Майтпасова Нургуль бидахметовна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» А, В, С есебі
«Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия» КММ мұғалім портфолиосы 08.12.2023
А есебі
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл,
білім, ар, мінез қасиеттерімен озады»
Абай Құнанбаев.
Мұғалім ұстанымы Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады.
Менің ойымша мұғалім-жаңалықпен бірге қадам басатын, өзін үнемі жетілдіріп отыратын мықты көшбасшы болуы тиіс. Қазіргі сандық дәуірде оқушыларға жан-жақты білім беретін ұстаз болуға міндеттіміз. Осы мақсатқа жету үшін мен де озық екінші деңгей мұғалімі болуға бел будым. Курста жиған теориялық білімімді өз мектебімде әріптестеріммен бірлесе отырып тәжірибеге ұштастыруды ойладым. Жеті модульдің ішінен әріптестеріммен сұхбаттаса келе сын тұрғысынан ойлауға үйрету және АКТ-ны тиімді пайдалану модульдерін таңдап алдым. Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесе екі коучинг өткіздім. Осыған дейін де әріптестерім өз сабақтарында сыни ойлау технологиясын және ақпаратты комуникативті технологияларды қолданып жүрген.
Өзіміз қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқтала кетсем, бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет ететіндей беріледі. Оқушы сондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жаңа материал талдауға үйренеді.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бағдарламаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға үйрету болып табылады. Оқушыны сыни ойлауға жетелеу үшін мұғалімнің өзі сыни ойлауды меңгеруі тиіс. Коучингті әріптестерімнің ортасында жағымды психологиялық ахуал туғызудан бастадым. Ол үшін мұғалімдерді ортаға шеңберге тұрғызып, «Менің....бәрі біледі, бірақ.... білмейді» әдісі арқылы мұғалімдермен байланыс орнатамын. Яғни, мұғалімдердің барлығымыз білетін жақтарын айтып, сонымен қатар біз білмейтін өздері ғана білетін тұстарын білу. Бұндай әдісті таңдаудағы мақсатым, әріптестерімді одан әрі жақсы тану. Таңдалған әдіс сәтті шықты, себебі, мұғалімдер белсенді, әрі көтеріңкі көңіл-күймен жауап берді. Ары қарай «Миға шабуыл» әдісі арқылы СТО туралы не білетіндерін білу мақсатында БББ кестесіне білетіндер бөлімін толтырттым және ортаға салып оқыттым. Кестенің өздерінде қалатынын, коучинг соңында қалған бөліктерін толтыратындарын айттым. Коучинг мақсаты мен күтілетін нәтижелер тақыланып болғаннан кейін, негізгі тапсырмаға көштім. «Адасқан бала» суретін интерақтивті тақтада көрсеттім. Мұғалімдер өз пікірлерін қағаз бетіне түсірулерін сұрадым, келесі тапсырма барлық пікірлерді ортаға салып,талқылап дұрыс жауапқа ең жақын деген пікірді таңдап алу. Дұрыс жауапқа жақын жауап берген мұғалімдер болды. Екінші, үшінші тапсырмаларды орындаған кезде мұғалімдер жылдамдық пен нақтылық таныта бастады. Басында «сыни ойлау» деген сөздің өзі мұғалімдердің біраз қобалжуына, тартына жауап беруіне әсер етті. Негізі сыни ойлау арқылы оқушы өзіне «Нені оқимын?», «Не үшін оқимын?», «Неге оқимын ?»- деген сауалдарды қойса, сонда ғана біз жан –жақты дамыған көшбасшы оқушы қалыптастырар едік. Қазіргі таңда сандық технологиялар дамыған кезде сыни ойлай білетін тұлғаны дамыту басты мәселелердің бірі болып отыр. Менің әріптестерімнің де алдында тұрған басты мәселелерінің бірі- осы сыни ойлауға үйрету, өз ойын еркін жеткізе білуге жетелеу болып табылады. Ол үшін мұғалім ұстанымы да өзгеруі тиіс. Менің де алдыға қойған мақсатым осы еді. Коучинг кезінде мұғалімдердің қызығушылығы артты. Сыни ойлау бағдарламасы бойынша ойлары өзгере бастады.Талқылау сәтінде мұғалімдер еркін пікірлесе білді. Тапсырмаларды орындаған сәтте жеңіл орындады. Тек менің берген кейбір тапсырмаларым мұғалімдерге таныс болды. Сондықтан қызығушылықтары сәл төмендеді. Кері байланыс сәтінде мұғалімдер екі жұлдыз бояп,бір тілектерін айтты.
