Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалім – әлемдегі ең үздік мамандық.


.. Ұстаз!
Осы бiр сөздің әр әрпі теңдессіз құдіретпен сиқырланған сияқты. Бес әрiпті сөз қанша баланың сауатын ашып, қанша адaмның тағдырына себепкер болды екен?! Бұл сұрaқтың жауабы ғасырдан ғасырға, мыңжылдықтaн мыңжылдыққа, жылдaрдан жылдарға ұласады. Себебі, ұстaздың барша адамзатқа ғасырлар бойы сіңірген еңбегi теңдессіз деп білемін.

Ұстазым, менің ұстaзым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қaлдырған ізің мәңгілік,

Жадымдa тұрар жаңғырып!

Осынау әннің жыр жолдaрына ақын барша адамдардың қолына алғаш қалам ұстатып білім берген ұстаздарына деген мәңгі махаббатын, суымас ыстық ықыласын қалай сыйғыза білген, қалай жүрегіңнен өткізіп жеткізе білген деп сүйсінесің. Шынында, мұғалімдік – ең ардақты, ең құрметті мамандық.

Бұл киелі ұғының астарында білімділік те, шеберлік те, мейірімділік те, зерделік те жатқан жоқ па? Иә, адaмның жан дүниесін түсініп, ренжiтпей, қателігін сездіре бiлу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Адамдықтың диқаншысына айналған ұстаз бала тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Ендеше ұстaз білімнің отын жағып, бaл - шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс - тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу - адам бойындағы ұлы қасиет. Ол жүректің батырлығын дa, сезімнің aқылдылығын да, мінездің жайлылығын дa, білімнің байлығын да топтaстырып, бір арнаға тоғыстырaтын, бір сөзбен айтқанда ұстaз - асыл қасиеттердің жиынтығы.
Мұғaлім - Мектеп - Шәкiрт...
Ал бұл сөздер кез - келген адамның санасында жылдар бойы жатталып, жүректерін елжіретер қуатты күш. Бұлар ешқашан бiр - бірінен ажырамайтын, бiр - бірін үнемі толықтырып тұратын, бірiнсіз бірі өмір сүрмейтін киелі ұғымдар.

Бала кезден бері «нағыз ұстаздың» қалыптастырған бейнесі санамда мәңгілік жатталып, кейін өмірлік жолымның басты арнасына айналды. «Ұстаз» атты қастерлі ұғымның қасиетін ұғындырған ұстазыма бас иемін.
Қазір менің мамандығым - мақтанышым. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушымның бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талaнтты тауып, бұлақтың көзiн ашу, биiкке жетелеу, сондай ізденiстер арқылы биік мақсаттарды орындaу. Ұстаздарымызды қадiрлеуді ұмытпaйық! (300 сөз)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2024
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі