Материалдар / Мұғалімдердің ынтымақтастығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдердің ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру - мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
652
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №100 «Жұлдыз» жалпы орта білім беру мекемесі. Садиков Нургали Халдарбекович

Шығармашылық тақырыбы: Мұғалімдердің ынтымақтастығы.

Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз. Білімді ұстаз ғана білімді, білікті шәкірт тәрбиелей алады. Ұлы Абай айтқандай білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады.

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының (атқарушының) тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды ізгілік тұрғысынан қорғау дегеніміз - оқушыға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау. Адами қарым - қатынастар оқу тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру  мен демократияландыру - мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің  басты ұстанымдары:

-  баланың болашағына, қабілетіне сену, ынтымақтастық қарым-қатынас шеберлігі;

-          тікелей қысым көрсетпеу;

-          баланы ынталандыру;

-          баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.

Ынтымақтастық педагогикасы - білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, оқушылармен, ата - аналармен қарым - қатынасты, т.б. көптеген жағдайларды қамтитын педагогикалық катынас.

Ынтымақтастық - оқушы мен ұстаздың бір - бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс - әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы.

Ынтымақтастық педагогикасы негізінен:

  1. балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым - қатынас;

2)   белсенділікті арттыратын және дамытатын дидактикалық кешен;

3)      тәрбиелеу тұжырымдамасы;

4)      ортаны педагогикаландыру бағытында жүзеге асады.

Мұғалімдердің ынтымақтастығы: Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық стажы 25 тен 40 жылға дейін. Олар әртүрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін емес. Әрине, кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.

Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір біріне қарама қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайларды мұғалімдер арасында да болдырмау керек.

Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден оқу және тәрбие әдістерін жаңарту; екіншіден балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу.

Өзін өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылады. Демек, оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару әсіресе бала өзін өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды,өзін өзі құрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін өзі құрметтейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл желпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепке өзінің құқын қорғамайды, шыдамшылыққа көнеді.

Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістектерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.

Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы абыройын шын құрмет ету.

Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет.

Жаңа идеялар мектептегі демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.

Демократяландыру – бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлкет, қоғам) қатыстыру. Мектеп – бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы тілегін қанағаттандыратын қоғамдық - мемлекеттік танылған жүйе. 

Ізгілендіру–бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болыуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру-бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында-балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.

Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасың жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!