оқушыларды атап өту.

-Жіберілген қателіктерге тоқталып, қажетті нұсқаулар беру

7. Оқушылар сұрақтарына жауап беру

- Оқушылар бағасын естірту және журналға түсіру


7. Үй тапсырмасы

Әр оқушы өзінің бір аптадағы уақытын қалай өткізетіндегі туралы кесте жасауы және қысқаша жазылған конспект мен оқулық бойынша §24,1 дайындалулары қажет. Оқушыларға «Сабаққа қатысты сұрақтарың бар ма?» –деп пысықтап, сұрақтар бар болса – жауап беремін, бұдан кейін тағы да «Сабаққа қатыссыз сұрақтарың бар ма?» – деп, олардың көңіл-күйін, проблемаларын түсінуге тырысамын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!