Екінші коучингіме мұқият дайындалу керек екенін ұқтым. Ендігі мақсатым сандық технологияны пайдаланып, білім платформаларымен таныстыру болды.
Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды. Олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал ете алатын болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. [МАН,44- бет].
Мишра мен Кёлердің айтуынша мұғалім оқушылармен қатар сандық білім деңгейін жетілдіріп, күнделікті жаңалықтардан қалмауы тиіс. Мен де мектептегі іс –тәжірибемде әріптестеріммен пікірлескен кезімде сандық технологияны пайдаланудың тиімді жолдарын қолдану мәселесі оларды толғандыратынын түсіндім. Сондықтан екінші коучинг тақырыбын сандық технологияны тиімді пайдалану жолдары деп алғым келді.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға ең тиімді платформалардың бірі Wordwall интерактивті және басып шығаратын әрекеттерді жасау үшін пайдалануға болады.Интерактивті ойындар компьютер,планшет,телефон немесе интерактивті тақта сияқты кез келген веб қосылған құрылғыда ойнатылады.Екінші коучинг барысында әріптестеріммен бірлесе отырып, осы платформада ойын түрінде түрлі тапсырмалар құрастырдық.
Қорыта айтқанда өзім өзгеремін,өзім өзгергендіктен ортамды, әріптестерімді өзгертемін. Жаңа заманның жаңа ұстазы болуға бет бұрамыз. Көшбасшы мұғалім, көшбасшы дара тұлғаны тәрбиелейтін болса, сол мұғалімдердің қатарынан табылуға тырысамын.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
2.М.Барбер, М.Муршед, білім жүйесі мақаласы.
3.http://www.psyoffice.ru/6-1041-xyuceh-xusi-torsten.htm

В есебі
Уақыт – өзгерістер мен жаңалықтардан тұрады. Менің де өзгерістерім деңгейленген курсты бастап оқығаннан бері басталды. Жалпы өмірге, педагогикаға, мамандығыма деген көзқарасым өзгере бастады. Гимназия әкімшілігіне барып оқып жатқан курсым жайлы, тәжірибеде қандай жұмыстар атқаруым керек екенін түсіндіріп өттім. Гимназия әкімшілігі жас маман Жәмиғұлова Жанерке Бақытбекқызын тәліп ретінде ұсынды. Жәмиғұлова Жанерке Бақытбекқызы- Қазақстан- Американдық еркін университетін биыл аяқтап бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданған. Педагог – жас маман. Алғаш келгеннен бастап әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын, құжатпен жұмыс немесе оқушымен қарым- қатынас,ата –анамен жасалатын жұмыстар туралы сұрап, пікірлесіп жүретін. Жас маманға көмек беру мен үшін де қызықты, тәжірибе жинаудың бір түрі еді. Ендігі кезекте гимназиямыздың тәжірибелі мұғалімдерінен ақыл –кеңестер алдым. Жұмысымды жоспарлауды ойладым. Гимназияның бастауыш сынып мұғалімдерімен тәліпке қандай көмек ұсынатыным жайлы ақылдастым. Жанеркені әкімшіліктің шешімімен таныстырып,тәліп пен тәлімгердің жұмысы жайлы түсіндірдім.Тәлім алушы екеуіміз бірлесе отырып,екі жаққа да тиімді болатындай етіп тәлімгерлік жоспарын құрдық.Бағдарламаның идеясымен таныстырып, сабақты бірлесе жоспарлау, сабақты талқылау жоспарға енгізілді. Тәлім алушымен сұхбаттасу барысында анықталған қажеттілік, алғашқы өтініші қысқа мерзімді жоспар құрудың жолдарын түсіндіруді, бірге құруды сұрады.
