Мұғалім - нағыз көшбасшы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім - нағыз көшбасшы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім қызметінің қоғамдағы орны және атқаратын ролі туралы айтылған. Қазіргі таңдағы қабылданатын мұғалім статусының маңыздылығы қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



У темисова Разия Бектемировна

математика пәні мұғалімі

Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

Түркістан облысы Ордабасы ауданы

Темірлан ауылы Жепаев н/з

utemisova_69@.mail.ru

Нағыз көшбасшы – ол мұғалім

«Өмір бойы білім алу – әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайтыны анық. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз. Ендеше біз, мектептегі мұғалім көшбасшыларының міндеті – оқушылардың алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өз «мені» бар, өз Отанын қорғауға дайын, азамат болып жетілуіне көмектесу. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Аталған міндеттер мен талаптарды жүзеге асыруда бізге «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының маңызы зор. Кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуға ұмтылған мұғалім осы бағдарламаны меңгеріп рефлекцияға қабілетті, рухани белсенді , шығармашыл, көшбасшы ретінде қалыптасады және қалыптастырады деп ойлаймын. Бағдарлама идеяларын меңгеруде кәсіби құзырлылықты үздіксіз жетілдіріп отыру қажет екенін түсіндім. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, оны мұғалімдер өз қолымен жасайды. Сондықтан басты мақсатым іскерлік, шеберлік дағдыларымен қатар , оқытуды басқара білу және көшбасшылық қабілетті үздіксіз дамытып отыру керек екендігіне көз жеткіздім. Көшбасшы мұғалім – жауапкершілігі жоғары, өз әрекетінде жұмысты нәтижелі орындауға деген ұмтылысы, мақсатқа жетуге деген табандылығы, мәселелерді шешуде сенімділігі, әріптестеріне ықпал жасай білетін қабілеті жоғары белсенді тұлға болу керек. Көшбасшы ретінде алдағы уақытта осы құндылықтардың барлығын өз бойымда жинақтап, іс-тәжірибемде қолданып еліміздің нағыз көшбасшыларын дайындауға үлес қосамын деп ойлаймын. Қоғамымыздың қай саласы болса да осындай белсенді тұлғаларды, яғни нағыз көшбасшыларды қалыптастыратын ол - көшбасшы мұғалім екені сөзсіз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2019
1013
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі