Материалдар / Мұғалім ол біздің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалім ол біздің

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім ол біздің
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1200
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

1/ 40- сабақ

Тақырыбы: Мұғалім ол біздің

Сыныбы: 5 «Б» сынып

Күні:

Мақсаты: - жаңа сөздермен танысу, мәтін арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

- сұрақтар мен сөзжұмбақ шеше отырып, сыни тұрғыдан ойлау ынтасын арттыру;

- «5 жолдық өлең» құрастыру,шығармашылық қабілетті дамыту


Күтілетін нәтиже: - жаңа сөздермен танысу, мәтін арқылы сөйлеу дағдысы дамиды;

- сұрақтар мен сөзжұмбақ шеше отырып, сыни тұрғыдан ойлау ынтасы артады;

- 5 жолдық өлең құрастыру арқылы шығармашылық қабілеті дамиды;


Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілер», «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану», «талантты және дарынды балаларды оқыту», «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «оқытуды басқару және көшбасшылық».


Әдіс-тәсілдер: «Ыстық алақан» әдісі, «Ыстық орындық» әдісі, Миға шабуыл, Сергіту сәті – «Ғажайып бақ», «Қара- жап- жаз» әдісі, «Синквейн» әдісі.



Сабақ кезеңдері/ уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

бағалау

Негізгі дереккөздер

Кіріспе

«Ыстық алақан»

әдісі.

Мақсаты: бір-біріне тілек айту, көңіл –күй сыйлау.



«Ыстық орындық» әдісі

Мақсаты: үй тапсырмасын тексеру.

Түрлі-түсті геометриалық фигуралар арқылы арқылы топқа біріктіру

Оқушыларды шаттық шеңберге тұрып, екі қолымен екінші адамның алақанына қойып тілек айту.



Оқушы тақтаға шығып, орындыққа отырады, баса оқушылар өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды

Психологиялық жағымды ахуал тудырады



Орындыққа отырған оқушы топтағы оқушылардың қойған сұрақтарына жауапт береді.


Оқушылар алған түстеріне байланысты топқа бірігеді.

Қалыптастырушы бағалау:

"Бас бармақ»

«Өте жақсы!»,

«тамаша!»,

«Керемет!»,

«Жарайсыңдар!»

Ауызша мадақтау, смайликтер, жұлдызша.

Оқулық,

интербелсенді тақта, жұмсақ

ойыншық, плакат, себет, түрлі-түсті маркер, асыл тастар,

слайд- таныстырылым


Тұсаукесер

Миға шабуыл Сөзжұмбақ шешу

Мақсаты: жаңа сабақтың тақырыбын ашу.





Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақ шешеіп, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.



«Өте жақсы!»





«тамаша!»


Слайд-таныстырылым


Негізгі бөлім

Жаңа сөзбен жұмыс


Оқылым мәтінмен жұмыс , мәтінді оқып, аудару

Жаңа сөздермен таныстырады

Сылтаурату- найти предлог

Жөнделу- иправиться

Іркілмеу- безостоновочно

Маза- покой

Байқау- заметить қарыз-долг

Шағын топтарға сөз тіркестерін, сөздіктегі етістіктерді қатыстырып сөйлем құратады.


Сөзікті көреді - оқиды-түсінеді – қайталайды – есте сақтайды





Өзара ортада ойларын қосып, құраған сөз тіркестері мен сөйлемдерін айтып шығады (кезектесіп, я бір оқушы айтады).


«Өте жақсы!»









«тамаша!»,


Интербелсенді тақта


«Қара- жап- жаз» стратегия

Мақсаты: Есте сақтауын, зейінін тұрақтандыру.


43-беттегі жаңылтпашты оқиды, тапсырманы түсіндіреді.

Оқушылар жаңылтпашты жаттап, жатқа жазады



«Өте жақсы!»




Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру



Мәтін бойынша сұрақтар құрастыртады

Мәтін бойынша сұрақтарды тізбекпен қояды, жауап береді

«тамаша!»,




Сергіту сәті «Ғажайып бақ»

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты сергіту сәті, балалар мұғалімдеріне қандай гүл сыйлар едіңдер?

Оқушылар мұғалімдеріне сыйлайтын гүлдерін түрлі түсті қағаздардан жасап, ғажайып баққа орналастырады.

«Өте жақсы!»


Интербелсенді тақта


Грамматикалық тапсырма

Оқушыларға мәтіннен сұраулы сөйлемдерді теріп жазуға, септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу тапсырылады.

Берілген сызбалар арылы сөйлем құрап, түрлерін ажыратады.