Тәліппен бірлесе отырып, «Жеке гигиена» атты ашық сабақ жоспарын құрдық. Сабақты жоспарлауда мақсатты қоя білу,оның смарт мақсатта болуын, әр әдіс–тәсіл мақсатқа сай қолдануы керек екенін түсіндірдім. Әдіс –тәсілдер оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керектігін,тапсырмаларды беру барысында ір баланың мүмкіндігін ескеру, сергіту сәті әр сабақта міндетті түрде болуға тиіс екенін атап өттім.
Сабаққа қатысып отырып, тәлім алушы тарапынан АКТ–ны тиімді пайдаланатынын байқадым. Тапсырмалары жүйелі болды. Тек оқушылардың назарын өзіне аударуда, зейінін шоғырландыруда біраз жұмыстар жасау керек екенін түсіндім. Сол мақсатта бірнеше әдіс –тәсілдерді ұсынып, тәжірибелі ұстаздардың, өзімнің сабақтарыма қатысуына ұсыныс жасадым. Қатысқан сабақтарды екеуіміз бірлесе талдадық. Сабақта саралап – деңгейленген тапсырмалар беру керек деп шештік. Ол үшін әр оқушының білім деңгейін, сабаққа ынтасын, ерекшеліктерін зерделеп екеуіміз бірлесе тапсырмалар дайындадық.
Екінші сабағына қатыса отырып, кей оқушылардың тапсырмаларды орындауда қиналып отырғанын, сондықтан тапсырмалар беру кезінде көпіршелер ұсыну керек деп түсіндірдім. Сонымен қатар тапсырмалар берген сәтте уақытты да ескерту қажет дегенімде Жанерке әр тапсырманың дескрипторын дұрыс ұсыну керек деп өз ойын жеткізді. Келесі сабақта мұғалімнің өз ойын жеткізе білуіне, қобалжуына байланысты бақылау жасадым. Мұғалім сасқалақтап ойын шашыраңқы жеткізетінін байқадым. Сондықтан сабақта неге қобалжығаны туралы сұрағанымда . Қатысып отырған мұғалім ойымды бөледі деп жауап берді. Осы қорқыныштан арылу үшін ата –аналар мен әріптестерінің сабаққа жиі қатысуы керек деген шешімге келдік. Нәтижесінде бастауыш бірлестігінің он күндігінде өткізген ашық сабағы әріптестер мен мектеп әкімшілігінің жоғары бағалауына ие болды.
Тәлім алушы пен тәлімгер арасында бірнеше керібайланыс өткізілді. Көбінесе ауызша жасалды. Әр сабағына байланысты мен жазбаша, ауызша түрде керібайланыс жасауға тырыстым. Ұсыныстар жасаған кезде курстан алған теориялық, тоғыз жылдық тәжірибеме сүйендім. Курста ұсынылған тапсырмалар мен МАН- ды ресурс ретінде ұсындым. Интернет жүйесіндегі әр түрлі мақалаларды оқуға ұсыныс жасадым.
Тәжірибе кезінде тәлім алушымен ара қатынасымыз өте жақсы болды. Алғашқы кезде сәл қорқыныш болды. «Өз ойымды жеткізе алдым ба? Жұмысым дұрыс бағытта жүріп жатыр ма? Сабақ туралы пікірімді айтқанда көңіліне қаяу түсіріп алған жоқпын ба? Тәлім алушыма дұрыс бағыт-бағдар беріп жүрмін бе?» -деген сұрақтар мазалады. Алғашқы кездесуімізден бастап тәліппен жақсы түсіністік туды, бағдарлама идеясымен танысқаннан кейін, көшбасшылық, сабақта қолданылатын тиімді әдіс –тәсілдер, оқушымен жеке жұмыс туралы өзін толғандырған сұрақтарымен бөлісті. Берілген тапсырмаларды, кеңестерімді қабыл алып жылдам іске асыруға тырысты. Әр бақылаудан кейін мен жаңа мақсаттар қойып, өзгерістер енгізіп отырдым. Бұл – мен үшін де үлкен тәжіребе болды.
