М.Шаханов "Төрт ана"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Шаханов "Төрт ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпмұғалімдеріне арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді ашық сабақтың жоспары


Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

16.11.2015 жыл

Мұғалім:

Бейсенбаева Салтанат Серикхановна

Сабақтың атауы:

«Мұхтар Шаханов. Төрт ана»

Мақсаты:


Оқушының өлендегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау,

өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, өзіндік пікір айта білуге, адамгершілік қасиеттерге баули отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Өз беттерімен кез келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Сабақтың

әдіс – тәсілдері:

Сыни тұрғыдан ойлау . Диалогтік оқыту.

Сабақ бөлімдері:

Мұғалімнің іс – әрекеті:

Оқушылардың

іс – әрекеттері:

Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

3 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды шеңберге тұрғызу, жылы шыраймен амандасамын.Түстер (қызыл, жасыл, сары) арқылы үш топқа бөлу. Көшбасшы сайлау, топ ережесін еске түсіру. Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Ана тілі – көңіліңе гүл егер,

Ана тілін - ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,

Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер»,- деп ақындарымыз жырлағандай,

ана тілі сабағын бастайық.

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Құстар айтысы» үнді ертегісі.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

5 мин

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады.

Қай оқушыға кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса, топ мүшелері көмектесуіне болады:

-Достық дегенді қалай түсінесің ?
-«Ынтымақ » сөзін түсіндіріп көр.
-«Алауыздық»дегенді қалай түсінесің ?
-Ертегіден өздеріңе сабақ ала алдыңдар ма? т.б. сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын бекіту.

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

«Кластерлер» әдісі.

5 мин


Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Автор – М.Шаханов туралы алған білімдерін еске түсіру.

Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

Автор туралы мәліметті, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді айтады, кластерлерге маркермен жазады.

Мағынаны тану.

Ой қозғау.

5 мин





Сөздік жұмыс


Аудио таспадан М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін тыңдату.

Сұрақтар қою:

1.Ана деген кім?
2. Неге туған жерді анаға теңейді?
3. Туған жер неліктен ыстық?

Ғұмыр-өмір бойы

Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу

Туған жері- Отан,туып өскен мекені, кіндік қаны тамған жер

Туған тілі- қазақ тілі

Салт-дәстүрі- жеті атасын білу.

Құдіретті- ержүрек, батыр

Тарихы – қазақ елінің басынан кешкен оқиғалары

Күрес – азаттық, егемендік үшін жанын пида ету

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.






Сөздердің мағынасын ашады.

Оқулықпен жұмыс

5 мин

3 топқа өлең бөліктерін таңдау арқылы бөліп беру.

Смайликтер арқылы оқушыларды бағалайды.

Оқулықтан берілген өлең жолдарын тауып оқып, бір – біріне түсіндіреді, талқылайды. Топ ішінен 1 оқушы шығып, оқыған бөліктерінің мазмұнын басқа топтарға түсіндіріп, дәлелдейді. Топ басшылары бағалау парағын толтырады.

Сергіту сәті.

3 мин


Музыка әуеніне билейді.

Постер қорғау.

8 мин

Оқушыларды суреттер арқылы 4 топқа бөледі: «Туған жер», «Қазақ тілі», «Салт – дәстүр», «Тарих». Топ атауына сәйкес постер құруды ұсынады. Смайликтер арқылы бағалайды.

Әр топ мүшелері өз тобының атауына сәйкес постер құрады, оны қорғайды. Бір – бірінің жұмыстарын бағалайды.

Ой толғаныс.

«Ауадағы сұрақтар»

әдісі

5 мин

4 топқа түрлі түсті шарларды (қызыл, жасыл, сары, көк) таңдау ұсынылады. Таңдаған түске сәйкес тапсырмалар беру:

1 – топқа: «Тіл туралы қандай мақал – мәтел, нақыл сөздер білесіңдер. Мысал келтіріңдер. Ойларыңды дәлелдеңдер.»

2 – топқа: «Туған жерге байланысты сурет салыңдар».

3 – топқа: «Қандай салт – дәстүрлеріміз бар? Оларды атап шығыңдар».

4- топқа: «Туған жер, туған тіл, Отан туралы жазған басқа қандай ақын – жазушыларды білесіңдер. Мысал келтіріңдер».

Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

Оқушылар тапсырманы орындайды. Топ басшысы бағалау парағын топ мүшелерімен келісе отырып, толтырады.

«Ыстық орындық» әдісі.

Оқушыларды «ыстық орындыққа» отыруға, сұрақтарға жауап беруге ынталандыру. Топтардың бір – бірін бағалау керектігін еске түсіру.

«Ыстық орындыққа» отырған оқушы өтілген сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты оқушылардың өздері қояды.

Үйге тапсырма

2 мин

Өлеңді жаттау. Туған жер, ел, тарих, дәстүр туралы шағын эссе жазу.


Бағалау

2 мин

Суммативті бағалау


Кері байланыс

2 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек»

жазуды ұсыну.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, туған жерге тілектерін жазады, оқиды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.06.2018
1375
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі