Мұғалім мен оқушы
арасындағы ынтымақтастық жолдары.
Түркістан жоғары көпсалалы,
аграрлық колледжінің
арнайы пән
оқытушысы
Абуталипов Мухтар
Мырсадыкович

Кәсіби білім беретін оқу
орнында мұғалім мен оқушы шексіз шығармашылық байланыс өнерімен
биікте болуы керек. Алаш ардақтысы М.Жұмабаев айтқандай «Жеке тұлға
жан көріністерін үш түрлі көрніспен жетілдіртіндігін айтып кеткен:
олар
- ақыл көріністері (таным
үрдістері);
- ішкі сезім немесе көңіл
көріністерінің (сезімдері мен эмоциялары);
- және қайрат көріністерінің
(ерік үрдістерінің дамытылуы)»
Осы көріністер оқушылардың
ізденуін, зерттеушілік біліктілігін, шығармашылығын
жетірдіреді.
Мұғалім ХХІ ғасыр дағдыларын
білетін, түсінетін және өзінде сол дағдылар бар болуы керек. Сол
дағдыларды атайтын болсақ:
-
Өз пәнін жақсы білу
керек;
-
ХХІ ғасыр дағдысын
қалыптастыратын оқу ортасын құра алады;
-
Тұлғаралық қарым-қатынас
мәдениеті болуы керек;
-
Білім алушылардың деңгейін
білу керек (жеке қажеттіліктерін білу);
-
Әділ бағалау (бағалаудың
ықпалы қандай екенін білу керек);
-
Білім алушыларға ойлануға
қалай мүмкіндік беруге болатынын білу;
-
Өз тәжірбиесіне рефлексия
жасай білу сұрақ қоя білу;
-
Ынтымақтастықты орта құра
білу;
-
Жағымды оқу ортасын
қалыптастырып жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік
беру;
-
Танымдық дағдыларды
қалыптастыру;
-
Ғылыми зерттеу дағдыларын
жетілдіру;
-
Тиімді әдістерді таңдай білу
керек;
-
Өз дауыс ырғағының сыртқы
ортаға қалай әсер ететінін білуі керек;
-
Уақытты тиімді
пайдалану;
-
АКТ құралдарын тиімді
пайдалану ;
ХХІ ғасырдағы дағды
қалыптасқан оқушы келбеті төмендегідей болуы
керек.
Эмоциялық
дағдысы: Білім алушылар күрделі
мәселелерді шешуде табандылық таныта алатындай, өзін-өзі ұстай
алаты, білім алуға деген құштарлығы, ынтасы жоғары, белсенді болу
керек. Білім алушылардың өзіне, әлеуетіне, дамуына деген сенімі
жоғары болуы керек. Өз-өзіне сенімді, өзінің әлеуетін өзі шынайы
бағалай алады, оқушылар жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында өз
үлесінің маңыздылығын түсінеді, оқуына жауапкершілікті
қарайды.
Әлеуметтік
дағдысы: Білім алушылар ынтымақтастық
жұмыс жасай алатын және басқа Білім алушыларға қолдау жасай алатын.
Ортақ мақсатқа жету үшін бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге жұмыс
жасай алады. Білім алушылар кәсіби оқу орнында өз орны бар екенін
және достарымен өзін сол қалпында қабылдай алатындығын сезінеді.
Білім алушылар өздерін құнды және қоғамды белсенді мүшелері екенін
сезінеді. Білім алушылар сол топта, ұжымдық жауапкершілігі бар
екендігін сезінеді.
Танымдық
дағдысы: Білім алушылар түсіндіре
алады. Алған білімін және дағдысын кез-келген жағдайда қолдана
алады. Жоғары деңгейде ойлана алады және себебін түсіндіре алады.
Рефлексия жасап, өз ойын қорытып жаза алады. АКТ-ны қолдана алады,
мәселені шеше алады, жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоя біледі. Білім
алушылар жалпы идеяны түсінеді, ұзақ мерзімді мақсатты түсінеді.
Білім алушылар сол уақыттағы жетістіктерін біледі. Оқушалар кері
байланыстарға жауап бере алады. Суммативті бағалауда өз деңгейін
көрсете алады.
Білім берудің жаңартылған оқу
жүйесінде кәсіби білім алушы жастардың жеке және топтық жұмыс
түрлерін жүргізудің ролі жоғары екендігін өз тәжірибемнен жиі
байқап келемін.
-
Жалпы жеке және топтық жұмыс
туралы айтатын болсам: Топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін
әдіс - тәсіл болып табылады.
-
Топтық
жұмыс барысында оқушының
бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын
тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым - қатынас
дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы
қалыптасады.
-
Жеке
жұмыс оқытушы мен білім алушы
арасындағы қарым қатынас.
Білім алушыға жеке тапсырма
берудің тиімділігі өте үлкен деп айтамыз. Себебі жеке тапсырма
орындағанда білім алушының жеке қасиеттері
дамиды.
-
Сезіну
-
Ойлау
-
Ізденіс
-
Сөйлеу
мәдениеті
-
Жауапкершілік
Дәріс барысында түрлі
әдістерді қолдана отырып оқытушы тәжірибесі қалыптаса берері
сөзсіз.
ХХІ ғасырдағы дағдысы бар
білім
алушыларды қалыптастыруда диалогты
оқытудың маңызы зор. «Өмірдің мәні түсінісу,
араласу, қатынасу, қауышу, жүздесу». Өмірді табиғат заңдылығы
бойынша диалогты құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатынасу,
сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу болып табылады. Диалог тек
қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогты әрбір адам
өзімен де жасай алады. Диалогқа деген қажеттілік қашан және қалайша
туындайды?
Оның шарттары мынадай болып
келеді.
Кәсіби білім беретін Түркістан
жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде ветеринар мамандығындағы
білім алушылар арасында мамандыққа байланысты үнемі диалог құрылып
өз ойларын ортаға сала отырып дамуды қалыптастырылады. Диалог білім
алушылар арасындағы сөйлесу, пікірге келу, ортақ ой қалыптастыру
мүмкіндіктерін арттырады.
Қорыта айтқанда: ұстаздың
басты міндеті - аудиторияда зерттеу тақырыбы бойынша
интерпретациялық диалог құру. Бұл үшін ұстаз қарым-қатынаста білім
алушының білетін және білмейтін ақпараттар арасындағы
қарама-қайшылық, айырмашылықты оның жеке тәжірбиесіне сүйене отырып
теңестіруі керек. Сонда ғана оқытушы мен білім алушы арасындағы
үздіксіз байланыс дамиды.