Оқушының сөзін бөлме, соңына дейін тыңда, пікірін дәлелдеуге жетеле, бірден дұрыс емес дегеннің орнына жетекші сұрақтар арқылы дұрыс жауапқа шығар деп кеңес беріп отырдым. Жанеркенің жақсы қасиеті жауапкершілігі мол, еңбекқор екен.Әр күні жаңа идеямен, жаңа сұрақтарымен келіп отырды. Сынып оқушыларының мұғалімге бейімделуін жақсарту мақсатында үзіліс кезінде оқушылармен түрлі логикалық, белсенді дене қимылдарымен ойындар ұйымдастырып оқушылармен жақын, сенімді қарым–қатынасқа жетті. Тәжірибе кезінде Жанерке әріптестерімен еркін пікір алмасуға үйренді. Сабақта көшбасшылығы арта түсті. Әдіс –тәсілдер қоржыны толықты. Өзі еркін әңгімелескен кезде «бұл тәжірибе маған жақсы көмек болды, үйренгенім өте көп, сізге рахмет»,- деді. Курс аяқталғаннан соң да өзімен бірге жұмыс жасауымды сұрады. Мен де ойланып қалдым. Егер бұл тәжірибе қайтадан болған жағдайда. Мен әр сабағына кері байланыс жасап,сабақтарды бірлесе түрлендіре түсер едім. Топтық жұмыс жасауды, оқушылар арасында көшбасшылыққа жетелеуді тәліппен бірге іске асырар едім. Алдағы уақытта Жанеркеге құжаттармен жұмыс жасауға, әдістемелік көмек көрсетер едім.
Тәлім алушымен бірге бейнесабақтарды қарай отырып, бірнеше сұрақтар туындады. Біріншіден сабақ үдерісінде Блум таксаномиясын пайдалану қажет. Сабақ кезеңіне байланысты өз сұрақтары болатынын түсіндірдім. Екіншіден оқушының сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу керек. Төл дыбыстардың дұрыс дауысталуына, орфоэпиялық норманың сақталуын талап етуі керек. Мұғалімнің өзі ерін үндестігін сақтауы тиіс деген жазба жазып, сол бағытта жұмыс жасаймын деп мақсат қойдым.Болашақта да Жанерке екеуіміз бірлескен жұмыстар жасаймыз деген ойдамын. Ең маңыздысы тәжірибенің екі жаққа да тиімді болғаны.

С есебі
Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі
барлық адамдардың ішінен мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың
бағасын түсінеді».
C.Бич.
Кез келген мұғалім көшбасшы бола алады, себебі әрбір адамның көшбасшылық қабілет бар. Тек көшбасшылықты дамыту керек. Көшбасшылықта мұғалім алдымен өзін-өзі реттеп, оған дайын болу керек. Көшбасшы мұғалім өз сабағында ғана емес, бүкіл мұғалімдердің алдында да көшбасшылық қабілетін көрсете алады. Яғни, мұғалімдер қоғамдастығында. Қоғамдастық – бұл мектеп ұжымында бұрыннан қалыптасқан жүйе. Себебі, қоғамдастықты кез-келген ортада өзара қарым-қатынас оранту арқылы жүргізе аламыз. Бір-бірімізбен әңгімелесу, сұхбаттасу, пікір алмасу, тәжірибе алмасу, өз көзқарасын білдіру арқылы жүріп жатады. [1,9-б.]. Бұл түсінікті кең ұғымда қарастыратын болсақ, шынымен де, жаңа бағдарламаның жалпы идеясын түсіне отырып, білім беру технологияларына деген көзқарасымның өзгергенін байқадым. А.Әлімовтің еңбегінде:«Бүгінде шәкірттерді іргелі білімге үйретпей, оны игеретін әдістемеге үйрету керек Оқытушының негізгі рөлдері: жетекші, ұйымдастырушы, менеджер»,- делінген [2,25-б.]. Ендеше, заманауи мұғалім білімді оқушы санасына тікелей құя бермей, шәкіртіне сол білімді игерудің әдіс-тәсілдері арқылы білімге жетудің жолына бағыттап, оқу үдерісін ұйымдастырады, ал оқушы білім шыңына өзі жетеді. Педагогикалық біліктілікті көтеру курcының 1-Бетпе-бет кезеңінде мен жаңа бағдарлама идеясын осылайша түсіндім. А.Әлімовтың осы пікірін оқи отырып, мұғалім менеджер, көшбасшы болуы керек деген ойым беки түсті. Курс басталған алғашқы күндері «бұл курс маған керек пе?», «Неге қатыстым екен»,- деген ойлар мазалады. Алғашқыда қиналып жүрдім. Кейін бағдарламаның негізгі идеясын түсінген соң қызыға бастадым. Жаңа ойлар, идеялар туындады. Мектепке келген кезде ойша жоспар құрып, жаңа идеялармен келдім. Гимназия директорымен кездескен кезде қолдау танытатынын айтып, ақыл –кеңестер беріп, тәліпті тағайындады. Ендігі кезек тәліппен бірлесіп жұмыс жасау, бастауыш сынып мұғалімдерімен отырыс ұйымдастыру, әріптестерімнің пікірін тыңдау еді. Алдымен гимназиямыздағы деңгейлік курсын оқыған, тәжірибелі мұғалімдермен ақылдастым.
