Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық Эссе

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Мұғалім - әлемдегі ең үздік мамандық

Ең ерекше мамандықтардың бірі - мұғалім мамандығы. Мұғалім болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұғалім болу үшін адамға ең алдымен төзімділік қасиеті қажет. Себебі, көптеген жасөспірімдер бар, олардың мінездері әр түрлі .Осындай барлық жағдайға төзіммен қарап, еліміздің ертеңгі болашағы- жастар деп сеніп, өздерінің сенімдерін артып, төзімділікпен қарап отырған ол - мұғалімдер. Мұғалімнің берген тәрбиесі әр бір жанның өміріне жол сілтер, шамшырақ болары анық.

Адамдардың барлығы мұғалімнен тәлім - тәрбие, білім алып, бүгінгі күні биік-биік лауазымдарда отыр. Еліміздің бүгінгі жетістікке жетуі ол мұғалімдердің балаларға берген біліміндерінің жемісі. К.Д.Ушинский айтпақшы: "Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі". Мұғалім болу елімізге пайдасын тигізіп ғана қоймай, саналы ұрпақтың қалыптасуына жол ашады. Мұғалім мамандығы әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Мұғалім мен оқушының арасындағы ерекше байланысты орнатады. Оның қандай іске қызығушылығы бар екенін байқайды. Сол іспен баланы дамытады. Бір ғана оқушыға емес барлық оқушыға бірдей қарап, оларды өз баласындай көреді. Кез-келген сәтте қолдау көрсетіп, алға қарай баланың құштарлығын ашады. Оның қандай маңызды тұлға екенің ашып көрсетеді. Мұғалім - жүректерді тербеткен ең керемет мамандық.

Жалпы айтқанда, Мұғалім – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Жасөспірімдерге үлгі болатын сауабы мол мамандықтардың бірі. Ислам дінінде ілім үйретуші мұғалімнің орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету - ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептелген. Мұғалім - бұл әлемдегі ең үздік мамандық болып әрқашан қала береді. Мұғалімнің арқасында әлемдегі үлкен жетістіктерге жетеріміз хақ. Сол мұғалімнен тәрбие алып, бүгінгі күнде сол мамандықты жалғастырушының бірі - өзім. Бүгінде әр бір адамзат осы мұғалімнің арқасында білім алып, шет елдерге өзіміздің қандай мықты ел екенімізді дәлелдеуде.Ұстаз елдің ертеңгі тізігінін ұстайтын ұрпақ. Сондықтан да, мұғалім мамандығы киелі, ерекше, үздік мамандықтардың бірі болып табылады. Мен секілді мұғалім мамандығын таңдап, өз ісінің шебері болып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып жатқан әр бір ұстазға алғысым шексіз!





Жандарбекова Марина Торегалиевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2024
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі