Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұғалім мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде мұғалім мәртебесі туралы өз пікірім зерттелген, сараланған түрде жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім мәртебесі

Мұғалім болашақтың алтын көпірі, тірегі мен жүрегі екені алашқа аян. Жас ұрпақтың ұлы болуы, зымырандай қарыштап дамыған мына заман талабымен білім көгіне еніп, өмір белесін бағындыру- тікелей ұлағатты ұстазбен ұштасып сабақтасатыны хақ. Шәкіртін алып шыңда шарықтатып, білімнің қайнар көзімен сусындатып, жастардың ұшқыр ойына ұтымды сөз қосатын да ол әрине – ұлы ұстаз.

-Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға ,- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық жол – бекемдік пен білімділікті қажет ететін даңғыл жол. Аса үлкен құрметке сай қызмет. Мұғалім саналы шәкіртті ұядан баптап ұшыру үшін – терең тарих пен кемел келешекті ойлап, санамен таразылап білім береді. Мәңгілік ел жастарының болашақ бағдарында, келешек ұрпақты аяққа тұрғызып , қадамын анық ететін – ұлағатты ұстаздар ұжымы.

Ұстаз – өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын кемеңгер тұлға. Осы орайда, Мемлекет басшысы әр жылғы Жолдауында білім беру ісіне, ұстаздар қауымына үнемі ыждахаттылықпен көңіл бөліп отыратыны көпшілікке мәлім екенін айта кеткенді жөн көрдім. Олардың жыл сайынғы еңбектеріне сай түрлі марапаттармен, көптеген ынталандыру сыйлықтарымен де қуантып отыратыны тағы бар.

Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға әкемнен кем қарыздар емеспін. Себебі әкемнен өмір алсам, ал ұстазым Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы ұшан-теңіз білім алдым» деген екен жер жаханды жаулаған Александр Македонский. Ал өзімізде: «Ғалымда, шахтерда бас иетін, ұстазым бар сенің асыл қасиетің», «Адамның адамдығы жақсы ұстаздан» деген секілді мұғалімдерге арналған көптеген құны ділдәмен теңдес қанатты сөздер бар. Міне осылайша әлем жазушылары, халық жазушылары, атақты тұлғалар жырлап өткен даналардың сөзіне құлақ түрдік. Тереңнен толғана жазып, философиялық ойды осындай сөздерден түйдік. Жастарды жаңа бағытпен , дара тыныспен ғана жетістікке жетелететін ұстаз- келешектің кепілі. Ұстаз дегеніміз – тарих кемелінен сыр шерте отыра, елдің өткені мен бүгінін, ғылымы мен білімін жаңа серпінмен шәкірттерге ақ жол танытатын болашақтың негізін қалатушы асыл жандар. Ұстаздық жол – оқушыға қағаз, қалам ұстатумен ғана шектелмейді, оған білім нәрін шашуға беттеледі.

Осы тұста Мағжан атамыздың: «Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан жылдарымыз бір, жолымыз бір, құрметті қазақ мұғалімдері!» деуінде тарихтың таңдаулы үні, мақтанмен айтарлық мәні бар. Қазақ оқығандарын қарап отырсаңыз, әрқайсысы әр саланың маманы болса да, оқу, қазақ халқын оқыту деген ұлы мұрат біріктірген, бір жолға салған, бір мақсат табыстырған екен. Осы арнада тоғысқан олар ғажап адалдықпен, іңкәрлікпен еңбек етті. Енді ше, Ахаңның «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Әліпби», Міржақыптың бастауыш сыныпқа арналған «Қира­ғат», «Есеп құралы», Мағжанның «Пе­да­гогика», Жүсіпбектің «Тәрбиеге жетекші», «Психология», Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық» сияқты сан алуан методикалық шығармаларына зер салсаңыз, жоқтан бар жасаған жанкешті жұмысқа таңғалмасқа шарамыз қалмайды. Иә, білім мен ғы­лымның алапат эволюциясы басталар жаңа дәуір уақыт Алаш зиялыларын таң­даған еді. Олар осы жүйеден ұтымды шешім қабылдай білді. Бұл байыпты да жүйелі толағай еңбек үшін, сіз бен біздер ұрпақтан-ұрпаққа алғыс шеруін жалғастыра бермекпіз.  Сол Міржақыптар «Өзі білу мен өз­гелерге білдіру екі басқа. Білгенін кісіге білдіру, яғни балаларды оқыту өз алдына бір ғылым», деген екен. Яки білгенімізді келе жатқан буынға қаншалықты бере алудамыз деген педагогикалық сауал көлденеңдейді. Сондықтан «Рухани жаңғыру» жо­басындағы білімнің салтанат құруы туралы сөз пассионарлық дүмпудің жаңа жолына, жаңа кезеңіне бастау боларлық бағдар. Бұл міндетте де мұғалімнің иығына артылар жүк ауыр. Соның бірі кеңестік педагогиканың күшейген тұсында қазақ мектептерінің жабылуымен есесі кетіп, есеңгіреп қалған жер-жердің түкпір-түкпірінде қазақ тілінің қайтадан тұғырына қонуы хәм өркендеуі.

«Болашақтың баспалдағынан сүрінбей, сағы сынбай , қаймықпай кедергілерге қарсы тұрып жігері мұқалмай, ұстаздық жолдың тар жолынан тайғақ кешіп, таймай берік ниетпен, бекем үмітпен келешекке кемел ұрпақ үшін қадам басайық. Бар күш-жігерімізді салып, білім тұңғыйығында тереңінен тағы танысып, санамыздағы игі білімді шәкірт санасы мен түйсігіне ұғындыруға әркез дайынбыз» дейтін мұғалімдер көп болғай. Білімді ұстаз заманның басты көркі. «Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көр­ген хат таныр» дегендей, бар білімнің, бар сынақтың бастауында мұғалім тұратынын ұмытпайық. Сөз соңында мына бір қанатты сөзді баршаңызға бағыттағым келеді: «Өмірге келгеніңе қуанба, артыңда ізің қалмаса!» Әрбір берекелі істеріңізбен, оң бастамаларыңызбен тарихта есімдеріңіз алтын қәріппен қалансын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2021
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12