Тәліппен кездесіп жоспар құрдым. Жоспар бойынша бірнеше сабағына қатыстым. Бірлесіп қысқа мерзімді сабақ жоспарладық. Сабақ жоспарлаған кезде тәлібімнің әдіс – тәсілдерді таңдауда қиналатынын байқадым.Сол үшін тәлібіме бірнеше әдістер жинағын ұсындым. Сабақта қобалжымау үшін сабақты жоспарлап, мұқият дайындалуы керек екенін түсіндірдім. Көшбасшылыққа жетелейтін ойындар, жаттығулар, жағдаяттар туындатып шешуін тәжірибелі мұғалімдермен бірлесе табуына мүмкіндік жасадым.
Мектептегі тәжірибе кезінде әріптестеріме арнап екі коучинг өткіздім. Алдымен әріптестеріммен сұхбаттаса отырып коучинг тақырыптарын анықтадым. «Сын тұрғысынан ойлау», «Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану» атты коучингтер өткіздім. Алғашқы коучингімде мұғалімдер үшін таныс материалдарды ұсынғаным белгілі болды. Екінше коучингімде мұғалімдердің өтінішін орындап сабақта оқу порталдарын пайдаланып,қызықты ойын түрлерін құрастыруға болатындығын түсіндірдім. Екінші коучингім әріптестер арасында қызығушылық тудырды. Әріптестерім коучингті сәтті шықты деп бағалады.Кейінннен осы коучингтердің нәтижелі болғанын бастауыштар онкүндігінде әріптестерімнің ашық сабағына қатыса отыра байқадым. Бір әріптесім өз сабағында АКТ-ны қолданып ,сәйкестендіру ойынын ойнатты.Осындай нәтижені көргенде ,менің өткізген коучингім бекер емес екендігін ұқтым.
Мектептегі тәжірибемнен қорытқаным бағдарламаны негізге ала отырып, сабақтарда жеті модульді ұтымды кіріктіріп , оқытудағы кедергілерді жою жолдарын анықтау, оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін интербелсенді сабақтарды өткізу, жеке кәсіби даму аспектілеріне байланысты, үнемі өзімді жетілдіру, аудандық, облыстық семинарларда ашық сабақтар беріп, педагогикалық басылымдарға баяндамалар жазып,өзімді жетілдіру мақсатында жұмыс жасаймын.
Көшбасшы ретінде қоғамдастық жұмыстың әрі қарай дамуына өз үлесімді қосамын. Lesson Study жұмысын ұйымдастырып, үздіксіз жалғастырып отырамын. Тәлімгерлік жоспарын құрып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілетін боламын.
Қорыта келе мен –мұғаліммін. Сондықтан –көшбасшы болуға міндеттімін. Заман толқынынан қалмай оқушыларыма, әріптестер арасында көшбасшы болу заманауи мұғалімнің басты міндеттерінің бірі деген ойға келдім.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімдер арасындағы көшбасшылық курсының А есебі

шағым қалдыра аласыз