«Жарайсыңдар!»


Сызба-таратпалар

Қорытынды

«Синквейн»әдісі

Мақсаты: «ішкі уәжін» ояту, шығармашылық үдеріске тарту


Оқушыларға мұғалім сөзіне 5 жолдық өлең құрастыру тапсырылады

Оқушылардың жауабы тыңдалады


стикер



Үйге тапсырма: 5-тапсырма өлеңді жаттап келу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады


Күнделік, қалам








Мектептегі тәжірибе кезіндегі 6 «Б» сыныбында өткізген төртінші сабағымнығ тақырыбы: Мұғалім ол біздің

Сабақтың мақсаты:жаңа сөздермен танысу, мәтін арқылы сөйлеу дағдысын дамыту, сұрақтар мен сөзжұмбақ шеше отырып, сын тұрғысынан ойлау ынтасын арттыру, «5 жолдық өлең» құрастыру, шығармашылық қабілетті дамыту . Сабақтан күтілетін нәтиже: жаңа сөздермен танысу, мәтін арқылы сөйлеу дағдысы дамиды, сұрақтар мен сөзжұмбақ шеше отырып, сын тұрғысынан ойлау ынтасы артады, 5 жолдық өлең құрастыру арқылы шығармашылық қабілеті дамиды;

Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабағымды өткіздім.

Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, «Ыстық алақан»әдісі арқылы, екі қолымен екінші адамның алақанына қойып тілек айту арқылы бастадым. Осы әдіс арқылы оқушылар бір-бірлеріне көңіл –күй сыйлады. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексердім. Интербелсенді тақтаға ыстық орындықтың суретін шығарып қойдым, тақтаның алдындағы орындыққа қызыл мата жауып кезекпен оқушыны отырғызып, басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қойды. Ыстық орындыққа отырған оқушыда орындық шынымен ыстықтай сезім болған сияқты, себебі оқушылардың қойған сұрақтарына нақты, нық жауап беруге тырысты. Бұл әдіс оқушыларды өте қызықтырды, алдағы уақытта үй тапсырмасын осы әдіс арқылы тексеретін болсам оқушылар үй тапсырмасын сапалы орындайды деп ойлаймын. Келесі түрлі түсті геометриалық фгуралар арқылы оқушыларды топқа біріктірдім.

Оқушылар бір-бірлерімен қарым-қатынасқа түсіп, өз-өздерін реттеу арқылы топқа қалай бөлініп жатқандарын өздері тапты. Алдынғы сабақтағыдай абдырау, түсінбеу болмады оқушылар түстерге байланысты тез топқа біріге қалды. Бұл жұмысқа оқушылардың төселіп қалғанын байқадым. Топқа бөлініп, интербелсенді тақта арқылы алтын ережемізді шығарып еске түсіргеннен

кейін сабағымызды әрі жалғастырдық. Әр топқа мәтін беріледі, оқушылар мәтінді сөздікті пайдалана отырып аударды, мәтін мазмұнына байланысты оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қойды. «Қара- жап- жаз» стратегиясын оқушылардың есте сақтауын, зейінін тұрақтандыру мақсатында пайдаландым. Оқушылар оқулықтағы жаңылтпашты оқып, жазылуын жаттап, оқулықты жауып, жатқа жазады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты сергіту сәті, балалар мұғалімдеріне қандай гүл сыйлар едіңдер? деп сұрақ қоя отырып, «Ғажайып бақ» атты сергіту сәтін өткіздім. Тапсырманы оқушылар асқан белсенділікпен, жоғары құлшыныспен орындағандарын аңғардым.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар Синквейн әдсі арқылы 5 жолдық өлең жазды, бұл стратегияны қолданудағы мақсатым - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болатын. Үйге тапсырма «Мұғалім ол біздің» атты өлең жаттауға берілді.

Қорытынды:Бүгінгі сабақта жоспарланған барлық тапсырмалар орындалды. Оқушылардың топ болып жұмыс жасаған кездегі ұйымшылдықтары көңілімнен шықты. Барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды. Оқушылардың көздерінен қызығушылықты байқадым. Алдынғы сабақтардай емес, уақытты үнемдеуді де үйреніп келеді. Бұл мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізіп отырған соңғы сабағым болғандықтан, оқушылардан барлық өтілген сабаққа байланысты бағалауларын алдым. Тәжірибе кезінде сабақтарымда қолданған жаңа әдіс-тәсілдердің барлығы оқушыларды қызықтырғанын байқадым. Қорыта айтқанда, оқушыларға топпен жұмыс жасаған ұнайтынын білдім.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!