400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің қоғам үшін маңызы мен рөлі туралы ақпарат береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ш. Уәлиханов атындағы № 18 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Мектепбаева Балгын Серикбаевна

Эссенің тақырыбы: «Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық»

Мамандық – адам өміріндегі маңызды таңдау . Жалпы біз мамандық таңдауда қателеспегеніміз жөн . Жүрек қалауымен таңдалған мамандық әрқашан адамның өмір жолында ажырамас серігі екенін ұмытпағанымыз дұрыс. Әлемде сан алуан мамандықтың түрлері бар . Соның ішінде мәртебелі әрі қадірлі мамандық ол –мұғалім . Сіз Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық деген оймен келісесіз бе? Бұл ойды талқыламас бұрын , алдымен мұғалім деген кім деген сұраққа жауап іздеп көрейік . Мұғалім сөзіне терең бойласақ,ол- халық арасындағы мәртебелі тұлға. Мұғалімнің орны ұлт үшін әрдайым елеулі болып қалмақ .Тәжірибелі шебер ұстаз кез-келген қоғамға қажет Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім –мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған . Оқу ордасының мәні де, сәні де- ұстаз . Жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын ашып қана қоймай ,тәлім –тәрбие беруді мойнына алған ұстаздықтың қыр-сыры жетерлік . Мұғалім сөзіне толық жауап таба алдық деп ойлаймын .Ендеше жаңағы пікірге қайта оралайық.

Менің ойымша , мұғалім-әлемдегі ең үздік мамандық деп есептеймін . Себебі баланың жеке дара тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың атқарар рөлі зор . «Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға» деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Расында ұстаз балаға әрдайым бар білгенін аянбай үйрететін,сені шыңдайтын , жетістікке жетелейтін , жалғыз жан ретінде санаңда мәңгі сақталатын адам . Мемлекеттің дамуында ұстаздар ойып тұрып орын алады. Өйткені саналы , зерек ұрпақты қалыптастыратын сол кісілер,Адам өмірінде өзіне хат танытқан алғашқы ұстазын мәңгі есінде сақтайды. Мұғалім болу Мұғалімнің қолынан кімдер дәріс алмайды десеңші , президент те,әнші де әртіс,шенеунік те мектеп қабырғасындағы ұстаздарынан білім алып шыққанын ұмытпауымыз тиіс , олардың бүгінгі ел билер тұлға болуы , көпшілік халықтың тануы бірден-бір өзіне ең алғаш қолына қалам ұстатқан ұстаздарымыздың арқасы деп білемін.

Қорытындылай келсек , «мұғалім-әлемдегі ең үздік мамандық» болып қала береді. Мемлекет үшін ұстаз-орны толмас айрықша тұлға , ұстаздарға тағзым ету біздің міндетіміз . Өмірдің өзі де ұстаз әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес , сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулының еңбегі ұлы демей не дейсіз.





Мектеп директоры: Ф.К. Мырхеева

Бастауыш сынып мұғалімі педагог – модератор : Б. С. Мектепбаева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
54
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі